БАҒдарламасы қостанай, 2014 жыл мазмұны 1



бет11/21
Дата06.03.2016
өлшемі4.16 Mb.
#45470
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

Күшті жақтары

құрылымның отбасылық нысандарымен қамтылған ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетім-балалардың саны ұлғаюда;

«Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде енгізілген балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мамандар санының ұлғаюына байланысты 2009 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың анықталу жағдайы (мамандардың саны 23-тен 36-ға дейін өсті) көбейді.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалар

1. қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының жиі ауысуы;

2. кәмелетке толмағандарға қатысты ата-аналар құқығынан айырылғандар ата-аналардың жауапкершілігі (материалды және басқа да) шаралары, алимент төлету тетігі реттелмеген.

Қауіп-қатерлер

мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдардың штат санын оңтайландыру шеңберінде қамқорға алу және асырап алу ұйымдары мамандарының қысқаруы.



Даму үрдісі

1. отбасы құрылымының баламалы формалары мен отбасы құндылықтарын насихаттау.

2.қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім-балалардың құрылымын деинституционалдандыру стратегиясын іске асыру жөніндегі курстардан өтуін қамтамасыз ету;

3. ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-интернаттары төңірегінде «Асырап алушы ата-аналар мектебін», отбасыларды қолдау қызметін құру.



Техникалық және кәсіби білім

2014 жылдың 1 қаңтарында облыста 44 техникалық және кәсіби білім оқу орындары (бұдан әрі – ТжКБ) қызмет етеді, оның ішінде 33 мемлекеттік, 11 мемлекеттік емес. Соңғы бес жыл ішінде колледждердің контингенті сәл ғана өзгерді (2007-2008 оқу жылдары – 31 мың, 2008-2009 оқу жылдары – 31 мың, 2009-2010 оқу жылдары – 30 мың, 2010-2011 оқу жылдары – 30 мың, 2011-2012 оқу жылдары – 31 мың, 2012-2013 оқу жылдары – 29 мың, 2013-2014 оқу жылдары – 27 мың).

166 сыныптама бойынша мамандарды даярлау жүргізіліп отыр. Техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын арттыру жөнінде жұмыстар жүргіліп жатыр. 2013-2014 оқу жылдарына 5 788 адам көлемінде мемтапсырыс бекітілді (2007-2008 оқу жылдарымен салыстырғанда 791 адамға өсті).

Облыста апаттық ғимараттарда орналасқан оқу мекемелері жоқ. Оқу корпустарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті. 2013 жылы соңғы жылдардың ішінде алғашқы рет Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі оқу корпусын күрделі жөндеу аяқталады. Жұмыспен қамту 2020 жол картасының 1-ші бағыты шеңберінде Тобыл кәсіптік-техникалық колледж ғимаратының күрделі жөндеуі қарастырылған.

Соңғы жылдары ішінде жатақханалардың саны өсуде. 2013-2014 оқу жылдарының басында 26 жатақхана жұмыс істейді, олардан 23-і мемлекеттік болып табылады. Жатақханаларда орындардың жалпы саны 3904-ке дейін жеткізілді. 2010 жылы Торғай аграрлық-техникалық колледжінің 272 орынға жатақханасы пайдалануға берілді, Қостанай құрылыс колледжінің жатақханасы күрделі жөндеуден өтті. 2011 жылы Арқалық қаласының оқитын жастары үшін бұрынғы «Арқалық» қонақ үйінің ғимараты 201 орындық жатақхана етіп қайта жаңғыртылды. 2012 жылы қайта жаңарту есебінен 2 жатақхана: 102 орындық Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі және 126 орындық Рудный тау-кен технологиялық колледжі пайдалануға берілді. 2013 жылы 100 орындық «Мендіқара кәсіптік-техникалық колледжі» МКҚК жатақханасының күрделі жөндеуі өтті.

Соңғы жылдары оқу мекемелері желілерінің серпіні өзгеріп отыр. 2007 жылдан 2013 жылға дейін 3 мемлекеттік кәсіби лицей ашылды: № 15 кәсіби лицей (2008), № 16 кәсіби лицей (2008), № 18 кәсіби лицей (2012) және 6 жеке колледж ашылды: «Экономика, статистика және информатика колледжі» (2007), «Қостанай әлеуметтік білім колледжі» (2008), «Рудный ақпараттық технологиялар колледжі» (2009), «Қостанай заманауи көп салалы колледжі» (2011), «Зерек» колледжі» (2011), «Қостанай колледжі» (2012).

2013 жылдың қаңтарынан бастап облыстың барлық кәсіби лицейлері колледждерге ауыстырылды, осылайша білім мекемелерінің мәртебесі артты. Білім ұйымдары кәсіби кадрларды даярлау жүйесіне жаңа тәсілдерін енгізуге ұмтылуда. 2012 жылдан бастап оқу мекемелерінде оқудың дуалдық жүйе элементтері енгізіліп жатыр, оның шеңберінде оқу процессінің 70%-ы өндірісте өткізіледі. Таяу және қиыр шетелдермен халықаралық ынтымақтастық дамуда: Германия (Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі), Франция (Қостанай политехникалық колледжі), Сингапур (Қостанай автомобильді көлік колледжі). Беделді ұйымдармен ынтымақтастық ең жақсы халықаралық бағдарламаларды енгізуге мүмкіндік береді, олар қазақстандық білім қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға себепші болады.

Кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу қажетті кадрларды даярлауда ТжКБ жүйесінің беделі мен имиджін көтереді, олардың жұмысқа орналасуына себепші болады. Облыс және республика деңгейіндегі білім алушылар, ұстаздар, өндірістік оқу шеберлері арасында «Мамандық үздігі» жыл сайынғы конкурстарының нәтижелері білім алушыларды дайындаудың жеткілікті деңгейін, олардың ұстаздарының жоғыры кәсібилігін көрсетеді. 2009 жылғы «Техникалық және кәсіби білімнің үздік оқу орны» республикалық конкурсында «Лисаков техникалық колледжі» 3 орынды алды. 2010 жылы «Автомеханик» маманының үздігі» республикалық кәсіби шеберлік конкурсында Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті 1 орынды иеленді, ол 2010 жылдың қыркүйегінде Оңтүстік Кореяда осыған ұқсас конкурста Казақстанның атынан шықты. 2010 жылы № 3 кәсіби лицей «Ең үздік ТжКБ оқу мекемесі» Республикалық конкурсында «Құрылыс саласынының ең үздік оқу мекемесі» номинациясында 1 орынды алды. 2011 жылы № 3 кәсіби лицейдің студенті «Әрлеу құрылыс жұмыстары шеберінің үздік маманы» Республикалық конкурсында бас жүлдені алды. 2012 жылы Қостанай құрылыс колледжінің командасы Орталық-Азиялық өңір Республикаларының құрылыстық бейіндегі ТжКБ мекемелерінің кәсіби шебері Халықаралық ашық конкурсында 4 орынды алды.

Білікті жұмыс кадрларын даярлау мәселелерінде ТжКБ ұйымдары мемлекеттік және жеке құрылымдармен жұмыс жасайды. Әлеуметтік әріптестік мынадай бағыттар бойынша іске асырылады: білікті мамандар даярлаудағы қажеттілікті болжау, арнайы пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын бірігіп түзету, кәсіби тәжірибені ұйымдастыру. 2014 жылдың 1 қаңтарына колледждер кәсіпорындармен және ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы 819 шарт жасасты.

Жалпы, облыс бойынша техникалық және кәсіби білім дамуының оң үрдістері байқалуда. ТжКБ объектілері мен әлеуетті және нақты жұмыс берушілер арасында стратегиялық әріптестікті дамыту қажеттілігін, сондай-ақ еңбек нарығында нақты қажет мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мақсатында олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды аталған саланың субъектілеріне тән келетін даму келешегі бар бағыттардың бірі деп айтуға болады.

2014 жылдың 1 қаңтарында 44 оқу орны техникалық және кәсіби білімді іске асырды, оның ішінде 33 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес. 25 колледжде жұмыс кәсіптері бөлімдері қызмет етті. 135 мамандық бойынша дайындық жүргізілді. Техникалық және кәсіби білім оқу орындарында оқитындардың жалпы контингенті 27,5 мың адамды құрады.

Күшті жақтары

мемлекеттік білім тапсырысын ұлғайту;

әлеуметтік әріптестікті дамыту;

дуалдық оқу жүйесін енгізу.



Ағымдағы және әлеуетті проблемалар

1. лабораториялар мен өндірістік шеберханаларды жабдықтаудың жеткіліксіз деңгейі.

2. ТжКБ жүйесінен кетуін негіздеп отырған өндірістік оқу шеберлерінің төмен еңбек ақысы сол немесе басқа да мамандық бойынша білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі көзқарасымен білім беру үдерісі сапасының төмендеуіне әсер етеді және еңбек нарығында колледждер түлектерінің қажет болуын қиындатады;

3. бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі колледждер желісінің кеңеюін шектейді және облыстың кейбір елді мекендерінде олардың болмауын шектейді, бұл әлеуетті білім алушылардың тұрғылықты жерінің аумағында оқу мүмкіндіктерін шектейді.



Даму үрдісі

1. колледждердің желілерін кеңейтуде мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;

2. білім беру жүйесінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың тығыз байланысын жорамалдайтын, сонымен қатар дайын мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелерін алып тастайтын корпоративтік білім қағидаттарын енгізу;

3. білікті кадрлардың ТжКБ жүйесіне, әсіресе ауылдық жерлерде ағымын ынталандыру шараларының жүйесін әзірлеу;

4. жұмыс берушілермен ТЖКБ ұйымдары мұғалімдерінің тағылымдамадан және білім алушыларының тәжірибеден өтуі туралы шарттар жасасу;

5. жұмыс берушілерді КЛ-дың оқу-материалдық және ақпараттық базаларын нығайтуға тарту.


Денсаулық сақтау

2014 жылдың басында Қостанай облысының аумағында тұрғындарға емдеу-алдын алу көмегін көрсететiн 566 дәрiгерлiк ұйым жұмыс iстедi (2007 жыл – 615). Денсаулық сақтау желiлерiн нормативтерге сәйкес келтiруге байланысты олардың саны 2007-2013 жылдары 49 бiрлiкке қысқарды.

Қостанай облысы азаматтарының туған кезiндегі күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығы 2013 жылы 69,59 жасты құрады және 2007 жылмен салыстырғанда (64, 87 жыл) 4,72 жылға ұлғайды, бiрақ орташа республикалық көрсеткіштен аз болып қала береді (ҚР – 70,45 жыл).

2014 жылдың 1 қаңтарында тұрғындар саны 880,9 мың адамды құрады (Статистика департамент деректері бойынша).

Туудың ұлғаюы және өлiм-жiтiмнiң азаюы нәтижесiнде облыста 2008 жылдан бастап табиғи оң өсiм (2007 жыл – -0,63; 2008 жыл – +1,04; 2009 жыл – +2,4; 2010 жыл – +2,59; 2011 жыл – +2,42; 2012 жыл – +3,33; 2013 жыл – +3,27) байқалып отыр. Осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден төмен (2007 жыл – +10,57; 2008 жыл – +13,01; 2009 жыл – +13,48; 2010 жыл – +13,59; 2011 жыл – +13,79; 2012 жыл – +14,18). Тұрғындардың табиғи қозғалысында Қарабалық (-2,6), Ұзынкөл (-0,3), Федоров (-1,4) аудандарында өсім қарқынының кемігені көрініп отыр. Халықтың табиғи өсiмiнiң жоғары деңгейлерi облыстың оңтүстiк өңірлерiнде: Амангелдi (+11,3%), Жангелдi (+13,5) аудандарында, Арқалық қаласында (+14,0) дәстүрлі түрде сақталып отыр.

Жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi (тұрғындардың 1000 адамына шаққанда) төмендеу қарқынына ие және 2013 жылдың қорытындылары бойынша (10,8), 2007 жылмен салыстырғанда (13,25) 22,7%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 2,45 жағдай) азайды.

Облыстың дәрiгерлiк ұйымдарында тiрi туудың жаңа өлшемдерiн енгiзуге байланысты нәресте өлiм-жiтiмі көрсеткiшiнiң 2007 жылғы 14,13-тен 2008 жылы 19,86-ға ұлғайғаны орын алып отыр, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда оң серпіліс – 16,46, 2010 ж.-13,81, 2011ж.-13,7, 2012 жылы көрсеткіштің кішкене жоғарылауы – 14,9, 2013 ж.-11,9 (ҚР: 2007 жылы – 14,57; 2008 жылы – 20,76; 2009 жылы – 18,23; 2010 жылы – 16,54; 2011 жылы – 14,9; 2012 жылы – 13,6, 2013ж. – 11,5) байқалып отыр. 2007 жылдан 2011 жылға дейiнгі мерзімде орташа облыстық көрсеткiш тұрақты орташа республикалық көрсеткіштен аз болды, ал 2013 жылы көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 3,5%-ға артты. Облыста нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң басты себептерi перинаталь мерзiмiнің жеке жағдайы, дамудың туа бiткен ауытқуы, қайғылы жағдайлар, жарақаттану және уланулар төңiрегiнде болып табылады. Нәрестелiк өлiм-жiтiм көрсеткiшiнiң ұлғаюы Алтинсарин (34,1, 2012ж-11,4), Наурызым (30,7, 2012ж-35,5, 13,5%-ғатөмендеу, бірақ орташа облыс көрсеткішінен 2,6 есе өсті) және Қарасу (27,4, 2012ж-11,3) аудандарында байқалуда.

Бала өлімін төмендету және тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қолданылды:



  • Қостанай перинатальдық орталығы ашылды;

  • 15 неонатолог, реаниматолог дәрігер Белоруссия медициналық академиясының көшпелі циклінде (Қостанай перинаталды орталығының базасында) оқу курстарынан өтті;

  • Қостанай қаласында 26 педиатр облыстық балалар аурухана базасында Астана қаласының Ғылыми аналық және балалық орталығының циклы бойынша біліктіліктерін арттырды;

  • 37 акушер-гинеколог Қостанай облыстық аурухана базасында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің оқытушыларымен оқытылды;

  • дәрігерлерді жетілдіру республикалық институттарында 24 акушер-гинеколог, 13 педиатр біліктілігін жоғарылатып, оқу курстарынан өтті;

  • бала жастағы ауруларды емдеуге шоғырландырылған жетекшілік ететін 2 өңірлік орталық жұмысының шеңберінде балалар дәрігері мен орта медициналық қызметшілердің 50%-дан астамы оқытылды, тиімді перинатальдық көмек және емшекпен емізуді қолдау орталығы амбулаторлық және стационарлық бөлім медициналық қызметшілерінің 48%-ын оқумен қамтып отыр.

  • бала тууды өңірлендіру және перинаталдық көмек бойынша жұмысты нығайту шеңберінде бала көтеруге мүлдем болмайтын және аурулары асқынған жүкті әйелдердің 64 %-ы және бір жасқа дейінгі ауру балалардың 80 %-ы облыстық медициналық ұйымдарға жолдама алды.

Аналық және нәрестелiк өлiм-жiтiмдi төмендету үшiн шұғыл шаралар қабылдау жөнінде өңірлік штаб және өлiмнiң әрбiр жағдайына қызметтiк тексеру өткiзу және қарау нәтижелерi бойынша нақты шаралар қабылдау үшiн нәрестелiк, аналық өлiм-жiтiмдi талдау жөнінде жұмыс комитетi жұмыс iстейдi (2012 жылы 5 мәжiлiс өткiзiлді). Әрбір ана өлiмінiң және 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің жағдайына ай сайын мониторинг пен талдау жүргiзiледi. Балалардың, оның iшiнде 500-999 грамм салмақпен туылғандардың барлық жағдайлары туралы жедел ақпараттар жинақталады, сонымен бiрге «Мединформға» «АИС-МЛАД» бағдарламасы бойынша деректер қоры қалыптастырылады және берiледi. Консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында облыста жаңа туған және 1 жасқа дейінгі ауыр халдегі балалар туралы күн сайын мониторинг жүргiзiледi. Перинатальдық көмекті өңірлендіру қағидалары сақталады. Ана өлiмін және ауыр жағдайларды жасырын түрде тексеру енгiзілді. Осы бағытта жұмыс жалғасып жатыр.

Аналық өлiм-жiтiмінiң көрсеткiшi (100 000 тірі туылғандарға шаққанда) соңғы 6 жылда тұрақсыз болып қалады, бірақ қалыпты төмендеу үрдісі бар (2007 жылы – 26,0; 2008 жыл – 31,6; 2009 жылы – 15,5; 2010 жылы – 15,5; 2011 жылы – 15,7; 2012 жылы – ана өлімі тіркелген жоқ; 2013 жылы – 15,3). Бұл көрсеткіш 2007-2012 жылдар аралығында орташа республикалықтан төмен болғанын атап өту қажет, 2013 жылдан басқа. (ҚР: 2007 жылы – 46,8; 2008 жылы – 31,2; 2009 жылы – 36,8; 2010 жылы – 22,7; 2011 жылы – 17,4; 2012 жылы – 13,5; 2013 жылы – 12,6, орташа республикалық көрсеткіштен 21%-ға артық).

Бұл жүкті әйелдердің мониторингін өткізу нәтижесінде қауіпсіз аналық, бала жастағы ауруларды емдеуге шоғырландырылған жетекшілік ету (бұдан әрі – БЖАИЖ) бағдарламасын енгізуге қол жеткізілді. Сондай-ақ аналар мен балаларға медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату бөлігінде перинаталдық көмекті өңірлендіру толық жетілдірілді. Облыстық аурухана базасында санитарлық авиация бойынша жұмыс ұйымдастырылды, жоғары білікті профильді мамандардан: акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург бригадалары қалыптастырылды. «Сол жерде» көмек көрсету үшін аудандарға мамандардың ұшып келуі және әйелдер мен балаларды облыстық деңгейдегі емдеу орындарына жеткізу жүзеге асырылды.

2007-2013 жылдары ана өлiм-жiтiмінiң 15 жағдайы тiркелді (Әулиекөл, Жангелдин, Қостанай, Қарабалық, Сарыкөл, Таран аудандарында және Арқалық, Қостанай, Рудный қалаларында). Аяғы ауыр, жас босанған әйелдер және жаңа босанған әйелдердiң арасындағы жүктілікке, босануға, босанғанннан кейiнгi мерзiмге байланысты – 77,8% жүктiлiкке және босануға байланысты емес – 11,1% және түсiкке байланысты – 11, 1% өлім себептерi бірінші орынды алады.

Азаматтардың денсаулығына, олардың өмiр сүру ұзақтығына әлеуметтiк маңызы бар аурулар және олардан қайтыс болу маңызды ықпалын тигізіп отыр.

Өлім-жітім себептерінің құрылымында қан айналу жүйесінiң аурулары бiрiншi орында, қайғылы жағдайлар, жарақат алу, улану және тағы да басқа сыртқы жағдайлар екінші орында, қатерлi жаңа түзiлiмдер үшiншi орында тұр.

Облыстың аумағында қан айналу жүйесі ауруларымен (ҚЖА) ауыруды және аурулардан қайтыс болуды төмендету мақсатында көрcетiлген ауруларды ертерек анықтау үшін тұрғындарды алдын ала тексеру жүргiзiледi. Жасалған жұмыс нәтижесінде 2007 жылмен (750,7) салыстырғанда 2013 жылы 100 000 тұрғынға шаққанда ҚЖА қайтыс болу 69,2%-ға азайды және 231,1 құрады.

Қостанай облысының статистика басқармасының деректері бойынша 2013 жылы ҚЖА-дан қайтқандардың саны 2033 адамды құрады, бұл 2007 жылға қарағанда (6736 адам) 3,3 есе аз. Қазіргі таңда 2012-2013 жылдарға арналған Қостанай облысында кардиологиялық, интервенциондық, кардиохирургиялық және неврологиялық көмекті әрі қарай дамыту жол картасы әзірленді.

Облыста 33 кардиологиялық профиль мамандары жұмыс істейді, мамандармен жинақталу 70% құрайды.

Медициналық қызметкерлер білімінің деңгейін жоғарылату мақсатында «Қатты коронарлық синдромдары (ҚКС) бар ауруларды емдеуге жетекшілік ету стратегиясы» цикліне сәйкес 2013 жылы кордиология бойынша 108 дәрігер (реанимотологтар, кардиологтар, терапевттер, жедел жәрдем дәрігерлері, невропотолог, нейрохирургтар) оқытылды. Осындай ауру белгілерімен түскен емделушілер санының көптігін, популяцияның әртектігін және жағымсыз жағдайлардың жоғары мүмкіндігін ескергенде, алдын-ала диагностика мен емделудің айқын стратегиясының маңызы өте зор деп айтуға болады. Шұғыл көмек жүйесі диагностиканың, емдеудің және тактикалық мәселелерді біртұтас түсінудің бірыңғай қағидатына негізделген бірыңғай алгоритм бойынша жұмыс істеуі қажет. Тәжірибе жүзінде, медициналық қызметкерлердің барлығы осы білімді әлі толық меңгермегенін көрсетіп отыр.

2012 жылдың қараша айынан бастап облыста кардиологиялық және инсультті орталық ашылды. 2013 жылдың мамыр айынан бастап, халыққа көрсететін жедел жәрдемді шоғырландыруға мүмкіндік беретін (халықтың жалпы саны 255208 адам болатын екі қала және төрт аудан), Рудный қаласында облыстағы екінші ангиографиялық зертхана іске қосылды. Ауруларды кардиоорталықтарына жедел жеткізу мақсатында, «алтын» уақыт принципі негізінде, бар реанимобильдер ЖМСЖ ұйымдарына бекітілген.

Жыл сайын облыста қайғылы жағдайлардан, жарақаттар мен уланулардан қайтыс болу көрсеткiшiнің жоғарылауы байқалып отыр. Себептердiң бiрi облыс аумағындағы төмен сапалы автомобиль жолдарының болуы (жоғары жол-көлiк жарақаттанушылығы), автомашиналар паркінің айтарлықтай ұлғаюы, оның iшiнде жоғары жылдамдықпен жүретін, дайындалу сапасы жеткіліксіз жүргiзушiлердiң болуы болып табылады. Алайда халықаралық стандарттарға сай республикалық автотрассаларды қайта жаңғыртқаннан соң пайдалануға беруден кейін 2013 жылы аталған көрсеткіш 126,0 құрады және 2007 жылмен салыстырғанда (164,3) осы көрсеткiш 30,4%-ға төмендедi.

Облыста соңғы 7 жылда (2007-2013 жылдар) қатерлi ісіктермен ауыру жоғары деңгейде сақталып отыр (100 000 тұрғынға шаққанда), бұл жоғары радиациялық фонның болуына байланысты, олардың пайда болу көздері Рудный, Арқалық, Лисаков қалаларының аумағындағы кенiштер болуы мүмкін.

Қатерлі ісіктермен ауырудың көрсеткіші тұрақсыз (2007 жылы – 258,4; 2008 жылы – 254,0; 2009 жылы – 247,1; 2010 жылы – 254,3; 2011 жылы – 258,9; 2012 жылы – 291,9, 2013ж.-278,2), бұл көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен жоғары (2007 жыл – 184,7; 2008 жыл – 180,7; 2009 жыл – 182,6; 2010 жыл – 108,93; 2011 жыл – 102,4; 2012 жыл – 106,6, 2013ж.-деректер жоқ). Қатерлі ісіктердің таралған түрінің үлес салмағы 2013 жылы 31,5%-ға дейін төмендеген (18,7%-ға дейін 2007 жылмен салыстырғанда – 24,6%). Онкологиялық ауруларды және олардан қайтыс болуды одан әрі төмендету мақсатында қатерлі ісіктерді анықтаудың скринингтік бағдарламаларын жалғастыру қажет, онкологиялық қызмет ұйымдарын ресурстық жабдықтау, осы заманғы химиялық препараттарды сатып алу көлемін ұлғайту қажет.

Өткен 7 жылда облыс бойынша 100 000 тұрғынға шаққанда жалпы туберкулезбен ауыру көрсеткішінің төмендегені байқалып отыр (2007 жылы – 148,8; 2008 жылы – 146,7; 2009 жылы – 115,9; 2010 жылы – 110,0; 2011 жылы – 107,3; 2012 жылы – 103,1; 2013ж. -87,0). Дегенмен, бұл көрсеткіш орташа республикалықтан жоғары (2007 жылы – 126,4; 2008 жылы – 125,5; 2009 жылы – 105,3; 2010 жылы – 95,3; 2011 жылы – 86,6; 2012 жылы – 102,5; 2013ж. -73,5). Жоғарғы көрсеткіштер Науырзым, Жангелдин аудандарында және Арқалық, Қостанай қалаларында сақталып отыр. Облыс көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, эпидемиологиялық көрсеткіш сол қалпында қалып отыр. Қостанай облысы туберкулезбен ауыру бойынша республикада 13 орынды алады. Туберкулезді таратуды, дәрілік тұрақтылықты және туберкулезден қайтыс болуды эпидемиологиялық қадағалау мәселелері өзекті болып қала беруде.

2007 жыл мен 2013 жыл аралығында туберкулезден қайтыс болу 3 есе (2007 жылы 21,3-тен 2013 жылы 7,2 дейін) төмендеді.

Мұндай табыстарға туберкулезге қарсы қызметтердің негізгі көрсеткіштерін үнемі бақылау, облыстың туберкулезге қарсы диспансер мамандарының белсенді ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарының, туберкулезге қарсы қызмет жұмысшыларының туберкулез жағдайларын тіркеу ошақтарында алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстарының жақсы жүргізілуі, халық арасындағы белсенді санитарлық-жарақтандыру қызметінің жүргізілуі нәтижесінде қол жеткізілді.

2014 жылдың 1 қаңтарында облыс бойынша АҚТҚ жұқтырған 1384 адам тіркелді, олардың саны жыл сайын 12-13%-ға өсуде. Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы АҚТҚ инфекциясын тарату жағынан 5 орынды алады. АҚТҚ инфекциясының эпидемияның шоғырланған сатысында таралуын тұрақтандыру мақсатында алдын-ала шараларды кеңейтуді, сонымен қатар ЖҚТБ-мен ауруларға қажет ретровирусқа қарсы емді толық көлемде қамтамасыз етуді көздейтін ЖҚТБ эпидемиясына қарсы тұру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

ҚР Президенді Н.Ә. Назарбаевтың бастамашылығы бойынша 2010 жылдан бастап Қазақстанда жаңа бағыт – көлік медицинасы енгізілді.

Облыста үш жылжымалы медициналық кешен қызмет етеді, олар 36145 астам адамды қарап шықты. 6738 диагностикалық зерттеулер өткізілді. Санитарлық авиацияның жұмысы ұйымдастырылды, жоғары білікті профильді мамандардан бригада қалыптастырылды. Есептік кезең аралығында 418 көлікпен шығу (2012 ж. - 404), самолетпен ұшу – 44 (2012 ж. - 22 жүзеге асты, 450 ауруға қызмет көрсетілді.

Жоғары білікті мамандарымен 300-ден астам кеңес өткізілген 15 медұйымдар, телемедициналық торға қосылған.

Медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында медициналық ұйымдардың деңгейінде ішкі тексеріс енгізілді. Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының, Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебінің және «Астана» медициналық университетінің базасында медициналық қызмет сапасының сараптамасы бойынша 122 дәрігер даярланды.

2010 жылдың басында 8416 медицина қызметкерлері облыс халқына медициналық, оның ішінде 1936 дәрігер және 6480 орташа медицина қызметкерлері көмек көрсетті. 2011 жылы 1974 дәрігер және 6569 орташа медицина қызметкері, 2012 жылы 1932 дәрігер және 6504 орташа медицина қызметкері, 2013 жылы 1913 дәрігер және 6465 орташа медицина қызметкері.

2006 жылдың басында кадрлардың жетіспеушілігі 394 дәрігерді, оның ішінде ауылдық жерде – 121, 2007 жылдың басында – 492 дәрігерді (ауылдық жерде – 143), 2008 жылдың басында 502 дәрігерді (ауылдық жерде – 144), 2009 жылы 526 дәрігерді (ауылдық жерде – 152) құрады. 2010 жылдың басында дәрігерлерге деген қажеттілік 507 маманды, оның ішінде қалалар бойынша – 343, ал ауылдық жерде – 164 маманды құрады. 2011 жылы – 449 дәрігер, 2012 жылы – 360 дәрігер, 2013 жылы – 265 дәрігер.

Дәрігерлік кадрлар тапшылығы мәселесін шешудің бірден бір жолы – «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» 007 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде медицина мамандығы бойынша оқуға әлеуметтік көмек көрсету, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жігіне жататын жастардың өтініші тоқсан алдыңдағы тоқсан үшін Қостанай облысы бойынша бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жанбасына орташа табысы бар отбасылардан шыққан жастарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.

2009 жылы 162 студентке, 2010 жылы – 151, 2011 жылы – 117, 2012 жылы – 113, 2013 жылы – 97 студентке көмек көрсетілді.

Облыста жас мамандарды ауылдарға бекіту Бағдарламасы әзірленді. Жыл сайын жергілікті бюджеттерде көтерме жәрдемақылар төлеуге бюджеттік қаражаттар көзделіп, тұрғын үй бөлу мәселелері шешілуде. Бірқатар аудандарда 100-200 мың теңге мөлшерінде көтерме төлемдер төленіп, басқа да әлеуметтік пакеттер ұсынылды. 2006-2013 жылдар кезеңі ішінде облысқа 370 жас дәрігер келді.

Жас дәрігерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелерін әкімдіктер үнемі бақылауда.

Медициналық көмек сапасына облыста төмен деңгейде қалып отырған осы заманғы медициналық жарықтандырылуды қосқанда ұйымдардың және денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасы әсер етеді.

2007 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде облыста денсаулық сақтау ұйымдарының осы заманғы медициналық құралдармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен жабдықталуында оң серпін байқалды. Жарақтандыру пайызы 20,1%-ға (2007 жылғы 36,4%-дан 2012 жылы 55,8%-ға дейін, 2013 жылы – 56,48%) ұлғайтылды. Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш: 2007 жылы – 22,4%, 2008 жылы – 35,9%; 2009 жылы – 41,8%, 2010 жылы – 41,54%, 2011 жылы – 49,64%, 2012 жылы – 57,78%, 2013 жылы – 63,16% көрсетіп отыр. Ауылдық ұйымдардың жарақтандырылуы 16,5%-ға ұлғайды (2007 жылғы – 35,9%-дан 2013 жылы – 52,4%-ға дейін) құрады. 2014 жылдың басында облыстық ұйымдардың жарықтандырылуы 56,87%; ұлғаю – 20,17% (2007 жылғы 36,7%-дан 2013 жылы 56,87%-ға дейін) құрады. Қалалық медициналық ұйымдардың жарықтандырылуы 2014 жылдың басында 62,79%; ұлғаю – 26,1% (2007 жылғы 36,6%-дан 2013 жылы 62,79%) құрады.

2013 жылдың аяғына қарай облыс бойынша медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 33,2% құрады (2012 жылы – 59,2%). Елді-мекендер шегінде ғимараттар тозуының жоғары деңгейі (80%-дан 100%-ға дейін) елді-мекендердің 22,9%-ында (Науырзым, Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Жангелдин, Федоров аудандарында, Қостанай, Лисаков, Рудный және Арқалық қалаларында) байқалады.

«100 мектеп және 100 аурухана» жобасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысы 5 денсаулық сақтау обектісінің құрылысына (Қостанай және Рудный қалаларында 2 емхана және 2 аурухана, Қостанай қаласында Қан орталығы), іске асыру 2008-2013 кезеңімен, 16,1 млрд. теңге бөлініп, оның ішінен игерілгені: 2008 жылы – 1,3 млрд. теңге, 2009 жылы – 2,3 млрд. теңге, 2010 жылы – 8,0 млрд. теңге, 2011 жылы – 2,9 млрд. теңге, 2012 жылы 0,3 млрд. теңге.

2013 жылы «350 дәрігерлік амбулаторлық, фельдшерлік-акушерлік пуктері және емханалары құрылысы» бағдарламасы шеңберінде 619,572 млн. теңге құрайтын 6 дәрігерлік амбулатория салынды ( Қостанай облысының Амангелді ауданының Амантоғай селосында бір ауысымда 25 келушілерге арналған дәрігерлік амбулаториясы, Амангелді ауданының Үрпек селосында бір ауысымда 25 келушілерге арналған дәрігерлік амбулаториясы, Әулиекөл ауданының Диевка селосында бір ауысымда 25 келушілерге арналған дәрігерлік амбулаториясы, Қарабалық ауданының Боскөл селосында бір ауысымда 25 келушілерге арналған дәрігерлік амбулаториясы, Қарабалық ауданының Смирновка селосында бір ауысымда 25 келушілерге арналған дәрігерлік амбулаториясы, Ұзынкөл ауданының Троебратский селосында бір ауысымда 25 келушілерге арналған дәрігерлік амбулаториясының құрылысы.)

Облыстың мемлекеттік денсаулық сақтаудың секторы 2014 жылдың 1 шілдесінде 566 медициналық объектіні (01.07.2012 жылы – 580) қамтиды. Халыққа емдеу-профилактикалық көмекті 45 стационарлық ұйым және 508 01.01.2014 жылы 9, 01.01.2014 жылы 45 және 522 сәйкесінше амбулаторлық-емханалық ұйым және алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілері көрсетеді.

Облыс бойынша халықты және медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді 756 фармацевтикалық объект жүзеге асырады.

Облыста 1913 дәрігер жұмыс істейді (01.01.2013 жылы – 1932) және 6465 орта меджұмысшылар (01.01.2013 жылы – 6504) жұмыс істейді.

2014 жылдың 1 қаңтарында дәрігерлермен қамтылуы халықтың 10 мыңына шаққанда 21,8 (01.01.2013 жылы – 21,9), орта меджұмысшылармен – 73,4 (01.01.2013 жылы – 74) құрайды.

Дәрігерлік кадрлардың қажеттілігі 265 дәрігерді құрайды, оның ішінде селода – 68 дәрігерді құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет