БАҒдарламасы қостанай, 2012 жыл мазмұны 1


Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларының ауыртпалықтарын төмендету және алдын алу



бет9/19
Дата23.02.2016
өлшемі6.22 Mb.
#10991
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларының ауыртпалықтарын төмендету және алдын алу


Облыс аумағында су тасқыны, тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттер және қыс мерзіміндегі төтенше жағдайлар болып тұрады.

Елді мекендердің 70 пайыздан астамы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызмет көрсету радиусынан шеткерек орналасқан, ал ең жақын өрт бөлімдерінің ара қашықтығы 30-дан 150-ге километрге дейін құрайды. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің осындай қашықтығы іс жүзінде тұрмыстық өртке шұғыл жылдам әрекет жасауға мүмкіндік бермейді. 5 мыңнан астам және одан да көп адам тұратын екі елді мекенде мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері атымен жоқ.

2010 жылы облыста 1385 тұрмыстық және өндірістік өрт тіркелді, оның нәтижесінде 29 адам қайтыс болды. Өрт сөндіру қызметтері мен апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметшілері 540 адамды аман алып қалды.

Мемлекеттің орман қорының 211 мың гектардан астамы орман өрттеріне шалдықты, жазық дала алқаптарында және ауыл шаруашылығы жерлерінде өртке шалдығу қауіп-қатерлері бар. 2010 жылы жалпы 2202 гектар аумақта, оның ішінде 1073 гектар орманды алқаптарда ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерде 69 өрт жағдайы тіркелді. Материалдық шығын 38 млн. теңгені құрады.

Қар қабаттары ұзындығы 908 км республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың 326 участкесінде автомобиль көлігінің қозғалысын қиындатуы немесе толық тоқтатуы мүмкін.

Су тасқындарының жағымсыз салдары облыстың 17 елді мекеніне қауіп қатерін төнгізуде.

Төтенше жағдайлардың барлық спектріне төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың аумақтық облыстық кіші жүйесі күштерінің шұғыл әрекет жасау деңгейі құтқару жүйесінің, оның ішінде апаттық-құтқару қызметінің құрылымдарының хабарлау, ақпараттық қамтамасыз ету және байланыс, жеткіліксіз техникалық жарақтандырылуы сияқты құтқару жүйесін салудың аяқталмауына байланысты төмендеуде.

Апаттар мен апаттық жағдайларға қарсы іс-әрекеттер және жою жөніндегі шаралардың кешені олардың көп қаржы талап етуіне байланысты жеткілікті көлемде іске асырылмайды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар мониторингінің жүйесі жеткілікті түрде дамымаған.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелері жоқ елді мекендерді өртке қарсы қорғаудың төмен деңгейі.




2.2.3 Өңірдің инфрақұрылымдық кешенінің дамуын талдау
Байланыс және коммуникациялар

Кабельдік теледидар желілері арқылы телевизиялық бағдарламалар көрсету қызметтерінің нарығы бәсеклестігі дамымаған, жоғары концентрацияланған нарық түріне жатады.

Жаңа субъектілердің осы нарыққа шығуы кезінде әкімшілік кедергілер анықталды (шетелдік бұқаралық ақпараттық құралдарының қызмет көрсетуіне лицензиялар мен рұқсаттамалардың болуы).

Бәсекені дамыту үшін қойылған мақсаттарға жету үшін негізгі бағыттар ретінде атқарушы органдар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жаңарту мүмкіншілігін қарауда, оның ішінде Индустриландыру картасына енгізілген инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру арқылы.

Облыста «Қостанай облысы электрондық әкімдігін құрудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» іске асыру шеңберінде мынадай бағыттар бойынша іс-шаралар орындалды:

техникалық жарақтандыру;

Қостанай облысы әкімінің ресми интернет-порталын құру және жаңарту;

ЭҚАБЖ әзірлеу және енгізу;

«е-әкімдіктің» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2010 жылдың бірінші жартысында жергілікті байланысты сандандыру деңгейі 96,3%, байланыстың тіркелген желісінің тығыздығы, оның ішінде ауылдық жерде 100 тұрғынға шаққанда – 27,0%, Интернет желісін және кең жолақты мүмкіндікті пайдаланушылардың тығыздығы тиісінше – 6,0 және 4,2 құрайды.

Жергілікті басқарушы органдардың компьютерлік техникалармен техникалық жабдықталуы 80%, Интернет желісіне кіру орташа өткізу қабілеті 256 kb/s байланыс арналарында ұйымдастырылған.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар арасындағы деректерді берудің бірыңғай желілері жоқ. 2010 жылдың қыркүйегінен бастап «Казахтелеком» АҚ ОТД бірге IP VPN технологиясы бойынша облыстық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдар арасындағы байланыс каналдарын ұйымдастыру жөнінде бірінші кезең басталды, қаржыландыруды бекіткеннен кейін артынан электрондық құжат айналымын, IP-телефониилерін және басқа да сервистерді енгізе отырып, осы жоба аудандық деңгейге дейін жеткізілетін болады.

Облыста облыс әкімінің www.kostanay.kz ресми порталы қызмет істеуде. Порталда 35 ақпараттық бөлім және 3 интерактивтік қызмет (виртуалдық қабылдау, сауалдама жүргізу қызметі, жаңалықтарға жазылу) бар, ақпараттық база 1275 құжатты қамтиды.

Мемлекеттік www.e.kostanay.kz электрондық қызметтер сайты жұмыс істеуде, қызмет көрсету спектрі – 363 ақпарттық-анықтамалық қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың қызметтің әртүрлі салалары бойынша 29 бөлім бар. Сайт базасы 5774 құжаттан тұрады, ақпараттық базаны үнемі жаңарту мен кеңейту жүргізіліп отырады.

Өңір басшысының тұрғындармен интерактивтік сұхбаттасуы мақсатында 2009 жылдың наурыз айынан бастап облыс әкімінің ресми блогы жұмыс істейді, ресурс ашылған сәттен бастап 1504 өтініш түсті. Сонымен қатар 2010 жылдың мамыр айында кәсіпкерлерге облыс әкіміне бизнесті қорғау мәселелері жөніндегі тікелей өтініштерінің сервисін ұсынатын www.tirek.kostanay.kz сайты ашылды.

Облыс әкімінің ресми порталына кіру саны – 892 867 рет кіру (2009 –жылдан бастап 2010 жылға дейін), электрондық қызметтер сайты – 79 767. Күн сайын 100 астам тұрақты пайдаланушылар кіреді. Облыс аудандары мен қалалары әкімдіктерінің, сондай-ақ 9 облыстық басқармалардың сайттары ашылды және қызмет етеді.

Пилоттық зона шеңберінде ЭҚАБЖ-ға 192 жұмыс орны қосылды, электронды-сандық қолтаңба иелері 20 басқарушы болып табылады. Облыс әкімдігінің ЭҚАБЖ-ы азаматтардың өтініштерін қабылдау сервисі жүйесінің бөлімінде «электрондық үкімет» порталымен біріккен.

Тұрғындарды электрондық үкімет қызметтерінің және әкімдіктің веб-порталына кірумен қамтамасыз ету үшін облыстың әлеуметтік-маңызы бар жерлерінде жұмыс стансалары және инфокиосктер түрінде орналасқан 88 пунктен қоғамдық кіру пунктерінің желісі құрылды. Электрондық үкіметпен жұмыс және электрондық қызметтерді алу жөніндегі пунктердің инфрақұрылымдық дайындығы 100% құрайды, оның ішінде 67 инфокиосктерде электрондық-сандық қолтаңбаларды тасымалдаушылар үшін USB-кірістер орнатылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталықтағының Қостанай филиалы (ҚР ҰКО) 2008 жылдан 2010 жылға дейін заңды тұлғаларға – 5 494, ал жеке тұлғаларға – 2 553 электрондық-сандық қолтаңбалар берді.

Тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында 2007-2008 жылдары Ақпараттық теңсіздікті төмендетудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста 81 888 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметші – 4 969, бюджеттіктер және жұмыссыздар – 28 250, бюджеттік еместер – 13 231, балалар үйінің тәрбиеленушілері – 1 898 оқытылды. Бағдарлама іс-шараларын республикалық бюджеттен қаржыландыруға облыстың адамзат капиталын дамытуға 265,9 млн. теңге көлемінде трансфеттер бөлінді. Ұйымдастырылған компютерлік сыныптар базасында тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету орталықтары ашылды.

Облыста ақпараттандыруды дамытудың болашағы:

өңірде ақпараттандыру үдерісінің одан әрі дамуы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуды, әкімшілік тосқауылдар мен ақпараттық ресурстарды қорғаудың қысқаруын болжамдап отыр, атап айтқанда:

мемлекеттік қызметтердің 50%-ы электронды түрге ауысатын болады;

облыс тұрғындарының 40%-ы, мемлекеттік қызметшілердің 100%-ы мемлекеттік электрондық мемлекеттік қызметтерді алу және көрсету шеңберінде компьютерлік сауаттылыққа оқытылатын болады;

облыстың жергілікті атқарушы органдарында ведомствоаралық және ведомство ішіндегі электрондық құжат айналымының үлесі 100% дейін жететін болады;

мемлекеттік органдардың қолданыстағы және қайтадан құрылатын ақпараттық жүйелерін және ресурстарын тиімді қорғау 100%-ға жүзеге асырылатын болады;

ИИС ХҚО арқылы МЖО мемлекеттік қызметтердің мониторингі 100%-ға қамтамасыз етілетін болады;

электрондық мемлекеттік қызметтермен қанағаттанған пайдаланушылардың үлесі 96%-ға жететін болады;

электрондық сұранымдардың 100%-ы бастапқы өтініште рұқсат алатын болады;

қоғамдық кіру пункттерінің үздіксіз қызмет етуі қамтамасыз етіледі;

облыс әкімдігі мемлекеттік органдарының Интернет ресурстарына кіру және ашықтығының деңгейі 100%-ға дейін қамтамасыз етілетін болады;

2015 жылға қарай өңірдің ЖӨӨ ақпараттық-коммуникациялық технологиясы саласының ЖӨӨ 2,2%-ға дейін өсуі.

Қойылған міндеттерді шешу үшін мынандай негізгі іс-шаралар іске асырылатын болады:

1. Облыстық, аудандық және ауылдық деңгейде БТС ұйымдастыру және дамыту;

2. 2015 жылға қарай облыстық басқармаларды, аудандық және ауылдық деңгейлердегі әкімдіктерді қоса отырып, IP-телефонияның облыс ішіндегі жүйесін және видеоконференция жүйесін құру;

3. Компьютерлік, серверлік, желілік жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес облыс әкімдігінің серверлік торабын құру;

4. Электрондық құжат айналымын дамыту және қолдау;

5. Облыс әкімдігінің ақпараттық-талдамалық жүйесін енгізу және құру;

6. «Электрондық үкімет» компоненттерімен өзара әрекет;

7. Облыс тұрғындарының арасында компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;

8. Қоғамдық пайдалану пункттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

9. 2011-2015 жылдарға арналған электрондық қызметтерді әйгілендірудің PR-стратегияларын әзірлеу;

10. Құпиялылық, тұтастық және қол жетімділік өлшемдері бойынша АҚ жүйесінің тиімділігін бағалау әдісіне және ақпараттық қауіпсіздігі саясатына сәйкес әкімдік мемлекеттік органдарында нормативтік-құқықтық актілерді бекіту;

11. ҚР Ұлттық куәландыру орталығының электрондық сандық қолтаңбаларын (ҚР ҰКО ЭСҚ) мемлекеттік қызметшілердің алуын ұйымдастыру;

12. Электрондық түрде әкімдік органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуін қамтамасыз ететін ведомстволық ақпараттық жүйені құру.
Құрылыс

2009 жылы облыста 294 құрылыс ұйымдары қызмет етті, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 15,3 артық. Тиісінше 2009 жылы 37 627 млн. теңге құрайтын, орындалған құрылыстың мердігерлік жұмыстар көлемі де өсті, бұл 2007 жылға қарағанда 24,5-ға асады.

2009 жылы облыс аумағында барлық қаржыландыру көздері бойынша 187,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2007 жылғыдан 15,9 жоғары, оның ішінде: 15 мың шаршы метр – жалдамалы тұрғын үй; 14,8 мың шаршы метр – кредиттік тұрғын үй (10,1 мың шаршы метр – салынып жатқан 100 мектеп пен 100 аурухананың қызметкерлері үшін, 4,7 мың шаршы метр – кредитті қайта пайдалану арқылы); 157,7 мың шаршы метр – азаматтардың қаражаттары және жеке инвестициялар, 0,4 мың шаршы метр – басқалар есебінен пайдалануға берілді.

2009 жылы тұрғын үй құрылысына 10364,7 млн. теңге инвестициялар бағытталды. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінде тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялардың үлесі 8,5 құрайды.

2010 жылдың қаңтар-маусымында тұрғын үйлердің жалпы көлемінің бір шаршы метрінің нақты орташа құрылыстық құны 64,1 мың теңгені құрады.

Құрылыс нарығында бәсекелестіктің дамуына кедергі жасайтын көптеген нақты және жасырын кедергілер орын алады. Олардың негізгілеріне:

кейбір нарыққа қатысушылардың билік органдарымен үлестесуіне байланысты әділетсіз бәсекелестілік;

салынған обьектілерге төмен төлеу қабілеттілікті сұраныс;

байқауға қойылған жер участкелерінің жеткіліксіз саны мен инфрақұрылымының төмен қамсыздандырылуы;

салынған және салынып жатқан обьектілердің инфрақұрылымдарына қосылу кезіндегі кедергілер жатады.


Жолдар және көлік

Облыс аумағынан Қазақстанның негізгі көлік дәліздері өтеді. Астана – Қостанай – Челябі – Екатеринбург полимагистральдік байланыстар, ТАТМ Солтүстік дәлізі, Алматы – Екатеринбург транзиттік автодәлізі.

Жүк тасымалдау ішкі республикалық бағыттарда, тікелей поездар тек қана Алматы және Қарағанды қалаларына жүзеге асырылады. Сондай-ақ, дизельдік локомотивтермен қозғалысқа келтірілетін қала сыртындағы поездар. Қаладан 90 км қашықтықта – ірі теміржол айырымы – Тобыл стансасы.

«Қостанай» халықаралық әуежайынан әуе рейстерін 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап «Эйр Астана», «SCAT» ұлттық тасымалдаушылары, сонымен қатар «Ресей», «Полёт» (Ресей Федерациясы), «Белавиа» (Беларусь) сияқты әуе компаниялары жүзеге асырады. Енді әуе жолымен Қостанайдан неміс қаласы Ганноверге, Санкт-Петербург және Воронеж сияқты ресейлік қалаларға, Беларусь астанасы – Минскіге, сонымен қатар Алматы және Астана сияқты қазақстандық қалаларға жетуге болады. 2010 жылдың мамыр айынан бастап Қостанай – Мәскеу рейстері жаңартылды.

2009 жылы ішкі облыстық тасымалдауларды мыналар құрайды:

жүк машиналары: автокөліктермен – 181,5 млн. тонна, 2008 жылға қарай 98,7%,

жолаушылар көліктері: автокөліктермен – 1060,6 млн. адам (101,9%).

Жолдар

Автомобиль жолдары – тиімді жұмыс және тұрақты даму жаңа замандық шарттарда экономиканың көтерілуіне, тұрғындардың тіршілік ету деңгейін арттыруға және шарттарын жақсартуға көшудің аса маңызды факторлары болып отырған облыстың көлік-коммуникациялық кешенінің негізгі элементтерінің бірі.

2010 жылдың 1 қаңтарында облыстық және аудандық маңызы бар облыстың автокөлік жолдарының желісі 8106,3 км, оның ішінде: қара жабындымен – 4202,1 км, ұсақ тасты жабындымен – 2248,2 км, топырақ жабындымен – 1656,0 км құрайды, 63 көпір және 2032 су өткізгіш құбырлар бар.

Жолдардың облыстық және аудандық автожолдар желісі бойынша жөндеу жүргізу мерзімдерінің нормативтеріне жету үшін жыл сайын қара жабындыны – 347 км-ге, ұсақ тасты жабындыны – 375 км-ге күрделі жөндеу жүргізу, қара жабындыны – 1033 км-ге және ұсақ тасты жабындыда – 1124 км-ге орташа жөндеу жүргізу қажет.

Негізінен аудандық және облыстық маңызы бар жолдар III – IV техникалық санатқа жатады, ал ауылдық елді мекендерге кейбір кіріс жолдар V техникалық санатқа жатады. Жабындылардың үлгілері бар автомобиль жолдарының участкелері және балшық жолдар қозғалыс жылдамдығы жағынан да, өстік жүктемесі жағынан да талаптарға жауап бермейді және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамсыз етпейді.

Саланың негізгі техникалық мәселесі – жол жабындыларының жүру қабілеттіліктерін жоғалтуы. Облыста жолдардың үлкен бөлігі автомобильдің өсіне жүктеме 6 тоннадан жоғары бекітілмеген кезде 60-80 жылдары жобаланған және салынған. Бүгінгі күні өске түсетін салмақ 10-12 тоннаға дейін жетеді. Тек қана осы салмақтан асып кететін үлкен жүк көлігінің облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойынша ақырындап қозғалуы олардың одан әрі бұзылуынан сақтайды.

2009 жылдың соңында облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының ақаусыздық көрсеткіші 45,6% құрады немесе жолдар мен жасанды құрылыстардың 57,8%-да ақаулар бар және бұзылу сатысында тұр, көпірлер мен жасанды құрылыстардың 35,1% көңіл толтырмайтын жағдайда. 2 көпір қауіпті жағдайда тұр және күрделі жөндеуді қажет етеді.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жүк және жолаушыларды тасымалдаудың 50% дейін тиесілі.

Облыс экономикасының тұрақты дамуы үшін көлік-коммуникациялық желіні жаңарту қажет. Облыстық және аудандық маңызы бар қатты жабындымен қапталған автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізу және қайта жаңғырту; жабындылардың түрлерін жетілдіру; жол жиегіндегі автоқызметтердің деңгейін дамыту; Ресейдің шекаралық облыстарына шығуды жаңарту.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Электрмен жабдықтау

2010 жылдың басында 649 елді мекеннен 9 село орталықтандырылған электр желілеріне қосылмаған немесе 1,4%, олардың ішінен: 1 тұрғынсыз село (Амангелді ауданының Күлік селосы – 0,2%, қазіргі уақытта – ықшамдалған) және халқының саны 50 адамға (0,9%) дейін 6 АЕМ (Амангелді ауданының Мұқыр, Алакөл, Кұстөбе селолары, Қарабалық ауданының Шіңгіл, Ұзынкөл ауданының Өгізбалық және Арқалық қаласының Маятас селосы). Бұл селолар «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңына сәйкес ықшамдауға жатады және оларды электрмен жабдықтау жүйесіне қосу мақсатсыз, тұрғындарының саны 50 адамнан асатын (0,3%) 2 АЕМ (Амангелді ауданының Әбу-Сыздықов (85 адам) және Жангелдин ауданының Тентексай (76 адам). Тентексай ауылында ВЛ-10-04 кв құрылысы бойынша жұмыстар жүріп жатыр.



Отын-энергетикалық кешен. Газбен және энергиямен жабдықтау салаларында бәсекені шектейтін факторлар байқалды:

коммуналдық инфрақұрылымның жоғары деңгейде тозуы, бұл тауар нарығының тартымсыздығына әсер етеді, өйткені ол көп қаражат қажет етеді;

әкімшілік кедергілер (лицензия алу үшін біліктілік талаптарды орындауға, бағытталған іс-шараларды орындаудың қиындығы);

импортқа тәуелділік (өңірді газдандыру төмен деңгейде);

энергия тапшылығы;

энергиямен жабдықтаушы компаниялардың қуат беретіндермен қосылуы (әлеуетті бәсекелестерге нарыққа шығуына кедергі – қуат жіберетін ұйымдардың желісіне қол жеткізу кезінде кедергі);

тауарлық нарықтарында мемлекеттің (мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың) болуы.

Бәсекелестікті дамытуды ынталандыруға бағытталған ЖЭК саласында бәсекелік түрлерін бәсекелестік ортаға беру мәселесі қаралуда («Бәсекелестік туралы» Заңның 77-бабы). Бұл ретте бәсекелестікті дамытудың жеткілікті деңгейінің болмауына байланысты тарифтердің (бағалардың) ұлғаюының әлеуметтік маңыздылығы және қатері ескеріледі. Осыған байланысты атқарушы орган құқықтық аяда регламенттенген жұмысты жүргізуді күшейтуді қарастырды.

Бәсекелестікті дамыту мақсатында атқарушы орган:

әкімшілік кедергілерді қысқарту (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат беретін құжаттарды алу рәсімдерін оңайлатуға (алып тастауға) нормативтік-құқықтық актілерді талдау жөнінде жүйелі жұмысты жалғастыру);

мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметте тікелей қатысуын қысқарту;

монополияға қарсы органмен бірлесіп, сонымен қатар кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен өңірде бәсекелестікті дамыту мәселелері жөнінде семинар-тренингтер, дөңгелек үстел, семинар-кеңестер өткізу;

жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында өңірлік базарлар, тауарлар мен қызметтерге қажеттілік туралы ақпараттарды жинастыруды, талдау мен жариялауды ұйымдастыру;

жергілікті билік органдары қызметінің ақпараттық айқындығын арттыру;

басым салаларда облыстың тауар нарықтарының инфрақұрылымын дамыту;

«жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы» субиндексін жақсартуға көмектесетін Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің (ЖБҚ) индексі шеңберінде іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру (бәсекелік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау), оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) және мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі (МЖӘ) арқылы) жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.


Газбен жабдықтау

Қазіргі уақытта облыстың 58 елді мекені газбен жабдықталған. Облыс бойынша газды тұтыну 2012 жылы 692,54 млн. м3 құрады.

Қостанай облысы бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 2822,4 км құрайды, оның ішінде 588,5 км «Интергаз Орталық Азия» АҚ облыстың бірыңғай газ операторының республикалық меншігінде. Тозығы жеткен желілер 5 % құрайды.

Жылумен жабдықтау

Қостанай облысы бойынша барлығы 100 Гкал-дан жоғары 8 бірлік қазандық, 100 Гкал-дан төмен 96 бірлік қазандық бар. Гкал жылу көздерінің тозуы орташа есеппен 40% құрайды.

Қостанай облысы қалаларында орталықтандырылған жылумен жабдықтау пайдаланылады. Облысты орталықтандырылған жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету деңгейі 45,9 % құрайды.

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 792 км, коммуналдық меншікте – 596,14 км, жеке меншікте – 195,86 км. Желілердің тозуы – 50% құрайды.

2010 жылы облыс бойынша 21,24 км жылу желілері жөнделді және қайта жаңартылды, 2011 жылы – 22,58 км, 2012 жылы – 36,63 км, 2013 жылы – 25,28 км ауыстыруға жоспарланып отыр, 2014 жылы – 26,63 км, 2015 ж.– 27,98 км.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің және әлеуметтік саладағы объектілердің жылу энергиясын есептеу құралдарымен қамтамасыздығы 5,8% құрайды.

2010 жылы жылумен жабдықтау желілерінде болған апаттардың және сөндірулердің саны 0 бірлік, 2011 жылы – 0 бірлік, 2012 жылы – 0 бірлік құрады.

Қалалық жерді сумен жабдықтау.

Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қала тұрғындарының қол жетімділігі 89 % немесе 446,3 мың адам құрайды, атап айтқанда Қостанай қаласы бойынша – 95 %, Арқалық қаласы бойынша – 84 %, Жітіқара қаласы бойынша – 85,8 %, Лисаков қаласы бойынша – 88,5 %, Рудный қаласы бойынша – 77 % құрайды. Қостанай қаласы бойынша сумен жабдықтау көздері – Амангелді су қоймасы және қостанайлық жерасты суларының кен орны; Арқалық қаласы бойынша – Ащы-Тасты су қоймасы; Лисаков қаласы бойынша – Жоғарғытобыл су қоймасы; Жітіқара қаласы бойынша – Желқуар су қоймасы; Рудный қаласы бойынша – Қаратомар су қоймасы.

Облыстың қалаларында су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы – 1 398,88 км құрайды, олардан су құбырлары желілерінің 474,8 км жеке меншікте, 924,08 км коммуналдық меншікте.

Су құбырлары желілерінің 839,3 км немесе 60 % тозған күйде. Осы көрсеткіштің үлкен үлесін – 72 % немесе 380,6 км Қостанай қаласының желілері құрайды.

Қаланың сумен жабдықтау желілерін 2010 жылы – 0 км, 2011 жылы – 34,2 км, 2012 жылы – 59,5 км өзгертілді, 2013 жылы – 0 км (жобалар жоқ), 2014 жылы – (жобаларды айқындау) км, 2015 жылы – (жобаларды айқындау) км өзгерту жоспарлануда.

Нәтижесінде 2010 жылы аппаттар және ажыратулар саны 1790 бірлік құрады, 2011 жылы – 1958 бірлік, 2012 жылы – 2112 бірлік, 2013 жылы – 2154 бірлік, 2014 жылы – 2187 бірлік, 2015 жылы – 2201 бірлік.

Қаланың сумен жабдықтау желілерін дамытуға 2011 жылы 6 жобаны іске асыруға 1,2 млрд теңге бөлінді. Су құбырлары желілерінің 9,1 км құрлысы және 25,1 км қайта жаңартылуы өткізілді.

2012 жылы 7 жобаны іске асыруға 1,4 млрд теңге көзделеді. Сумен жабдықтау желілерінің 37,7 км құруға және қайта жаңартуға жоспарланған.

2010 жылы облыстың қалаларында суды есептеу құралдарымен тұрғындарды жабдықтау 75 % құрады, 2011 жылы – 79 %, 2012 жылы – 83 %, 2013 жылы – 87 %.

Мына индикаторларға қол жеткізілді:




Индикаторлар


2010


2011


2012 жоспар

Қалалар бойынша орталықт. сумен жабдықтауға қол жетімділігі

82 %

84 %

89 %



Ауылдық жерді сумен жабдықтау

Жалпы облыс бойынша 635 ауылдық елді мекен бар, олардан 153 орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізе алады, АЕМ 423 орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды пайдаланады, 59 АЕМ тасымалданатын суды пайдаланады.

Бұл ретте ауыл тұрғындарының 48 % (207,2 мың адам) орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізе алады.

Ауылдық елді мекендерде су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы – 1603,3 км құрайды, олар коммуналдық меншікте. Су құбырлары желілерінің 1010 км немесе 69 % тозған күйде.

2011 жылы ауылды сумен жабдықтау желілерінің 89,8 км салынды, 2012 жылы – 130,1 км, 2013 жылы 243,3 км салуға жоспарланып отыр, 2014 жылы – 542,9 км, 2015 жылы – 335,2 км.

Облыстың ауылдық елді мекендерде суды есептеу құралдарымен жабдықтау 2010 жылы – 76 % құрады, 2011 жылы –80 %, 2012 жылы – 83 %, 2013 жылы – 85 %, 2014 жылы – 87 %, 2015 жылы – 90 %.

2011 жылдан бастап «Ақ бұлақ» бағдарламасының іске асуы басталды. 2011 жылы 10 ауылдық жобаларды іске асыруға 1 376,6 млн. теңге бөлінді және игерілді, олардан 3-і 2011 жылы пайдалануға берілді, 7-і 2012 жылға ауыспалылар. Су құбырлары желілерінің 89,8 км қайта жаңартылды. Бұл ретте «АЕМ сумен жабдықтауға қол жетімділігі» нысаналы индикаторы 40%-дан (2010 ж.) 46,6%-ға (2011 ж.) дейін ұлғайды.

2012 жылы ауылды сумен жабдықтау бойынша 9 жоба жалпы 2,2 млрд. теңге сомасына іске асырылуда, оның ішінде 6 – ауыспалы. 3 объектіні пайдалануға беру жоспарлануда. «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша «АЕМ орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі» 46,6%-дан (2011 ж.) 48 %-ға дейін ұлғаяды.


Су тарту.

Қала халқының орталықтандырылған су тартуға мүмкіндігі 75%, соның ішінде Қостанай қ. – 80%, Арқалық қ. – 51%, Жітіқара қ. – 82%, Лисаков қ. – 88%, Рудный қ. – 74,5% құрайды. Облыс бойынша 5 канализация имараты әрекет етеді. Канализация желілерінің ұзындығы 832,56 км құрайды, олардан су тарту желілерінің – 272,5 км (Рудный қ.) жеке меншікте, су тарту желілерінің – 560,06 км коммуналдық меншікте, олардан 749,3 км ауыстыру қажет. Канализация желілері 50 жылдан астам пайдаланып жатыр және тозу деңгейі –

72%, канализациялық насос станциялары – 72%, канализацияны тазарту құрылыстары – 72%.

Қалада 5 (КТҚ) орталықтандырылған су тарту қолданылады.

2010 жылы КТҚ арқылы 31102,4 мың м3 ағынды су өткізілді, 2011 жылы – 29020,2 мың м3, 2012 жылы – 31306 мың м3, 2013 жылы – 32156 мың м3, 2014 жылы – 32169 мың м3, 2015 жылы – 32213 мың м3.

Халықтың орталықтандырылған су тартуға мүмкіндігі 75% құрайды. АЕМ-де көбінесе ЖТҚ салынған (бір, екі қабатты жеке үйлер/коттедждер), оларда септик орналастырылады.

Қарабалық ауданының Қарабалық кентінде канализация құрылысын аяқтаған жағдайда 2014 жылы халықтың тартылған орталықтандырылған суға қол жетімділігі 11089 мың адамға немесе 1% өседі, бұл 503747 адамды немесе 57% құрайды.

2010 жылы тартылған 0 км желі, 2011 жылы 0,7 км, 2012 жылы 5,87 км ауыстырылды, 2013 жылы 6,75 км, 2014 жылы – км (жобаларды анықтауда), 2015 жылы – (жобаларды анықтауда) км ауыстыру жоспарланып отыр.

Нәтижесінде су тарту желілерінде апаттар санының қысқарғаны байқалып отыр. Осылайша 2010 жылы апаттар мен ажыратулардың саны 668 бірлікті, 2011 жылы – 665,6 бірлікті, 2012 жылы 582 бірлікті, 2013 жылы – 582 бірлікті, 2014 жылы 543 бірлікті, 2015 жылы – 542 бірлікті құрады. Осы көрсеткіштің айтарлықтай үлесін Қостанай қаласының канализация желілері құрайды.

Мынадай индикаторларға қол жеткізілді:




Индикаторлар


2010


2011


2012 жоспар

Қалалар бойынша орталықтандырылған су тартуға қол жеткізу

74 %

74,7 %

75 %

4 ауылдық елді мекенде орталықтандырылған су тарту жүйесі бар (Таран ауданы Тобол кенті, Әулиекөл ауданы Құсмұрын кенті, Қостанай ауданы Затобол кенті және Заречное селосы), бұл ауылдық елді мекендердің жалпы санынан 0,6 % құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет