Мәлімет көзі: 2009 жылы Қазақстан өңірлері статистикалық жинағының деректері бойынша саналған
Облыс бойынша ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі 847,25 мың теңгені құрайды, яғни республикалық көрсеткіштен (449,38 мың теңге) 397,87 мың теңгеге жоғары, бірақ өңірдің басқа секторларына қарағанда бұл көрсеткіш жоғары емес. Облыс бойынша бір қызметкерге шаққанда өнімділік 1417,94 мың теңге, бұл республикалық көрсеткіштен (2151,94 мың теңге) 734 мың теңгеге төмен.
2009 жылы орташа айлық атаулы жалақы облыс бойынша мынандай секторларда жоғары деңгейге ие болды: қаржылық және сақтандыру қызметінде – 81437 теңге, тау-кен өнеркәсібінде – 74983 теңге. Ең төмен деңгей тамақтану мен тұрақтау қызметін көрсететін қызметкерлерде – 30560 теңге, өнер, ойын-сауық пен демалу саласында қызмет ететін қызметкерлерде – 33354 теңге. Төмен және барынша жоғары арасындағы айырмашылық 2,7 есе.
Қызмет түрлері шегінде өнеркәсіпте қызмет ететін қызметкерлердің жалақысы – 60656 теңге, құрылыста – 53544 теңге, мемлекеттік басқаруда – 52225 теңге, білім беруде – 38469 теңге, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетуде – 43946 теңгені құрайды.
Маңызды әлеуметтік проблемалардың бірі бюджет саласындағы жалақының төмен деңгейі болып қала бермек.
2008 жылымен салыстырғанда 2009 жылы әйелдердің орташа айлық жалақысы 16%-ға өсіп, 41811 теңгені құрады, ер адамдарда – 9,3%, 56102 теңгені құрады. Әйелдердің орташа айлық жалақысы ер адамдардікінен 25,5%-ға төмен. Ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, өнер мен ойын-сауық орындарында қызмет ететін ер адамдардың орташа айлық еңбекақысы сол салаларда істейтін әйелдердікінен 1,5 есе жоғары. Тек қана білім беру саласында қызмет ететін ер адамдардың жалақысы әйелдердің жалақысынан 2% төмен.
Білім беру
Білім беру саласында компьютерлермен, жаңа үлгідегі кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен жарақтандыру негізінде мектептердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі деңгейлерін арттырудың тұрақты қарқыны байқалып отыр, бұл қызмет алушыларының сапалы білімге қол қол жеткізуін арттырады.
Техникалық және кәсіби білім беретін объектілердің қатары және оларда білім алушылар санының ұлғаюы облыс экономикасының әр саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуді арттырады.
Кәсіптік лицейлер мен колледждер жұмыспен қамтамасыз етілген түлектері санының өсуі өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Облыста балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтуды өсірудің тұрақты қарқыны байқалуда. Облыста мектептерді мақсатты ағымдағы және күрделі жөндеу, жаңарту, осы заманғы нормаларға сай мемлекеттік тілде оқыту үшін жағдай жасалған жаңа мектептер салынуда.
Сонымен қатар, экономика дамуына жол бермейтін және бар болған әлеуетті толық пайдаландырылмайтын, жағымсыз жақтар да бар. Яғни, облыста өндірістік шеберханаларының зертханаларын, ТжКБ оқыту мекемелерін қамтамасыз ету деңгейі төмен. Балалар мен жасөспірімдердің толық демалуын және сауықтыруды ұйымдастыру үшін қосымша білім беретін ұйымдар желісі жеткілікті дамымаған.
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
Бәсекелестікті дамыту
Облыстағы бәсекені дамыту бағдарламасы әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының бөлігі ретінде әзірленді, бұл ретте бәсекелік ортаны қалыптастыру мәселесі базалық болып табылады.
Облыстың тауарлық нарықтарындағы бәсекелік ортаның жағдайын зерделеу мақсатында 2009 жылы тауарлар нарығына 49 талдау жүргізілді, олардың 40 бәсекесі дамымаған, жоғары деңгейде шоғырланған түріне жатады (электрмен жабдықтау, жеткізу, авиациалық керосинді сақтау мен сату, табиғи және сұйытылған газды көтермелеп сату, көмірді көтермелеп сату, нан қабылдайтын кәсіпорындардың қызметі (жергілікті нарық көлемінде).
Сонымен қатар, облыстың шағын кәсіпкерлігінің әртараптандырылуының төмендігі, инновациялық белсенділігі төмен, бұл Кеден одағының әрекет ететін бәсекелі нарықтарына кіру кезінде бірталай кедергі болып табылады.
Облыс экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып және нақты тауарлар нарығының әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, бірнеше маңызды салалар анықталды, оларда атқарушы органдардың бәсекені дамыту жөніндегі шараларды іске асыруы мақсатына лайық және барынша тиімді:
агроөнеркәсіптік кешені;
бөлшек сауда;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен байланыс;
отын-энергетикалық кешен.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі бәсекені дамытуға саланың айрықша ерекшеліктері әсер етеді. Бәсекені шектейтін факторлардың бірқатары орын алуда: материалдық және қаржылық ресурстардың тапшылығы, өнімдер өндірісінде вертикалдық интеграцияның жеткіліксіз дамуы, кооперацияны дамыту деңгейінің төменділігі, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің болмауы.
Бәсекенің жағдайына қоймалар, қамбалар, бастапқы өнімдерді қабылдау пунктерінің болмауы, ауыл шаруашылығы өнімдерін биржа арқылы сатудың дамымағандығы да әсер етеді.
Бәсекенің дамуына кедергі болатын негізгі бөгеттер:
тұрақты тауарлар өткізетін нарықтың болмауы, бұл шағын тауар өндірушілердің өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін облыстың ішкі нарығында және оның шегінен тыс нарықтарда өз бетімен сатуына (немесе делдалдардың аз саны арқылы) кедергі болуда;
ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді алу бойынша рәсімдердің ұзақтығына, нан қабылдайтын кәсіпорындардың қызмет көрсетуі жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат беретін құжаттарды алуға байланысты әкімшілік кедергілер;
энергетикалық және өткізу инфрақұрылымының кемшіліктері.
Өңірлік саясатты жүргізу шегінде жергілікті атқарушы органдар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілікті өсіру және елдің интеграция жағдайында өңірдің аграрлық өндірісін бейімдеу мақсатында агроөнеркәсіп кешенінің салаларын қарқынды дамыту жөнінде тиісті шаралар қабылдайтын болады және мынадай мүмкіндіктер қарастырылды:
ішкі нарықтың азықтық тәуелсіздігін қамтамасыз ету бойынша (меморандумдар жасау арқылы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды тарту арқылы және т.б.);
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге жаңа технологиялар енгізу бойынша (фермалар, жылы жайлар, құс фабрикаларын, сүт және ет өнімдерін өңдейтін және өндіретін цехтар салу, қайта жаңғырту және жаңарту);
аграрлық өнеркәсіп саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту бойынша.
Бөлшектеп сату саласының кемшіліктеріне дамыған көлік-логистикалық жүйесінің болмауын, қысқа мерзімді жинақтау жүйесінің дамымағандығын жатқызуға болады.
Облыстың бөлшектеп сату саласы бәсеке деңгейін арттыруға бағытталған шараларды қабылдауды талап етеді (кәсіпкерлік қызметпен айналысу, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін кедергілерді анықтау және жою).
Жергілікті атқарушы органдар ішкі сауданы дамыту саласындағы бәсекелестікті дамыту жөнінде мынандай шаралар қабылдайтын болады:
халықаралық, өңіраралық, шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту арқылы облыстың экспортқа бағытталған кәсіпорындарына жағдай жасау (Кеден одағы шегінде субъектілердің өзара қарым-қатынастарын жақсарту);
республикалық және жергілікті бюджеттен жобаларды қаржыландыру (инвестициялау) арқылы нарық объектілерінің санын ұлғайту үшін жағдай жасау;
сауда орындарының инфрақұрылымын жетілдіру (жабық павильондар салу және қолданбайтын коммуналдық меншіктегі объектілерді мемлекеттік көмек көрсету шегінде жалдауға беру («Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы).
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар мен байланыс
Кабельдік теледидар желілері арқылы телевизиялық бағдарламалар көрсету қызметтерінің нарығы бәсеклестігі дамымаған, жоғары концентрацияланған нарық түріне жатады.
Жаңа субъектілердің осы нарыққа шығуы кезінде әкімшілік кедергілер анықталды (шетелдік бұқаралық ақпараттық құралдарының қызмет көрсетуіне лицензиялар мен рұқсаттамалардың болуы).
Бәсекені дамыту үшін қойылған мақсаттарға жету үшін негізгі бағыттар ретінде атқарушы органдар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жаңарту мүмкіншілігін қарауда, оның ішінде Индустриландыру картасына енгізілген инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру арқылы.
Отын-энергетикалық кешен. Газбен және энергиямен жабдықтау салаларында бәсекені шектейтін факторлар байқалды:
коммуналдық инфрақұрылымның жоғары деңгейде тозуы, бұл тауар нарығының тартымсыздығына әсер етеді, өйткені ол көп қаражат қажет етеді;
әкімшілік кедергілер (лицензия алу үшін біліктілік талаптарды орындауға, бағытталған іс-шараларды орындаудың қиындығы);
импортқа тәуелділік (өңірді газдандыру төмен деңгейде);
энергия тапшылығы;
энергиямен жабдықтаушы компаниялардың қуат беретіндермен қосылуы (әлеуетті бәсекелестерге нарыққа шығуына кедергі – қуат жіберетін ұйымдардың желісіне қол жеткізу кезінде кедергі);
тауарлық нарықтарында мемлекеттің (мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың) болуы.
Бәсекелестікті дамытуды ынталандыруға бағытталған ЖЭК саласында бәсекелік түрлерін бәсекелестік ортаға беру мәселесі қаралуда («Бәсекелестік туралы» Заңның 77-бабы). Бұл ретте бәсекелестікті дамытудың жеткілікті деңгейінің болмауына байланысты тарифтердің (бағалардың) ұлғаюының әлеуметтік маңыздылығы және қатері ескеріледі. Осыған байланысты атқарушы орган құқықтық аяда регламенттенген жұмысты жүргізуді күшейтуді қарастырды.
Бәсекелестікті дамыту мақсатында атқарушы орган:
әкімшілік кедергілерді қысқарту (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат беретін құжаттарды алу рәсімдерін оңайлатуға (алып тастауға) нормативтік-құқықтық актілерді талдау жөнінде жүйелі жұмысты жалғастыру);
мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметте тікелей қатысуын қысқарту;
монополияға қарсы органмен бірлесіп, сонымен қатар кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен өңірде бәсекелестікті дамыту мәселелері жөнінде семинар-тренингтер, дөңгелек үстел, семинар-кеңестер өткізу;
жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында өңірлік базарлар, тауарлар мен қызметтерге қажеттілік туралы ақпараттарды жинастыруды, талдау мен жариялауды ұйымдастыру;
жергілікті билік органдары қызметінің ақпараттық айқындығын арттыру;
басым салаларда облыстың тауар нарықтарының инфрақұрылымын дамыту;
«жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы» субиндексін жақсартуға көмектесетін Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің (ЖБҚ) индексі шеңберінде іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру (бәсекелік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау), оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) және мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі (МЖӘ) арқылы) жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
2.2.1 Өңірдің экономикасын талдау
Өнеркәсіп. Облыстың жер қойнауында бай пайдалы қазбалардың болуы оны ірі минералдық-шикізаттық базаға айналдырды.
Облыста 90-дан жоғары темір кені өнімдері, 100 темір кені шекемтастары мен асбест өндіріледі. Облыс аумағында лигнит, көмір, құрылыстық құм, балшық, тас, құрамында алтын бар кен және т.б. өндіріледі.
Өз кезегінде тың және тыңайған жерлерді игеру облыс өнеркәсібінің дамуына қолдау берді. Облыс жер қойнауында шикізат ресурстарының орасан мөлшерде болған кезде тау-кен өндірісін дамытуда ғана емес, сол сияқты жеңіл, тамақ, қайта өңдеу өнеркәсіптерінің дамуына және қызмет көрсету саласына ықпалын тигізді.
Облыс Қазақстанның өндірістік дамыған аймақтарының бірі болып табылады. 543 кәсіпорын өнеркәсіп өнімдерін өндірумен айналысады, олардың ішінде 104 ірі, сол сияқты шағын және орта бизнес кәсіпорындары осы салада қызмет етеді. Өнеркәсіпте 48,9 мың адам қызмет етеді. Өнеркәсіп кәсіпорындарында жалақы облыс бойынша орташа жалақыдан 1,2 есе артады.
Облыста тау-кен, өңдеу өнеркәсіптері және электр энергиясын, газ және су өндіру мен бөлу жөнінде кәсіпорындар қызмет етеді. Қазіргі көп салалы өндірісті комбинаттар, зауыттар, заманға сай шағын кәсіпорындар қамтиды.
2009 жылы 307,9 млрд. теңге сомасына тауарлық өнімдер өндірілді, бұл 2007 жылға қарағанда 1,3 есе артық (1-диаграмма).
1-диаграмма
2008 жылы өндірістің нақты көлем индексі негізгі экспорттық тауарларға дүниежүзілік сұраныстың түсуінен туындаған қаржылық дағдарысқа байланысты өнімдерге сұраныстың бәсеңдеуінің әсер етуінен төмендеді, бұл облыстың ірі тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмысына әсер етті (2-диаграмма).
2-диаграмма
Облыста осыған байланысты ірі тау-кен өндіру кәсіпорындарының проблемаларын ескере отырып, экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі дағдарысқа қарсы шаралардың жоспары әзірленді және іске асырылды, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөнінде іс-шаралар жасалды және іске асырылды.
Кәсіпорындардың басшыларымен жұмыс істейтіндердің еңбек құқықтары, әлеуметтік-экономикалық кепілдіктері мен қызығушылықтарын қамтамасыз ету жөнінде меморандумдар жасалды. Өндірістік әлеуетті және жұмыс ұжымдарын сақтау мақсатында кәсіпорындарда дағдарысқа қарсы шаралар жоспарлары әзірленді. Осының нәтижесінде облыс кәсіпорындарында өндіру үдерістері тоқтатылған жоқ, жұмыс орындары қысқартылған жоқ.
Облыста соңғы жылдары өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі капиталдарына инвестициялар өсуінің оң серпіні байқалды. 2009 жылы инвестициялар көлемі 56,2 млрд теңгені құрады, ол 2007 жылмен салыстырғанда 43,4 артық, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 40,4 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібінде 9,1 млрд теңге, электр энергиясын, газ және суды өндіру мен бөлу бойынша – 6,7 млрд. теңге (3-диаграмма).
3-диаграмма
Тау-кен өндірісінің негізін мынандай кәсіпорындар құрайды: «ССКӨБ» АҚ, «Варваринская» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «Метал Трэйдинг» ЖСШ, «Өркен» ЖСШ Лисаков филиалы, «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы КБРУ, «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы ТБРУ және басқалар.
Тау-кен өндірісі облыс экономикасының жалпы жағдайын айқындайды және облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында маңызды үлесін қаматамасыз етеді – 50% астам, тау-кен өнеркәсібінің өнімдері облыс экспортының басты бабы және валюталық түсімдердің негізгі көзі.
9-кесте
Тау-кен өнеркәсібі өндірісінің серпіні
№
|
Көрсеткіштер
|
Жылдар
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Өнеркәсіп өнімнің көлемі, млрд. теңге
|
232,2
|
340,8
|
307,9
|
2
|
өткен жылға қарағанда НКИ, %
|
108,1
|
97,4
|
101,6
|
|
Өндірістің жалпы көлеміндегі тау-кен өнеркәсібінің үлесі, %
|
55,4
|
58,1
|
49,9
|
3
|
Тау-кен өнеркәсібінің өндіру көлемі, млрд. теңге
|
128,8
|
197,2
|
153,9
|
4
|
Тау-кен саласының негізгі өнім түрлерін өндіруі:
|
|
|
|
|
- темір кені концентраты, мың тонна
|
8600,7
|
8731,9
|
10303,7
|
|
- шекемтастар, мың тонна
|
8572,0
|
6951,8
|
6182,4
|
|
- бокситтер, мың тонна
|
4962,6
|
5160,1
|
5130,0
|
|
- асбест, мың тонна
|
292,6
|
230,1
|
230,0
|
Қазақстанның тау-кен саласының ірі кәсіпорны – «ССКӨБ» АҚ. «ССКӨБ» АҚ өнімдерінің негізгі тұтынушылары Магнитогор металлургиялық комбинаты, «Миталл Стил Теміртау» АҚ және Қытай кәсіпорындары болып табылады.
Тау-кен өндірісінің дамуы экспорттық бағыттың негізгі саласы ретінде саланың сауда балансында жетекші рөл атқарады.
Қазіргі таңда «ССКӨБ» АҚ-да жоғары сапалы болат түрін өндіру барысында қолданылатын құрамында 90 кем емес темірі бар металл шекемтастарын өндіру жөнінде цех салу – ірі инвестициялық жобасын іске асыру мақсатында жұмыс жүргізілуде.
«Өркен» ЖШС Лисаков филиалы темір кені концентратын өндіру бойынша ірі кәсіпорын. Кәсіпорында «Темір кенін бөліп алу, шығару және байыту» инвестициялық жобасы іске асырылды. Бұл технологияны енгізу фосфор құрамын 0,7-дан 0,2-ға төмендетуге жол ашады, темір кені концентратындағы темірдің құрамын 49-дан 60-ға арттырады.
«Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы Торғай және Краснооктябрьское бокситтік кен басқармалары – Павлодар алюминий зауытын шикізатпен қамтамасыз ететін, боксит өндіру бойынша ірі кәсіпорындар болып табылады.
Жітіқара қаласындағы «Қостанай минералдары» АҚ – Қазақстандағы жалғыз асбест комбинаты, оның негізгі қызметінің түрі – хризотил-асбест кендерін өндіру мен байыту және олардың негізінде тауарлық асбест өндіру. Комбинат өнімдері әлемдік асбест нарығымен қатар ТМД елдерінің нарықтарында тұрақты сұранысқа ие.
Облыста алтын, мыс, титан, никель, көмір, қорғасын-цинк кендерінің пайдалы кен орындары барланды.
Сонымен қатар облыс отқа төзімді балшық, құрылыстық тас, құрылыстық құм сияқты металл емес пайдалы қазбаларға да бай.
Облыстың өңдеу өнеркәсібінің негізін мынадай кіші салалар құрайды: тамақ өнімдерін өндіру, оның ішінде сусындар (65,9), металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл өнімдерін өндіру (11,8 ), басқа металл емес минералды өнімдерді өндіру (3,5 ), машина жасау (5,9), жеңіл өнеркәсіп және тігін өндірісі (2), резина және пластмасс бұйымдарын өндіру (1,8), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және баспа ісі (1,2), жиһаз жасау (0,6), тері және тері бұйымдарын жасау (0,60) және өнеркәсіптің басқа салалары (6,7).
Облыстың 2009 жылғы жалпы өнеркәсіп әлеуетінің көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 39,1 құрайды.
10-кесте
Өңдеу өнеркәсібінің өндіру серпіні
Р/с №
|
Көрсеткіштер
|
Жылдар
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
1
|
Өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі, млрд. теңге
|
232,2
|
340,8
|
307,9
|
2
|
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің көлемі, млрд. теңге
|
80,8
|
116,9
|
120,4
|
3
|
Өңдеу өнеркәсібінің НКИ, %
|
121,4
|
110,4
|
106,6
|
4
|
Жалпы өнеркәсіп көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %
|
34,8
|
34,4
|
39,1
|
|
Өнімнің негізгі түрлерін өндіру
|
|
|
|
|
Ет және тамақ ішек-қарын өнімдері, тонна
|
2733
|
3087
|
4230
|
|
Шұжық өнімдері, тонна
|
2059
|
2439
|
2678
|
|
Таралған жүн, тері және жас тері, тонна
|
50
|
963
|
1069
|
|
Тазартылмаған күнбағыс майы, тонна
|
2
|
146
|
988
|
|
Өңделген сұйық сүт және кілегей, тонна
|
26393
|
31062
|
34924
|
|
Сүт және кілегей қатты түрінде, тонна
|
1606
|
1390
|
697
|
|
Сары май, тонна
|
2086
|
2113
|
2109
|
|
Ірімшік және сүзбе, тонна
|
2482
|
1906
|
2017
|
|
Дәнді дақылдардан жасалған ұн, тонна
|
726860
|
859469
|
1023596
|
|
Жаңа піскен нан, тонна
|
28742
|
31920
|
32004
|
|
Шоколад және одан жасалған өнімдер, тонна
|
20690
|
21533
|
27085
|
|
Макарон және ұн өнімдері, тонна
|
9786
|
9921
|
10929
|
|
Жеміс және көкөніс шырындары, мың литр
|
23105
|
26284,0
|
27536,0
|
|
Арақ және азықтық спирт, мың литр
|
3272,6
|
2612,8
|
2468,6
|
|
Этил спирті, мың литр
|
1244,8
|
1215,6
|
1121,5
|
|
Сыра, мың литр
|
19089,0
|
18027,1
|
24845,0
|
|
Жүн жіп, кардо және таралған, тонна
|
67
|
57
|
60
|
|
Сырты теріден жасалған аяқ-киім, мың жұп
|
337,1
|
367,3
|
502,6
|
|
Түсқағаздар, мың шаршы км
|
17875,5
|
10293,0
|
2768,7
|
|
Терезе мен есік, мың шаршы км
|
27,2
|
43,8
|
50,1
|
|
Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар, дана
|
48
|
204
|
44
|
|
Астық жинайтын комбайн, дана
|
492
|
467
|
365
|
|
Қатарлық жатка, дана
|
227
|
306
|
168
|
|
Ауыл шаруышылығына арналған машиналардың бөлшектері, млн. теңге
|
282,0
|
426,0
|
390,0
|
|
ағаштан жасалған жиһаз, ас үй, кеңсеге арналған, мың дана
|
23,9
|
55,9
|
49,5
|
|
Тауарлық бетон, мың тонна
|
305,4
|
264,8
|
387,5
|
|
Доре ертіндісі, тонна
|
1,1
|
2,2
|
2,8
|
Достарыңызбен бөлісу: |