Көші-қон
2007-2013 жылдар аралығында облыста көші-қон сальдосы ұнамсыз болып отыр. Кеткен адамдардың саны келген адамдардың санынан бұрынғыдай асып отыр.
2013 жылы облыс ішіндегі көші-қонның жағымсыз сальдосы Жангелдин (-518 адам), Сарыкөл (-425 адам), Таран (-408 адам) аудандарында, Рудный қаласында (-507 адам) байқалды. Облыс ішіндегі көшіп-қонуы кезінде көші-қонның жағымды сальдосы облыстың үш қалаларында және Қостанай, Жітіқара ауданында сақаталды.
Қалалық жерге облыс өңірлерінен 6713 адам немесе барлық келген адамдардың 32,6-ы қоныс аударды. Көбінесе қалаға ауылдық жерлердің тұрғындары, әсіресе жастар қоныс тебеді. Тұрғындардың ауылдық жерлерден қалаға ағуы облыс қалаларында орта және жоғары білім алуға, ауыл шаруашылығы өнеркәсітерінде жұмыс орындарының болмауы мен төмен жалақы мөлшеріне байланысты болып отыр.
2013 жылы қалалық жерден 8527 адам немесе кеткен адамдардың жалпы санынан 41,4 тұрғылықты жерінен шығып кетті. Республикадан тыс жерлерге 1545 адам немесе 7,5, облыс сыртына – 4548 адам немесе 22,1 кетті.
Ауылдық жерлерден 12059 адам, оның ішінде республикадан тыс жерлерге 5,7, 7 облыстан тыс жерлерге көшті.
Республикадан тыс жерлерге қоныс аударған көшіп-қонушылардың саны Қостанай (-347 адам), Лисаковск (-217 адам) қалаларында, Қарабалық (-180 адам) ауданында, Қазақстанның басқа облыстарына – Қостанай (-602 адам), Рудный (-224 адам) және Арқалық (-19- адам) қалаларында байқалып отыр.
Қостанай облысы 2012 жылға дейін халық саны жағынан жағымсыз өсімге ие. 2007 жылдан 2011 жылға дейін көшіп-қону есебінен 4-тен 5 мың адамға дейін жыл сайын жоғалтты. 2012 жылы алғашқы рет халықтың 487 адамға дейін өскені байқалып отыр. 2008 жылға дейін облыста халықаралық, ал 2008 жылдан бастап – республика ішінде көшіп-қону басым болды. 2011-2013 жылдар ішінде келген адамдардың санымен салыстырғанда облыстан және республикадан тыс жерлерге жыл сайын 1-1,4 мың адамға артық кетті. Келген адамдардың санымен салыстырғанда Қазақстан Республикасының басқа облыстары мен облыс аудандарына 1,2-3 мың адамға көбірек кеткен болатын.
Білім беру
Білім беру саласында компьютерлермен, жаңа үлгідегі кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен жарақтандыру негізінде мектептердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі деңгейлерін арттырудың тұрақты қарқыны байқалып отыр, бұл қызмет алушыларының сапалы білімге қол қол жеткізуін арттырады.
Техникалық және кәсіби білім беретін объектілердің қатары және оларда білім алушылар санының ұлғаюы облыс экономикасының әр саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуді арттырады. Кәсіптік лицейлер мен колледждер жұмыспен қамтамасыз етілген түлектері санының өсуі өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Облыста балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтуды өсірудің тұрақты қарқыны байқалуда. Облыста мектептерді мақсатты ағымдағы және күрделі жөндеу, жаңарту, осы заманғы нормаларға сай мемлекеттік тілде оқыту үшін жағдай жасалған жаңа мектептер салынуда.
Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік саласы жағдайының жағымсыз жақтары да бар. Яғни, облыста ТжКБ оқыту мекемелерінің зертханалары мен өндірістік шеберханаларын қамтамасыз ету деңгейі төмен. Жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілде оқытатын түзету сыныптарының желісі жеткілікті дамымаған.
Мектепке дейінгі білім беру
Облыста мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы саны (бұдан әрі – МДБҰ) 2014 жылдың 1 қаңтарында 635 бірлікті құрай отырып, 2007-2013 жылдары 18 бірлікке ұлғайды.
Облыста бала бақшаға баратын балалардың жалпы саны 2007-2013 жылдары 18,8%-ға ұлғайып, 2014 жылдың 1 қаңтарында 20397 адамды құрады.
0 ден 7 жасқа дейінгі балалардың саны 71871, оның ішінде ауылдарда – 36 094 баланы құрайды. Облыста 155 балабақша, 480 шағын орталық бар, балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту 6,3%-ға ұлғайды.
33 балабақшада тәрбиелеу және оқыту қазақ тілінде жүреді, олардың 17,5%-ын (3568) 1-ден 6 жасқа дейінгі қазақ балалары қамтиды.
2014 жылдың 1 ақпанында облыс бойынша 155 ББ-да және 480 шағын орталықта 33776 бала, оның ішінде бала бақшаларда – 20397, шағын орталықтарда – 13379 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі біліммен 33,7 мың бала қамтылды немесе 90,6% (республика бойынша – 48,4%). Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-аналарға арналған 81 кеңестік пункт қызмет етеді.
Облыста орындардың жетіспеушілігі проблемасы сақталып отыр, бұл МДБҰ-да топтардың тығыздығымен айқындалып отыр. Әсіресе бұл проблема қалалық жерлерде орын алған.
2014 жылдың 1 қаңтарында бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың саны 21774 адамды (2010 жылдың 1 қаңтарына – 11744) құрайды. Бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың үлкен саны Қостанай қаласында – 9676 бала, Рудныйда – 3665 бала, Арқалықта – 1302 бала, Лисаковта – 1158 бала, Қостанай ауданында – 1421 бала байқалады.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста 6552 орынға арналған 41 бала бақша, 11 шағын орталық ашылды.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында облыста балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту деңгейімен, МДБҰ-ның қызметкерлермен қамтамасыз етілуі деңгейінің ұлғаюымен көрініп отырған оң серпін байқалып отыр. Сол сияқты, қалалық жерлерде МДБҰ-ның жетіспеушілігі, топтардың көбеюі және мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетін өте ауыр жүктеме бұл облыстағы өңірдің басты проблемалары болып табылады. Сонымен қатар, өңірде қызмет көрсетудің сапасына жүзу бассейндері, спорт және музыка залдары сияқты осы заманғы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметтерінің ажырамас атрибуттарымен МДБҰ-ны жеткіліксіз қамтамасыз ету сияқты шектеуші факторлар әсерін тигізеді.
2012-2014 жылдары жалпы контингенті 101,7 мың оқушыны құрайтын 572 мектеп (2011-2013 жылдары – 585 мектеп) жалпы орта білімді іске асырды. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 13,3 мың педагог, олардан 11,6 мыңы – жоғары білімі барлар. 2013-2014 жылдардың басында мектептерге 456 жас маман келді.
Облыстың білім ұйымдарында 2013 жылдың 1 маусымынан бастап 57 мыңнан астам баланы қамтитын мектеп жанындағы 408 денсаулығын сауықтыру алаңдары өз қызметін бастады.
Күшті жақтары:
Облыс бойынша МДБҰ желісінің кеңеюі;
Мемлекеттік-жеке әріптестіктің шеңберінде МДБҰ орындарының кеңеюі
Ағымдағы және әлеуетті проблемалары
1. облыстың қалаларында МДБҰ-ның жеткіліксіз желісі;
2. бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың үлкен санының
қалаларда (Қостанай, Рудный, Арқалық және Лисаковск) және ірі елді
мекендерде (Қостанай және Әулиекөл аудандарында) сақталуы;
3. МДБҰ ақпараттандырылуының әлсіз дамығандығы;
4. МДБҰ материалдық-техникалық базасының ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген нормативтеріне толық көлемде сәйкес келмеуі.
Қауіп-қатерлер:
Аймақтар бойынша балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтуының әркелкілігі;
өз кезегінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында қосымша (инновациялық) қызметтерді ұсынатын БМДБҰ халықтың таңдауын шектейтін қолданыстағы жеке МДБҰ санын қысқартуды бір қалыпта ұстайтын өңірлік жеке сектордың және ҮКҰ өкілдерінің төмен әлеуеті (қаржы ресурстарының, жұмыс өтілінің, педагогикалық құрам қызметіне тарту және уәждеменің тиімді сұлбаларының жетіспеушілігі);
облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражаттардың шектілігі облыстағы МДБҰ нашар материалдық-техникалық базаны негіздейді, атап айтқанда МДБҰ қатарында спорт залдарының, жүзу бассейндерінің, музыка залдарының жоқтығы балалар денсаулығын нығайту және сол балалардың арасында салауатты өмір салты насихаттау мүмкіндігін төмендетеді.
Даму ірдісі:
мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтуды 100%-ға дейін жеткізу мақсатында осы заманғы МДБҰ құрылысын бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;
МДБҰ материалдық-техникалық базасын нығайту саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту (ғимараттарды күрделі жөндеу, оқу орындарын арнайы жабдықтармен және мүліктермен жарақтандыру);
мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында, оның ішінде жұмыс істеу және тұру үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатымен жас мамандарды тарту және оларды қолдау шараларының жүйесін әзірлеу;
мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін ұсынатын мекемелерге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын үкіметтік емес коммерциялық ұйымдармен (бұдан әрі – ҮКҰ) институтционалдық әріптестікті дамыту.
Жеке сектормен инвестициялық әріптестікті дамыту:
«әлеуметтік жүктемесі» бар, яғни балабақша, емхана сияқты т.б. әлеуметтік бағдарланған объектіні жобада қарастыру міндеттемелерімен коммерциялық ғимараттардың немесе тұрғын үй кварталдарының құрылысына қалалық қордан жер участкелерін бөлу нұсқауын пайдалану;
Тиісті қызмет өтілі бар жеке мекемелерден немесе коммерциялық емес ұйымдардан (әлеуметтік тапсырыс), болмаса біліктілік әлеуетін растаған үкіметтік емес ұйымдардан (бұдан әрі – ҮЕҰ) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін сатып алуға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;
Соңғы ыңғайлы жағдайларда жұмыстың және өңірдің ерекшеліктеріне бағдарланған арнайы бағдарламаны әзірлеу негізінде тұрудың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласына білікті мамандарды тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру.
Орта білім
Облыста күндізгі жалпы білім беру мектептерінің жалпы саны 2007-2013 жылдары 72 бірлікке қысқартылып, 2014 жылдың 1 қаңтарында 572 бірлікті, оның ішінде 555 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектебін, 7 түзету, 4 жеке және 6 кешкі мектептерді құрады.
Облыс бойынша мектептер саны қысқаруының негізгі себебі болашағы жоқ ауылдық елді мекендердегі бастауыш мектептердің жабылуы және мектептер желісінің мемлекеттік кепілдендірілген нормативке сәйкес келмеуі болып табылады. Сонымен қатар, мектептерді жабу себептері тұрғындардың ауылдық өңірлерден қалаларға қоныс аударуы сияқты факторлар, сол сияқты, тұрғындардың өсіп-өну деңгейінің төмендеуі болды.
Облыста 2007-2013 жылдардағы мектептерді қысқартуымен қатар оқушылардың саны 2013 жылы 100803 адамды құрай отырып, 15 мың адамға қысқарды. 2013-2014 оқу жылының басында оқушылардың саны 99740 адамды құрады.
Академиялық дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін облыста «Қостанай дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығымен және білім беруде жаңа технологиялардың өңірлік орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейтін дарынды балаларға арналған 11 гимназия, 1 физикалық-математикалық лицей және 3 мектеп-интернат жұмыс істейді. Бірлескен жұмыстың нәтижесі білімді сырттай бақылау қорытындылары бойынша жоғары нәтижелер болып табылады.
ҰБТ нәтижелерін талдау негізгі сапалы көрсеткіштер бойынша оң серпінге көз жеткізіп отыр. 2013 жылы орташа балл 75,41 бірлікті (республика бойынша 70,9), (2009 жылы – 82,88 бірлік, 2010 жылы – 89,67 бірлік, 2012 жылы – 77,73 бірлік) құрады. Білім сапасы – 32,69%.
2013 жылдың қорытындылары бойынша облыста 12,4% (400) түлек 100 және одан да көп балл алды. Сондай-ақ, облыста 112 түлек ҰБТ-ны барлық пәндер бойынша «5» деген бағаға тапсырды, оның ішінде 42 түлек «Алтын белгі» аттестатын және 8-і – үздік аттестат алды.
Республикадағы Қостанайлық білім деңгейінің жақсы көрсеткіші республикалық және халықаралық деңгейдегі интеллектуалдық жарыстарда Қостанай облысының мектеп оқушылары ие болған медальдарының қатарының серпінді өсуі болып табылады. 2013 жылы 4601 оқушы түрлі мадақтарға ие болды. 1079 оқушы 1 орынға, 1207 оқушы 2 орынға, 1372 оқушы 3 орынға ие болып диплом және медаль алды. Басқа да мадақтарға 943 оқушы ие болды.
2013 жылы 959 түлек (19,45%) мемлекеттік білім гранттарын, сонымен қатар облыс әкімінің 58 грантын және аудандар мен қалалар әкімдерінің 95 грантын алды.
2014 жылдың 1 қаңтарында облыстың жалпы орта білім беру мектептерінде 13335 педагог қызмет атқарады. Білімі жоғары педагогтардың жалпы қатарынан – 11590 (87%), арнайы орташа білім барлар – 1726 (12,9%), орта білім барлар – 9 (0,7%). 2012 жылмен салыстырғанда жоғары және бірінші санаттағы оқытушылардың саны – 6156 (46,1%) ұлғайды. 2013 жылдың 1 қыркүйегіне облыс мектептеріне 456 жас маман (мысалы, 2008 жылы – 290 адам) келді.
Облыста мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту мақсатында оқушылардың контингентін сақтау және есепке алу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Басты назар негізгі орта білім беру орындар түлектерінің одан әрі тиісті білім алуын жалғастыруына аударылуда.
2013 жылы 9987 негізгі орта білім беру орындары түлектерінің қатарынан 4704 (47,1%) оқушы жалпы білім беру мектептерінің 10 сыныбында, 5150 (51,6%) – колледждерде, 16 (0,13%) – кешкі мектептерде оқуын жалғастыруда.
«Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты жұмсау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес 564 мемлекеттік жалпы білім беру мектептерінде (интернатсыз ұйымдарда) жалпыға міндетті оқу қорлары құрылды.
2013 жылы облыс бойынша жалпыға міндетті оқу қорларына көзделген қаржы 334,246 млн. теңгені немесе мектептерді ұстауға арналған шығыстардың жалпы сомаларынан 1,4% құрайды.
2012 жылдың қорытыдылары бойынша Жалпыға міндетті оқу қорларын көзделген қаржыландыру Рудный қаласында – 1,64%, Лисаков қаласында – 1,93%, Арқалық – 2,32%, Қостанай – 1,85%, Науырзым ауданында – 2,03%, Жітіқара – 1,55%, Әулиекөл – 1,49%, Сарыкөл – 1,28% және Қамысты – 1,35%.
Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру маңызды сауықтыру іс-шара болып табылады және ол жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік білім беру мекемелері басшыларының басты назарында тұр. 2008 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде облыста оқушыларды ыстық тамақпен қамту 2,3%-ға ұлғайды.
Мектеп оқушыларына ыстық тамақты ұйымдастыру мәселесінде балаларды ыстық тамақпен қамту 10,4%-дан 43,1%-ға дейін ұлғайған Жітіқара (27%-ға өсті), Қарабалық (10,4%-ға өсті), Ұзынкөл аудандарының (43,1%-ға өсті), Қостанай (33,2%-ға өсті), Лисаков (32,8%-ға өсті), Рудный (14,9%-ға өсті) қалаларының білім беру ұйымдары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.
2011-2013 жылдары оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастырудың салыстырмалы талдауы ұйымдастырылған ыстық тамақ ұйымдастырылған мектептердің саны 8,1%-ға (2013 ж. – 75,3%, 2012ж. – 78,9%, 2011 ж. – 83,4%) азайды.
Облыста оқушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде белгілі жұмыс жүріп жатыр. Алайда 2008 жылмен салыстырғанда тегін тамақпен қамту 16,6%-ға (2012 ж. – 28,4%, 2008 ж. – 45%) азайды.
Облыста соңғы 6 жыл ішінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалардың саны 3705 адамға азайды. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс мектептерінде 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 45147 тұрмысы төмен отбасылардан шыққан бала оқып, білім алуда.
Облыста барлық мұқтаж оқушыларды 100% тасымалдау ұйымдастырылған. Балаларды тасымалдау үшін ыңғайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау үшін облыста автокөлік құралдары паркін жаңарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2011 жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 30 млн. теңге сомасына 5 мектеп автобустары сатып алынды, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім бөлімдері 8 автобус және 2 шағын автобус сатып алды. 2012 жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен балаларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін 5 бірлік көлік (4 шағын автобус: Әулиекөл ауданы – 3 бірлік, Алтынсарин ауданы – 1 бірлік, Ұзынкөл ауданы – 1 бірлік) сатып алынды. 2013 жылы Ұзынкөл ауданында 1 бірлік автобус сатып алынды.
Облыс бойынша апаттық мектептер мен үш ауысыммен оқитын мектептер жоқ. 2007 жылдан 2013 жылға дейін облыста 18 мектеп салынып, қайта жаңартылды.
Күшті жақтары:
апаттық жағдайда тұрған және 3 ауысымдық мектептердің жоқтығы;
қосымша мектептердің құрылысы есебінен оқу орындарының тапшылығын жою;
жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер-түлектер санының өсуі және екінші жылға қалатын оқушылар санының төмендеуі;
Интернет желісіне мектептердің 100%-ы қосылды.
тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың 100% ақысыз ыстық тамақпен қамтылды.
Ағымдағы және ықтимал мәселелер:
халықтың көшуі есебінен педогикалық кадрлардың перманентті жетіспеушілігі (әсіресе математика, физика, информатика, химия, ағылшын тілі мұғалімдері);
экономикалық трансформация кезінде – 80-жылдардың соңынан 2001 жылға дейін бала туудың азаюына және халықтың көшіп-қонуына байланысты мектеп оқушыларының саны қысқаруда;
мектептердің жеткіліксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі;
ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептердің болуы.
Қауіп-қатерлер:
тұрғындардың жақсы еңбекақы және тұру жағдайларына тырысуы жоғары біліктілігі мен балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар педагогикалық кадрлардың білім беру жүйесінен жүйелі түрде кетуіне апарып соғады, бұл орта білімнің сапасын төмендетеді;
осы заманғы жаңа үлгідегі мектептердің құрылысына арналған шығындардың жеткіліскіз қаржыландырылуы ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақтауды негіздейді.
Даму ірдісі:
бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және орта білім объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты шығындарды қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;
ыңғайластырылған жайда мектептердің орналасу тәжірибесін жою мақсатымен орта білім берудің осы замандық объектілерін салу саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;
жас педагогикалық кадрлардың өз істерін беріліп істеуіне және елді мекенге, оның ішінде ауылдық жерге сіңісіп кетуін ынталандыратын шаралар жүйесін әзірлеу.
ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан білім беру ұйымдарының орнына, сондай-ақ нақты қажеттілікті қанағаттандыруды, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептерді ескере отырып, білім беру объектілерінің құрылысын бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;
алыс ауылдық-елді мекендерде тұратын оқушылардың тұруы үшін кәсіби мектептердің; мектептердің жанындағы ресурстық орталықтардың құрылысын кеңейту;
мектептерді, мектептердің жанындағы интернаттарды күрделі жөндеуден өткізуге және қайта жаңғыртуға байланысты шығыстарды қаржыландыруды кеңейту;
12 жылдық оқытуға толыққанды көшуді қамтамасыз ету мақсатында және оқудың жаңа формаларын дамыту үшін білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға (физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша лабораториялық кабинеттер, басқа да компьютерлік техника, интерактивтік тақта сатып алу, кітапханалық қорды толықтыру мен жаңарту, мультимедиялық кабинеттер сатып алу; кең жолақты Интернет желісіне қосылу, интерактивтік тақта, спорттық бұйымдар сатып алу) шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;
ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология және информатика пәндері мұғалімдерінің перманентті жетіспеушілігін, оның ішінде ауылдық жерлерде жетіспеуін болдырмауға бағытталған іс-шаралардың өңірлік жоспарын әзірлеу жөнінде жұмыс тобын қалыптастыру.
Білім берудің арнайы түзету ұйымдары
Облыста соңғы алты жыл (2007-2013) ішінде 7 арнайы түзету ұйымдары, оның ішінд 3 мектеп және 4 мектеп-интернат тұрақты жұмыс істейді. Мектептердің және мектеп-интернаттардың материалдық базалары жақсарып келеді (барлығы сенсорлық бөлмелермен, осы заманғы есту құрал-жабдықтарымен, ішінара интерактивтік тақталармен және т.б. жабдықталған).
Түзету сыныптарында оқитын дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың саны ұлғаюда. 2007 жылы жалпы білім беру мектептерінде 1139 баланы қамтитын 130 сынып, 2012-2013 оқу жылдары мүмкіндігі шектеулі 1575 бала оқитын – 234 сынып қызмет етті, оның 727-і (46%) ауылдық аймақтарда оқиды.
Жалпы білім беру сыныптарына 4832 бала берілді (2007 жылы – 2896 бала), 2256 баланың тіл кемістігін түзетуге мүмкіндігі бар 94 логопедиялық пункт жұмыс істейді.
2013-2014 оқу жылдары 219 балаға (2007-215, 2008-251, 2009-293, 2010-365, 2011-284, 2012-301) үйде жеке тегін оқыту ұйымдастырылды.
16 ауданның ішінен 11-де ашылған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі – ППТК) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестердің ұсынымдары бойынша (бұдан әрі – ПМПК) арнайы біліммен қамтылмаған дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар түзету сыныптарында оқиды. 2007-2013 жылдар аралығында дамуында мүмкіндігі шектеулі 5584 балаға түзету көмектері, оның ішінде 2000 астам консультативтік көмек көрсетілді.
Барлық уақыт ішінде облыста дамуында кемшіліктері бар балаларға көмектің тиімді жүйесін дамытудың оң серпіні, оларды тәрбиелеуге, оқытуға, еңбек және кәсіби даярлауға, балалар мүгедектігінің алдын алуға байланысты проблемалар шешілуі байқалып отыр.
Балаларға білікті көмек көрсетудің сапасын жоғарылатудағы аса маңызды мәселелердің бірі мамандардың білім алуы және олардың біліктілігін жоғарылату болып табылады. Арнайы білімі бар педагогтардың болмауына байланысты ППТК-ның, мектептердің кемістіктерді түзету қызметтерін толығымен көрсетуге мүмкіндіктері жоқ. ПМПК мен ППТК қажет құралдармен жабдықтау қажет. Білім берудің түзету ұйымдары оқулықтармен және ОӘКмен жеткілікті жабдықталмаған.
Күшті жақтары
барлық интернаттық ұйымдар СанЕН осы заманғы талаптарға сәйкес келтірілген;
дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқуына мүмкіндік беретін, инклюзивтік білім алуын дамытуға көмектесетін жалпы білім беру ұйымдарында түзету сыныптарының саны ұлғаюда;
мектептерде логопедиялық пункттердің саны өсіп жатыр, бұл балалардың, әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл кемістігінің түзетілуінде оң нәтижелер көрсетіп отыр;
білім берудің түзету ұйымдары осы заманғы жабдықтармен жабдықталуда, бұл дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуды тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;
дамуында мумкіндіктері шектеулі балаларға ППТК-да түзету көмектерін алу мүмкіндіктері ұсынылған.
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар
1. жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілде оқытатын түзету сыныптарының желісі жеткіліксіз дамыған;
2. 5 ауданда (Алтынсарин, Жангелдин, Қамысты, Қарасу және Таран) ППТК ашылмаған.
Қауіп-қатерлері
педагогикалық кадрлардың тапшылығы (дефектологтар, сурдологтар, тифлопедагогтар, олигофренопедагогтар);
инклюзивтік жағдайларда балаларды оқыту үшін педагогтардың біліктілігін жеткілікті жоғарылатпау;
арнайы түзету ұйымдарының оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (бұдан әрі – ОӘК) жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.
Даму үрдісі
1. мектептерді арнайы мамандармен қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ППТК ашуға, (аудандар, қалалар әкімдерінің гранттары бойынша) педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
2. мектептерді арнайы мамандармен, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытуды қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ППТК ашуға, аудандар, қалалар әкімдерінің гранттары бойынша педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
3. білім берудің түзету ұйымдарын ОӘК мен оқулықтармен қамтамасыз ету;
4. білім берудің түзету ұйымдарын интерактивті тақталармен толық қамтамасыз ету үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
5. ППТК мен ПМПК қажетті жабдықтармен аяғына дейін жабдықтау үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесі
2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста 3130 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар немесе жалпы жаңа туғандардан 18 жасқа дейінгі балалардан 1,7%-ы тұрады. Осы қатардан 1836 бала қамқорға алынды және асырап алынды, 146 бала – қазақстан азаматтары жанұяларының қамқорлық тәрбиесінде, 1148 бала 16 білім беру, денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйелерінің мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде.
Отбасылық құрылымның баламалы нысандарын насихаттау жөніндегі шаралардың жүйелік сипаттамасы осы үлгідегі ұйымдар санының қысқарумен және тәрбиеленушілер санының түсуімен дәлелденіп отыр (2008-2013 жылдары жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім жүйелері білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің саны 20,7%-ға – 1209-дан 959 балаға дейін қысқарды). Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-интернаттар әкімшіліктері қазақстан азаматтарының қонақ отбасыларына (балаларды асырап алатын отбасылар) балаларды беру жөніндегі шараларды іске асырады: 2013 жылы құрылымның осы нысанымен 144 бала қамтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |