БАҒдарламасы қостанай, 2012 жыл мазмұны 1



бет19/19
Дата23.02.2016
өлшемі6.22 Mb.
#10991
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Мемлекеттік қызметтерді электрондық пішімге көшіру есебі «Мемлекеттiк органдардың өз құзіретiне кiретiн электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ету мерзiмдерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қазандағы № 1080 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 1244 қаулысының негізінде жүзеге асырылады, онда 2011-2012 жылы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін 12 әлеуметтік маңызды қызметтерден 7 мемлекеттік қызметті автоматтандыруға жатады, бұл 58,3 % құрайды (7/12*100).

Қол жеткізу жолдары:

жергілікті атқарушы органдар қызметтерінің тиімділігін бағалау әдістемесінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингісін облыс әкімінің аппаратымен жүргізу;

Қостанай облысы әкімінің ресми порталын, блог-платформасын, электрондық қызмет сайтын, интернет-ресурстар дамуын және тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету;

мемлекеттік қызметтер мен міндеттерді автоматтандыратын ақпараттық жүйелерді енгізу: «Өңірлік шлюз «электрондық үкімет», «Электрондық әкімдік», «Электрондық лицензиялау» мемлекеттік мекемелерде – қызмет көрсетушілерде, және жоғарыда көрсетілген ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу, байланыс каналдарын 64 млн. теңге төлеу жергілікті бюджеттен қаражат бөлу;




5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

млн.тг.


Бағыттың атауы

2011

2012

2013

2014

2015

Өңірдің экономикасы

32841,3

52265,9

16583,8

164084,7

7831,8

Әлеуметтік сала

15393,1

16679,1

15338,0

10460,6

7267,2

Инфрақұрылымдық кешен

27794,5

19838,6

26514,7

23423,0

47515,4

Аумақтық (кеңістік) құрылым

742,9

701,2

791,1

973,3

915

Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесі

0

0

0

0

0

Барлығы

76771,8

89484,8

59227,6

198941,6

63529,4


* Жергілікті бюджеттің шығындары 2011-2013 жылдарға және алдағы жылдарға арналған бюджетті нақтылау кезінде өзгертілуі мүмкін
6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ

Қостанай облысының дамыту бағдарламасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын белгілейтін басты стратегиялық құжат болып табылады. Салаларды және аудандарды дамытудың әзірленіп жатқан жоспарлары, бағдарламалары, стратегиялары өңірді дамытудың таңдалған стратегиялық курсымен келістірілуі тиіс.

Қостанай облысын дамытудың әзірленген бағдарламасы стратегиялық дамытуды басқару жүйесін қалыптастыру негізін құрайды және өңірді дамытудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге Әкімдіктің ағымдағы қызметін бағдарлаудың қажеттілігін анықтайды.

Бағдарламаны басқару үдерісі мынадай сатыларды қамтиды: нәтижелердің мониторингі, бағалау мен бақылау.

Қостанай облысының аумығын дамыту бағдарламасының мониторингі жыл қорытындылары бойынша жылына бір рет жүзеге асырылады.

Жыл қорытындылары бойынша Қостанай облысының аумағын дамыту бағдарламасының мониторингін жүргізу үшін облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын мемлекеттік орган-бірлесіп орындаушы өз құзыретінің шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына іске асыру жөніндегі ақпаратты ұсынады; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы мемлекеттік орган-бірлесіп орындаушы ұсынған іске асыру жөніндегі ақпараттың негізінде облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті құрастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде (құпялық сипаттағы ақпаратты қоспағанда және қызметтк пайдалану үшін) бірінші басшының қолымен веб-порталда орналастырылады.


Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда іске асыру туралы есеп облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.

Тексеру комиссиясы өткізетін бағалаудан басқа аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруды бағалау Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген облыстардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің шеңберінде жыл сайын жүзеге асырылады.

Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруды тиісті бақылауды жергілікті өкілетті орган жүзеге асырады.
Ескерту:

% - пайыз

млн. – миллион

млрд. – миллиард

ЖӨӨ - жалпы өңірлік өнім

АҚ – акционерлік қоғам

ССКӨБ – Соколов-Сарыбай кен байыту-өндірістік бірлестігі

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

қ. – қала

к. – кент

мың – мың

с. – село

ИЖТМ – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

ҚР – Қазақстан Республикасы

АҚШ – Америка Құрама Штаттары

долл. – доллар

ТжКБ – техникалық және кәсіби білім

ҚШҚ – қатты шаруашылық қалдықтар

ОЭК – отын энергетикалық кешені

КБКБ – Краснооктябрьское бокситтік кен басқармасы

ТБКБ – Торғай бокситтік кен басқармасы

ӨКБ - өнеркісіп және кәсіпкерлік басқармасы

ҚБ – қаржы басқармасы

ХС – халықаралық стандарттар

СМЖ – сапа менеджментінің жүйесі

ӨК - өндірістік кооператив

гектар – гектар

ІҚМ – ірі қара мал

ТҚС – техникалық қызмет ету стансасы

ЖҚС – жаңармай құю стансасы

ШОК – шағын және орта кәсіпкерлік

ТРМЖ – техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі

МАӘК – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым

СӨС – саламатты өмір салты

ҚТБ – құқықтық тұлғалардың бірлестігі

БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

МКҚК – мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

ДМ – денсаулық сақтау министрлігі

АМСК – алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету

БХТ – бірыңғай халықаралық тестілеу

РМК – республикалық мемлекеттік кәсіпорын

км – километр

ЖАО – жергілікті атқарушы орган

МКК – мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

кВт.с – киловатт сағат

ЖЭО – жылу энерго орталық

ӨШБ - өндірістік-шаруашылық бірлестік

МВт – мегаватт

кВ – киловольт

АЖ – ауа желісі

КЖ – кабельдік желісі

ЖЭС – жел электро стансасы

Гкалл – гикокаллорий

ЖСҚ – жобалық-сметалық құжаттама

ТКШ – тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

РФ – Ресей Федерациясы

КСРО – Кеңестік социалисттік Республикалар Одағы

АЕМ – ауылдық елді мекен

ҚРҮҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

адам – адам

жж. – жылдар

бірл. – бірлік

АШБ – ауыл шаруашылығы басқармасы

ҚБ – құрылыс басқармасы

АӨК – агро өнеркәсіп кешені

ТСжДШБ – туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасы

ҚФ – Қостанайлық филиал

БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы

ЭБЖБ – экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

ББ – білім басқармасы

ММ – мектепке дейінгі мекеме

ОблБЖИ – облыстық біліктілікті жоғарлату институты

ДБ – денсаулық сақтау басқармасы

ЖҚжӘББ – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

ІІД – Қазақстан Респубюликасының Ішкі істер министрлігінің ішкі істер департаменті

МСЭККД – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаменті

ТРжТРБ – табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

АМККК – ақысыз медициналық қызметтің кепілденген көлемі

ЖТД – жалпы тәжірибенің дәрігерлері

ЖОО – жоғары оқу орны

МӘМ – медициналық-әлеуметтік мекеме

МжҚБ – мұрағат және құжаттама басқармасы

ҚОММ – Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты

ІСБ – ішкі саясат басқармасы

ЖДБ - жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы

АҚ – азаматтық қорғаныс

ТЖ – төтенше жағдай

ТЖМ – төтенше жағдайлар министрлігі

ЭжКШБ – энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

дана – дана

ҚС – қосалқы станциясы

ЖКжАЖБ – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

СҚБ – сәулет және қала құрылысы басқармасы

МСҚББ – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

ЖҚБ – жер қатынастары басқармасы



ББӘ - бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
______________________________________


1 Елді-мекендерді сыныптау үшін әлем тәжірибесіне сәйкес біз кестеде урбандалу – халықтың көп жиналу көрсеткішінің – мекендердің ауқымын және олардың сыныптамасын сипаттау кезінде негізгілердің бірі болып табылатын қалалық және ауылдық мекендер тұрақты тұрғындары саны өлшемдерінің бірін қолдандық. Нәтижесінде, ауылдық елді мекендер сияқты қала әкімшілігінің қарамағында тұрған қалалық кенттерді ескеретін «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» ҚР 2006 жылғы 4 қарашадағы №184-III Заңына сүйенетін боламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет