Бағдарламасы Қостанай қаласы, 2015 жыл



бет3/14
Дата23.02.2016
өлшемі1.36 Mb.
#8744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Бәсекелестікті дамыту
Облыстағы тауар нарықтарындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін зерделеу мақсатында 49 тауар нарығын талдауы жүргізілді, олардың 40 бәсекелестігі дамымаған жоғары шоғырланған типке жатқызылды (электрмен қамтамасыз ету, жеткізу, сақтау және авиациялық керосинді сату, табиғи және сұйылтылған газды көтерме бағамен сату, көмірді көтермелеп сату, ҚТҚ шығару, нан қабылдау кәсіпорындарының қызметтері (жергілікті нарық шеңберінде).

Одан басқа, шағын кәсіпкерлік әлсіз диверсификациялау болып жалғаса береді, инновациялық белсенділігі төмен, Кедендік одақтың қолданыстағы бәсекелестік нарығына кіру барысында маңызды кедергі болып табылатыны танылды.

Экономиканың ерекшелігін ескеріп және нақты тауар нарығының әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, кейбір негізгі салалар бөлінді, оларға бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараны атқарушы органымен мақсатқа лайықты және барынша тиімді іске асыру:

агроөнеркәсіп кешені;

бөлшек сауда;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және байланыс;

отын-энергетикалық кешен.

Агроөнеркәсіп кешенінде бәсекелестікті дамытуға негізгі ерекшелік саласын маңызды әсер етуін көрсетеді. Бәсекелестіктің дамытуымен шектелетін бір қатар факторлар бар: материалды және қаржылық ресурстардың жетіспеуі, өндіріс өнімінде вертикальді интеграция дамуының жетіспеуі, бірлесу дамуының ең аз деңгейі, мемлекеттік жеке серіктестіктің болмауы.

Бәсекелестіктің жағдайына қоймалардың, алғашқы жинау өнімінің пункттерін сақталуының болмауы, ауыл шаруашылығы өнімінің биржалық саудасының дамымағаны кері әсерін тигізеді.

Бәсекелестіктің дамуына жол бермейтін негізгі барьерлер:

өткізетін жөндеу нарығының болмауы, шағын тауар өндірушілеріне өз бетінше (немесе аз делдалдардың санымен) сыртқы нарық саласында және олардың шегінде өндіретін ауыл шаруашылығын іске асыруға кедерін тигізеді;

әкімшілік барьерлер, ауыл шаруашылығын белгілеу жерін алу жөніндегі тәртіптің ұзақтығымен, нанды қабылдау кәсіпорындары кешендік қызметін көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат ететін құжаттарды алумен байланысты;

энергетикалық және инфрақұрылымды өткізудің болмауы.

Жергілікті атқарушы органдарымен өңірлік саясатты жүргізу шеңберінде олардың бәсекеге қабілетті өсуі мақсатында агро өнеркәсіп кешені саласын динамикалық дамыту бойынша сәйкесінше шаралар қабылданады, елді интеграциялау жағдайында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін және өндірістің аграрлық адаптациясын қамтамасыз ету және мыналар бойынша мүмкіндік қарастырылды:

ішкі нарықтың азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету (меморандумдарды жасау жолымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды
қатыстыру және т.б.);

өндірісте, қайта өндеу және ауыл шаруашылығы өнімін сақтау жаңа технологияларын енгізу (құрылыс, жылы жайларды қайта жаңарту және жетілдіру, құстардың фабрикасын, фермалардың, цехтердің сүт және ет өнімдерінің өндірісі және қайта өнделуі бойынша);

аграралық өндірістің саласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту.

Бөлшек сауда саланың жетіспеуіне көлік-логистикалық жүйені дамуының болмауына жатқызу қажет, қысқа мерзімдегі қабатты жүйенің дамымауы.

Бөлшек сауда саласы бәсекелестік деңгейін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау талап етіп отыр (кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін кедергілерді шығару және жою, тұтынушыларға берілетін қызметтің сапасын жақсарту).

Жергілікті атқарушы органымен ішкі сауданы дамыту саласында бәсекелестікті дамыту жөніндегі келесі шаралар қабылданатын болады:

халықаралық, өңіраралық және шектесу кезіндегі серіктестікті дамыту жолымен экспортқа бағытталған кәсіпорындар үшін жағдайларды құру (Кедендік одақтың шегінде өзара әрекеттесу субъектілерін жақсарту);

сауда орындары инфрақұрылымын жетілдіру мемлекеттік көмек беру шеңберінде нарық субъектілерін жалға беруге коммуналдық меншік объектілерін пайдаланбайтын жабық павильондардың құрылысы және беру).



Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және байланыс. Кабельді теледидарының желісі бойынша телевизиялық бағдарламаларды ретрансляциялау қызметінің нарығы бәсекелестігі дамымаған жоғары концентратты нарығының түріне жатқызылады.

Осы нарыққа кіру кезінде әкімшілік барьерлер анықталды жаңа субъектілерге (лицензияның болуы және шетел бұқаралық ақпарат құралдарын хабарландыруға рұқсат ету).

Атқарушы органымен бәсекелестікті дамыту бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін негізгі бағыттар ретінде инфокоммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру және дамыту мүмкіндігін қарастырады, оның ішінде Индустриализациялау картасына қосылған инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жолымен.

Отын-энергетикалық кешені. Газбен жабдықтау және электрмен жабдықтау саласында бәсекелестікті шектейтін факторлар байқалады:

коммуналдық инфрақұрылымның тозудың жоғары деңгейі, жоғары капитал салымдарының қажеттілігіне байланысты әсемді емес тауар нарығына әсер етеді;

әкімшілік барьерлер (лицензияларды алу үшін біліктілік талаптарын орындауға бағытталған іс-шаралардың орындалуының қиындығы);

импортқа тәуелділік (өңірдің газификация деңгейінің төмендігі);

сыртқы жеткізушілерден энергетикалық тәуелділік;

энергияларды берушілермен энергожабдықтау компанияларды аффилирлеу (барьер әлеуетті бәсекелес нарығына кіру үшін – энергияны беретін ұйымдардың желісін қол жеткізу кезінде кедергі болуы);

тауар нарығында мемлекеттің қатысуы (мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар).

ЖЭК саласында бәсекелестікті дамытуды ынталандыруға бағытталған шаралар ретінде, бәсекелестік ортасында бәсекелес қызмет түрлерін беру мәселесі қарастырылады (Бәсекелестік туралы Заңының 77-бабы шегінде). Сонымен қатар бәсекелестікті дамыту деңгейінің жеткілікті болмауынан әлеуметтік маңыздылығы және тарифтердің (бағалардың) өсу қауіп қатері ескеріледі. Осыған байланысты, атқарушы органымен құқықты жолда регламенттік жұмысты жүргізуді күшейту қарастырылды.

Атқарушы органымен бәсекелестікті дамыту мақсатымен мына іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр:

әкімшілік барьерлер қысқарды (кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат ететін құжаттарды алу тәртібін (жою) жеңілдетуге нормативтік құқықтық актілерді талдау бойынша жүйелік жұмысты жалғастыру);

кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік органдардың тікелей қатысуын қысқарту;

жергілікті билік органдары қызметінің ақпараттық ашықтығын жоғарлату;

басымды салаларда тауар нарықтарының инфрақұрылымын дамыту.
2.2.1. Қала экономикасын талдау.
Өнеркәсіп
Ғылыми кең, жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өндірістер құруына бағытталған аймақтық өнеркәсіп саясатын жүзеге асыру арқылы экономиканың нақты секторын дамыту жұмысында оң беталыстар бекітілді.
4- кесте

Өнеркәсіп дамытудың негізгі көрсеткіштері


Өңір


Өнеркәсіп өндірісінің

(тауарлар, көрсетілетін қызметтердің) қолданыстағы бағалар көлемі



(млн. теңге)

Үлес салмағы, %.

Нақты көлем индексі, %.

2014 ж.

2013 ж.

Облыс бойынша барлығы

532 484,6

530 474,2

100,0

100,2

Алтынсарин

2 404,7

2 342,3

0,5

100,1

Амангелді

97,0

105,1

0,0

107,1

Әулиекөл

4 263,3

3 838,8

0,8

101,9

Денисов

3 690,7

3 309,2

0,7

108,6

Жангелді

110,1

79,5

0,0

86,4

Жітіқара

21 256,3

23 494,5

4,0

101,6

Қамысты

1 201,8

1 096,6

0,2

93,3

Қарабалық

2 887,6

2 304,9

0,6

119,9

Қарасу

2 764,0

2 778,5

0,5

100,2

Қостанай

17 207,4

18 185,9

3,2

100,2

Меңдіқара

2 820,3

3 146,8

0,5

96,5

Наурызым

1 671,1

1 497,9

0,3

108,7

Сарыкөл

3 134,8

2 752,1

0,6

115,1

Таран

27 405,4

28 864,4

5,2

82,5

Ұзынкөл

2 137,0

1 813,0

0,4

111,8

Федоров

3 604,7

3 385,7

0,7

103,7

Қостанай қ.

164 702,0

130 890,8

30,9

116,3

Арқалық қ. ә.

5 977,8

5 621,1

1,1

98,4

Лисаков қ.ә.

28 740,4

31 447,5

5,4

82,8

Рудный қ.ә.


236 408,2

263 519,6

44,4

97,3

Қала экономикасындағы үстемдік жағдайын өңдеуші өнеркәсіп алып жатыр. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі оның үлесі 90 пайызды құрайды.

Қаланың өнеркәсіп өндірісінің көлемінде елеулі салмағы тамақ өнеркәсібі кіреді, сусындар өнеркәсібін қосқанда -48,4%. Кәсіпорындардың негізгі саны ет өнімдерін, ұн-жарма және сүт өнімдерін өндіру саласында жинақталған. Бұл белгілі дәрежеде негізгі шикізаттың көздерінің жақын орналасуымен негізделеді. Қалада облыстық мөлшерден 94 % астам сүт қайта өнделеді, ірімшік -58% өндіріледі, ұн- 59 %, макарон өнімдері –82%, күнбағыс майы- 96%, сары май – 84%, кондитер өнімдері, шырындар, ет консервілері, жіп, пима және былғары аяқ-киімдері – 100 %.

Одан басқа, өнеркәсіп өндеуші құрылымында 35,9 % машина жасау, 6 %- металлургия өнеркәсібі, 1,6% - жеңіл өнеркәсіп, 4,7%- металл емес өндірісті, 1,8%- резеңке және пластикалық өнімдердің өндірісі және өнеркәсіптің басқа да саласы - 1,6% орын алады.

Физикалық көлем индексінің едәуір өсімі металлургия өнеркәсібіне келеді. «ЕвразКаспианСталь» заводын пайдалануға беру есебінен өндіріс көлемі 269 бастап 8919 млн. теңгеге өсті, ФКИ – 4018,7%. Машина жасау саласында ФКИ 109,9% , азық түлік өндірісі – 108,4 %, сусындар өндірісі - 116,5 %, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі – 111,6 %, металл емес өнімдерінің өндірісі – 127,7 % құрады.

Қостанай қаласында 293 өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді, олардың ішінде 46 ірі және орта кәсіпорындарға жатады, 247 кіші

өнеркәсіп орындары. 256 кәсіпорынның 95,6 % негізгі үлесі өндеуші өнеркәсіп келеді.

Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қызметкерлердің жалпы саны 14 мың адамды құрайды. Қалада сәулет жасайтын кәсіпорындар жоқ, бірақ бірнеше кәсіпорынға қызметтің негізгі бағыттарының әрбіреуі ұсынылған, қаланың экономикалық қауіпсіздігіне қажет.

2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды- инновациялық дамыту бағдарламасы шенберінде 5 жылға 61,5 млрд. теңге жалпы сомасына 25 инвестициялық жоба іске асырылды.

Инвестициялық жобаларды іске асыру негізгі капиталға түсетін инвестициялар көлемінің өсуіне айтарлықтай ықпалын тигізеді. 2013 жылы негізге капиталға түскен инвестициялардың жалпы көлемі 30,6 млрд. теңгені немесе 2012 жылғы деңгейге 4,3 есеге жоғары, соның ішінде үш инвестжобаның іске асырылған үлесі ҮИИД МБ аясында орындалды 45 % немесе 24,5 млрд. теңгені құрады («ЕвразКаспианСталь» ЖШС – 18,5 млрд. теңге және «Сарыарка Автопром» ЖШС – 13,6 млрд. теңге).

2014 жылға өнеркәсіпке инвестициялар көлемі 26868 млн. теңгені құрады және өткен жылдың деңгейіне 17,4 % төмендеді.

Алдын ала есептер бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2015 жылға 176,3 млрд. теңгені құрайды, физикалық көлем индексі 103-105 % деңгейінде сақталды.



Аграрлық-өнеркәсіп кешені
Қазіргі уақытқа Қостанай қаласында 142 ауыл шаруашылық құрылымы және 53 шаруа қожалығы (фермерлік), соның ішінде жұмыс істейтін: 49 ауыл шаруашылығы құрылымы мен 13 шаруа қожалығы (фермерлік). Қаладағы мал шаруашылық өнімдерінің негізгі бөлшегі халықтың қосалқы шаруашылықтарында өндіріледі, ауыл шаруашылығы малдарының негізгі басы жеке секторда шоғырланған.

2014 жылы негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егін алаңы – 2648,7 га құрады, оның ішінде дәнді-дақылдар- 1572 га, 498,4 га – картоп, 258,7- көкөніс, 319,6 га- басқалары. Халық шаруашылығында мал басының тендеция саны өсті:

5-кесте

№ р/с

Атауы


Жылдар

2014 ж. 2010 ж. %

2010жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1.

ІҚМ (бас)

2711

2090

1737

1923

2360

87,1

2.

Шошқа (бас)

3265

3265

2300

2179

3278

100,4

3.

Қой мен ешкі (бас)

1279

880

1317

1301

1651

129,1

4.

Жылқы

205

201

208

281

374

182,4

5.

Құстар «мың бас)

58,9

55,9

56,3

56,3

56,8

94,4

Қостанай қаласының ауыл шаруашылық өнім үлесі облыстың жалпы көлемінде үлкен емес – 0,9%. Қостанай қаласы бойынша ауыл шаруашылықтың жалпы көлемі 2011 жылы – 2624 млн. теңге, 2012 жылы -2039,7 млн. теңге, 2013 жылы -2307,9 млн. теңге, 2014 жылы -1927,5 млн. теңге, нақты көлем индексі – 110,9 %. Өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің құрылымы келесі: 2012 жылы – 62% өсімдік шаруашылығының өнімдері, 38% мал шаруашылығы өнімдері, 2013 жылы сәйкесінше 70 % және 30%, 2014 жылы 66,6% және 33,4%.

Қостанай қаласының ауыл шаруашылығын бұдан әрі дамыту және шаруа, фермерлік шаруашылықтарды ірілендіру қиын, өйткені малдың жайылымы үшін аймақтар шектелген және ауыл шаруашылық өнімдерді өндіру қиындықтары. Соңғы жылдары объективті себептері бойынша (жеке тұрғын үйлер, қоғамдық тамақтандыру және мейрамхана бизнес объекттерін құрастыру, өнеркәсіп өндірісін ұлғайту) қаланың барлық қиыр аудандарында жайылым алаңдары азайды. Осы себептен жеке қосалқы шаруашылықтарда мал ұстау қиын. Асыл тұқымды мал басы үлесінің салмағы төмен, малды күту технологиялар да қажетті деңгейде емес.

Қостанайда 21 бақ қоғамы бар, учаскілердің жалпы саны – 22 610. 2014 жылы түгендеу аяқталды және тасталған саяжайларды мемлекеттік қорға қайтару басталды. 01.01.2015 жылға 1 330 жер учаскілері қайтарылды, соның ішінде 117 учаскі «Текстильщик-1» БҚ, 360 – «Дархан» БҚ, 40- «Жұлдыз» БҚ және 813 – «Урожай» БҚ. «Текстильщик-1» және «Дархан» бақ қоғамындағы учаскілер барлық тілек білдірушілерге жалға берілетін болады. Жалға алушылар үшін бір жағдайлары - шаруашылықты ұқыпты жүргізу.

Саяжайшылар өсірген өнімін іске асыра алады, осы мақсаттар үшін Қостанай қаласында 118 арнайы сөрелер орнатылды. Сауда орнының жалға алу құны- 50 теңге, зейнеткерлерге – тегін.
Ветеринария.
Қостанай қаласында «Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай ветеринарлық станциясы» мамандандырылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылған болатын, оның міндетіне мал шаруашылығының эпизоотикалық жағдайы мен өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстары кіреді, ветеринарлық- алдын алу шараларын өткізу, ауыл шаруашылығы малдарын идентификациялау, сонымен қатар, Қостанай қаласының аумағында қаңғыбас малдарды ұстау. 2014 жылы қаңғырбас иттер мен мысықтарды ұстау және жою үшін жынданудан алдын алу мақсатында
жергілікті бюджеттен 7 080 мың теңге, 2015 жылы -6080 мың теңге бөлінді.

Малдардың иммунитетті арттыру, мал шаруашылығы өнімділігі мен өнім сапасын арттыру мақсатында 2014 жылы эпизоотияға қарсы іс-шаралары 23 инфекциялы ауруларға қарсы профилактикалық егу бойынша 19356 манипуляция өткізілді, 4890 манипуляция қан үлгілерін алу бойынша. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 4512 мың теңге бөлінді. Ауруға шалдыққан малдардың диагностика мақсатында бруцелезге 4237 бас ірі және ұсақ малдың зерттелді, жұқтырғандар 0,4 % құрады. Инфекциялық малдарды жерлеу малды жерлеуі бар орында жүзеге асырады.

2015 жылы эпизоотияға қарсы шаралары 20 жұқпалы ауруларға қарсы орындалды, алдын алу екпелері бойынша 1640 манипуляция өткізілді ( жылдық жоспардың 9,2 % 2015 жылға жоспар 17826 манипуляция), қан үлгілерін алу бойынша 462 манипуляция (жылдық жоспардың 10,7 %). Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 4512 мың теңге бөлінді. Ауруға шалдыққан малдардың диагностика мақсатында бруцелезге 762 бас ірі және ұсақ малдың зерттелді, жұқтырған малдар анықталмады.

Қостанай қаласының аумағында эпизоотиялық, зоогигиеналық және ветеринар-санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында 2014 жылы «Яма Беккари» биотермиялық шұңқыры – объектісі енгізілді, ол өлген малдардың өліктерін жерлеу бойынша, сонымен қатар малдар мен адамдардың денсаулығы үшін аса қауіпті болатын малдарды, мал өнімі мен шикізатты жою үшін, қаңғыбас иттер мен мысықтардың өліктерін аулау және өлгендерін және басқа да биологиялық қалдықтарына қызметтерді көрсету үшін арналған. Осы мақсаттарға бюджет қаражатынан 32 млн. теңгеден аса бөлінді.

ҚР Үкіметінің 31.12.2009 жылғы № 2331 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының аумағында малдарды есепке алу және эпизоотикалық жағдайларды бақылау мақсатында ауыл шаруашылығы малдардың идентификациялауы өткізіледі. Идентификациялау рәсімдері малдарға жеке нөмірлерді меншіктеу мен ветеринар паспортын беруін қамтиды.
Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеу
Қалада барлық өндіріс салалары толығымен серпінді дамып отырады. Машина құрылысы және тамақ салаларын басымдылар қатарына жатқызуға болады.

2014 жылы азық түлік өндірісінің көлемі 69734 млн. теңгені немесе 2013 жылғы деңгейге 108,4% құрады. Аталмыш салада 64кәсіпорын жұмыс істейді, соның ішінде:



Шұжық және ет өнімдерін өндіру. Бүгінгі күнде қалада шұжық өнімдері мен деликатес өндірісінде жалпы қуаттылығы 9,3 тонна/тәулігіне 11 жуық шұжық цехтары,қуаттылығы 26,0 мың банка/ауысымға 2 консервілік цехтары жұмыс істеуде. 2014 жылы 561 тонна шұжық өнімдері шығарылды немесе 2013 жылдың деңгейіне өнім көлемі 80% және 2013 жылғы деңгейге 124 тонна еттен жасалған консервілер көлемі 49% бұл осы сегмент нарығындағы жоғары бәсекелестікті туғызды.

Сүт өнімдерін өндіру. Қазіргі уақытта Қостанай қаласында тәулігіне тұтас қуаттылығы 445 тонна шикізат 4 сүт өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді. Сүт өнімдерінің негізгі өндірушісі «Деп» ЖШС, «Космис» ЖШС және «Милх» ЖШС болып табылады. 2014 жылы 73876 тонна (2013 жылдың деңгейіне 121,6%), 1610 тонна (300,4%), 1432 тонна (131,5%) ірімшік пен сүзбе, 9150 тонна (132,4%) басқа да сүт өнімдері, және т.б. барлығы 17954,8 млн. теңге сомасына немесе 2013 жылдың деңгейіне 136,6 %.

Дәнді дақылдарды өңдеу және нан және нан өнімдерін өңдеу Қостанай қаласында тамақ өнеркәсібінің ең серпінді дамитын салалардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта қалада ұн өндірумен айналысатын 29 кәсіпорын жұмыс істейді, 2014 жылы олармен 24974 млн. теңге сомасына 572 мың тонна өндірілді, бұл 2013 жылдың деңгейіне 98,4 % құрайды.

Сондай-ақ қала аумағында 18 наубайхана және 10 нан цехтері есептелуде. Негізгі өндірушілердің санына «Алтын Нан» ЖШС, «Ыстық-нан» ЖШС, «Троянда» ЖШС, «Ласточка» ЖШС, ЖК Гаген және т.б. жатқызуға болады. 2014 жылы қалада 14 мың тонна нан және ұннан жасалған өнімдері 6732 млн. теңге сомасына өндірілді (2013 жылдың деңгейіне 103,4 %).



Басқа да азық-түлік өнімдерін өндіру. 10 кәсіпорыннан аса кондитер өнімдерін шығарумен мамандандырылады, мынадай «Кенихсброт» және «Сұңқар-15», «Ласточка», «Любимая Ева»ТМ, «Элита» ТМ, Лопатина ЖК, «Бұлақ».

Осыдан басқа, айына жалпы өндірушілігі шамамен 70 тонна өнім, қатырылған жартылай фабрикаттарды өндірумен айналысатын 20 кәсіпорын жұмыс жасайды, бұл «Дарус 2001» серіктестігі, «Крайс» ЖШС, «Сибиряк» ЖШС, «Хороший вкус» ЖШС және басқалары, оның ішінде 3 цех балықты өндеумен айналысады.

Сондай-ақ қалада өсімдік майының өндірісі бойынша 4 цех жұмыс істейді, 2014 жылға 7,8 мың тонна шығарылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет