БАҒдарламасы қостанай, 2012 жыл мазмұны 1



бет12/19
Дата23.02.2016
өлшемі6.22 Mb.
#10991
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Жалпы барлық бағдарламалар аяқталу сатысында, негізі барлық бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттар игерілді, жоспарланған іс-шаралар іске асырылды.
3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМДАУЫ
Бағдарламаның мақсаты облыстың өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу және осының негізінде тұрғындардың тіршілік деңгейін жоғарылату, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық әлеуетті дамыту болып табылады.

Өңірлік проблемаларды шешу Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, Елдің аумақтық-кеңістік дамуының болжамдық схемасының негізгі бағыттарын, мемлекеттік бағдарламаларды, әсіресе бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны ескеріп, бағдарламалық-нысаналы әдіске негізделеді.

Қостанай облысы өңір тұрғындарының өмір сүруі мен жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға қабілетті, тартымды кәсіпкерлік ортасы бар және ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да үстеме құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға бағытталған серпінді дамып келе жатқан әртараптандырылған экономикасы бар агроөнеркәсіп кешенінің даму деңгейі бойынша жетекші-өңір болады.
2015 жылы Қостанай облысы:

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі 107,0% құрайды.

Тұрғындардың тұрмыс сапасы және әл-ауқаты өңір экономикасының өсуіне байланысты жақсаруда.

Өнеркәсіп

ЖӨӨ орташа есеппен жыл сайын 6,9%-ға өскен, 2015 жылға қарай – 6,7%.

ЖӨӨ-де өнеркәсіп үлесін 2015 жылы 31%-ға дейін ұлғайту (2009 ж. – 22,1%).

ЖӨӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін 2015 жылы 9,3%-ға ұлғайту (2009 ж. – 6,5%).

Экспорттың жалпы көлемінде шикізат емес экспорт көлемін 15%-ға дейін ұлғайту (2009 ж. – 13,2%).

Электр энергиясын өндіруді 2015 жылға қарай 22%-ға дейін ұлғайту.

ЖӨӨ құрылымында шағын және орта бизнес үлесін 2015 жылы 19,5% (2009 ж. – 16%).

Инновациялар саласында кәсіпорындар мен ұйымдардың белсенділік деңгейін 2015 жылға қарай 5,1%-ға дейін өсіру.


Еңбек өнiмдiлiгi өнеркәсiп және агроөнеркәсiп кешендерiн жетiлдiру есебiнен өсетiн болады.

Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнiмдiлiгiн 2015 жылға қарай 110,3%-ға дейін ұлғайту.


Агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігі, экономиканың әртараптануы және халықтың жұмыспен қамтылуын жоғарылатудың факторы ретінде дамитын болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің нақты көлем индексі 104,9 % құрайды.

Ішкі нарықтың азық-түліктік тәуелсіздігін қамтамасыз ету – 100%.

Аграрлық саланың экспорттық әлеуеті экспорттың жалпы көлемінде 2015 жылға қарай 22%-ға дейін ұлғаяды (2009 ж. – 20%).

2015 жылға қарай АӨК-дегі еңбек өнiмдiлiгi 13,2 мың АҚШ долларын/адамды құрайды.
Шағын және орта бизнес, сауда

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі – 102%.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі – 106,8%.
Инновациялар мен инвестициялар

Негізгі капиталға инвистициялардың өсу қарқыны 2009 жылға қарағанда 2015 жылы – нақты 17%.

Инновациялық-белсендi кәсiпорындар үлесі 5,1% құрайды.

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесі 68,5%-ға ұлғаяды.


Еңбек қорларының сапасы облыстың тұрғындарын сапалы біліммен және жұмыспен қамтамасыз ету арқылы жақсарады.

Бiлiм жүйесi сапалы және қол жетімді болады.

Бірінші кезекте кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі шаралар есебінен және облыстағы орта білімде мамандандыруды дамыту есебінен орта білімнің сапасы әлемдік деңгейге жеткізіледі. ТжКБ мен орта білімнен кейінгі білім мамандар дайындап шығару құрылымы жағынан да, олардың білімдерінің сапасы бойынша да облыс экономикасының қажеттеріне лайықты болады, және облыс бизнесі кейпін өзгерту мен жаңарту үдерісінде белсене қатысатын болады.

2015 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесiн енгiзу.

2015 жылы жұмыссыздық деңгейiн – 5,1% ұлғайту (2009 ж. – 6,3%).

Жұмысқа орналастыруға жәрдем сұраған тұлғалардан, жұмысқа орналасқан тұлғалардың үлесін 2015 жылы – 78,3% ұлғайту.

Облыс тұрғындарының полицияға деген сенімінің болжамдық деңгейі 2015 жылы – 54%.

Халықтың өмір сүру сапасын жоғарылату халықты әлеуметтік қолдаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру, денсаулығын жақсарту және қолдау арқылы жақсарады.

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін (ДБҰЖ) енгізу аясында мыналар қамтамасыз етілетін болады:

емделушілердің дәрігер және дәрігерлік ұйымды еркін тандау құқықтары;

халыққа көрсетілетін дәрігерлік жәрдемнің сапасын жоғарылату;

тиімді дәрігерлік жәрдем көрсету және қаржыландырудың тиімді жүйесін құру арқылы халықтың денсаулығын жақсарту.

Облыстық қалалардың көп бейінді ауруханаларында көрсетілетін кардиохирургия, ортопедия-травматология, нейрохирургия, гематология, онкология, гастро-энтералогия және иммунобиологиялық, биохимиялық зертханалық диагностика бойынша емдеудің инновациялық әдістері әрі қарай дамитын болады.

Ауыл тұрғындарының дәрігерлік және дәрі-дәрмектік көмекке қол жетімділігін жақсарту мақсатында дәріханалар ашу жоспарланып отыр. Телемедицинаны әрі қарай дамыту және жылжымалы кешендерді енгізу жалғастырылады, бұл халыққа, оның ішінде ауыл тұрғындарына көрсетілетін дәрігерлік көмектің сапасын жақсартады және қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыстық және республикалық бюджеттен берілген нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен облыстық дәрігерлік ұйымдарды материалдық-техниқалық жарақтандыру жақсарады. Дәрігерлік ұйымдар сапалы дәрігерлік жәрдем көрсету үшін қазіргі жоғары технологиялық дәрігерлік құралдармен жабдықталады. Емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметшілері диагностика, емдеу және ауруларды сауықтырудың жаңа технологияларына үйретілетін болады. Өткізілетін нысаналы алдын-алу тексерулері, оның ішінде скринингтик тексерулер ауруды ерте кезеңдерде анықтауға және дер кезінде емдеуге және сауықтыруға мүмкіндік береді.
Өндірістік күштерді аумақтық орналастыру тірек-қала Қостанайда, шекара маңындағы және ауылдық аумақтарда дамитын болады.

Ауылдық аумақтарды дамыту әлеуметтік, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым, көлік коммуникациялары объектілерін жөндеу және ауылдық елді мекендерді жайластыру, әлеуметтік сала мамандарын ауылдық жерге тарту есебінен ауыл тұрғындарының тірішілігін қамтамасыз ету шарттарын жақсату жолымен жүзеге асырылатын болады.

2015 жылға қарай даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны 253 бірлікке дейін ұлғаяды.



Экологиялық ахуал қоршаған табиғатты ұтымды пайдалану мен қамтамасыз ету және қоршаған ортаға экологиялық салмақты төмендету арқылы жақсартылады.

Атмосфераға зиянды заттарды шығарудың көлемдерін 2015 жылға қарай 0,6%-ға төмендету.

Ормандарды және орман шаруашылығын қайта өндіруді 2015 жылға қарай – 2,6 гектарға ұлғайту.

Электр және жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және телекоммуникациялық дамудың жағдайын жақсарту арқылы даму инфрақұрылымының деңгейін жоғарылату.

Қалпы жақсы және қанағаттандыратын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылға қарай 68% дейін (2009 ж. – 46%).

Облыс дамуының басты стратегиялық мақсаты тұрақты өткізу нарықтары бар ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілетті индустриялық және агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастыру болып табылады.

Өңірдегі басты мақсатты іске асырудың маңызды нәтижесі халық әл-ауқатының жоғары деңгейін, денсаулық сақтауда, әлеуметтік қамтамасыз етуде, білімде, мәдениетте, спортта өмір сүру сапасының, көлік инфрақұрылымының және қолайлы тұрғын үйдің жоғары стандартарын қамтамасыз ететін серпінді дамып жатқан, теңгерімделген және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру болып табылады.

Бағдарламаны орындаудың әр кезеңінде оны іске асырудың құралдары Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Іс-шаралар жоспары, тиісті мемлекеттік құрылымдар басқармаларының стратегиялық және операциялық жоспарлары, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың бизнес-жоспарлары мен жобалары болып табылады. Үстеме құны өте жоғары жеке салаларды басым дамыту үшін жағдайлар, сондай-ақ сарапшылар өсімнің барынша жоғары қарқындарын болжап отырған салалардың басым дамуы үшін ұйымдастыру-экономикалық алғышарттарын тиімді әкімшілеу және жасау. Дамудың бюджеттік қаражаттарын тиімді пайдалану.



4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1-бағыт: Экономика

Өңірлік макроэкономика
1-мақсаты: Өңірлік деңгейде экономикалық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету




Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

1

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға қарағанда %

%

115,7

107,0

105,8

105,2

107,0

КӨБ, ЭБЖБ







1-міндет. ЖӨӨ жыл сайынғы нақты өсіуін қамтамасыз ету

Р/с №

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Өлш. бірл

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шы-лар

1.1



Жалпы өңірлік өнімнің көлемі

млн. тең-ге

1162270,3

1087872,2

1191582,1

1256477,9

1343247,0

КӨБ, ЭБЖБ




2-міндет. Облыстың сыртқы экономикалық қызметін дамыту

1.2.

Экспорт

млн. АҚШ дол.

3346,6

3447

3619

3981,2

4578,3

КӨБ, ЭБЖБ

1.3.

Импорт

млн. АҚШ дол.

856,5

882,2

917,4

972,4

1050,1

КӨБ, ЭБЖБ




3-міндет. Инфляцияның деңгейін жылына 6-8% деңгейде ұстау

1.4.

Инфляцияның деңгейі

%

106,8

107

107

107

107

КӨБ, ЭБЖБ

Қол жеткізу жолдары:

Облыс экономикасын дамытудың болжамдық параметрлеріне қол жеткізу жөніндегі облыстық басқармалардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының талдауы мен мониторингі.

Сауда-экономикалық, шекара маңындағы және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту.

Сыртқа нарықтарға тауарларды (темір кені, асбест, бидай және ұн) экспорттық жеткізудің өсу серпінін сақтау;

Ғылымның озық жетістіктеріне және жаңа технологияларға сәйкес келетін таурлардың импорты.

Негізгі тұтыну тауарлары мен қызметтерге арналған баға мониторингін өткізу.

Облыс өңірлері шеңберінде бағаларларды және тарифтерді талдау.



Өнеркәсіп

2-мақсат: Облыстың өнеркәсіп әлеуетін дамыту




Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

2

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі, %

%

100,9

107,5

107,7

108,1

113,6

КӨБ







1-міндет. Әртараптандырылуын және бәсекеге қабілеттілігінің өсімін қамтамасыз ететін өнеркәсіптің басым секторларын дамыту

Р/с №

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Өлш. бірл.

2011

2012

2013

2014

2015

Жауап-ты орындау-шылар

2.1

Жалпы өңірлік өнімде өнеркәсіп үлесі

%

27,3

28,9

29,2

29,5

31

КӨБ

2.2

өнеркәсіп өнімінің жалпы қосымша құнын ұлғайту

млн. теңге

317204,4

318200

319100

320200

321000

КӨБ

2.3

Түрлі түсті металдар кенін өндіру НКИ

%

113,7

114,0

115,0

116,0

117,0

КӨБ

2.4

Темір кенін өндіру НКИ

%

98,5

99,7

100,0

100,0

100,0

КӨБ

Қол жеткізу жолдары:

Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өңірлік деңгейде инвестициялық жобаларды іске асыруға көмек көрсету.

Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сайтында әлеуетті инвесторларды іздеу мақсатында қаржыландыруды талап ететін облыстың инвестициялық жобаларының тізбесін орналастыру.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәртібі бойынша, жобалар бойынша шешім қабылдауға қажетті құжаттаманы дайындау бойынша түсіндіру жұмысы.

Инвестициялық жобаларды іске асыру:

Кен дайындау кешенін жылына 60 млн. тоннаға дейін ұлғайту. Рудный қаласында № 17 технологиялық секцияның құрылысы («ССКӨБ» АҚ).

Қостанай қаласында жылына қуаттылығы 450 мың тоннаға дейін құрылыс прокатын шығаратын ұсақ сортты прокат станының құрылысы («Евраз Каспиан Сталь» ЖШС).

Рудный қаласында жылына қуаттылығы 1,8 млн. тоннаға дейін металданған брикет шығаратын металданған өнім өнідіретін зауыттың құрылысы («ССКӨБ» АҚ).



Кен дайындау кешенінің қуаттылығын жылына 60 млн. тоннаға дейін ұлғайту. Рудный қаласында жылына қуаттылығы 7 млн. тоннаға дейін ДОФ-2, ММО-4 байыту кешенінің құрылысы («ССКӨБ» АҚ).
3-мақсат: Өңдеу өнеркәсібі салаларын дамыту




Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

3

Өңдеу өнеркәсібі өнімдерін шығарудың нақты көлем индексі

%

102,5

107

107,2

107,5

112

КӨБ




1-міндет. Өңдеу өнеркәсібіндегі басым, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту


п/п

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Өлш. бірл.

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

3.1

Жалпы өңірлік өнім құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі

%

8,6

9

9

9

9,3

КӨБ

3.2

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі

%

118,7

108,7

109,3

109,5

110,3

КӨБ

3.3

Облыс экспортының жалпы көлемі туралы шикізат емес тауарлары экспорты көлемінің үлесі

%

10,0

11,0

12,0

13,0

15,0

КӨБ

3.4

Металлургия саласындағы өндіріс көлемі

млрд.

теңге


24,2

24,5

25,2

26,0

34,8

КӨБ

3.5

Металлургия саласының

НКИ


%

102,7

102,8

102,9

103,0

115,0

КӨБ

3.6

Металлургия саласының ЖҮҚ

млн.

теңге


16919,7

17122,7

17619,0

18183,0

24329,0

КӨБ

3.7

2008 жылдың деңгейіне қарағанда жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті металлургия өнімдері өндірісін екі есе ұлғайту

млн.


теңге


Аталған көрсеткіш облыстар шегінде есептелмейді


КӨБ

3.8

2008 жылдың деңгейіне қарағанда металлургия өнімінің экспортын екі есе ұлғайту

мың АҚШ долла-ры

Аталған көрсеткіш облыстар шегінде есептелмейді


КӨБ

3.9

Металлургия саласындағы еңбек өнімділігі

мың АҚШ долла-ры/адам

5,1

5,2

5,3

5,4

5,5

КӨБ

3.10

Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі

млрд. теңге

18,6

28,7

49,3

131,3

175,0

КӨБ

3.11

Машина жасау саласының НКИ, %

%

166,6

150,0

161,8

в 2,0 раза

130,0

КӨБ

3.12

Машина жасау саласында еңбек өнімділігін 52 мың АҚШ долларына дейін ұлғайту

мың АҚШ долла-ры

16,4

16,5

17,0

19,0

21,0

КӨБ

3.13

Машина мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарды өндірудің НКИ

%

156,4

101,0

101,0

102,1

102,0

КӨБ

3.14

Жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі

млн.

теңге


3840,5

3840,5

3863,0

3992,0

4153,0

КӨБ

3.15

Жеңіл өнеркәсіп НКИ

%

95,4

100,0

100,1

100,2

100,5

КӨБ

3.16

Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі

мың АҚШ долла-ры

6,9

6,9

7,0

7,1

7,2

КӨБ

3.17

Жеңіл өнеркәсіптегі ЖҮҚ

млн.

теңге


2183,9

2185,2

2194,2

2267,5

2358,0

КӨБ

3.18

Химиялық өнім өндірісінің НКИ

%

98,7

98,7

100,0

101,0

101,0

КӨБ

3.19

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі

млн.

теңге


466

590

650

716

790

КӨБ

3.20

Резеңке және пластмассалық өнімдер өндіру НКИ

%

123,1

100,0

100,0

100,0

101,0

КӨБ

3.21

Резеңке және пластмассалық өнімдер өндіру көлемі

млн.

теңге


4000

4120

4371

4637

4919

КӨБ

3.22

Басқа металл емес минералды өнімдер өндіру НКИ

%

111,7

103,4

104,7

111,1

115,0

КӨБ

3.23

Басқа металл емес минералды өнімдер өндіру бойынша ЖҮҚ ұлғайту

млн.

теңге


4496,7

5994,2

6018,9

6341,4

6663,8

КӨБ

3.24

Құрылыс материалдары экспортының көлемі

млн.

теңге


2,4

2,4

2,5

2,6

2,7

КӨБ

3.25

Басқа металл емес минералды өнімдер өндірісіндегі еңбек өнімділігі

мың АҚШ долла-ры

14,4

14,5

14,6

14,7

14,8

КӨБ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет