БАҒдарламасы қостанай, 2010 жыл мазмұны 1



бет5/30
Дата11.07.2016
өлшемі7.29 Mb.
#191059
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Тамақ өнімдерін өндірумен 70-тен астам ірі және орта кәсіпорындар айналысады. Негізгі кәсіпорындар: «Деп» ЖШС, «Милх» ЖШС, «Космис» ЖШС филиалы, «RG Drands Rkazakhstan» ЖШС, «Руднинский гормолдзавод» ЖШС, «ПК Вита» ЖШС, «Шын» ЖШС, «Деп» ЖШС филиалы (сүт өнімдерін өндіру бойынша), «Ирина и К» ЖШС, «Аян-озат» ЖШС, «Первомайск» ТПК, «Қарасу ет» ЖШС, «Мяско» ЖШС (ет өнімдерін өңдеу бойынша), «Қостанайский мелькомбинат» АҚ, «Romana-астық » ЖШС, «Иргиз» ЖШС, «Сарыбай» ЖШС (ұн өндіру бойынша), «Арасан» Фирма ЖШС, «Лидер 2» ЖШС, «Алтын өмір» ЖШС, «Арасан» ЖШС Рудный филиалы (сусындар өндіру бойынша), «Баян-Сұлу» АҚ.

2009 жылдың нәтижелері бойынша облыс экспортының 12,3 ұн-жарма өнімдеріне тиесілі.

Кіші саларда 2009 жылы 739 млрд. теңге сомасына тауарлық өнім өндірілді, бұл 2007 жылғыдан 1,5 есе артық, нақты көлем индексі 115,4 құрады.

11-кесте



Тамақ өнімдері өндірісі көлемінің серпіні





Бірлік

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Тамақ өнімдерін өндіру көлемі, сусындарды қоса алғанда, оның ішінде:

млн. теңге

50823

73014

79371,7

- етті өңдеу және консервілеу

млн. теңге

1757,6

3162,7

4080,2

- сүт тағамдарын өндіру

млн. теңге

5531,4

13220,1

13891,9

- ұн тағамдарын өндіру

млн. теңге

19083,2

32209,8

33374,8

- сусындарды өндіру

млн.теңге

5761,9

5470,4

5506,6

Тамақ кәсіпорындары мен өңдеу өнеркәсібінде қайта жаңғырту және жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

«Баян-Сұлу» АҚ жеке қаражаттары есебінен жұмыс істеп тұрған өндіріс жаңартылды. Өндіріске шоколад цехы қосылды, оның қуаттылығы жылына 7,7 мың тонна кондитерлік тағамдар шығарады.

Қостанай қаласында «Содружество» ЖШС-ның «Май тұқымдары қоймасын салу және тұқым өндіру жөніндегі желілерді іске қосу» инвестициялық жобасы іске асырылды, қуаттылығы жылына 36 мың тонна май тұқымдары.

«Безбабный» шаруа қожалығы Федоров кентінде жылына 850 тонна май шығаратын қуаттылығы бар күнбағыс майын өңдеу жөнінде шағын зауытты іске қосты.



Жеңіл өнеркәсіпті облыста 22 кәсіпорын құрайды, олардың ішінде 4-уі ірі және шағын болып келеді: «Большевичка» ӨК (тігін бұйымдар, оның ішінде республиканың әскери құрылымдары үшін формалық киім-кешек, мұнайшылар, газ жұмысшылары, теміржолшылар, медицина қызметкерлері үшін арнайы киім және т.б.), «Алпамыс» аяқ-киім фабрикасы ЖШС (қарулы күштерге аяқ-киім, халыққа арнайы және жұмыс аяқ-киімі), «Қостанай киіз аяқ киімінің фабрикасы» ЖШС (басылған аяқ-киім, қышқылдан қорғайтын қолғап өндіру), «Қостанай тоқыма-трикотаж фабрикасы» ЖШС трикотаж жібін және ватин өндіру.

2009 жылы жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру 3236,3 млн. теңгені құрады, 2007 жылғыдан 2,1 есе артық.

12-кесте

Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемінің серпіні





Бірлік

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіру көлемі, оның ішінде:

млн. теңге

2886

2781

3236,3

тоқыма бұйымдарын өндіру

млн. теңге

*

956,4

1312,3

тоқыма бұйымдарын өндіру НКИ

%

**




113,9

киім өндіру

млн. теңге

*

1237,7

1173

киім өндіруінің НКИ

%

**




80,9

тері және былғары өнімдерін өндіру

млн. теңге

949

586,9

751,1

тері және былғары өнімдерін өндіру НКИ

%

183,1

74,2

132,8

* Статистикалық деректер «тоқыма және тігін өнеркәсібі» кіші тарауға біріктірілді және 1937 млн. теңгені құрайды

** Статистикалық деректер «тоқыма және тігін өнеркәсібі» кіші тарауға біріктірілді және 118,9  құрайды

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында негізгі қорлардың тозу деңгейі жоғары, қазіргі уақытта тұтынушылық нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін жабдықтарды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу керек. Сол сияқты саланың кәсіпорындары айналым қаражаттарына тапшы.

Бұл проблемаларды шешу үшін мыналар қажет:

мемлекеттік инвестициялар, жеңілдетілген кредит беру жолымен қолдауды жүзеге асыру;

сала үшін жаңа көмекші материалдарды отандық өндірісте игеруге байланысты жыл сайын оларды қарастыруды қамтамасыз етіп, әкелінгені үшін кедендік баж мөлшерлемелерін бекіту;

өз өнімдерін экспортқа шығаруды жүзеге асырушы, сондай-ақ салықтарды азайту немесе грант бөлу арқылы импорттық шикізатты пайдаланатын отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету;

жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында ұзақ мерзімге (2-3 жыл) мемлекеттік тапсырысты орналастыру мүмкіндігін қарастыру.

Машина жасау. Облыстың машина жасау негізін «Агромашхолдинг» АҚ, «Агротехмаш» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Болашақ А» ЖШС, «Дон Мар» ЖШС және басқалары құрайды.

Негізінен ауыл шаруашылығының топырақ өңдейтін техникаларға, жабдықтарға, қосалқы бөлшектерге, тораптар мен агрегаттарға қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған машина жасау кәсіпорындары 2009 жылы 13882,4 млн. теңге сомасына немесе 2008 жылға қарағанда 82,2 өнімдер шығарған. Төмендеуінің себебтері:

Үстеме құн салығының жоғары болуына байланысты «Агромашхолдинг» АҚ және «Агромаштехмаш» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындарда ішкі нарыққа арналып шығарылатын тракторлар мен комбайндарды сату көлемінің төмендеуі.

Кіші саланың қарқынды дамуымен қатар шешімін таппаған бірқатар проблемалар бар:

өндіріс тиімділігінің артуына кедергі жасайтын жабдықтар тозуының жоғары деңгейі;

қолда бар өндірістік күштерді толық қолданбау;

саланың төмен инвестиялық тартымдылығы және өнеркәсіптерде айналым қаражаттарының үнемі тапшылығы;

машина жасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның едәуір бөлігін жоғалту (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюро, тәжірибе-зерттеу базалары, сынақ және техникалық бақылау орталықтары);

үстеме құны жоғары ғылымды көп қажет ететін жоғары технологиялық өнім өндірісіндегі ғылымды қажет ететін бұйымдар өндіруде үлестің төменділігі;

жер қойнауын пайдаланушылардың техникалық жарақтануы, машина жасау өнімдерінде олардың ұзақ мерзімді, орта мерзімді және жыл сайынғы сатып алу қажеттіліктері туралы ақпараттардың болмауы;

өндірісті дамытуды қаржыландыруды тарту үшін жоғары пайыздық мөлшерлемелер.

Металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары 12647,6 млн. теңге сомасына өнім шығарды, бұл 2008 жылға қарағанда 177,3 құрайды, НКИ – 118,8 құрайды. Шойын, болат құю жөнінде қызметтер көрсетілді, 2757 кг Доре ертіндісі және т.б. өндірілді.



Қазақстандық үлесті дамыту

Облыс аумағында импорттық іспеттес өнімдерімен бәсекелесе алатын өнімдердің ірі тізімі шығарылады.

Мемлекеттік органдар ғана емес, олармен қатар ұлттық компаниялар, ірі компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар жүргізетін тауар сатып алу кезінде бұл тауарлардың спектрі қазақстандық құрамның негізі болып табылды.

Өңірде көмір, темір кені, асбест, бокситтер өндіріледі.

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріледі және кәсіпорындардың оларды қайта өңдейтін өнімдер тізімі (астық, ұн, жарма, сүт және ет өнімдері, өсімдік майы) кеңеюде.

«АгромашХолдинг», «Агротехмаш», «Дормаш» , «Болашак - А» және басқа машина салу кәсіпорындары ауылшаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер, егін орғыштар жасайды, тракторлар, комбайндар жинауды жүргізеді, маневрлық тепловоздар жөндейді.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары («Алпамыс» аяқ-киім фабрикасы, «Большевичка» тігін фабрикасы, «Қостанай тоқыма-трикотаж фабрикасы» фабрикасы) арнайы киімдердің, трикотаж бұйымдары мен аяқ-киімдердің үлкен тізімін шығарады.

«Баян-Сұлу», «Алтын өмір», «ДЕП», «Милх», «Ирина и К» және басқа тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында азық-түлік өнімдерінің түр-түрі өндіріледі.

Барлық аталған салалардың кәсіпорындары Қазақстан Республикасының әр түрлі құрылымдарымен жұмыс істеуде тәжірибелері бар.

Арнайы киім, ұсталық бұйымдар, оттегі сияқты тауарлар, кейбір құрылыс материалдары, баспа және бланктік өнімдер сияқты тауарлар жергілікті жеткізушілерден сатып алынады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау обьектілері үшін азық-түлік өнімдері негізінде жергілікті жеткізушілерден сатып алынады.

Әлеуетті жеткізушілер туралы қызығушылық танытатын тұлғаларды ақпараттандыру және Қазақстандық тауар өңдеушілердің өнімдерін сатып алуды ынталандыру мақсатында әр түрлі өнеркәсіп саласының кәсіпорындарын, сондай-ақ олардың көрсеткен қызметтері мен жұмыстарының, өндірген тауарларының номенклатурасы көрсетілген облыс тауар өңдеушілерінің суретті каталогы басып шығарылды. Осы каталог қазақстандық құрам мәселелері жөнінде өткізілетін облыстық кеңестер, форумдар және республикалық облыстық әр түрлі көрмелер шегінде ұсынылып отырады.

Өткізілген іс-шаралар жаңа байланыстарды орнатуға және орын алған іскерлік байланыстарды нығайтуға, шағын және орта бизнестің өкілдерінің ірі компанияларға өздері туралы жария етуіне, бәсекеге қабілетті отандық өнімдерді өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Қазақстандық үлес мәселесі жөнінде өткізілген іс-шаралар шеңберінде 2010 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыс кәсіпорындары 1481,4 млн. теңге сомасына 49 меморандум жасады және 6553,3 млн. теңге сомасына 188 келісім-шартқа қол қойды, оның ішінде:

жер қойнауын пайдаланушылар 229,2 млн. теңге сомасына 19 меморандумға қол қойды, 3747,5 млн. теңге сомасына 55 келісім-шарт жасады;

ірі өнеркәсіп орындары 785,3 млн. теңге сомасына 18 меморандумға қол қойды, 2277,6 млн. теңге сомасына 116 келісім-шарт жасады;

басқа өнеркәсіп кәсіпорындары 466,9 млн. теңге сомасына 12 меморандумға қол қойды, 528,2 млн. теңге сомасына 17 келісім-шарт жасады.

«Баян-Сұлу» АҚ және «ДЕП» ЖШС сияқты облыстың жүйе құраушы екі кәсіпорны бойынша тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуда қазақстандық қамту жөнінде мониторинг жүргізіледі.

2010 жылдың жеті айындағы қорытындылар бойынша қазақстандық үлесі «Баян-Сұлу» АҚ-да 48,9 құрады. Кәсіпорын «Мелькомбинат» АҚ (ұн), «АзияАгроФуд» ЖШС (сірне), «Алатау шырыны ХХІ» ЖШС (алма езбесі), «АпогейКоммерц» ЖШС (коньяк) және т.б. облыс кәсіпорындарымен жұмыс істейді.

«ДЕП» ЖШС (сүт өнімдерін өндіру) 2010 жылдың қаңтар-шілде айларында қазақстандық үлесі 91,2 құрады. Кәсіпорын шикізатты негізгі өзінің үлесінде облыс ауылшаруашылығы өндірушілерінен сатып алады. Сүт пленкасы, гофр қораптары, этикеткалық материалдар сияқты тауарлар отандық жеткізушілерден сатып алынады.

Қазақстан Республикасында қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі бағдарламаға сәйкес мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жалпы сатып алу көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесін тауарлар бойынша 60-ға, жұмыстар мен қызметтер бойынша 90-ға жеткізу жоспараланып отыр.



Қазақстандық үлестің дамуына кедергі жасайтын себептер

Қазақстандық үлестің дамуына кедергі жасайтын негізгі себебі өнім шығарушы зауыттардың болмауы (кеңсе, шаруашылық тауарлары, тұрмыстық және компьютерлік техника, медициналық жабдықтар, арнайы көлік, сонымен қатар кейбір азық-түлік тауарлары және т.б.) болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта қазақстандық тауар өндірушілердің көбісі қазақстандық үлестің болуын растайтын СТ-KZ сертификаттарын алмаған және алдағы тауарларды, жұмыстарды сатып алуда қазақстандық үлесті есептеу кезінде, бұл жағдай өнімдердегі қазақстандық қамтудың үлесіне әсер етеді.

Бұл ретте тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық үлесін артыру мақсатында мыналар қажет:

1. Өнімдерге СТ-KZ нысанындағы сертификаттарды беруге байланысты сараптама жүргізу үрдісі шығынды болып табылады және шаруашылық ететін субъектілердің ұзақ уақытын алады. Көрсетілген проблеманы шешу үшін шаруашылық ететін субъектілердің кейбір санаттарына СТ-KZ сертификаттарын беру тәртібін одан әрі жеңілдету мақсатында ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазаңдағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

2. Қазақстандық үлес дамуының тұрақты идеологиясын қалыптастыру тетігін заңды түрде, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен идеяны насихаттау арқылы бекіту қажет. Қазақстандық үлесті дамыту саласында мемлекеттің жәрдем көрсетуі туралы мақалаларды орналастыру, каталогтар, анықтамалар және отандық өндірушілердің өнімдері туралы басқа да нұсқаулық материалдарды жариялау қажет.

3. Облыс мемлекет ұйымдарының барлық қызметкерлеріне нормативтік-құқықтық актілердің, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды тек қана қазақстандық жеткізушілер мен тауар өндірушілер арасында жүргізуді қарастыратын талаптарды қатаң ұстауы қажет.

4. Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірушілерін кепілдік тапсырыспен қамтамасыз ету, экономиканың басым салаларының өнімдерін сатып алу үшін халыққа жеңілдетілген тұтынушылық кредиттерді ұсыну, қазақстандық кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесетін салық тәртібін құру.

5. Сондай-ақ, әлеуетті жеткізушілер ұсынатын қызметтерде, жұмыстар мен тауарларда қазақстандық қамтуды ұлғайтуды ынталандыратын негізгі шарттар: шетелден әкелінген өнімдерді шектеу, кәсіпкерлік субьектілеріне шектеусіз көлемде жеңілдетілген кредиттердің болуы және оларды ұсыну, жеке кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесетін салық тәртібін құру болып табылуы мүмкін деп есептейміз.


Тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі қазақстандық қамтуды арттыру жөніндегі іс-шаралар





Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

Республикалық деңгейде өткізілген іс-шараларға қатысу (форумдар, мәжілістер, семинарлар)

Іс-шаралар өткізгенде үнемі

КӨБ, ҚБ,

облыс кәсіпкерлері



2

Отандық тауар өндірушілер мен әлеуеттік жеткізушілердің қатысуымен көрмелер өткізу және қатысу

Іс-шаралар өткізгенде үнемі

КӨБ,

облыс кәсіпкерлері



3

Отандық тауар өндірушілердің каталогын қайта басып шығару мүмкіндігін қарастыру

Каталог шығаруын қаржыландыру барысында

КӨБ, ҚБ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет