Бағдарламасы Қостанай қаласы, 2015 жыл



бет7/14
Дата23.02.2016
өлшемі1.36 Mb.
#8744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Туризм.

Қостанай қаласының тұрғындарына көшпелі туризм қызметтерін ұсыну-мен «Спутник» МТБ ЖШС, «Саяхат тур», «Sun Travel Club», «Мега Тур», «Лавка странствий», «Диас», «Вокруг света», «ВИП-тур» ЖШС, «Welcome» туристік агенттіктері айналысады. Сонымен шығу туризмі, барлық агенттік-термен ішкі туризм бойынша қызметтерді ұсынады (Қазақстанның санаторийі, соның ішінде Қостанай облысының «Сосновый бор», «Джайляу», «Селена» санаториялары мен демалыс базасы, «Светофор», «Сосновый бор» балалар демалыс лагері).

Мәдени – ағартушылық мекемелер (театрлар, кітапханалар, мұражайлар, клуб нысанындағы мекемелер, концерттік ұйымдар, кинотеатрлар, демалыс парктері және тағы басқалары) көшпелі және ішкі туризмді дамыту үшін негіз болады.

Қостанай қаласының аумағында қаланың туристері мен қонақтарын орналастырудың 6 нысан бар.

Сонымен бірге мынадай спорттық нысандар Мұз сарайы, Орталық ста-дион, «Лагуна» аквапаркы, «Дружба» профилакторийі, облыстық тарихи-өлке-тану мұражайы және Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық мұражай, және де қонақ үйлер желісі мен көңіл көтеру кешендері белсенді жұмыс істейді.

Мұз сарайында шайбамен хоккей, мәнерлі сырғанау, шорт- трек бойынша жарыстар өткізу үшін үлгілі мұз алаңы.

Орталық стадионда 8500 орын және футбол алаңында газоны бар. Отыратын орындары УЕФА-ның стандарттарына сәйкес келеді.

«Лагуна» аквапаркында 4 бассейн, су сырғанақтары, джакузи, түрік моншалары және фин саунасы, сонымен қоса тренажер мен фитнес залы, шаштаразы бар.

«Дружба» профилакторий» 100 орында есептелінген. Емдеу корпусы мен 150 адамға асханасы бар.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 7 залдан (Қостанай облысы мен қаланың тарихы, Қостанай қаласы соғыс жылдары, жануарлар әлемі, өлкенің этнографиялық мәдениеті) тұрады.

Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстың мемориалдық мұражайы Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер мен деректерін, өлкенің құру тарихын, сонымен бірге Мәриям Хакімжанованың шығармашылығын зертханасын сақтайды.

Қалада И. Иманов, А. Байтұрсынов, Л. Таран, Л. Беда, И.Павлов, Б. Майлин- ғалымдарға, жазушыларға, халық қаһармандарына арналған ескерткіштер және алғаш тың көтерушілердің монументі бар.

Қостанай облысының Статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес, 2014 жылы Қостнай қаласында туристерді орналастыратын 27 бірлік орын бар, орналастыру үлгісі бойынша объектілер қонақ үй болып табылады. Біржолғы сыйымдылығы–1010 койка-орын, койканың орташа құны-тәулігіне- 6158 теңге. 2014 жылға 90 443 келушіге қызмет көрсетілді, көрсетілген қызметтер көлемі- 610,8 млн. теңге. ҚР резиденттерімен 96,7 % келуші болып табылады ( ішкі туризм), ҚР резиденттері емес – 3,3 % (сыртқы туризм). Іссапар мақсаттары: 50,6 % адам Қостанай қаласына іскерлік және кәсіби қызметке байланысты келді, 49,4 % келушілер үшін - жеке мақсаттарда.
Ішкі саясат

Қостанай қаласында серіктестік және мемлекеттік органдардың диалог нысаны мен (ҮЕҰ) үкіметтік емес біріктірулер механизмі дамуда: 7 саяси партиялар жұмыс істейді, 19 этномәдени біріктірулер, 421 үкіметтік емес ұйымдар, 336 қоғамдық бірлестіктер. Қоғамдық ойлардың жетекші база мәліметтерінің құрылуы және жаңартылуда, Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес біріктірулермен өзара әрекеттесу бойынша кеңес жұмыс істейді.

Қостнай қаласында 19 діни бірлестіктері жұмыс істейді, оның ішінде 4 дәстүрлі діндерге жатады.

Неғұрлым ізбасарлар мен белсенділік серпінің өсуі ислам конфессиясымен сипатталады. Барлық мешіттер өз қызметін ДУМК потронажымен жүзеге асырады.

Діни бірлестіктер ішінен протестанттық бағытын «Свидетели Иеговы», «Церковь Жатвы», «Источник жизни» бірлестіктері неғұрлық белсенділікті көрсетеді.

15 діни объектілер жұмыс істейді. Қалған діни бірлестіктер өз шараларын жалдамалы пәтерлерде өткізеді.

Қала аумағында 11 тұлға миссионер қызметін жүзеге асыруға келеді: Германиядан, Польшадан, Ресейден және ҚР азаматтары. Ең көбі католик келушілердің миссионерлері құрайды.

Діни бірлестіктерге жататын баспалар қалада жоқ. Діни әдебиет діни бірлестіктер рухани басқармасынан келіп түседі.

Қостнай қаласының аумағында діни саласында жұмыс істейтін 2 үкіметті емес ұйымдар жұмысын атқарады: « Деструктивті діни ағымдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы» БФ, «Ассоциация практикующих психологов РК» ББ.

Қалада облыстық тақырыптық ақпараттықнасихаттау тобы жұмыс істейді, оның құрамына дін, ғылым, сарапшы саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органның, дәстүрлі діндердің, ҰЕҰ өкілдері кіреді.

Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «ПРЭКО Консалтинг» ЖШС өткізілген Қостанай облысында қоғамдық-саяси жағдайына мониторинг қорытындысы бойынша 2014 жылы Қостанай қаласында конфессаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты сұрақ қойғандардың 89% он бағалады, этноаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты сұрақ қойғандардың 88 % астамы.

2014 жылға бюджет қаражатынан мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға 37,9 млн. теңгеге жіберілді.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты баспасөз және электрондық БАҚ арқылы іске асырылады «Наш Костна», «Костанайские новости», «Қостанай Таңы», «Қазақстан-Қостнай» ОТРК, «Алау» ТРК, соның ішінде қала әкімдігі мен қалалық мәслихаттың НҚА жарықтандыру.

Жыл сайын қала әкімдігімен журналистер арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін үздік хабарландыруына қалалық байқауы өткізіледі.

Қостанай қаласында қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты. Қала халқының әлеуметтік көңл күйін зерделеу және әлеуметтік шиеліністің әлеуетті ошақтарын анықтау мақсатында блиц-сұрау қорытындысы бойынша әлеуметтік көңіл күйі мен әлеуметтік шиелініс картасы жасалады.

Проблема рейтингісінде қала тұрғындарында қауіпті тудыратын лидерлер болып:



  • экономикалық сипаттағы мәселелер:

алғашқы қажеттілік тауарларына бағаның өсуі – 79,3%, коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне- 84,1 %, еңбекақының төмен деңгейі- 31,5%, жолдардың жағдайы – 29,9 %;

  • әлеуметтік сипаттағы мәселелер:

медициналық қызметтердің сапасы – 53,6%, тұрғын үй мәселелері – 59,2%, жастарды жұмысқа орналастыру – 44%, бала бақшаларда орындардың жетіспеушілігі- 49,2% .

Қостанай қаласында тіркелген 421 үкіметті емес ұйымдарда 70 шамасында ҒӨБ белсенді жұмыс істейді. Оларға «Ауғанстан соғыс ардагерлерінің ұйымы» БҚ, «Үміт-Надежда» БҚ, қалалық ардагерлер кеңесі, мүгедектердің ерікті қоғамы, «Перекресток» БҚ, «Молодежная идея» БҚ, «Жас Отан» МК және т.б. жатқызуға болады.

Қостнай қаласында үскіметті емес сектормен өзара әрекеттің жүзеге асыру механизмі болып: мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, тұрақты қолданыстағы диалог алаңдарының қызметі, мынадай сияқты қала әкімдігі жанында ҒӨБ өзара әрекеті бойынша Кеңесі, облыстық азаматтық форум, әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі, қоғамдық тыңдаушылары болып табылады.

Жыл сайынғы социологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша үкіметті емес секторға халықтың сенімді деңгейі соңғы үш жылға 50 %-дан 70%-ға дейін. Мемлекеттік органдардың ҒӨБ өзара әрекеті халықпен позитивті қабылдау деңгейі 64,5%. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шенберінде ҒӨБ он бағалайтын қызметтердің халық үлесі 56,1 % құрады.


Жастар саясаты. Қостанай қаласында 14 -29 жас аралығында 61,8 мың жастар тұрады (ер жігіт- 29,3 адам, қыздар – 32,5 адам), халықтың жалпы санынан 28,2 % құрайды.

2014 жылы Қостанай қаласының жастар саясатын іске асыруына қалалық бюджет қаражаттан 3,7 млн. теңге сомасында бөлінді.

12 жас жобалары іске асырылды: шақырушылардың салтанатты шығаруы, жас журналистер конкурсы, «Би алаңы», КТК, «дебат турнирі, «Біздің аула», «КТК Колледж стай», қалалық мәслихаттың қызметі, Президенттің Жолдауын түсіндіру бойынша ИПГ қызметі, «Заманауи діни ағымдардың қызмет мәселелері бойынша жастардың ақпараттық сауаттылығын арттыру» семинары, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқау, «Dostsr.kz» КТК фестивалінің жобасын іске асыру.
Жастар саясаты шенберінде барлық шаралар «Біздің Қостанай» газетінде және Қостанай қаласы әкімінің сайтында хабарландырады.

Қалады 100 жастар ҰЕБ тіркелді, оның ішінде жұмыс істейтіні 30. Неғұрлым бұқаралық жастар ұйымы болып: «Балалар және жастар ұйымдарының ассоциациясы», «Қазақстанның азаматтық альянсы», «Қалалық жастар мәслихаты», «Қостанай облысының жастары», Қостанайдың жас басшылары», «Қазақстанның студенттер альянсы» және т.б., олар шамамен 18,9 % оқушылар мен жұмыс істейтін жастарды біріктіреді.

Қостанай облысында қоғамдық-саяси жағдайына мониторинг қорытындысы бойынша Қостанай қаласында мемлекеттік жастар саясатында қала бойынша қанағаттандыру деңгейі 70% құрайды. Қала жастары «Ауыл жастары», Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және «Облыс әкімінің гранттары мен стипендиясы», «Болашақ», «Жасыл ел» және т.б. бағдарламалық құжаттарын танитының көрсетті.

Қостанай қаласында «Қостанай қаласы әкімінің гранты» жобасы жүзеге асуда (Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек). Осы жоба аясында орта арнаулы және жоғары оқу орындарына жетім-балалар, табысы аз отбасылардың балаларына, мүгедек балаларға оқуға қаражат бөлінді, осы мақсаттарға 3,7 млн. теңге жіберілді.

14-24 жас аралығындағы жұмыссыз жастар ішінен қайта даярлау курстарына 27 адам жіберілді, оқу мерзімі 3 ай; кәсіби дайындыққа – 8 адам, оқу мерзімі 10 ай; біліктілігін арттыруға 1 адам жіберілді, оқу мерзімі 1 ай. Барлық курсанттарға 13407 теңге стипендия төленеді.

2014 жылы жұмыспен қамту органдарына 29 жасқа дейінгі жастар ішінен 1634 адам өтініш жасады, онда жұмыссыздар ретінде 602 адам тіркелді.

Жұмыспен қамту органына өтініш жасағандардың ішінде жоғары білімі бар – 516 адам, орта-арнаулы – 814 адам, бастауыш кәсіби – 57 адам.

Оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша жұмыссыздықтың деңгейін төмендету және жәрдем көрсету мақсатында түлектер үшін 4 бос орын жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде 62 кәсіпорын мен ұйымдардың қатысты, қала кәсіпорындарының мамандарда песрпективті қажеттілігі туралы ауқымды ақпарат ұсынды. Бос орын жәрмеңкенің қатысушыларына баспасөз жарнама өнімі ұсынылды. Бос орын жәрмеңкесіне 170 адам келді.

2014 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 138 адам жұмысқа орналасты. Жұмыстарын аяқтағандар ішінен тұрақты жұмыс орындарына 138 адам орналасты.

Жастар практикасын өту және мамандықтары бойынша алғашықы жұмыс тәжірибесін алу үшін жұмыс орындарына 107 адам жұмысқа орналасты. Жастар практикасын аяқтағандар ішінен 53 адам жұмысқа орналасты.



Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі
Қостанай қаласы бойынша қылмыстардың жағдайы 2014 жылы қылмыстар саны 0,3% төмендеуімен сипатталады.

2014 жылға ішкі істер органдарымен 11167 қылмыстар тіркелді. Автокөліктің ұрлық саны 30,7 % өсті, айдау 13 %, ұрлық 3,8%, есірткіні заңсыз айналымына байланысты 3 %, бұзушылық 1,9 % өсті. Сол уақытта адам өлімінің саны 50 % азайды, денсаулыққа қасақана келтірген ауыр зардаптары 31,6 %, алаяқтық 19%, қарақшылық 12,5%, тонау 1,5%.

Бір жылға 302 жол-көлік оқиғалары жасалды, онда 21 адам қаза тапты және 358 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды, өткен жылға қарсы ЖКО саны 1,6 % азайды.
2.2.3 Қаланың инфрақұрылымдық кешені дамуының талдауы.
Байланыс және коммуникация.

Азаматтарға телефондандыру бойынша қызметтерін «Қазақтелеком» телекоммуникация дирекциясы көрсетеді. 01.01.2015 ж. жағдайы бойынша Қостанай қ. монтаждау станцияның жалпы сыйымдылығы 118 811 нөмірлерін құрайды, нөмір сыйымдылығының жұмыс істейтін пайызы- 76,5%. Қостанай қ. бойынша орташа 100 тұрғындарға телефон тығыздығы ОТА 41,9 құрады. Үй шаруашылығының телефондандыру-99%. 2013 ж. қатынасы бойынша клиенттік базасының өсімі 101,1 % құрады.

01.01.2015 ж. жағдайы бойынша Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділігіне қолданушылардың саны 40 000 аса коммерциялық нүктелерді құрады, өткен жылдың қатынасы бойынша өсімі 107 % құрады.

Қазіргі уақытта Қостанай қаласында 5 оператор ұялы байланыс

қызметтерін ұсынады: Beeline, Activ, Tele2, Altell, Kcell.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақпараттық Қазақстан – 2020» 2013-2017 жылдарға бағдарламасы бекітілді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 101 қаулысымен осы бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты болып ақпараттық қоғамға көшу үшін жағдайлар жасау; мемлекеттік басқару жүйесін тиімді қамтамасыз ету; ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылым қолжетімділігін қамтамасыз ету; қоғамның әлеуметтік –экономикалық және мәдениетті дамыту үшін ақпараттық ортаны құру; отандық ақпараттық кеңістікті дамыту болып табылады.
Ұйымдастырушылық құрылымның дамуы

Бағдарламаның негізгі ережелерін іске асыру мақсатында қала әкімінің аппаратында ақпараттық – коммуникациялық технологиялар бөлімі құрылды, аталған бөлімнің қызметі Қостанай қаласы әкімдігінің web-порталын құруға және қолдау көрсетуге, ұсынылып жүрген электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңейтуге, электрондық құжат айналым жүйесін енгізуге, ақпараттық теңсіздікті төмендету бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға, қоғамдық қол жетім пунктерінің желісін ұйымдастыруда қатысу және т.б. бағытталған.

Қостнай облысы әкімінің 30.09.2013 жылғы № 352-ө өкімімен Қостнай облысының қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары мен облыстық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың автоматтандыруға жататын қызметтер тізбесі бекітілді. Тізбеге автоматтандыруға жататын 111 қызметтер кірді.

Қостанай қаласында үш ХҚКО жұмыс істейді.

Сапаны бағалауға мемлекеттік қызметтердің 85 қызмет түрі кіреді.


  • 11 мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсететін ішінара автоматтандырылған болып табылады, сондай-ақ «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейтін орталықтары арқылы;

  • 7 мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсететін ішінара автоматтандырылған болып табылады, бірақ «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейтін орталықтары арқылы көрсетілмейді;

  • 7 мемлекеттік қызметтер «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейтін орталықтары арқылы ғана дәстүрлі тәсілмен көрсетіледі;

  • 20 мемлекеттік қызметтер балама негізде көрсетілмейді дәстүрлі тәсілмен көрсетіледі (мемлекеттік органда және «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейтін орталықтарда);

  • 40 мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органда ғана дәстүрлі тәсілмен көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мақсатында қызметтерді бағалау карточкасын толтыру процедуралары енгізілді. Осылайша, 2014 жылы көрсетілген қызметтер бойынша 12,6 мың карточка толтырылды, барлық карточкалар «жақсы» көрсеткішімен белгіленді.

01.01.2015 жылға 7 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды:



  1. Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;

  2. Тұрғын үй көмегін белгілеу;

  3. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру үшін құжаттарды ресімдеу;

  4. Балалар мектепке дейінгі мекемелерге жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды тіркеу;

  5. Қамқорлық және қорғаншылық бойынша анықтамалар беру;

  6. Кәмелетке толмаған балалардың салымын иелену үшін банктерге, зейнетақы қорларына, ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшесінде кәмелетке толмаған балалардың мұрагерлігін ресімдеу үшін анықтамалар беру;

  7. Кәмелетке толмаған балалардың меңшік құқығына жататын мүлікпен келісісм ресімдеу үшін қамқоршы немесе қорғаншылық бойынша қызметтерін жүзеге асыратын органдармен анықтамалар беру.


Мемлекеттік органдар арасында байланыс орнату

Облыстық әкімдік «Қазақтелеком» АҚ ОДТ бірге Қостанай қаласы әкімдігінің ЭҚАБЖ қосу бойынша жобаны іске асырды, аталған жоба аясында облыстық және қалалық әкімдіктердің ғимараты арасында оптико – волокондық желі өткізілді.

2014 жылы Қостанай қаласы әкімдігінің 15 мемлекеттік мекемелердің барлық мемлекеттік қызметшілері ЭҚАБЖ ведомстволық ақпараттық жүйесінде жұмыс істеді, сондай-ақ «Айқын» жүйесі бапталды.
Мемлекеттік Деректер Базасын Енгізу

Мемлекеттік «Мекен-жайлық Тіркеу» АЖ деректер базасын енгізу және интеграциялаумен, өңірлік ақпараттық ресурстарды құруға бағытталған жұмыс 2007 жылғы тамыз айында басталды. Жауапты орындаушылар – «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ және қалалық ономастикалық комиссиясы. Облыс бойынша аталған бағдарламаның кураторы – Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы.

«Мекен-жайлық Тіркеу» АЖ - Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын объектілердің мекенжай мәліметтерінің жалғыз ресми көзі болып табылады, «Мүлікті тіркеу» мемлекеттік дереккөз АЖ - тиісті аймақта орналасқан барлық жылжымайтын объектілердің толық мәліметтерінің электрондық базасы, сондай-ақ иемденуші құқықтары туралы. Мәліметтер жүйесінің ақпараттық өзара әрекеттері – бұл бір жүйеден екінші жүйеге осы мекенжайларды тіркеу кодтарымен бірге жылжымайтын объектілердің мекенжайларын беру электрондық процедурасы.

Бүгінгі күнге ақпараттық жүйенің дереккөздері қалыптасты. Жылжымайтын объектілерге мекенжайларды тағайындау бойынша халыққа қызметтерді ұсыну электрондық мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жүзеге асады.


Мемлекеттік органдардың тұрғындармен және сыртқы субъектілермен байланыс ұйымдастыру

Қаланың мемлекеттік органдарының тұрғындар мен заңды тұлғалармен байланысты ұйымдастыру мақсатында Интернет желісінде Қостанай қаласының web-порталы: www.kostanay-city.kz. қызмет атқарады, Электрондық ресурстардың мемлекеттік тізімінде тіркелінді, Қостанай қаласы әкімдігінің web-сайтының қызмет ету тұжырымдамасы мен регламенті бекітілді.

Сайттағы ақпарат үнемі жаңартылады. Сонымен бірге сайттың дизайны үнемі өзгертіліп тұрады, жаңа техникалық талаптарға және навигация қолайлығына сәйкес келеді.

Қостанай қаласы әкімдігінің басқа мемлекеттік органдардан өзінің web-сайты білім бөлімінде бар.

Web-сайттардан басқа тұрғындардың электрондық ресурстар мен мемлекеттік қызметтерге қоғамдық қол жетім пунктері (ҚҚжП) арқылы жүзеге асырылады.

Жұмыстар «Ақпараттық Қазақстан – 2020» Бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес жүргізіледі және келесі бағыттар бойынша бастысы:

- қала әкімдігінің web-порталын әзірлеу, ресімдеу және толықтыру;

- ұсынылатын электрондық мемлекеттік қызметтердің көлемін және сапасын арттыру (жоғары тұрған Бағдарламалар мен нұсқаулықтарға сәйкес);



  • техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру;

  • әкімдіктің мемлекеттік органдарында бірыңғай транспорттық желіні кеңейту және электрондық құжат айналым жүйесін енгізу.

Алдағы жылдары аталмыш жұмыстар белгіленген бағыттар бойынша қарқынды және экстенсивті, мемлекеттік органдардың қызметінің жаңа салаларын тереңдетіп және қамтып жалғасатын болады.

Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталуда:



  1. Мемлекеттік органдар ұсынып жүрген электрондық мемлекеттік қызметтердің саның бағдарламалық құжаттармен белгіленген деңгейге дейін жеткізу.

  2. Әкімдікті мемлекеттік қызметшілердің - жұмысында және тұрғындардың - күнделікті өмірінде электрондық қол қою пайдалануды кеңейту.

  3. Ақпараттық технологиялар арқылы тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу.

  4. Қол жетім пункттердің желісін кеңейту және олардың толық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету.

  5. Тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді қамтамсыз ету үшін және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін қажетті деңгейге дейін компьютерлік, желілік және ұйымдастыру техниканы жаңарту.



Құрылыс
Қостанай қаласының тұрғын үй қоры жеке меншік және абаттандырылған көп қабатты сектормен ұсынылған, абаттандыру секторы шамамен 3 млн. 184 мың 335 ш.м. тұрғын үйді қамтиды. Қостанай қаласында 1056 көп қабатты тұрғын үйлер бар, негізгі үлесіне 1960-1970 жылда құрылған 2, 5 және 6 қабатты үйлер; 14615 жеке үйлер мен 3557 жеке 2, 6 пәтерлі үйлер.

Электрмен жабдықталған, орталық жылытумен, телефон байланысымен 100 % пәтер қамтамасыз етілді, сумен және су бұру жүйесімен – 98,9% газбен – 84,8%. Қаланың тұрғын үй қоры 86 тұрғын үй кооперативімен қызмет көрсетіледі.

Тұрғын қорын ұстау шығытардың пайдалану есебінен жүзеге асады. Тұрғын үйді ұстауына шығыстар жалпы аумағының 1 ш.м. 17 бастап 55 теңгеге дейін келеді.

2014 жылы тұрғын үйді енгізу 156 182 ш.м. құрады немесе 2013 жылғы деңгейге 103,1%, соның ішінде бюджет қаражаты есебінен 46 413 ш.м. ( 2013 жылғы деңгейден 28% жоғары- 36 180), жеке меншік 109 769 ш.м., оның ішінде халықпен 67 484 ш.м.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша республикалық және жергілікті бюджеттен ақшалай қаражат 4 млрд. 770 млн. теңге сомасында игерілді, соның ішінде 2 млрд. 646 млн. теңге тұрғын үй құрылысына, 2 млрд. 124 млн. теңге инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуына.

Құрылыс көлемінің жыл сайын артуына қарамастан жекелеген санаттағы азаматтарды тұрғын үйіне алуына кезектілік өсімі сақталады (01.04.2015 жылға 10 273 адам). Осыған байланысты құрылыс көлемінің артуы бойынша жаңа жолдары мен көзқарастардың іздеуін қажеттілігі туындайды.

Солтүстік-батыстық ауданында «БК Строй» компаниясымен «Арман» тұрғын үй кешені салынады, сауда орталығы мен жабық бассейннің құрылысы жоспарлануда.

Тұрғын үй құрылысына «Казахстанская ипотечная компания» ипотекалық ұйымы» АҚ қатыстырылды. 2012 жылдан бастап бөлшекті жоспарлау жоспарын әзірлегеннен кейін Әуежай ауданы игеріле бастады.

2015 жылы сондай-ақ «Қонай» және «Мерейлі» жаңа шағын аудандарының бөлшекті жоспарлауы әзірлене бастайды. Осы аудандарда жеке тұрғын үйлерді салу ға мүмкіндік болады. Қонай к. манында оңтүстік тұрғын үй ауданының аумағы–1300 гектар. Аймақты игеру кезең-кезеңмен болжанады. Бірінші кезекте - массивтің бөлшекті жоспарлауы жобасын әзірлеу 400 га. Бұл болашақта жеке тұрғын үйлерді салуына 2600 жер учаскілері бөлуге мүмкіндік береді.

Қостанай қаласы бойынша 2010-2014 жылдарға тұрғын үй салу қарқыны ұсынылды



№10- кесте


р/с

Көрсеткіш

өлш.бірл.

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар

млн. теңге

8985

9422

11404

12428

14260




Тұрғын үй құрылысына НКИ инвестициялар

%

114,1

97,6

115,3

104,6

107,5

2

Тұрғын үй салынды

ш.м.

111209

111219

119137

151527

156182




Өткен жылдың деңгейіне тұрғын үй құрылысы қарқыны

%

100,1

100

107,1

127,2

103,1

3

Тұрғызылған пәтерлердің жалпы саны

дн.

961

979

1161

1399

1426




соның ішінде:



















1)

-кезекте тұрғандар үшін арендалық тұрғын үй (коммуналдық)

ш.м.

4598

1258

4799

6313

4974




пәтерлер саны

дн.

68

18

70

114

69

2)

-несие тұрғын үйі (ипотекалық)

ш.м.

24342

2969

22528

23033

27405




пәтерлер саны

дн.

325

36

228

276

288

3)

-жас отбасылар үшін арендалық

ш.м.










6834

14034




пәтерлер саны

дн.










87

177

4.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. іс жүзіндегі орташа құны

мың

теңге


77,9

85

84,6

91,9

91,9

Құрылыс және құрылыс индустрияны дамыту мәселелері бойынша қаламыз аймақтар арасында озып келе жатыр. Облыс көлемінде тұрғын үй құрылысындағы қала үлесі 2014 жылғы қорытындылары бойынша 65%, сондай-ақ құрылыс-монтажды жұмыстарының негізгі үлесі қалаға келеді.

Тұрғын үйлерді тұрғызу бойынша өңірлер бөлінісінде мәліметтерді салыстыру № 11 кестеде көрсетілген.

Өңір


Тұрғын үйлерді пайдалануға беру,

2010 жыл

ш. м.


Тұрғын үйлерді пайдалануға беру,

2010 жыл

ш. м.


Тұрғын үйлерді пайдалануға беру,

2010 жыл

ш. м.


Тұрғын үйлерді пайдалануға беру,

2010 жыл

ш. м.


Тұрғын үйлерді пайдалануға беру,

2010 жыл



ш. м.

2014 ж., % 2010 ж.

Облыс бойынша барлығы

195082

196188

204750

247897

231780

118,8

Алтынсарин

1427

1428

1559

1 080

1 069

74,9

Амангелді

939

1257

1263

1302

1289

137,3

Әулиекөл

1618

1623

1644

1 826

2 291

141,6

Денисов

1037

1039

1043

1 067

1 056

101,8

Жангелді

1168

1220

1223

898

1 254

107,4

Жітіқара

7351

2706

2713

2 798

2 723

37,0

Қамысты

1422

1313

1357

1 556

1 367

96,1

Қарабалық

2770

2790

2796

3 905

3 109

112,2

Қарасу

1675

1675

1814

1 633

1 613

96,3

Қостанай

18735

20844

21558

29 775

22 348

119,3

Меңдіқара

1983

2001

2022

2 306

2 302

116,1

Наурызым

-

2023

638

13

149




Сарыкөл

1168

1182

1890

1 332

1 225

104,9

Таран

1204

1212

1245

1 117

1 277

106,1

Ұзынкөл

1984

1987

1000

214

1 002

50,5

Федоров

756

998

1178

1 258

1 249

165,2

Қостанай қ.

111209

109641

119137

156 182

151 527

136,3

Арқалық қ.

5154

9981

10225

5 735

1 439

27,9

Лисаков қ.

6382

2590

2591

5 782

5 489

86,0

Рудный қ.

27100

28687

27854

28 118

28 002

103,3

Қалада құрылыс индустриясын дамыту инженерлік коммуникацияларды салу бойынша жоспарланған жұмыстарын толық көлемде орындауға, қала жолдарының күрделі жөндеуі мен реконструкциялауын өткізуге мүмкіндік береді.

«БК-СТРОЙ» компаниясы 2013 жылы жылына темір бетонның 46 мың куб шамасында жоба қуаттылығымен темір бетон жинақтауын өндіру бойынша заводтарын пайдалануы жүргізілді, сондай-ақ «Евраз Caspian Сталь АҚ бойынша жылына ұсақ сортты прокаттың 450 мың тоннаға дейін қуаттылығымен прокат заводын енгізу бойынша жобасы іске асырылды.

Сондай-ақ «Костанай-МБИ» ЖШС ірі панельді үй құрылысы үшін өнім өндірісі бойынша комбинат құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыруын жүзеге асырады. ДСК құрылысы жыл сайын кемінде 70 мың ш.м. тұрғын үйді енгізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған құрылыс индустрия жобаларды іске асыру қаланың өнеркәсіп өндірісінің өсу негізгі нүктелері болуына қызмет етеді. Осы өндірістерден көлемнің жиынтық өсімі 60 млрд. теңге сомасында бағаланады.

2014 жылдың желтоқсанында қаланың солтүстік-батыстық ауданында физика-математикалық бағытымен Назарбаев Интеллектуалды мектебі ашылды. Шалғай аудандағы балаларға 120 орынға жатақханада тұруға мүмкіндікі бар. Қаланың осы аудан перспективасы: мында жеке тұрғын үйлер қарқынды тұрғызылуда, шағын және орта бизнесті объектілері пайда болды, үй құрылыс комбинатының құрылысы аяқталуда, коммуникациялар келтірілді.

Бюджеттің қаражат есебінен мемлекеттік тіл оқытуымен 500 орынға орта мектебін салу басталды. Жалпы сметалық құны 1392 млн. теңгені құрайды, 2014 жылға 350 млн. теңге игерілді. Жұмыстарды аяқтау 2015 жылдың күзінде жоспарлануда. 2015 жылға 1,1 млрд. теңге көзделді. Үш қабатты ғимаратта, мектептен басқа 100 бала үшін толық күн болуымен шағын-орталығы орналасады. Одан басқа, жылы тұрақ жайластырылды, жалпы мектеп шаралары үшін аумақ, футбол аланы, ұзынға секіру үшін алаңдар мен волейбол мен баскетбол үшін аралас алаңдар жайластырылды. Мектепте автономды жылумен жабдықтау көзі болады.

Сондай-ақ, бюджеттік қаражат есебінен жалпы аумағы 2500 ш.м. теннис орталығын салу жалғасуда. Жалпы сметалық құны 904 млн. теңгені құрайды, 2014 жылы 500 млн. теңге игерілді. Құрылысты аяқтау 2015 жылы жоспарлануда.

Набережнаяны абаттандыру жалғасуда. Гашек көшесі қиылысындағы паркті салу бойынша жобаны іске асыру жеке-мемлекеттік серіктестігі негізінде жүзеге асады.


Көлік инфрақұрылымы
Автомобиль жолдары – көліктік – коммуникациялық кешеннің маңызды элементтерінің бірі - тиімді жұмыс және заманауи жағдайларда экономиканың көтерілуіне көшуге, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту және деңгейін арттырудың маңызды факторлары болып келетін тұрақты даму.

«Қостанай қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ зерттеу мәліметтері бойынша 01.01.2015 жылға Қостанай қаласының автомобиль жолдарының ұзындығы 322 км. құрайды. Облыстық орталықтың жолдарының жабу үлгісі бойынша асфальтбетонды жабынымен 224 км ,грунттық - 98 км. А/б жабынымен жолдар ішінен жақсы жағдайда 67,2 км (30%), қанағаттанарлық – 136,6 км (61%), қанағаттанарлық емес – 20 км. (9%). Қостанай қаласында 115 көше бар, тротуар жолдарының ұзындығы 179 км. құрайды.

Қалалық жолдардың желісі барынша тозды. Құрылым нормалар мен ережелердің (бұдан әрі - ҚНмЕ) талаптарына сәйкес жолдардың орта жөндеуі әрбір 5 жыл сайын, күрделі жөндеу 14 жылдан кейін өтіп тұру қажет. Бірақта жолдардың негізгі бөлігінде жөндеуді 18-25 жыл өткізген жоқ. Нәтижесінде жолдардың негізі бөлігінің жол төсемі барынша тозды. Асфальт бетонның жабылуының қалыңдығы кейбір жерлерде 8-10 сантиметр орнына 2-4 сантиметр құрайды, осыған байланысты жол жабылуының белсенді қирайды, кесе, ұзын жарықтар, ірі және шағын шұқырлар, адыр-бұдырлы іздер бар.

Жоғарыда аталған деректерден жөндеудегі қажеттілікті жаппайтыны көрінеді, бұл жағдай қала көшелерінде жол киімінің нормативтен тыс тозуға соқтырады, көлік жүрісінің жылдамдығына қайшы келеді және көшелердің жүргінші бөлігінің өткізу қабілетін төмендетеді, бұл автомашиналар мен жаяу жүретін адамдардың қауіпсіздігіне әсерін тигізеді.

Қалалық жолдардың бір бөлігінде өңірлік тастары сияқты шектеулер жоқ немесе олар бұзылған, бұл оларды пайдалануда үлкен қиындықтар туғызады.

Соңғы жылдарға жоспарланған тұрғын үй құрылысының және автомобиль паркінің көбеюі қалалық жолдардың (көшелердің) құрылысын және пайдалану деңгейінің техникалық талаптарын арттыруға соқтырады. Жаңадан салынған шағын аудандар арасында жаңа кірме жолдарды салу қажет. 4,5,6 шағын аудандары, жеке меншік салынған және «әскери қала» сияқты аудандарда жетілдірілген қатты жабылуы бар, заманауи кірме жолдар жоқ. Қазіргі кезде қала көшелері ең бастысы жаяу жүретін адамдар мен көліктің ыңғайлығы мен қауіпсіздігіне байланысты талаптарды қанағаттандыру қажет.

Жетілдірілген жабылуы жоқ, кварталдар ішіндегі, жеке меншік құрылыстағы тұрғын аудандарындағы және шағын аудандар арасындағы жолдардың құрылысына соңғы 15 жыл қаражат бөлінген жоқ.

Қазіргі кварталдар ішіндегі асфальт бетон жабылуы көбінесе жағдайда тозды.

Жолдардың нақты жағдайын және бөлінетін қаражатты талдап, қалалық жолдардың орташа жағдайда сақтау үшін қаражаттың жетіспеушілігін атап кету қажет.
Жол жұмыстарын қаржыландыру. Қала көшелері бойынша жаяу жүретін кісілер мен көліктік құралдардың үздіксіз, қауіпсіздік жүруін қамтамасыз ету, оларды тиісті жағдайда сақтау мақсатында, қала тұрғындар мен қозғалыстың қатысушыларына барынша қолайлы жағдайларды жасау үшін көшелердің көлік жүретін бөлігіне, жаяу жолына және тағы басқа жол құрылыстарға жүйелі күтім қажет. Жоғарыда аталған міндеттерді шешу үшін бюджеттен соңғы жылдары мынадай қаражат бөлінді :

10-кесте


мың теңге

Атауы

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Көшелерді салу және реконструкциялау

1441 106

815 500

1021 200

1462 811

1 260 865

Күрделі жөндеу

111 201

340 000

438 600

383 830

201 848

Орта жөндеу

356 907

-

38 700

17 961

265 981

Шұнқырларды жөндеу

61 873

187 000

190 300

305 690

191 000

Жиыны

1 859 886

1 342 500

1 688 800

2 170 292

1 919 754


2011 жылы жолдарды реконструкциялау және күрделі жөндеу бойынша жобаларды іске асыру шенберінде 6 км. жол жөнделді.

Одан басқа, «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы бойынша Узкоколейная, Рабочая, Складская көшелерін және дизелді заводқа жолдарын реконструкциялауына 1 млрд. 122 млн. теңге игерілді.

Жалпы аумағы 53 мың ш.м. көшелердің шұңқыр жөндеуі орындалды.

2012 жылы 3,3 км. жолдары реконструкцияланды. Күрделі және басқа да жөндеу жұмыстарымен 8км. жол салынды. Амангелді к-сі, Энгельс к-сі, Красносельская к-сі реконструкциялауы жүргізілді, Победа к-сі, П.Борцов күрделі жөндеуі өткізілді, Таран к-сі орташа жөндеуі – 9 мың ш., шұңқыр жөндеуіне- 59 мың ш.

2013 жылы 3,01 км жолға реконструкция жүргізілді, соның ішінде: Гагарин-Орджоникидзе көшелері шекарасында Баймағамбетов к-сін, Таран-Жощанов шекарасында Чехов к-сін, Орджоникидзе-Киевская көшелері шекарасында Герцен к-сін, күрделі жөндеу – 0,9 км. жолға орындалды, орташа және шұңқыр – 8,5 км. жол.

2014 жылы 5,113 км. жол реконструкцияланды, соның ішінде: Гагарин-Орджоникидзе көшелері шекарасында Баймағамбетов к-сін 1,1 км, Солнечная – Федоров трассасының байлауына шекарасында Авиационная к-сін – 3,267 км, автожолдарды реконструкциялау және Үй құрылыс комбинатынасыртқы алаңдық инженерлік коммуникациялар- 0,746 км.

Гоголь-Дощанов к-рі ш-да Железнодорожная к-сі жөнделді, ұзындығы 1,1 км. Қала көшелерінің шұңқыр жөндеуі 7,8 км және орташа жөндеу – 6,2 км орындалды.

«Жол қозғалысын реттеу желісін реконструкциялау» жобасы аясында жыл сайын 15 бағдаршам объектілерін ауыстыруға жатады осы мақсаттарға бюджет қаражатынан жылына шамамен 170 млн. теңге бөлінеді.


Жергілікті көліктік жол бағыттары
Қостанай қаласында қалалық жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен және жеңіл автомобиль-таксиімен тасымалдайды.

Тұрақты жолаушыларды Қостанай қаласында тасымалдау үшін жол бағытында жүйесінде 39 жол бағытын қамтиды, оның ішінде 28 бағыт қалалық (23 –тұрақты, 5-маусымдық) және 11 қалааралық (9 тұрақты, 2-маусымдық). Қалалық және қалааралық жол бағыт жүйесінің ұзындығы 616,7 километр, бағыттың соңғы пунктерінің арасындағы арақатынасты есебімен. Бағыттарда 404 аялдама пунктері ұйымдастырылды, оның ішінде жабдықталды: аялдама павильондарымен – 250, автобустар үшін аялдама алаңдары – 213, жолаушылар үшін отыру алаңдарымен– 319. Қалалық және қалааралық жол бағыттары 6 жеке кәсіпорындары мен 3 жеке кәсіпкерлер шарт негізінде 4 жылға қызмет көрсетеді.

Тұрақты жол бағыттарында жолаушылардың тасымалдауына 427 автокөлік бірлігі, оның ішінде 419 автобус және 8 шағын автобус. Конструкция бойынша 37 автобус коляскадағы мүгедектерді тасу үшін арналған.

Автобустардың қолдану мерзімі 1 жылдан 29 жылға дейін, шағын автобустар 7 жылдан 11 жылға дейін.

Қалалық маршрут келісім жағдайлары бойынша тасымалдаушымен көктем-жазғы кезеңде 6 сағат 30-45 минуттан 23 сағатқа дейін, күзгі-қысқы кезеңде 22 сағатқа дейін.

Қалалық бағыт бойынша автобустар мен шағын автобустарда жолақы құны 2013 жылдың 12 шілдесінен бастап 60 теңгені құрайды.

Тасымалдаушылардың келісімі бойынша меншік қаражат есебінен төмендегідей жолақы жеңілдіктерін ұсынады:

- тегін жол жүру - 7 жасқа дейінгі балаларға, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және мүгедектерге, көздері көрмейтін 1 және 2 топ мүгедектерге, қалалық және облыстық ардагерлер кеңесінің 33 мүшесі;

- 7 және 15 жастағы балаларға жүру құны 30 теңге мөлшерінде 50 % төлеуге;
- барлық категориялы зейнеткерлерге қалалық маршруттар бойынша белгіленген жүру құнынан 10 теңгеге төмен төлеуге және 50 теңгені құрайды;

2015 жылдың 1 сәуірінен бастап автотасымалдауыштармен Ленинградтың концлагерлері мен блокадниктердің тұтқындарына жолақысын тегін көрсетуге шешім қабылдады, 44 адам. Қазіргі уақытқа «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған азаматтар санатынақоғамдық көлікте тегін жүруге құқығын беретін куәлік әзірлеуде.

Қазіргі уақытта автотасымалдауыштар GPS монитринг жүйесін енгізеді, ол қалалық қоғамдық көліктің бағыты туралы, аялдамалар туралы, онлайын тәртібінде көліктің ағымдағы жағдайын туралы ақпарат ұсынады. Осы қосымша аялдамаларда көлікті күту уақытын оңтайландыруына мүмкіндік береді. GPS жүйесі – мониторингі сайт қоданушысына жүргізушінің жылдамдық тәртібі, қозғалыс интервалын, сонымен қатар қозғалыс бағытын сақтауға мүмкіндік береді.

Қаладағы теміржол көлігі «Қазақстан Темір Жолы» МРК ұсынылған. Аталмыш филиал қызметінің негізгі түрі жүкті жіберумен және жолаушыларды тасымалдаумен байланысты.

Әуе көлігі «Халықаралық әуежай «Қостанай» АҚ–ен ұсынылған, оның негізгі тағайындалуы жолаушыларды және жүкті жіберуді қамтамасыз ету болып табылады.
Тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы.
01.01.2015 жылға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 7 мемлекеттік кәсіпорындардар жұмыс істейді, оның ішінде 3 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ( «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» МКК, «Қостанай-Су» МКК, «Қостанай қалалық мәдениет және демалыс паркі» МКК) және 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100% мемлекет үлесімен ( «Тазалық-2012» ЖШС, «Стикс-2012» ЖШС, «Наш Костнай» газеті» ЖШС, «ЖКХ ремонт» ЖШС). Жұмыс істеушілердің штаттық саны - 1983 адам, 2014 жылға көрсетілген қызметтердің өндірілген өнім көлемі – 8244 млн. теңге.

Қостнай қаласында 2011-2014 ж.ж. кезеңге «ТҮКШ жанарту бағдарламасы» іске асыру шенберінде 895,9 млн. теңге сомасына 53 үйлер жөнделді.

2011 жылы бірінші және екінші механизмі бойынша 360,6 млн. теңге сомасына 12 үйлер жөнделді, соның ішінде 1 механизмі бойынша – 5 үй, ІІ механизмі бойынша 7 үй жөнделді.

2012 жылы бірінші механизм бойынша 138,7 млн. теңге сомасына 14 үй жөнделді.

2013 жылы қайтару қаражаттары есебінен 207,2 млн. теңге сомасына 14 үйлер жөнделді.

2014 жылы екінші механизмі бойынша 189,4 млн. теңге сомасына 13 үй жөнделді, соның ішінде бюджет қаражаты есебінен 173,1 млн. теңге сомасына 11 үйлер, қайтару уқаражаттары есебінен 16,4 млн. теңге сомасына 2 үй жөнделді.




№ р/с

Желілер атауы

Жалпы ұзындығы, км.

Коммуникация жағдайы

тозу

%


Баланстық қажеттілік

жақсы

қанағат.

қанағат.емес

1

Су құбыр желілері

505,3

88,5

183,3

233,5

82,5

коммуналдық қалалық

2

Кәріз желілері

369,1

100,2

165,5

103,4

72,9

коммуналдық қалалық

3

Жылу желілері

233,5

50,0

152,6

30,9

78,6

коммуналдық қалалық

4

Электрлік желілері

985,9

865,5

100,4

20,0

12,2

жеке

5

Газ құбырлар желілері

750,2

713,9

36,3

-

4,2

коммуналдық облыстық


Газбен жабдықтау.

Қала аумағындағы газбен жабдықтау табиғи және көмір сутегілі газдың пайдалану базасында өтеді.

2013 жылдың мамырынан бастап Қостанай қаласында тарату желілері бойынша газды тасымалдау, халыққа апатсыз және үздіксіз газбен жабдықтауын қамтамасыз ету, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіп кәсіпорындарды ҚР газ тарату компаниясының ірісі, Қазақстанда тауар газын нарықта өткізумен 90 %өз қызметтерімен қамтитын «КазТрансГазАймақ» АҚ кәсіпорны жүзеге асырады.

Облыс «Бухара-Урал» магистральді газ құбырына үш нүктеге қосылған, жалпы ұзындығы 353,5 км. Газды жеткізумен 4 қала тұтынушыларына (Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара) және облыстық 6 аудандарында орналасқан 45 поселкіде жүзеге асады.

«КазТрансГазАймақ» АҚ Қостанай қаласында Қостанай газды шаруашылығы ұсынады, ол Қостанай қ., Уданик к., Майкөл к. қызмет көрсетеді.

Қостанай газды шаруашылығы келесі газ тарату жүйесінің пайдалануында:



  • Газ құбырлар жалпы ұзындығы – 750 км. 213 м., оның ішінде: жоғары қысы – 113,6 км; орташа қысым – 58,87 км., төмен қысым – 581,1 км.;

  • Газды реттеу пунктері – 62;

  • Сөрелі реттеу пунктері – 233;

  • Электрхимқорғау жабдықтары – 161.

Қостанай қ. бойынша абоненттер саны– 72 175 адамды құрайды, оның ішінде:

  • Абатталған үйлер – 979 ү. (пәтерлер – 59 100)

  • Жеке сектор – 12 665 үй.

  • Газдандырылған кәсіпорындар саны – 250.

  • Ударник к.69 үйлер; Майкөл к. 104 үйлер

Халыққа апатсыз және үздіксіз газбен жабдықтауын қамтамасыз ету, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіп кәсіпорындармен Қостанай газды шаруашылығының 6 қызметі айналысады.

Қостанай облысының Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 2014 жылы Қостанай қаласында 1313 млн. теңге сомасына газ тәрізді отын өндірілді және таратылды.
Электр қуаты.
«ЭПК forfait» ЖШС облыстық орталықты электрмен жабдықтауды жүзеге асырады.

35-220 кВ желілер бойынша«Межрегионтранзит» ЖШС, 0,4-10 кВ желілер бойынша «Қостанай ЭнергоОрталық» ЖШС электр энергияның жеткізуін жүзеге асырады.

Электр жабдықтау желілерінің ұзындығы 1030 км, 10/04 килоВольтты 311 трансформаторлық кіші стансалардың, кешенді трансформаторлық кіші стансалардың жабдықтауы мен құрылысы қанағаттанбаушылық жағдайда. Аталған себеп бойынша жиі апаттар болып тұрады, және қала тұтынушыларына электр қуаты үзіліп беріледі.

Қаланың негізгі электр қуатын өндіруші көзі – Қостанай ТЭО – қуаты 12 МВт. Оның өндіретін электр қуаты өздерінің мұқтажын жабу үшін қолданылады.

Қазіргі кезде қала электр қуатын пайдалану мен Екібастұздың энергиялық кешенінен 1500 жуық км қашықтан жеткізуге кететін өндіру арасындағы айырмашылықты жабуға мәжбүр.

Қостанай облысының Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 2014 жылы Қостанай қаласында 6320 млн. теңге сомасына немесе 53681,9 мың кВт.сағ. электр қуаты өндірілді, берілді және таратылды.


Энергияны үнемдеу
Энергияны үнемдеу және экономиканың энерготұтынуын оқшаландыруға соңғы жылдардың басым міндеттеріне кіреді.

«Қостанай облысының 2008-2015 жылдарға арналған энергияны сақтау» өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Қостанай қаласының 2015 жылға дейін, жаңа қуатты енгізуді ескере, болашақта 2030 жылға дейін жылытумен жабдықтауын дамыту сызбасының» іске асырылуы көзделуде.

Қазақстан республикасының энергетика және минералды ресурстар министрлігінің бұйрығымен бекітілген электр қуатын коммерциялық есепке алу автоматтандырылған жүйесін (ЭқКЕаАЖ) енгізу кестесіне Қостанай облысының 6 кәсіпорын, соның ішінде «Межрегионтранзит» ЖШС, жылыту энергетикасы бойынша «ҚЖЭК» МКК қосылды.

Сондай-ақ энергияны үнемдеу мәселелерін шешу үшін 2020 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жанарту 2011-2014 жылдарға салалық бағдарламасы әзірленді, күрделі 54 көп пәтерлі тұрғын үйлер жөнделді, жөндеу терможанарту элементтерімен орындалды.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің энерго-аудит өткізілді, олар ғимаратты зерттеу, бағалау және талдауын қамтиды, іс жүзіндегі жағдайларды және әртүрлі іс-шараларды, энергияның тұтынуын төмендету және ғимараттың микроклиматын жақсарту үшін жүзеге асуы мүмкін.

Жылу энергияны тиімді қолданудың тәсілінің бірі болып жылу энергиясын есепке алу құралының орнату болып табылады (жылу шоттары). 2015 жылдың 1 сәуіріне жылу энергиясын жалпы үйде қолданылатын құралдармен халықтың қамтуы 18,4 % құрайды, барлығы көп қабатты үйлердің саны-1056 бірл., жылу энергиясының шоттарымен қамтылды – 194 бірлік.


Жылумен жабдықтау.

«Қостанай жылыту энергетикалық компания» МКК қаладағы жылымен жабдықтайтын кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын қаланың 80% тұрғын үй қорын жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Отынның негізгі түрі ретінде табиғи газ, резервтегі қара май пайдаланады. Резервтегі отынның қажетті қордың көлемі 20 000 тонна құрайды.

Жылытумен жабдықтау құрылымы жылыту және электр қуатының ірі көздерімен орталықтандырылған жүйе базасында қалыптасты.

Жылыту көздердің жалпы орналасқан жылыту қуаты сағатына 1259,7 Гкал құрайды.

Кәсіпорын құрамына мына бөлімшелер кіреді (11- кесте):




Бөлімшенің атауы



Электр қуаты, (МВт)

Жылу қуаты (Гкал/сағ.)

Бу қазандардың саны

Су жылытатын қазандардың саны

Желілердің ұзындығы, (км.)

1

Қостанай жылыту электр - орталық

12

481,9

4

5




2

№ 2 қазандық




320,6

5

5




3

№ 3 қазандық




427,9

2

3




4

Шағын қазандықтардың цехы (8 бірлік)




29,3

1

18




5

Жылулық ауданы, соның ішінде тарататын магистралдық.













233,5

195,2


38,2

Қостанай қаласында 11 қазандық жұмыс істейді, соның ішінде 3 бірлік қуаттылығы 100 Гкал жоғары және 8 бірлік қуаттылығы 100 Гкал дейін, соның ішінде

2014 жылы жылу энергияның пайдалы демалысы 1117,7 мың Гкал немесе 2013 жылдың деңгейіне 104,6 % құрады, электр қуаты шығарылды 53 648 мың кВт. 2013 жылдың деңгейіне 86%.

Жылу энергетикалық жүйесінің бағдарламасын дамыту бойынша бюджет қаражаты есебінен тұзды ұяшықтың т/б қабырғалардың тұзды шаруашылығын реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізіледі Қостанай ЖЭО сорғышн ауыстыруымен және Карбышев к-сі бойынша «Қостанай ЖЭК» МКК № 16 жылу магистраліне сорғыш станциясын салу.


Сумен жабдықтау.

Қостанай қаласының шаруашылық – ішімдік және өндірістік сумен жабдықтау көздері – Тобыл өзені, оның ағуы Амангелді су сақтау қоймасында реттеледі және Қостанайдың жер астында туған сулар.

Қаланың сумен жабдықталуы «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынмен қамтамасыз етіледі. Фильтрде өткізу стансаның суды тазартудың технологиялық сызбасы судың коагулирдауды, тұруын, сүзуден және зарарсыздандырудан (хлорлау) тұрады.

Қостанай қаласы бойынша су құбыр желісінің ұзындығы-505,3 км. Негізгі инженерлік коммуникациялар мен технологиялық жабдықтардың тозуы 82% аса құрайды. 70% аса су құбыр желілері мен құрылғылардың пайдалануы 35-40 жылдан асады.Осындай техникалық жағдайда су құбырлары мен кәріз жүйелерін одан әрі пайдалану жие апаттар мен бұзушылықтарға апарып соғады. Су құбырлардың магистральді және тарату желілерінің апатты зақымдары оларды жою бойынша кәсіпорынның қаржы шығындарына келтіреді. Сумен жабдықтау желілерінде айыру деңгейі 14,4-15,02% құрайды.

Жөнделген желілер: 2011 жылы – 7,8 км., 2012 жылы- 7,91 км., 2013 жылы- 5,92 км., 2014 жылы- 6,5 км.

Қостанай қаласында кәріз орталықтандырылған жүйесі жұмыс істейді.

Ағындыи (канализация) суларды жинақтау буландырғышқа қабылдау және бұру канализациялық сорғы станцияларындағы диаметрі 100-ден 1300-ге дейін милиметр (бұдан әрі - мм) коллекторы арқылы жүзеге асырылады.

Ағынды сулар қаладан 14 км жерде орналасқан жалпы көлемі 7178,3 га құрайтын жинақтау – буландырғышқа түседі.

Жөнделген желілер: 2011 жылы – 0,93 км., 2012 жылы- 0,17 км., 2013 жылы- 0,72 км., 2014 жылы- 0,59 км.

2014 жылға іске асырылған тазартылған судың мөлшері 14256,7 мың м3 немесеии 2013ии жылғы деңгейге 98 % құрады, сумен тұтынудың төмендеуі халықтың ресурсты тұтынуынии есепке ииалу құрылғыларын орнатуымен және бақылау жүргізуімен туындады.

2014 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бағдарламасы бойынша 14 объекті бойынша жұмыстар жүргізілді, соның ішінде 3жобаны орындау аяқталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет