Бағдарламасы Қостанай қаласы, 2015 жыл


Менеджмент және стандарттау жүйелері



бет5/14
Дата23.02.2016
өлшемі1.36 Mb.
#8744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Менеджмент және стандарттау жүйелері
Сериялары 9000, 14000, 22000, ОНSAS 18000, ХАССП, SА 8000 ИСО халықаралық стандарттар негізінде сапа менеджмент жүйесін енгізу жұмысы жалғастырылуда. 2013 жылдың 1 қаңтарына сериялары 9001-2000, 14001-2004, ОНSAS 18001- 1999 ИСО сәйкестік сертификат отыз жеті кәсіпорын алды және он кәсіпорын сапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізді.

ИСО 9001-2000 сәйкестік сертификаттар мына кәсіпорындарда бар: «ДЕП» ЖШС, «Космис» филиалы, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС, «Костанайский Мелькомбинат» АҚ, «Баян-Сұлу» АҚ, «Асалия» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ ҚФ, «Милх» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Большевичка» КК, «Фирма «Арасан» ЖШС, «БК-Строймонтаж» ЖШС, «БК-Строй» ЖШС, «Техмотив» ЖШС, «Дом-Ра» ЖШС, «Голд 2005» ЖШС, «Вист» ЖШС, «ПРЭКО-Консалтинг» ЖШС, «Костанай жолдары» ЖШС, «Казавтодор» ЖШС, «Агрофирма «Диевская» ЖШС, «БК-Маркет» ЖШС, «Фирма «Электрострой» ЖШС, «АРВИС» ЖШС, «Интерхолдинг» ЖШС, «АиФ» ЖШС, «Интехцентр» ЖШС, «Пластстандарт» ЖШС, «Иволга-Растр» ЖШС, «Агротехмаш» ЖШС және тағы басқа өнеркәсіп кәсіпорындар.

Өндірілетін өнім сапасын жақсарту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2013 жылдың 1 қаңтарына мына іс-шаралар өткізілді:

Қала кәсіпорындарына стандарттау және халықаралық стандарттарды енгізу мәселелері бойынша ақысыз көмек көрсетілді, сапа менеджмент жүйесін енгізу мәселелер жөнінде практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді;
Тұрақты негізінде «Фемида+» тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамымен жұмыс жүргізіледі.

Қостанай облысын стандарттау бойынша әзірленген жоспар және қала кәсіпорындары мен ұйымдарында сериялары ИСО-9000, ОНSAS 18001, НАССР, SА 8000 халықаралық стандарттар негізінде сапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша жұмыс жоспары жүзеге асырылуда.

Қазіргі басқару стандарттар (әдістер) жүйесін енгізу мәселелерін насихаттау бойынша жұмыстар, оның ішінде сериялары ИСО-9000, 14000, ОНSAS 18000 және тағы басқалар жалғастыруда.

2014 жылы «Сараптама және сертификациялау ұлттық орталығы» АҚ ҚФ мәліметтері бойынша Қостнай қаласының 36 кәсіпкерлік субъектісі ҚР СТ ИСО 9001-2009 сәйкес менеджмент жүйесінің сертификатын алды, 2013 жылдың деңгейіне 103% құрайды.


2.2.2 Қаланың әлеуметтік саласын талдау.
Демографиялық әлеует.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Қостанай қаласының тұрғыны 226,4 мың адамды құрады және өзіне жүзден астам ұлттар мен ұлыстар өкілдерін құрады, соның ішінде 01.01.2014 жылға саны: қазақтар – 78757 адам, орыстар-103661 адам, украиндықтар – 16784 адам, немістер – 5220 адам, белорусстар – 2988 адам.

Халықтардың жалпы санында әйелдердің саны шамамен 55,2 % құрады. 2008 жылы Қостанай қаласының тұрғынының орта жасы 36,2 жасты (2000 жылда – 34,5 жасты) құрады. Қостанай қаласы бойынша демографиялық жүктемесінің коэффициенті азайды және 2013 жылда жастар 481 адамды және үлкендер еңбекке қабілетті жастан 1000 тұрғынға (облыс бойынша 527 адам) құрады. Соңғы жылдарда қаланың демографиялық жағдайында тұрғындардың өмірлік деңгейін арттырудың арқасында оң тенденциялар сақталады – туу ұлғаюда және, сәйкесінше тұрғындардың кері өсу сальдосы азаюда.


9-кесте

р/с



Атауы

2010

2011

2012

2013

2014

1

Жыл басына халық саны, мың адам

215,2

215,6

216,3

221,9

226,4

2

Келді

4 834

5 216

5 997

5329

8473

3

Шықты

5 576

5 547

4 369

4222

5575

4

Көші-қон сальдосы

-742

-331

1 628

1107

2898

5

Туылды

3 490

3 505

3 675

3875

3830

6

Қайтыс болды

2 384

2 359

2 419

2236

2246

7

Табиғи өсім (азаюы)

1 106

1 146

1 256

1639

1584


Көші-қон.

Қостанай қаласы бойынша көші-қон сальдосы бірнеше жыл бойы теріс болып табылды: 2009 жылы – 640 адамды, 2010 жылы- 742 адамды, 2011 жылы – 331 адамды құрады, осы көрсеткіштерге дағдарыс жағдайлары әсерін тигізді, бірақ 2012 жылы жағдай өзгерді және көші-қон сальдосы +1628 адамды, 2013 жылы 1107 адамды, 2014 жылы +2898 адамды құрады.

Халықаралық көші-қонның кері сальдосы бар, 2011 жылы 537 адамды құрады, 2012 жылы 29 адамға дейін азайды, 2013 жылы 347 адамға дейін және 2014 жылы 765 адамға дейін өсті.

Республикалық көші-қон теріс, бірақ халықтың азаюы республиканың басқа облыстарына төмендеуіне тенденциясы бар, осылайша 2011 жылы теріс сальдоны -1407 адамды, 2012жылы- 709 адамды және 2013 жылы - 602 адамды құрады.

Ауылдық жерлері мен жалғасымды тұрғындардың ағымы, аз дәрежеде болғанымен, кенттену процессі өзімен қалаға ауылдық жерлерге адамдардың көшуін тартады. Сонымен, 2011 жылда облыстың басқа да елді мекендерінен қалаға келгендердің саны (сальдо) 1613 адамды, 2012 жылы 2336 адамды, 2013 жылы 2059 адамды құрады. Осы көші-қон процессінде жағымды кезін ескере кету керек, қалаға соңғы жылдары облыстың басқа да елді мекендерінен еңбекке қабілетті және еңбекке қабілетті жастардың ішінен келгендер шамамен 100,0 %.

Білім

Мектепке дейінгі білім (МБ)

2015 жылдың 1 сәуіріне қалада мектеп жасына дейінгі 23 мемлекеттік және 20 жеке ұйым жұмыс істейді, жалпы 11290 баланы қамтиды, 19 мемлекеттік және 5 жеке шағын - орталықтары жұмыс істейді, жалпы 1075 баланы қамтиды. Мектеп жасына дейінгі балалар ұйымымен балаларды жалпы қамтуы 92,5 % құрайды.

2011-2014 жылдары бойы 22 мектепке дейінгі ұйым құрылды, оның ішінде 20 мектепке дейінгі тәрбиелеу қызметтерінің жеке жеткізушілердің қаражатынан. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінші қабатында екі мектепке дейінгі ұйым ашылды.

2011 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда 260 орын құрылды, соның ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша 100 орын;

2012 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда 675 орын құрылды, соның ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша 450 орын;

2013 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда 845 орын құрылды, соның ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша 400 орын;

2014 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда 648 орын құрылды.

Барлығы 4 жыл бойы 2428 орын құрылды, соның ішінде «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1000 орын.


2011 жылы №17 бөбек-бақшасы, №18 бөбек-бақшасы ашылды. 9 шағын аудандағы бұрыңғы бала бақша ғимаратын қайтару жүргізілді, жеке қаражатқа жөнделді және «Еркемай» жеке бала бақшасы 140 орынға ашылды.

2012 жылы №40 бөбек-бақшаның үй-жйы босатылды, бұрын полиция бөлімшесі болды, жөндеу жүргізілді және 25 орынға мектепке дейінгі топ ашылды, сондай-ақ № 16 бөбек-бақша жанындағы Садовая к-сі 100 бойынша ғимаратына жөндеу жүргізілді (100 орынға қосымша 4 топ ашылды); Жамбыл к-сі, 90 бойынша №7 бөбек-бақшасы ғимаратының бөлігі сатып алынды, бұрын жеке тұлғада болды, «Варваринское» АҚ демеуші қаражаты есебінен 40 млн. теңгеге жөндеу жүргізілді (100 орынға қосымша топ ашылды).

2013 жылы коммуналдық меншікте жатқан, бұрын жеке меншікте болған бұрынғы бала бақша ғимараттарын қайтару жүргізілді Герцен к-сі, 56-үй бойынша, Пушкин к-сі 179-үй бойынша және Қайырбеков к-сі 391-үй бойынша.

2014 жылы жер құрылыс жобалары мынадай жобаларға әзірленді:



    • Әуежай ауданында бала бақша салу;

    • Қостанай қаласының солтүстік-батыстық шағынауданда бала бақша салу;

    • Әуежай шағын ауданның № 2 бала бақша салу;

    • Амангелді к. № 30 мектебі ауданында бала бақша салу.

Қазіргі уақытта Қайырбеков көшесі бойынша 280 орынға бала бақшаны салу жүргізілді, және Қостнайдың Солтүстік-батыстық шағын ауданда 280 орынға бала бақша салуына жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жүргізілуде.

2012 жылы Қостанай қаласы аймағында мектепке дейінгі ведомствоаралық ұйымдарының және республикалық бюджет қаражаттарын пайдалануымен мектепке дейінгі білім беру облысында тиімді мемлекеттік-жеке серіктестігі желілерін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданды. Жасалған Меморандумға сәйкес білім беру қызметтерінің өнім берушілері нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдардың қызметерінің нормалары мен ережелеріне сәйкес мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың өмірлік қызметі үшін жағдайларын жасады және қамтамасыз етті, сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен мектепке дейінгі ұйымдарында өз қызметкерлерін орындармен қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік мәселені шешу мүмкіндігін алды.

2013 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы 400 орынға орналасты, 2014 жылға 2403 орын.

Дегенмен, қабылданатын шараларға қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың құрылғы мәселелері қалады, мектепке дейінгі ұйымдардың орындарының тапшылығы бар, 01.01.2015 жылға кезектілігі 4300 баланы құрайды.



Күшті жақтары:

- облыс бойынша МБ желісін кеңейту;

- облыс бойынша МБ педагогикалық құрамның жалпы құрылымында жоғарғы білім берумен оқытушылардың үлесін көбейту.

Әлсіз жақтары:

- Қостанай қаласында МБ желісінің жетіспеушілігі.



Қауіп-қатерлер:

- жеке сектордың және НКО өкілдері әлеуетінің төмендігі (қаржылық ресурстардың, жұмыс тәжірибесінің жетіспеуі, схемаларды тиімді тарту және педагогикалық құрамның және т.б. қызметінің уәждемесі), МБ қолданыстағы жеке санын ұстап қалуын қысқарту, өзінің кезегінде мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қосымша (инновациялық) қызметті ұсынатын МЖБ тұрғындар үшін таңдау баламасын шектейді;

- облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін шектелген бюджеттік қаражат, облыста, жекелікте МБ материалдық-техникалық базасының әлсіз жақтарын ескертеді, МБ қатарында спорттық залдардың, жүзу бассейндердің және музыкалық залдардың болмауы балалардың денсаулығын және олардың арасындағы денсаулық тұрмыс қалпын насихаттауды нығайту мүмкіндігін азайтады.

Мүмкіндіктері:

- 100 % дейін мектеп жасына дейінгі тәрбиемен және оқытумен мектепке дейінгі жастағы балаларды қамтуды жүргізу мақсатында қазіргі уақыттағы МБ құрылысын бюджеттен қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;

- МБ материалдық-техникалық базасын нығайту саласында (ғимараттарды күрделі жөндеу, оқыту бөлмелерін арнайы жабдықтау және инвентарьмен жабдықтау) мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту;

- жұмыс пен өмір сүру үшін жағымды жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында мектеп жасына дейінгі тәрбие және оқыту саласында жас мамандарды қолдау және тарту шарасы жүйесін әзірлеу;

- мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерін беретін мекемелерге талаптарын қанағаттандыратын, үкіметтік емес коммерциялық ұйымдармен (бұдан әрі – ҮКҰ) институтционалдық серіктестікті дамыту.
Ұсыныстар:


  • Жеке меншік сектормен инвестициялық серіктестікті дамыту: жобада: бала бақша, емхана және т.б. әлеуметтік нысандарға бағытталған нысандардың міндетті көзделуімен, сауда бағытталған ғимараттардың және «әлеуметтік жүктемемен» тұрғын үй кварталдардың құрылысына қалалық қордан жер учаскелерін бөлу нұсқасын пайдалану.

  • Біліктілік әлеуетті растаған, білім беру қызметтің немесе үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі - ҮЕҰ) тәжірибесі бар жеке меншік мекемелер мен саудалық емес (әлеуметтік тапсырыс) ұйымдарда мектеп алды тәрбиелеу және оқыту қызметтерін сатып алуға мемлекеттік тапсырысты көбейту.

  • Мектепалды тәрбиелеу мен оқыту саласына, өңірдің ерекшелігіне бағытталған арнайы бағдарламаларды құрастыру негізінде, соңғылардың жайлы жұмыс жағдай жасау мен өмір сүрудегі нақты қажеттілікті ескере, білікті мамандарды тарту бойынша жұмыс тиімділігін арттыру.

Жалпы орта білім беру

2014-2015 оқу жылында қалада 32 мектеп қызмет етеді. (25 орта, 5 негізгі, 2 бастауыш), 2 кешкі мектеп. Одан басқа, облыстық мекемелер жұмыс іістейді: Алтынсарин атынд. дарынды балалар үшін мектеп-интернат, дарынды балалар үшін «Озат» мектеп-интернат, қазақ – түрік лицейі, 3 түзету мектебі, «Назарбаев интеллектуалды мектебі» (2014 жылдың желтоқсанында ашылды). Мемлекеттік емес 4 мекеме: «Ақ Нұр плюс» ЖШС («Мир эрудиции и любознательности» қайта тіркеуі жүргізілді), Мектеп - бақша гимназия, «Академиялық лицей» және «Ак-Ерке». Жалпы оқушылар контингенті – 24988 оқушы.

Қостанай қ. физико-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлер мектебі 2014 жылдың 12 желтоқсанда ашылды. Зияткерлер мектеп оқушылардың интеллектуалды потенциалын дамытуға жәрдемдесуге, оларға білім беруге және дағдыларын дамытуға, ол білімді, жоғары өңегелі, сынды ойлайтын, азаматтардың физикалық және рухани дамуын, өздігінен дамуға және шығармашылыққа талпынуына бейімделген. Интеллектуалды мектеп табиғи-математикалық бағытымен интегралдау білім бағдарламасын жүзеге асырады. Мектепте кәсіби пәндер физика мен математика болуына қарамастан, көп көңіл химия, биология игеруіне, гуманитарлық пәндерді зерделеуіне бөлінеді Қостанай Интеллектуалды мектебінде 7-12 сынып аралығында балалар оқиды, олар үшін оқу-тәрбиелеу үрдісін АҚШ, Ұлыбритания, ЮАР, Австралия, халықаралық педагогтары пәндік- мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтары, педагог-психологтар, педагогтар- ұйымдастырушылар-кураторлар, мұғалім ассистенттер, мұғалімдер, тәрбиешілер ұйымдастырады. Мектеп жанында 120 орынға жатақхана бар.

2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2020 жылға 12 жылдық оқу үлгісіне толық ауысуы жоспарлануда. Бүгінгі күнге қалада № 20 ОМ базасында 12 жылдық білім беруді енгізу бойынша республикалық деңгейінің тәжирибе алаңы жұмыс істейді.

Қаланың білім беру кеңістігінде 1895 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары және бірінші біліктілік санатымен 1042 мұғалім құрайды. 2012 жылдан бастап Қостанай қаласының педагогтары Кембриджкий бағдарламасы бойынша «Назарбаев зияткерлер мектебі» ОАҚ өткізілетін үш деңгейлі курстарда өз біліктілігін арттырады. 2012-2014 жыл жылдарға облыстық орталықтың 255 мұғалімі өз кәсіби біліктілігін артты және оқудың жаңа тұрғыда іске асыруына кірісті. 2015 жылы осы бағдарлама бойынша біліктілігін арттыруға 64 мұғалім жоспарланды. Сертификаттар жалақыға 30 %-дан 100 % дейін үстемақы алуға мүмкіндігін береді.

Оқушылардың білім тәуелсіздік бағасының компоненттерінің маңыздылығының бірі Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі болып табылады. 2014 жылы қала мектептерінің 11 сыныбының 723 түлегінен ҰБТ 509 түлек қатысты (70,4%). ҰБТ қорытындысы бойынша қала бойынша орташа балл көрсеткіші 92,24 бірлікті құрады, білім сапасы 63,85 %.

2014 жылы «Алтын белгі» белгісін алуына 21 түлек үміттенді. Білімнің сыртқы баға сапасының қорытындысы бойынша өз білімдерін 14 үміткер растады. Үздік аттестат алуына 3 үміткерден 2 түлек растады. Оқушылардың жетістіктерін зерделеу арқылы 187 (37 %) түлектер 100 баллдан жоғары жинады, 2013 жылы 15 % жоғары (2013 жылы – 22 %).

Білім беру үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту білім беру бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта қала бойынша компьютерлік техниканың қамсыздандыруы 25,7 оқушыға 1 компьютер. Кең сызықты интернетке кемінде 1 МБ/сек жылдамдылығымен қаланың барлық мектептері қосылды. Интернетке еркін қолжетімділігі қала мектептерінің тұрақты әртүрлі онлайн-сабақтарына қатысуға мүмкіндік береді.

Жыл сайын білім беру объектілерін ағымдағы жөндеуіне қаражат қарастырылады. Осылайша, 2013 жылы білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеуге жалпы 103,8 млн. теңге сомасына өткізілді, оның ішінде он бір орта мектептері мен УМЦ НВП (ОМ№8,9,11,13,16,17,18,19,22,23,30,УМЦ НВП) – 70 млн. теңге сомасына; алты мектепке дейінгі мекмелер (Б/Б№3,4,6,9,15,51)- 26,5 млн. теңге сомасына; үш мектептен тыс мекемелер (ГШТТ, шахмат клубы, аула клубы) 3,3 млн. теңге сомасына. 2014 жылы ағымдағы жөндеуге білім беру 21 объектісіне шамамен 73 млн. теңге көзделді. Негізінде осы қаражаттар жабынды, жылыту жүйесін, сумен жабдықтауын жөндеуіне жұмсалды.

Қаланың қосымша білім беру 7 мекемесінде 14119 бала айналысады, соның ішінде:

«Аула клубы» МКҚК- 4732 адам;

«Қалалық балалар шығармашылығының мектебі» МКҚК – 1353 адам;

«Орта мамандандырылған музыкалық мектебі» МКҚК – 637 адам;

«Карнавал» хореографикалық мектебі» МКҚК- 620 адам;

«Дарынды балалар үшін мамандандырылған көркем мектебі» МКҚК – 570 адам;

«Шахмат клубы» МКҚК – 95 адам.

Барлығы қосымша білім беруімен оқушының 62 % қамтылды.

2014 жылы жазғы демалыс пен сауықтырудың барлық түрлерімен 983 адам қамтылды.



Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан оқушыларға қолдау көрсету үшін оқу жылының басына әзірлеу және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмей қалуын ескерту кезінде «Мектепке жол» жалпы республикалық акция жыл сайын өткізіледі.
Білім беру жүйесінде мамандандырылған мекемелер желісі жұмыс істей-ді: «Балалар мен жасөспірімдер үшін пана», бастауыш әскери дайындықтар оқу әдістемелік орталығы, «Ашық есік» жасөспірімдердің психологиялық оңалту орталығы, «Дарын» дарынды балалармен жұмыс орталығы.

Күшті жақтары:

  • апаттық мектептер мен оқудың 3 ауысымы бар мектептердің жоқтығы;

  • қосымша мектептердің құрылысына байланысты оқушылар орындары тапшылығының жойылуы;

  • «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестаттарға түлек – үміткерлер санының өсуі және екінші жылға қалатындардың санының азаюы;

  • Интернет желісіне 100% мектептің қосылуы;

  • жағдайы төмен отбасылардың 100% оқушылары тегін ыстық тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

Әлсіз жақтары:

  • Тұрғындардың көшіп кетуіне байланысты педагогикалық кадрлардың перманенттық тапшылығы (көбінесе математика, физика, информатика, химия, ағылшын тілі мұғалімдері);

  • мектептердің материалдық-техникамен жеткіліксіз жабдықталуы.

Қауіп-қатерлер:

  • тұрғындардың еңбектің және өмір сүрудің жақсы шарттарына ұмтылу, білім беру жүйесінен жоғары біліктілігі және балалармен қарым қатынастың мол тәжірибесі бар педагогикалық кадрлардың жүйелі кетуіне соқтырады, аталған жағдай орта білім беру сапасын төмендетеді;

Мүмкіндіктер:

  • бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және мектеп оқушылар-дың санына 1 компьютерге 1 немесе 2 бала келетінге дейін және мектептің ком-пьютерлік техникамен жинақтау және кең жолақтағы Интернетке қосылу дең-гейіне жеткізу мақсатында орта білім беру нысандардың материалдық–техника-лық базасын нығайтумен байланысты шығындарды қаржыландыруға жеке мен-шік сектордың қатысуын ынталандыру;

Ұсыныстар:

  • Мектептердің, мектеп жанындағы интернаттардың күрделі жөндеуін және қайта жөндеуін өткізуімен байланысты шығындарды кеңейтіп қаржыландыру.

  • 12-жылдық білім беруге толығымен көшуін қамтамасыз ету мақса-тында және оқытудың жаңа түрлерін дамыту үшін білім беру ұйымдардың ма-териалдық-техникалық базасын (физика, химия, биология, информатиканың зертхананың кабинеттерін, басқа компьютерлік техниканы, интербелсенді тақ-таларды, сатып алу, кітапханалық қорды толықтыру және жаңарту, мультиме-диялық кабинеттерді сатып алу; Интернетке кең қол жетіміне қосылу, интер-белсенді тақталарды, спорт жабдықтарын және т.б. сатып алу) нығайтуға бюд-жеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке меншік қаржыландыруды ынталандыру.

  • Тұрғындардың көшіп кетуіне байланысты, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, информатика мұғалімдерінің перманенттік тапшылығын жоюға бағытталған өңірлік іс-шаралар жоспарын құрастыру бойынша жұмыс топтарын қалыптастыру.


Жоғары кәсіби білім

2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Қостанай қаласында 3 мемлекеттік ЖОО (7961 оқушы), 3 мемлекеттік емес жоғарғы оқу орын мекемелері (8731 оқушы) бар.

Мемлекеттік азаматтық оқу орындары:


  • ҚР білім және ғылым министрлігінің «А. Байтұрсынов атындағы Қоста-най мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізуге құқығы бар республи-калық мемлекеттік кәспорны, 7 факультет, 33 бакалавриат мамандығы, магистратураның 21 мамандығы, докторантураның 3 мамандығы бар;

  • «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты» РМҚК, білім алудың күндізгі және сырттай нысандары бойынша 7 факультет, 23 мамандығы бар.

Мемлекеттік азаматтық емес оқу орындары: «Қазақстан Республикасы-ның ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай акаде-миясы» РММ білім алудың күндізгі және сырттай нысандары бар, сонымен бір-ге біліктілігін арттыру және қайта оқыту, барлықтары құқық қорғау қызметі, педагогика және психология, әлеуметтік жұмыс 3 мамандықтары бойынша бюджеттік қаражат есебінен білім алады.

Дербес мемлекеттік емес оқу орындары:



  • Зұлқарнай Алдамжар атындағы «Қостанай әлеуметтік–техникалық уни-верситеті», білім алудың күндізгі және сырттай нысан бойынша; 3 факультет, 21 мамандық, 4 мамандық бойынша магистратура;

  • «М.Дулатов атындағы «Қостанай инженерлік–педагогикалық универси-теті» ЖО, білім алудың күндізгі және сырттай инженерлік- технологиялық жә-не экономикалық 2 факультетте дистанционды нысандары нысандары бойын-ша.

Мемлекеттік емес оқу орындарының филиалдары: «Челябі мемлекеттік университеті» ЖКБ ФГБОУ Қостанайдағы филиалы, білім алудың күндізгі жә-не сырттай нысандары бойынша, 6 мамандықтар: юриспруденция, экономика, менеджмент, отандық филология, шетелдік филология, лингвистика. Филиал біріңғай оқу ғылыми-өндірістік кешен құрамындағы ЧелМУ-дың құрылымдық бөлімшесі, қаржыландырудың негізгі көзі– студенттердің оқуға төлеуі.

Аймақтағы жоғарғы білімді дамытудың негізгі бағыттары: еңбектің және тұлғаның жалпы нарық қажеттіліктерімен сәйкес білім сапасының деңгейін қамтамасыз ету, өндіріске және қоғамдық өмірдің басқа салаларына инновациялық және ғылыми жетістіктерді енгізу, инновациялық бағдарламаларды іске асыру үшін академиялық байланыстарды дамыту, гармониялық дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Білім сапасының деңгейі қызметкерлердің және профессорлық-мұғалімдік құрамның біліктілігін арттыруға, сондай-ақ аймақтың индустриалды-инновациялық даму бағыттарымен сәйкес бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға жету кезінде қамтамасыз етіледі.

Аймақ ЖОО оқыту технологияларын жетілдіру, оқыту процессін ұйымдастыру және ұстау, оқу процессін ұйымдастырудың озық технологияларын енгізу, пәндердің оқыту-әдістемелік кешендерін жаңарту, білім берудің ақпараттандыруын кеңейту және оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану бойынша жұмыстар жүргізіледі. Материалдық-техникалық базаны нығайту, лабораториялық жабдықтармен, оргтехниканың жаңа құралдарымен жабдықтауды жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда.



Техникалық және кәсіби білім беру. Бүгінгі күнге талап етілетін қаланың еңбек нарығында 13793 оқушы 19 колледжде білім алуда, оның ішінде мемлекеттік – 10 және мемлекеттік емес – 9.

2013-2014 оқу жылында 2 мемлекеттік колледж өз қызметін тоқтатты – «Қостанай өндірістік колледж» МКҚК және ҚМУ МКҚК колледжі, сондай-ақ бір мемлекеттік емес колледж – Экономика, статистика және информатика колледжі ЖО.

ТжКБ қызметінің мақсаттары болып орта буындағы кадрлар мен мамандардың біліктілігін әзірлеу болып табылады. Колледждердегі мамандықтарды әзірлеу еңбек нарығындағы бүгінгі күнге қажеттілігі мамандығы бойынша негізінде жүзеге асады. ТжКБ жүйесінде мамандар мен жұмыс кадрлардың сапалы әзірлеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданылады, және оларды жұмысқа орналастыруына жәрдемдесу. Сондықтанда осы немесе басқа мамандықтарды іске асыру алдымен өңірдің кәсіпорындар кадрлары мен өңірдің әлеуметтік экономикалық дамытуының қарқыны қажеттілігімен мамандықтары анықталады.

Қала колледждерінің техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыру шенберінде курстық дайындықтары (1-ден 6 айға дейін) іске асырылады, талап етілетін мамандықтар бойынша: оқитындар қосымша біліктілікті алады, ол олардың одан әрі өнеркәсіп пен кәсіпорындарда жұмысқа орналастыру және кәсіби бейімделуіне мүмкіндік береді.

Қазақстандық жастардың техникалық және кәсіби білімін алуына және мемлекеттің индустриализация бағдарламасына қатысу ішінен ынталандыру және қатыстыру мақсатында колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысы іске асырылады. ТжКБ мекемесінде мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес оқу бағдарламаларын сапалы игеруін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.

Күшті жақтары:


  • колледждер желісін кеңейту және колледж бен КЛ оқушылар мен оқытушыларының саның арттыру;

Әлсіз жақтары:

  • колледждер мен КЛ өндірістік оқыту шеберлердің ТжКБ жүйесінен перманенттік кетуіне байланысты, олардың санының тұрақсыз динамикасы;

  • ТжКБ ұйымдарының көпшілігінің жатақханалары жоқ.

Қауіп-қатерлер:

  • колледждер мен КЛ өндірістік оқыту шеберлерінің төмен еңбекақысы, осы жағдай ТжБК жүйесінен кетуінде негізделеді, оқушылардың белгілі бір мамандық бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеруде білім беру үрдісі сапасының төмендеуін көрсетеді және еңбек нарығында колледждер мен КЛ түлектерінің талап етілуіне қиындық тудырады.

  • жеткіліксіз бюджеттік қаржыландыру КЛ желілерін кеңейтуді және кейбір елді мекендерде олардың жоқтығын шектейді, бұл жағдай бірінші кезекте ықтимал оқушылардың тұрғылықты мекен-жайларында оқу мүмкіндігін шектейді.

Мүмкіндіктер:

  • облыста, әсіресе ауылды жерлерде жаңа КЛ, колледждердің, жатақханалардың құрылысына бюджеттік қаражатты қамтамасыз ету;

  • колледждер мен КЛ желілерін кеңейтуде мемлекеттік – жеке меншік серіктестікті дамыту;

  • білім беру жүйесі мен кәсіпорын мен ұйымдардың тығыз байланысын болжамдайтын, сонымен бірге дайындалған мамандардың жұмысқа орналастыру мәселелерін шешетін корпоративтік білім беру принциптерін енгізу;

  • ТжКБ жүйесіне білікті кадрлардың келуін ынталандыру шаралар жүйесін құрастыру.

Ұсыныстар:

  • ТжКБ ұйымдардың оқытушыларының тағылымдама және оқушыларының тәжірибе өту үшін жұмыс берушілермен келісім жасау.

  • КЛ оқу – материалдық және ақпараттық базасын нығайтуға жұмыс берушілерді тарту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет