БАҒдарламасы қостанай, 2010 жыл мазмұны 1


Өңірдің экологиялық мәселелері



бет8/30
Дата11.07.2016
өлшемі7.29 Mb.
#191059
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30

Өңірдің экологиялық мәселелері

Атмосфералық ауаны қорғау. Атмосфералық ауа қоршаған ортаның маңызды және басты құрамдауышы болып табылады, оның жағдайы айтарлықтай өңірлік климаттық жүйесге әсер етеді. Атмосфералық ауаны ластайтын 387 есеп берген кәсіпорындардан, 34,1 өздерінің қалдықтарын ұлғайтты.

Атмосфераның ең жоғары деңгейде ластануы Рудный (64 мың тонна), Қостанай (8,9 мың тонна), Лисаков (3,4 мың тонна) қалаларында және Әулиекөл ауданында (3,1 мың тонна) байқалып отыр.

Атмосфералық ауаны негізгі ластаушылар тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары, жалпы атмосфераға жіберілген қалдықтарда олардың үлес салмағы 65,9 құрайды, көлік және байланыс кәсіпорындары – 7,4, ауыл шаруашылығы, аң аулау мен орман шаруашылығы – 5,9, электр қуатын, газ және су өндіру мен бөлу – 4,4, өңдейтін өнеркәсіп кәсіпорындары – 2,5 құрайды.

Зиянды заттарды атмосфераға айтарлықтай деңгейде шығарудың үлкен көлемі ластау көздерінің ауа тазартатын жабдықтармен жеткілікті түрде жабдықталмауымен байланысты, облыс бойынша барлық жабдықталған ластау көздерінің үлес салмағы – 11,8 құрады.



Су ресурстарын қорғау. Облыс жеткіліксіз түрде ылғалданбаған аймақта орналасқан және атмосфералық жауын-шашынның орта жылдық мөлшері 240-280 мм құрайды. Өзен желісі өте нашар дамыған, сондықтан жер үсті су қорлары маңызды емес. Өңірдің басты сумен жабдықтау көзі оған құятын Үй, Тоғызақ, Обаған, Аят, Желқуар өзендерінің тармағынан және онда сарқырамадан құрылған су қоймалары бар Тобыл өзені болып табылады. Гидробиологиялық талдаулар Тобыл өзені, су бөгеттері мен көлдер өздерінің ластану деңгейі бойынша екінші сыныпқа жатады, яғни таза болып табылады.

Облыста жылына 65 млн. текше метр қуаттылығы бар 37 әр түрлі тазартатын құрылыстар қызмет етеді. Олардан тазарған ағын сулар жекешеленген су жинайтын-буландырғыштарға, сүзгі алаңдарына түседі. Кейбір обьектілер су объектілерінде апатты ағын сулардың алдын алу, жер бедерін, жағалардың бұзылуын болдырмау үшін қайта жаңғыртуды, қардың еруі мен тұзданудан жерлерді қорғау үшін бөгеттерді қалпына келтіруді қажет етеді.

Облыста Тобыл, Шортанды, Қарасу өзендері мен Құсмұрын көлінде 6 су тазартатын су қашыртқы бақылауда тұр. Өндірістік ағын сулардың қалыптасу көлемі өнеркәсіп кәсіпорындары мен аграрлық сектордың жұмысын жаңартып отыруға байланысты жыл сайын ұлғаюда. Облыстың барлық су қоймаларына өндірістік кәсіпорындардан су жіберулер нормативтік жағынан таза болып табылады, жалпы массасында шегінен шықпайды және су қоймаларының сапалық құрамына теріс әсерін тигізбейді.

Қостанай қаласының жылына 18,6 млн. текше метр көлеміндегі ағын сулары механикалық тазартудан өткеннен соң қаланың солтүстік-батыс жағында 6 км қашықтықта орналасқан су жинағышқа құйылады. Ол 1969 жылы қолданысқа енгізілген және күрделі жөндеуді қажет етеді.

Облыс аумағында жер бетіндегі судың ластануын қадағалау 4 су обьектілерінде (Тобыл, Аят, Тоғызақ өзендері және Қаратомар су қоймасы) өткізілді.

Тобыл өзені облыстың негізгі сумен жабдықтау көзі болып табылады. ШРК-ның жоғарылауы мыс бойынша – 4,0 ШРК және сульфаттар бойынша – 2,1 ШРК байқалады.

Ағын суды реттеу үшін, сонымен қатар оны әрі қарай пайдалану үшін су жинау мақсатында Тобыл өзенінде көптеген су қоймалары салынды, олардың бірі Қаратомар су қоймасы болып табылады. ШРК жоғарлауын қадағалаудың нәтижелері бойынша мыс бойынша – 12,0 ШРК және сульфаттар бойынша – 1,3 ШРК байқалды.

Аят өзені Тобыл өзенінің сол жағалауындағы тармағы болып табылады. ШРК жоғарылауы мыс бойынша – 7,0 ШРК және сульфаттар бойынша – 2,5 ШРК, тұз аммониі – 1,2 ШРК байқалды.

Тогызақ өзенінде нитриттік азоттың орташа концентрациясы 40,0 ШРК, сульфат – 3,4 ПДК және БПК – 2,5 ПДК құрайды.

Жер ресурстарын қорғау. Облыстың жер қоры жер қатынастары облыстық басқармасының деректері бойынша 19600,1 мың гектарды құрайды.

Жер қорының құрылымы жер санаттары бойынша мынандай түрде көрсетіледі:

ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлер – 9197,3 мың гектар;

елді мекендердің жерлері – 1601,1 мың гектар;

өндіріс және көлік – 196,1 мың гектар;

мемлекеттік қор – 7888,8 мың гектар.

Жер құрылымында ауыл шаруашылығы жайылымдарының жалпы аумағы 18123,4 мың гектарды немесе өңірдің жалпы аумағынан 91,0 құрайды.

Тау-кен саласы кәсіпорындарының қызметтері тасталған, бұзылған жерлердің үлкен аумағына, аршынды жыныстар, үйінділер, сусымалы заттар және атмосфераны ластаушы тастанды заттар сияқты басқалар түрінде қалыптасқан қалдықтардың үлкен көлеміне байланысты.

Сонымен қатар облыс кәсіпорындарында жыл сайын 130 млн. тонна өндірістік қалдықтар пайда болады, олардың көбісі тау-кен кәсіпорындарынан қалыптасады.

Су жинайтын-буландырғыштарға, су бөгеттеріне, қоқыс үйінділеріне байланысты жерлердің құрғауының алдын алу үшін және су астындағы, жер бетіндегі суларды ластаудан сақтау үшін кәсіпорындар кәріздік суды сору жөнінде шаралар қабылдады:

«ССКӨБ» АҚ – күл үйінділері мен байыту қалдықтарының қоймалары;

«Өркен» ЖШС – негізгі және апаттық қоймасы.



Өндіріс қалдықтарын пайдалану және тұтыну. Қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін қалдықтарды жинау деңгейін тұрақтандыру қажет. Ол үшін шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарында өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды есепке алу қажет. Тұрмыстық қалдықтарды жинау, сақтау және пайдаға асыру жүйесін жетілдіру – тұрмыстық қалдықтарды жинау жөніндегі жеке секторды толық қамту, экологиялық талаптарға сәйкес полигондарды ұстау. 2003-2004 жылдары облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) толық есепке алу жүргізілді. ҚТҚ полигон-қоқыс үйінділерінде 4647,6 мың тонна немесе 23238,0 мың текше метр қалдықтар жиналды. ҚТҚ негізгі массасы компонеттерге бөлінбей-ақ ашық қоқыс үйінділеріне шығарылады және жиналады. ҚТҚ орналастырудың алатын аумағы – 2984 гектарды, оның ішінде Қостанай қаласы бойынша 45 гектарды құрайды. Облыс орталығында және облыс қалаларында тұрмыстық қалдықтарды жинау бірыңғай орталықтандырылған жүйе бойынша контейнер алаңдарынан арнайы автокөліктер арқылы жүзеге асырылады, бұл қоршаған ортаны қорғау қызметтеріне ҚТҚ шығару және орналастыру, олардың қоршаған ортаға әсерін қадағалауға мүмкіндік береді.

Ауылдық жерлерде қалдықтарды орналастыру және жинау жөніндегі істердің жағдайы мәз емес. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қайта құрудан кейін оларды ұстауға жеткілікті қаражаттары жоқ ауыл әкімдіктерінің басқаруына берілді. Кейбір обьектілер қоршаған ортаны ластау көздеріне айнала отырып, экологиялық талаптар мен нормативтік-санитарлық ережелерді бұзып пайдаланады. Ауылдық жерлерде қоқыс үйінділері жер, су, ауа, ауаны ластау және өрт ошақтарының көздері болып табылады.



Радиациялық қауіпсіздік. Ағымдағы инструменталдық өлшемдер нәтижесінде облыста радиациялық жағдайды жайлы деп айтуға болады.

Радиациялық фон – сағатына 5-тен 14-ке дейін микрорентгенді құрайды және тау-кен кәсіпорындарында ең көп дегенде сағатына 20 микрорентгенге жетеді. Тұрғылықты жердің радиациялық фонының төмен деңгейі бастапқы қолайлы геологиялық жағдайға, уран өндіруші кәсіпорындардың, уран және тау-химия өнеркәсібінің болмауына байланысты.

Облыстың 12 кәсіпорнында 7282 ампульдық иондаушы көздері бар, олардың қосынды белсенділігі 4500 Кu. Қосынды белсенділігі шамамен 650 Кu 6404 радиоактивтік қалдықтардың (бұдан әрі – РАҚ) ампуласы жерлеуді қажет етеді.

«Темір кенін геологиялық барлау экспедициясы» ЖШС негізінде орталықтандырылған жерлеуді қамтамасыз ету үшін иесіз, бюджеттік ұйымдардың РАҚ жинау, дайындау және уақытша сақтау шаралары ұйымдастырылды.

Бағдарламамен иесіз және бюджеттік ұйымдар мен мекемелердің РАҚ жинауға және жіберуге қаражат бөлу қарастырылды.

Бюджеттік ұйымдардың істен шыққан сынап құрайтын шамдарын (бұдан әрі – СҚШ) және бұйымдарын жинау, сақтау, қайта өңдеу жөнінде жұмыстар жалғастырылуда.

2010 жылдың 9 айында облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарынан 62162 қолданыстан шыққан сынап құрайтын шамдар мен бұйымдар және 9 кг металл сынаптары жиналды.

Бюджеттік ұйымдар мен мекемелерден істен шыққан сынап құрайтын шамдарды жинап, артынан залалсыздандыру көзделіп отыр.

Жергілікті жерлерде гамма сәулелену деңгейін бақылау күн сайын облыстың 6 метеорологиялық станциясында (Жітіқара, Докучаев, Қарасу, Комсомолец, Қостанай, Урицкий) жүргізіледі.

Аумақтың елді мекендері бойынша атмосфераның жерге жақын қабатының радиациялық гамма-фонының орташа мәні сағатына фонның 0,10-0,13 мкЗв шегінде болып, табиғи фоннан асқан жоқ.

Облыс аумағында атмосфераның жерге жақын қабатының радиоактивтік ластауын бақылау горизонталдық планшеттермен ауа сынамасын алу арқылы 2 метеорологиялық станцияда (Жітіқара, Қостанай) жүзеге асырылды.

Атмосфераның жерге жақын қабатында радиоактивтік жауан-шашынның орта тәуліктік тығыздығы облыс аумағында 1,7 Бк/м2 құрайды, бұл шектен тыс деңгейден аспайды.



Флора мен фаунаны қорғау. Облыстың орманды жер қорының жалпы аумағы 445873 гектарды құрайды. Орманды жерлер облыс бойынша 274 149 гектарды, орман басқан алаң 206674 гектарды құрайды.

Облыс аумағында 41 өзен мен 8600 көл бар. Су-батпақ жерлердің жалпы аумағы 864,1 мың гектарға, оның ішінде сулы жер – 506,8 мың гектарға тең. Көлдердің басым бөлігі қысқы кезеңде қату құбылыстарына тап болады.

Жануарлар әлемін жануарлардың 334 түрі: оның ішінде сүтқоректілер – 44, құс – 261, амфибиялар – 3, рептилиялар – 3 және балықтар – 23 түрі қамтиды.

Облыста 354387 мың гектар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар, оларға Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы және 3: Михайлов, Тауынсор және Сарықопа шағын зоологиялық қорықтары жатады.

Өңірдің аумағында 78 аңшылық шаруашылық бар, олардың аумағы – 3,9 млн. гектар, оның ішінде облыс қоғамы – 57, орман, балық және аңшылық шаруашылығы облыстық басқармасы – 7, басқа аң аулаушылар – 10 құрайды.

Тендерлік негізде жануарлар әлемін тұтынушыларға 81 су қоймасы (су кеңістігінің 85141 гектары) бекітілген.

Ауа ластауын төмендету үшін маңызды рөлді жасыл екпелер атқарады. Орман жолақтары мен парктер ауа температурасына, ауа дымқылдығы мен жел жылдамдығына әсер етеді, ауаның шаңнан ластануынан қорғайды.
2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау
Демографиялық әлеует

2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халықтың саны 886,3 мың адамды құрады. Облыс халқының саны 2007 жылмен 2009 жыл аралығында 0,9 төмендеді, оның ішінде қала тұрғындарының саны – 1,2 өссе, ауыл тұрғындарының саны 2,9 азайды.

2007-2009 жылдары облыста оң серпін байқалып отыр, туылғандардың саны 1136 адамға өсіп, қайтыс болған адамдардың саны 1550 адамға азайды, оң өзгерістер ауылдағыдай қалалық жерлерде де байқалып отыр. Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларында, сондай-ақ Әулиекөл және Жітіқара аударында оң өзгерістер өз көрінісін тапты.

2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы неке қию саны 7,3 төмендесе, ажырасу саны 10,3 өсті.



Көші-қон

2007-2009 жылдар аралығында облыста көші-қон сальдосы ұнамсыз болып отыр. Кеткен адамдардың саны келген адамдардың санынан бұрынғыдай асып отыр.

2009 жылы облыс ішіндегі көші-қонның жағымсыз сальдосы Сарыкөл (-397 адам), Таран (-389 адам), Жангелдин (-327 адам), Қамысты (-335 адам) аудандарында байқалды. Облыс ішіндегі көшіп-қонуы кезінде көші-қонның жағымды сальдосы облыстың барлық қалалары мен екі ауданында сақаталды (Жітіқарада – 60 адам, Қостанайда – 444 адам).

Қалалық жерге облыс өңірлерінен 8868 адам немесе барлық келген адамдардың 53,4 қоныс аударды. Көбінесе қалаға ауылдық жерлердің тұрғындары, әсіресе жастар қоныс тебеді. Тұрғындардың ауылдық жерлерден қалаға ағуы облыс қалаларында орта және жоғары білім алуға, ауыл шаруашылығы өнеркәсітерінде жұмыс орындарының болмауы мен төмен жалақы мөлшеріне байланысты болып отыр.

2009 жылы қалалық жерден 5421 адам немесе кеткен адамдардың жалпы санынан 32,7 тұрғылықты жерінен шығып кетті. Кеткен адамдардың жалпы санынан қалалық жерден облыстың басқа қалаларына – 38,8, ал облыстың ауылдық жерлеріне – 61,2 қоныс аударды.

Қала тұрғындарының көбісі Рудный қаласына (1067 адам) және Қостанай ауданына (1021 адам), тұрғындардың аз бөлігі Арқалық қаласына (112 адам) және Сарыкөл (60 адам), Алтынсарин (76 адам), Жангелдин (77 адам) аудандарының ауылдарына қоныс аударды.

Ауылдық жерлерден 11179 адам, оның ішінде 60,5 қалаға, ал 39,5 облыстың басқа ауылдарына көшті.

Ауылдық жерлерден қалалық жерлерге қоныс аударған көшіп-қонушылардың саны Қостанай қаласында(1078 адам), Таран (697 адам), Әулиекөл (570 адам) аудандарында, сонымен қатар облыстың басқа селолары – Қостанай (773 адам), Федоров (525 адам), Қарабалық (439 адам), Ұзынкөл (433 адам) аудандарында тіркелді.

Облыс Қазақстан Республикасы халық санының өсуі жағынан жағымсыз үш облыстың қатарына кіреді. Соңғы 3 жыл ішінде облыс көші-қон есебінен жыл сайын 5 мың адамға кеміп отыр. 2008 жылға дейін облыста халықаралық көші-қон басым болатын болса, 2008 жылдан бастап республика ішіндегі көші-қон басым болып отыр. Жыл сайын облыстан және республикадан тыс жерлерге келген адамдардың санына қарағанда 2-3 мың адам кеткен. Ал келген адамдардың санымен салыстырғанда Қазақстан Республикасының басқа облыстары мен облыс аудандарына 3 мың адамға көбірек кеткен болатын.
Жұмыспен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша облыстағы экономикалық жағынан белсенді халықтың саны 2007 жылдан 2009 жылға дейін 2,8, яғни 565 мың адамнан 545 мың адамға азайды. Жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі 92,5-нан 93,7-на өсті.

Сонымен қатар, облыста қала және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі арасында сәйкессіздік байқалады.

Республиканың жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санында өңірдің үлес салмағы 6,5 құрайды.

Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 2007-2009 жылдар аралығында 1,2 пайыздық орынға қысқарды, 2007 жылы 7,5-ға, ал 2009 жылы 6,3 дейін, яғни 42,1 мың адамнан 34,5 мың адамға дейін төмендеді. Жұмыссыздардың жалпы санында 6,2 облыстың үлесі болып табылады. Жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Арқалық (9,4), Қостанай (8,7), Лисаков (7) және Рудный (7) қалаларында тіркелді.

2010 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздардың деңгейі 0,5 (2009 жылдың деңгейінде) республикалық көрсеткіште 0,6 құрайды. 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыспен қамтамасыз ету органдарының есебінде тұрған жұмыссыздардың саны 2709 адамды құрады, олардың ішінде 180-і – қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып отыр. Жұмыссыздардың құрамында 73,6 немесе 1995 адамды әйелдер құрайды.

Экономика салалары бойынша жұмысқа тартылған адамдардың көбісі 2007-2009 жылдар аралығында ауыл шаруашылығында – 37,9, саудада –18,7, өнеркәсіпте – 11,4 жұмыс істегені байқалды.

Жұмысқа тартылған адамдардың саны азаюының негізгі себебі экономикалық белсенді халықтың ішкі көші-қонуы болып табылады.

Облыс аграрлық-индустриялық бағытқа ие. Өңірдің негізгі мәселелері – мамандандырылған кадрларымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік. 2009 жылы жұмыспен қамтылған халық құрамында білікті жұмыс күшінің үлесі 55 құрады.

Еңбек нарығында жол картасының инвестициялық бағыттарын, Өңірлік жұмыспен қамтамасыз ету стратегиясын іске асыру оң көрініс тапты.

Халықты өңірлік жұмыспен қамтамасыз ету стратегиясын іске асыру шеңберінде өнімді жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау үшін бос жұмыс орнын іріктеу мен белсенді іздеу пайдаланады, жұмыссыздар мен басқа арнаулы топтар өкілдерін оқыту, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс органдарын құру, бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жастар мен әйелдердің жұмысқа тұруына қолдау көрсету, кепілді әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету және мүгедектерге, үлкендер мен басқаларға әлеуметтік қолдау көрсету пайдаланылады.

2009 жылы облыста 23,6 мың, оның ішінде Жол картасы шеңберінде – 10,2 мың жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамтамасыз ету органдарына тіркелгендердің жалпы санынан жұмыспен қамтылған тұлғалардың үлесі – 87 құрайды. 2009 жылы облыс бойынша жалпы еңбекке жарамды жастағы оралмандардың жұмыспен қамтамасыз етілгендердің деңгейі – 56,4. Қоғамдық жұмыстарға 4973 жұмыссыз қатысты. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен әлеуметтік жұмыс орындарында 1330 жұмыссыз адам жұмысқа орналасты. Жол картасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесіне 8223 адам жұмысқа орналасты.

Сондай-ақ ауылдық елді мекендер үшін бос тұрған жұмыс орындардың жеткіліксіз саны негізгі проблема болып қала бермек.

4481 жұмыссыз, оның ішінде Жол картасы жобасының шеңберінде – 3465 адам кәсіби оқуға жіберілді. Даярлау және қайта даярлау 31 мамандық бойынша 29 оқу орындарының негізінде ұйымдастырылды. Жұмыссыздық деңгейін төмендету және жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз етуді жақсартуға бос орындар-жәрмеңкесі жәрдемдеседі.

Тиісті рұқсат бойынша тартылған шетел азаматтарының саны көп емес. Еңбектің ішкі нарығын қорғау, қазақстандық азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілерге тек қана еңбектің ішкі нарығында жеткіліксіз жоғары білікті жұмыс күшін, мамандарды тартуға рұқсат беріледі. 2009 жылы 3-ші санат бойынша шетелдік азаматтарды жұмысқа тартуға рұқсат берілген жоқ, жұмысқа тартылған шетелдік жұмыс күшінің құрамында 1 және 2-ші санатты мамандардың үлесі 100-ды құрады.

Бүгінгі таңда Жол картасының басты мақсаттарының бірі – жұмыссыздықтың елеулі өсуіне жол бермеуге қол жетті. Әр түрлі меншік нысанындағы мекемелерде 2010 жылыдң 1 қаңтарына 2666 ұжымдық шарт әрекет етті.

Ұжымдық-шарттық қатынастар негізінде әрекет ететін кәсіпорындардың үлесі 32,5, сонымен қатар ірі және шағын кәсіпорындар – 56 құрайды.

2010 жылдың 1 қарашасына дейін 3087 ұжымдық шарт жасалып және әрекет етуде. Әрекет ететін кәсіпорындарының ұжымдық-шарттық қатынастарымен қамтылу пайызы – 37,8, сонымен қатар ірі және орта кәсіпорындар – 91,1 (мемлекеттік меншік нысандағы – 97,6, жеке меншікті – 84).


Әлеуметтiк қамтамасыз ету

2009 жылы кедейшілік шегінен төмен табыстары бар облыс тұрғындарының үлесі 2007 жылмен (1,5%) салыстырғанда 0, 3 %-ға төмендедi.

Ана мен баланы қорғау әлеуметтiк саясаттың тағы бiр маңызды басымдылығы болып табылды және табылады. 2006 жылы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға (1 айлық есептiк көрсеткiш) ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы қосатын балалы отбасыларды қолдаудың жаңа жүйесі енгізілді. 2009 жылы 48023 балаға 546 миллион теңге сомасына балалар жәрдемақысы тағайындалды. 2010 жылдың бюджетi балалар жәрдемақысын, тұрғын үй көмегiн және басқа әлеуметтiк төлемдерді қаржыландыруды ұлғайта отырып, тұрмысы төмен отбасыларды көбірек қамтуды қарастырып отыр. Осылайша, мемлекеттiк атаулы көмекке 202, 1 млн. теңге, мемлекеттiк балалар жәрдемақысына – 552,9 млн. теңге, тұрғын үй көмегiне – 615,1 млн. теңге бөлінді. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына 2010 жылы әлеуметтiк төлемдерге 2009 жылға қарағанда 17,2%-ке артық қаражат бөлу жоспарланды және 310 млн. теңгені құрайды. Әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыруға жалпы 1,4 млрд. тенге қарастырылды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда (952, 9 млн. теңге) 1,7 есе артық.

2008 жылдың 1 қаңтарында атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалған алушылардың жалпы саны 136474 мың теңге сомасына тұрмысы төмен 12189 адамды құрады. МАӘК (Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар) арасында еңбекке жарамды азаматтардың саны 4707 адамды (жұмыссыздар, есепте тұратындар, жалдамалы жұмыс істейтіндер, өз бетімен жұмыс істейтіндер, күтім жасайтын адамдар және басқалар) немесе алушылардың жалпы санынан 39% құрады. 2010 жылдың 1 қарашасында атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалған алушылардың саны 9288 адамды құрады, олардың ішінде еңбекке жарамды тұрғындар – тұрмысы төмен 3482 отбасы, бұл алушылардың жалпы санының 37% құрайды. 2007 жылмен салыстырғанда еңбекке жарамды тұрғындардың саны 2% -ға төмендедi.

2009 жылы тұрғындардың табыстары 2007 жылмен салыстырғанда (21860 теңге) 26,1%-ға өсті және 1 адамға шаққанда 27569 теңгенi құрады. 2009 жылы орташа айлық жалақы 49130 теңгенi құрады, бұл 2007 жылға қарағанда (37584 теңге) 30,7%-ға артық.

2009 жылы облыстағы ең төменгi күнкөрiс 11777 теңгенi құрады және 2007 жылмен салыстырғанда 40, 3%-ға өстi.

Алайда тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдау жүйесінде оң өзгерiстермен қатар шешiлмеген мәселелер де сақталып отыр:

кедейлiктен шығу бойынша белсендi шаралардың төмен тиiмдiлiгi;

кедейлiк пен теңсiздiктiң сақталуы;

мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың толық қамтылмауы;

көп балалы үйлерде кедейлiктiң басымдылығы;

әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарының жетілдірілмеуі.

Осындай жағдайда ең төмен бекітілген табыстан төмен табысы бар халықтың қауқарсыз тобына әлеуметтік көмек көрсету басқарма жұмысының стратегиялық бағыты болып табылады.

Күштi жақтары

Еңбек нарығында жаппай жұмыстан босату көзделіп отырған жоқ, бұл жұмыссыз азаматтар санының ұлғаюына апармайды.

Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдардың қаражаттары жеткiлiктi.

Әлеуметтiк қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын іс жүзінде қамту.

Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде мүгедектерді, қарттарды, мүгедек балаларды арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiмен толық қамту.

Мүгедектерді әлеуметтiк және кәсiби оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткiзу мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға барынша тәуелсіздікке, толық физикалық, зерделi, әлеуметтiк және кәсiби қабiлеттiлiктерге қол жеткізуге және сақтауға және оларды өмiрдiң барлық кезеңдерінде толық қосуға және тартуға мүмкiндiк береді.



Әлсiз жақтары

Қала және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейiнiң арасындағы сәйкессіздік.

Ауылдық елдi мекендердегi бос жұмыс орындар санының аздығы.

Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессiздiк.

Азаматтардың белгілі санаттарына мемлекеттiк бюджеттен жәрдемақы алу ақша алудың жалғыз қайнар көзi болып табылады.

Үнемі бөгде адамдардың күтіміне мұқтаж, психоневрологиялық аурулармен ауыратын 18 жастан жоғары тұлғалар санының өсуi.

Оңалту құралдарымен немесе қызметтермен қамтылған мүгедектердiң үлесі жүз пайызға жетпейдi, бұл мыналарға байланысты:

мүгедектерге бюджет қаражаты есебінен барлық қызметтер көрсетілмейді, атап айтқанда мүгедектердің жеке санаттарына протез-ортопедиялық көмек бойынша қызметтердi көрсету бұйымдардың құнынан 50 пайыз жеңiлдiкпен немесе жеке меншiк қаражат есебінен белгіленген;

медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссиялары мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектің жүгінуіне қарай әзірленеді, ал келесi қаржы жылына бюджеттi құрастыру ағымдағы жылдың үшiншi тоқсанында қалыптасады, сондықтан бюджеттi құрастырудан кейiн әзірленген ОЖБ мерзiмінде орындалмайды.

Мүмкiндiктер

Жұмыс орындарын жасау, оның iшiнде халықтың жұмыспен уақытша қамтылуына жәрдемдесудiң белсендi бағдарламаларын iске асырудың бөлiгiнде:

а) қоғамдық жұмыстар;

б) әлеуметтiк жұмыс орындары.

Жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк оқыту, қайта даярлау.

Бос жұмыс орындары мен бос лауазымдардың жәрмеңкелерiн өткiзу.

Әлеуметтiк қобалжушылықтың төмендеуi.

Әлеуметтiк қызмет түрлерiн көрсету саласындағы жұмыс iстейтiн ҮЕҰ-дың қызмет саласын кеңейту.



Қауiп-қатерлер

Бүркемелі жұмыспен қамту.

Тiркелген жұмыссыздар санының өсуi.

Жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесiн және табыстар туралы анықтама берудi талап етеді).

Арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiн беру саласында ҮЕҰ құру бойынша ынталы топтардың болмауы.

Мүгедектердің оңалту іс-шараларымен толық қамтылмауы.


Азаматтық қоғам институттарымен мемлекеттiк әрiптестiк, медия кеңiстiгін дамыту және жастар саясатын iске асыру

800 астам қоғамдық ұйымдармен және бiрлестіктермен өзара іс-әрекет жүзеге асырылуда, олардың қатарында: 9 – саяси партиялардың облыстық филиалдары, 185 – дiни бiрлестiктер, 33 – этномәдениет орталықтары, 599 – ауылдық ҮЕҰ 22% үлесі бар үкiметтiк емес ұйымдар (ҮЕҰ) бар. Қазіргі уақытта қызметтiң әр түрлi 30 бағыты бойынша ҮЕҰ тұрақты топтары орын алды.

2010 жылы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қаржыландырудың көлемi 48,5 млн. теңгені құрады. Мемлекеттiк әлеуметтік тапсырыс топтамаларының тақырыптамаларын қалыптастыру кезінде ашықтық және айқындылық қағидаттары енгізілді (жыл сайынғы әлеуметтік зерттеулер, ҮЕҰ жобалық идеяларының қорытындыларын пайдалану; облыстық маслихат депутаттарының, ҮЕҰ, БАҚ және нысаналы топтар өкiлдерiнің қатысуымен қоғамдық тыңдауларда талқылау; ҮЕҰ-мен өзара іс-әрекет жөнінде облыстық кеңесте мемлекеттік тапсырыстың негізгі бағыттарын бекiту). Ауылдық ҮЕҰ-дың мемлекеттік тапсырысқа қатысу үлесi 45%-ға дейiн ұлғайды.

Азаматтық қоғамның сапалы өсуiн және мемлекет пен ҮЕҰ арасында әлеуметтiк әрiптестiкті әрі қарай iске асыруды қамтамасыз ету шеңберiнде тұрақты жұмыс істейтін диалогтiк алаңдар, араларында «Спектр» саяси клубы, Азаматтық форумдар, ауылдық ҮЕҰ, қоғамдық тыңдаулар дәстүрлі болып табылатын үнемі қызмет ететін сұхбаттасу алаңдарының жұмысы қалыпқа келтірілді.

Қазақстанның жаһандық халықаралық ұйымдардағы көшбасшылығын мойындаудың жетекші факторларының бiрi облыстағы мемлекеттiк саясатты, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының негiзгi бағыттарын және оларды іске асыру барысын түсiндiру мен насихаттау жөніндегі жұмыстар қолдайтын iшкi саяси тұрақтылық болып табылады. Тұрғындардың арасындағы ақпараттық-насихаттау жұмысы басты тетік болып табылады. Мемлекет басшысының жолдауына сүйене отырып, облыстық ақпараттық-насихаттау тобының (ОАН) құрамы қалыптасуда. Аудандар мен қалаларда жаппай ақпараттандыру үшін мемлекеттiк органдардың жетекшiлерi, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарынан, жұртшылық пiкiрiнiң жетекшiлерiнен тұратын 1565 мүшелерді біріктіретін 316 ОАН құрылды.

2010 жылы облыс аумағында 112 бұқаралық ақпарат құралдары, оның iшiнде 80 баспа және 32 электрондық БАҚ-тар жұмыс iстедi, олардың 76% (87 БАҚ) мемлекеттiк емес болып табылады.

2007 жылдан бастап байланыстың спутниктік арналары бойынша облыстың 95% аумағында «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы бір сағаттық жаңалықтар бағдарламасын тарату бойынша жүзеге асырылуда.

2010 жылы облыстың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты iске асыру бойынша мемлекеттiк тапсырыстың жалпы сомасы 263,4 млн. теңгені құрады. Мемлекеттiк тапсырыс жүйесiне 26 облыстық, қалалық, аудандық газет, 2 республикалық газет және 11 телерадио студиялары қатысады.

Облыста тұрғындардың жалпы санынан 28,2% құрайтын 14 пен 29 жас аралығындағы 247,3 мың жастар тұрады.

99 жастар ҮЕҰ-дары, олардың iшiнен 23-і ауылдық жерде, 72-і қалаларда жұмыс iстейдi. Жастар ҮЕҰ-дары 6 негiзгi бағыттар бойынша жұмыс iстейдi: құқық қорғайтын – 11, отан сүйгiштiк – 25, азаматтық әрекеттi дамыту жөніндегі ұйымдар – 15, экологиялық – 4, шығармашылық әрекеттi дамыту – 23, СӨС мәдениетін дамыту бойынша – 21 құрайды.

«Қостанай облысының балалар және жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ белсенді жұмыс iстейдi.

Облыстағы мемлекеттiк жастар саясатын iске асыруда жастардың қызығушылығы мен қажеттiлікктерiн iске асыруды, мемлекеттік органдардың, жастар ҮЕҰ-ның және бизнес-құрылымдарының іс-әрекетін біріктіруді қамтамасыз етуге шақырылған мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-әрекетін үйлестiру мақсатында облыста әкімдік жанында Жастар ісі жөніндегі кеңес жұмыс iстейдi. Кеңестер қала және аудандар әкімдіктерінде де құрылған.

11 жастар көшбасшылары барлық деңгейлердегі маслихат депутаттары болып табылады.

2010 жылда жастар әлеуметтiк жобаларының саны 20-ға дейiн ұлғайды. Есепті мерзімде облыста педагогикалық және дәрiгерлiк мамандықтар бойынша оқуға «Қостанай облысы әкімінің гранттары мен стипендиялары» жобалары іске асырылды. Жоғары оқу орындарында барлығы 165 студент оқытылды, жоғары және орта кәсіби оқу орындарында 38 оқу озаттары және белсендiлер облыс әкiмiнің ай сайынғы стипендияларын алады.

268 студент қала және аудандар әкiмдерiнің гранттары бойынша, 200 адамнан астамы – шаруашылық субъектілері есебінен оқиды. 2010 жылы 9 жас ғалым және магистрант кандидаттық диссертацияларын қорғау және магистратурада оқу үшiн облыс әкiмнің гранттарын алды. Облыс әкiмiнің гранттары бойынша барлығы 33 жас ғалым ғылыми жұмыстарын жалғастырды. Мүмкiндiктерi шектеулi 83 студент «Мүгедектерді әлеуметтiк оңалту» бағдарламасы бойынша оқиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет