Бағдарламасы Пән: «Бейорганикалық химия» Мамандық: 0306000


Емтихан сұрақтарының тізімі



бет3/3
Дата21.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3



4.5. Емтихан сұрақтарының тізімі:

  1. Химияның негізгі зандары. (Авогадро заңы, эквиваленттер заңы, массалар сақталу заңы).

  2. Химиялық реакцияның энергетикасы. Термохимиялық теңдеулер. Гесс заңы және салдары.

  3. Термохимиялық шамалар туралы түсінік (ішкі энергия, энтальпия, энтропия, Гиббс энергиясы).

  4. Химиялық реакцияның жылдамдығы. Реакция жылдамдықтарына әсер етуші факторлар (тсмпература, концентрация, қысым). Әрекеттесуші массалар заңы. Химиялық реакция жылдамдыгының константасы туралы түсінік.

  5. Химиялық реакция жылдамдыгына температураның әсері. Активтендіру энергиясы. Катализаторлар әсері. Аррениус тендеуі.

  6. Қайтымды-қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдіктің константасы. Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар. Ле-Шателье принципі.

7. Ерітінділерге жалпы сипаттама: ерігіштік, концентрация, оны анықтаудың тәсілдері. Массалық үлесі, молярлы, эквиваленттік молярлы концентрациясы.

  1. Осмос, осмос қысымы, Ванг-Гофф заңы. (тургор, плазмолиз, гемолиз, изотондық, гипертондық және гипотондық ерітінділер туралы түсінік).

  2. Электролиттік диссоциация. Диссоциация константасы, дәрежесі.

  3. Диссоциация константасы мен диссоциация дәрежесі арасындағы өзара байланыс. Оствальдтың сұйылту заңы.

  4. Судың диссоциациясы. Сутектік көрсеткіш. Судың иондық көбейтіндісі.

12. Тұздардың гидролизі. Гидролиз дәрежесі мен константасы, гидролиз реакциясындағы тепе-теңдіктің ығысуы. Ағзадағы өтетін процестер үшін гидролиздің маңызы.

13. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу дәрежссі туралы түсінік. Электрондарды беру жәнс қосып алу тұрғысынан тотығу-тотықсыздану процестері. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтің орналасуына байланысты тотығу-тотықсыздану процестерінің қасиеттері.



  1. Тотығу-тотықыздану екі жақтылы. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының классификациясы (молекулааралық, молекулаішіндік, диспропорциялық).

  2. Тотығу-тотықсыздану реакциясының өтуіне ортаның әсері (КМn04-ның калий сульфитпен әр түрлі ортада әрекеттесуі мысалында).

  3. Медицина мен фармациядагы тотығу-тотықсыздану реакцияларының қолданылуы.

І7. Атом құрылысы. Электрон бұлттары, квант сандары туралы түсінік.

18.Атом құрылысы: деңгей, деңгейшелер, орбитальдар.

Орбильдарға электрондардың орналасуы. Хунд ережесі. Паули

принципі. Энергия аз принципі.



  1. Электрондық формулалар, электронды құрылым схемалар атомының қалыпты және қозған күйі.

  2. Д.И.Менделеевтің тең периодтық жүйесінің құрылысы. Периодтар, топтар, топшалар, ұяластар.

  3. Валенттілік байланыс теориясы. Ковалентті және донорлы-акцепторлы байланыстың түзілу механизмі (Максимальді коваленттілік).

22. Бұлттар симметриясы және қаптасу әдістері. Байланыс еселігі;  және -байланыстар.

23.Валенттілік, орбитальдардың гибридитенуі туралы түсінік. (ВеС12, , BCI3,

CCI4 молекулаларының мысалында). Ковалентті байланыстың бағытталуы.


  1. Байланыстардың полюстілігі. Полюссіз, полюсті, иондық байланыстар. С12, НСІ, NаСІ молекулаларын мысалға алып көрсету.

  2. Сутекті байланыс, оның тіршілік үшін, маңызды органикалық қосылыстардың (нуклеин қышқылдары, бслоктар т.б.) молекулаларында таралуы, сутектік байланыстың биологиялық рөлі.

  3. Комплексті қосылыстар. Координациялық сан, комплексті ион, комплекс түзуші, ішкі және сыртқы сфералары. Ковалентті байланыстардың түзілуі.

  4. Комплексті қосылыстардың құрылымы, алынуы, классификациясы, аталуы.

28. s-элементтер. Д.И.Менделеевтің жүйесі бойынша жалпы сипаттамасы.

29. ІА топ элементтері: химиялық қасиеттері, оксидтері, гидроксидтері,

пероксидтері.

30. ІА топ элементтерінің биологиялық рөлі, медицина мен фармацияда

қолданылуы

31. ІІА топ элементтері, қосылыстары және қасиеттері.

Судың кермектілігі және оны жою әдістері.


  1. Сутегі, оның периодтық жүйеде орналасуының ерекшелігі. Оттегімен, галогендермен, активті металдармен, оксидтермен әрекеттесуі.

  2. Сутегі асқын тотығы, құрылымының ерекшелігі, қасиеттері, екі жақтылы сипаты, медицина мен фармацияда қолданылуы.

34. Оттегі, оттегі молекуласының құрылымының ерекшелігі, қасиеттері, оттегінің және оның қосылыстарының медицина мен фармацияда қолданылуы. Оттегінің биологиялық рөлі.

  1. VІВ топ элементтері. Элементтердің периодтық жүйесі бойынша жалпы сипаттамасы.

36. Хром, жай зат оның химиялық активтігі. Хромның биологиялық ролі. Хром қосылыстарының медицина мсн фармацияда колданылуы.

37. Хром II, III, VI, қосылыстарының қышқылдық-негіздік сипаты.

СrO42- Сr2O72- тұрақтылық жағдайы, тотығу-тотықсыздану қасиеттері.


  1. VII В топ элементтері. Жалпы сипаттамасы. Марганец. Жай заттың активтілігі. Биологиялық рөлі, маргансц қосылыстарының медицина мен фармацияда қолданылуы.

  2. Марганец VI, VII қосылыстары —манганаттар мен перманганаттар, тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш сипаты. Реакциялардан мысал.

  3. Марганец VII әртүрлі ортадағы тотықтырғыш қабілеті.

  4. VIII В топ элементтері. Д.И. Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесі бойынша жалпы сипаттамасы.

  5. Темір, жай заттың химиялық активтігі, қышқылдарға қатынасы. Темірдің, оның қосылыстарының биологиялық ролі. Медицина мен фармацияда қолданылуы.

44. Темірдің II, III, VI қосылыстарының гидроксидтерінің қышқылдық^негіздік сипаты.

45. Темірдің II, III, VI қосылыстары, тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш

қасиеттері.


  1. Темір II, III тұздарының гидролизі, комплекс түзуге қабілеті.

Ерітіндіде темірдің II, III катиондарын анықтау үшін сапалық анализі.

  1. Кобальт, никельдің, жай заттардың қасиеттері, биологиялық рөлі.

Фармация мен медицинада қолданылуы.

  1. ІІВ топ элементтері. Элементтердің периодтық жүйесі бойынша

жалпы сипаттамасы.

  1. Мыс, күміс және алтынның, жай заттардың қасиеттері, олардың қышқылдық қатынасы. Си, Аg, Аu биологиялық ролі және медицина мен фармацияда қолданылуы.

  2. Мыс II қосылыстары, гидроксидтері, қасиеттері. Тұздардың гидролизі комплекс түзуге қабілеті.

  3. Күміс I қосылыстары, тұздары, комплекс түзуге қабілеті.

  4. Мырыш, жай заттың қасиеттері, қышқылдарға қатынасы. Биологиялық ролі, медицина мен фармацияда қолданылуы.

  5. Мырыш қосылыстары, мырыш гидроксидінің қасиеттері, тұздарының гидролизі, комплекс түзуге қабілеті.

  6. Сынап, жай заттың қасиеттері және оның қосылыстары (сынаптың ерекшеліктері). Сынап және оның қосылыстарының медицина мен фармацияда қолданылуы.

  7. Сынап қосылыстарының диспропорциялық тотығу-тотықсыздану сипаты.

  8. ІІІА топ элементтері. ЭПЖ-сі бойынша жалпы сипаттамасы. Бор, алюминийдің биологиялық рөлі, медицина мен фармацияда қолданылуы.

  9. Бор, жай заттың қасиеттері, және оның теріс таңбалы тотығу дәрежелеріндегі қосылыстары. Бордың оттекті қосылыстары, бураның гидролизі.

58. Алюминий, жай заттың қасиеттері. Алюминийдің және оның қосылыстарының амфотерлігі. Алюминий тұздарының гидролизі.

  1. Көміртегі. Жай заттың және оның қосылыстарының қасиеттері. Тұздардың гидролизі. Көміртегі қосылыстарының медицина мен фармацияда қолданылуы, биологиялық рөлі.

  2. Азот, жай заттың қасиеттері, биологиялық рөлі. Азот және оның

қосылыстарының медицина мен фармацияда қолданылуы.

61. Азоттың теріс таңбалы тотығу дәрежесіндегі қосылыстары (аммиак,

гидразин, гидроксиламин), қышқылдық-негіздік және тотықтырғыш-

тотықсыздандырғыш қасиеттері.

62. Азоттың оң таңбалы тотығу дәрежесіндегі қосылыстары,

оксидтері, қышқылдары (азотты, азот), олардың қүрылымы.

Азот III қосылыстарының тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш

қасиеттері. Азотты қышқылының ерекшеліктері.

63. Азот қышқылы, молекуласының электрондық құрылысы.

Металдар мен бейметалдардың азот қышқылында еруі.

64.Фосфор, жай заттың қасиеттері, биологиялық ролі, медицина мен

фармацияда қолданылуы.

65. Фосфордың оң таңбалы тотығу дәрежесіндегі қосылыстары. Фосфор,

фосфорлылау, фосфорлы қышқылдары, олардың негізділігінің

құрылымдық формулалары бойынша.

66. Мышьяк, сурьма, висмут. Жай заттардың қасиеттері. Мышьяктың,

сурьманың, висмуттың қышқылмен әсері.

67.Оң таңбалы тотығу дәрежесіндегі қосылыстары (оксидтер, гидроксидтер).

Сурьма, мышьяк, висмуттың +3, +5 тотығу дәрежесіндегі қосылыстарының

тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттері.

68. Күкірт, жай заттың қасиеттері, қышқылдар мен сілтілерге катынасы.

Медицина мен фармацияда қолданылуы.

69. Күкірттің -2 тотығу дәрежесіндегі косылыстары, сульфидтері,

гидросульфидтері, күкіртті сутек. Күкірттің -2 тотығу дәрежесіндегі

қосылыста-

рының тотықсыздандырғыш касиеттері. Күкірттің және оттектің бірдей

ұқсас косылыстары.

70. Күкірттің IV қосылыстары, қышқылды-негіздік және тотықтырғыш-

тотықсыздандырғыш қасиеттері.

71. Күкірттің VI қосылыстары. Күкірт қышқылы, оның қасиеттері. Олеум, пирокүкірт, асқын күкірт, тетратион, хлорсульфон қышқылдары.

72. Тиокүкірт қышқылы және оның тұздары, құрылымдық формулалары, тотықтырғыш қасиеттері, осы қасиеттерінің аналитикалық практикада қолданылуы, күміс галидтерін еріту қабілеті.

73. Галогендердің сутекті қосылыстары. Тотықтырғыш сипаты. Мысалдар

келтіріңіз.

74. Галогендердің оттекті қосылыстары. Жавель суы, хлорлы ізбес,

дизенфекциялық әсері.


І. 1.1 Пәннің оқытылу мақсаты

Бейорганикалық химияның жалпы теориялық негіздерін оқыту және алынған теориялық білімдерді элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін сипаттауға қолдана білуді, сонымен қатар болашақ қызметтеріне қажет химиялық процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын үйрету.


1.2. Пәннің міндеттері.

Қазіргі заманның көзқарасы негізінде химиялық байланыстың табиғаты, химиялық процестердің жүру заңдылықтары, медицина мен фармацияда қолданылатын заттардың қасиетін түсіну үшін, атомдар мен молекулалар құрылысы теориясын, сонымен қатар келесі пәндерді оқу үшін: аналитикалық, органикалық, физколлоидтық, фармацевтикалық, токсикологиялық химияны оқуда студенттерге кең көлемде білім беру.


1.2.1 Студент білуі тиіс:

- Атом құрылысы мен химиялық байланыстың негізгі теория қағидаларын;

- Қышқылдар мен негіздер теориясын, диссоциация негізін;

- Тотығу-тотықсыздану реакциялардың негізгі түсініктерін;

- Комплексті қосылыстардың құрылысы мен тұрақтылығын;

- Элементтердің негізгі химиялық қасиетін және олардың байланысын;


Студент істей білуі керек:

- s-, p-, d- элементтердің формулаларын құруды, элементтердің және олардың байланыстарының химиялық байланысын салыстыруды және болжауды;

- Химиялық реакциялардың барлық түрлерінің өнімдерін болжау мен оларды теңдестіруді, қайтымды химиялық реакцияның тепе-теңдігінің ығысуын анықтау үшін Ле-Шателье принципін қолдануды.

- Барлық реакция түрлеріндегі қышқылдар, негіздер,тұздарының эквиваленттерінің молярлы массасын, массалық үлесін, ерітінділердің молярлы концентрациясын есептеуді.

- Заттардың ерігіштігін, ерітінділер тығыздығы мен рН анықтау мен есептеуді.

- Тотығу-тотықсыздану реакциясының жүру бағыты туралы және комплексті қосылыстар тұрақтылығын бағалау үшін анықтама құралдарын қолдануды.

- Элементтердің сапалы анализін білуді, берілген концентрацияда ерітінділер дайындауды, қарапайым лабораториялық қондырғылармен: химиялық ыдыстармен, техникалық таразымен жұмыс істеуді.
1.3. Бұл пәнді студенттердің игеруі үшін қажетті пәндердің тізімі:

А) орта мектеп курсының бейорганикалық химия бағдарламасы

Б) орта мектеп курсының физика және математика бағдарламалары.

В) Сабақтас оқылатын пәндердің тізбегі және олардың бейорганикалық химиямен өзара байланысы.



1.4. Бейорганикалық химиядан теориялық сабақтардың күнделікті-тақырыптық жоспары. І-семестр.




Тақырыбы және мазмұны

Сағат көлемі

1.

Кіріспе. Химияның негізгі заңдары мен түсініктері. Эквивалент, эквивалент заңы.

2

2.

Атом құрылысы.

2

3.

Элементтердің периодтық жүйесі (ЭПЖ).

2

4.

Химиялық байланыстардың табиғаты. Валенттік байланыстардың әдістері. Коваленттік байланыстың қасиеттері мен түрлері.

2

5.

Химиялық процестердің энергетикасы.

2

6.

Химиялық тепе-теңдік. Химиялық реакциялардың жылдмадығы.

2

7.

Ерітінділер теориясы. Ерітінділердің концентрациясын белгілеу тәсілдері. Сұйытылған бейэлектролит ерітінділерінің заңдары.

2

8.

Электролиттік диссоциация теориясы. Диссоциациялану дәрежесі және константасы. Судың иондық көбейтіндісі, сутектік көрсеткіш.

2

9.

Гидролиттік процестер

2

10.

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

2

11.

Кешенді қосылыстар.

2

12.

Сутегі, оттегі және s-элементтер

2

13.

VI В топ элементтері.

2

14.

VIІ В топ элементтері.

2

15.

VIІІ В топ элементтері.

2

16.

І В топ элементтері.

2

17.

ІІ В топ элементтері.

2

18.

ІІІ А және IV А топ элементтері.

2

19.

V А топ элементтері.

2

20.

VI А топ элементтері.

2

21.

VIІ А топ элементтері.

2

22.

Бейорганикалық химия және экология.

2


Барлығы: 44 сағат
1.5. Зертханалық-тәжірибелік сабақтардың күнделікті тақырыптық жоспары. І-семестр




Тақырыбы

Қысқа мазмұны

Сағат

1.

Бейорганикалық химия пәні мен міндеттері. Химиялық лабораторияда жұмыс істеу ережелері. Бастапқы білімді тексеру.

Семинар, тест-бақылау

2

2.

Химияның негізгі түсініктері мен заңдары. Эквивалент.

Семинар, тест-бақылау, есептер шығару.

2

3.

Атом құрылысы. ЭПЖ.

Семинар, тест-бақылау, есеп шығару.

2

4.

Химиялық байланыс және молекулалардың құрылысы.

Семинар, тест-бақылау, есеп шығару.

2

5.

Химиялық процестердің энергетикасы.

Семинар, тест-бақылау, есеп шығару.

2

6.

Химиялық реакциялардың кинетикасы. Химиялық тепе-теңдік.

Есептер шығару, зертха-налық жұмыс, тест-бақылау.

2

7.

Ерітінділер. Ерітінділердің концентрациясын есептеу тәсілдері.

есеп шығару, зертханалық жұмыс.

2

8.

Сұйытылған бейэлектролит ерітінділердің коллигативті қасиеттері.

Семинар, есептер шығару, тест-бақылау

2

9.

Электролит ерітніділердің теориясы, диссоциациялану константасы мен дәрежесі. Сутектік көрсеткіш

Семинар, тест-бақылау, зертханалық жұмыс.

2

10.

Коллоквиум №1

Өткен тақырыптар бойынша бақылау.

2

11.

Тұздардың гидролизі.

Тест-бақылау, зертханалық жұмыс.Есептер шығару.

2

12.

Тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР).

Тест-бақылау, зертханалық жұмыс,есептер шығару.

2

13.

Кешенді қосылыстар.

Тест-бақылау, зертханалық жұмыс, есептер шығару.

2

14.

Сутегі, оттегі және оның қосылыстары.

Тест-бақылау, зертханалық жұмыс, есептер шығару.

2

15.

s-элементтері: ІА –ІІА топ элементтері, олардың қосылыстары және қасиеттері.

Тест-бақылау, зертханалық жұмыс, есептер шығару.

2

16.

d-элементтер : VI-VII-VIIIВ топ элементтері. Хром, марганец, темір.

Тест-бақылау, зертханалық жұмыс, есептер шығару.

2

17.

І В – ІІ В топ элементтері.

Тест-бақылау, зертханалық жұмыс, есептер шығару.

2

18.

ІІІА – IVА топ элементтері.

Тест-бақылау, зертханалық жұмыс, есептер шығару.

2

19.

VА топ элементтері.

Тест-бақылау, зертханалық жұмыс, есептер шығару.

2

20.

VIА топ элементтері.

Тест-бақылау, зертханалық жұмыс, есептер шығару.

2

21.

VIІА топ элементтері.

Тест-бақылау, зертханалық жұмыс, есептер шығару.

2

22.

Коллоквиум №2

Өткен тақырыптар бойынша бақылау жұмысы.

2

23.

Қорытынды сабақ

Қорытынды бақылау жұмысы.

2



Барлығы : 46 сағат

2. Пәннің мазмұны.

2.1. Дәріс тақырыптарының атаулары, олардың қысқаша мазмұны мен сағаттағы көлемі.



Тақырыбы мен мазмұны

Сағат көлемі

1.

Кіріспе. Химияның негізгі заңдары мен түсініктері. Эквивалент. Эквивалент заңдары. Заттардың тазалығы және СИ халықаралық жүйе бірлігінің физикалық мәндері.

2

2

Атом құрылысы. Атом құрылысы теориясының негізгі даму кезеңдері. Жүйедегі микробөлшектердің энергиясын кванттау және электронның энергетикалық күйіне сипаттама. Квант сандары: негізгі, орбитальді, магниттік және спиндік. Паули принципі, кіші энергия, Хунд ережесі. Электрондық теңдеулер және электрондық құрылымдық схемалар.

2

3.

Д.И.Менделеевтің ЭПЖ құрылысы. Периодтық заң. Бір период, бір топтағы элементтердің ұқсастығы мен айырмашылығы. Үлкен және кіші периодтар, топтар мен топшалар.

2

4.

Химиялық байланыс теориясы. Молекуланың негізгі параметрлері. Валенттік байланыс теориясы, атом орбитальдарының гибридтенуі. Байланыс түрлері. Молекулярлық орбитальдар теориясы. Молекулярлы орбитальдардың энергетикалық диаграммасы. Молекулааралық әсерлесу.

2

5.

Химиялық реакциялар энергетикасы мен бағытталуы. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі. Гесс заңы. Термодинамиканың негізгі түсініктері мен мәндері. Термодинамиканың І және ІІ заңдары.

2

6.

Химиялық реакциялардың кинетикасы. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық реакциялар жылдамдықтары туралы түсінік. Оның әртүрлі факторларға тәуелділігі. Катализ және катализатор, активтендіру энергиясы туралы түсінік. Химиялық тепе-теңдік, Ле-Шателье принципі бойынша оның ығысуы.

2

7.

Ерітінділер. Түсініктер: ерітінді, ерігіштік, концентрацияның белгілеу тәсілдері. Сұйықтықтарда газдардың ерігіштігі. Ерітінділердің коллигативті қасиеттері. Осмос. Гипотонды, гипертонды ерітінділер. Тургор.

Электролиттік диссоциация теориясындағы қышқылдар, негіздер туралы түсінік. Иондық теңдеулер құру. Диссоциациялану дәрежесі. Диссоциациялану константасы. Оствальдтың сұйылту заңы. Электролит ерітінділеріндегі тепе-теңдік.

Судың иондық көрсеткіші, рН. Осы түсініктердің тірі ағзалардағы рөлі.


4

8.

Гидролиз дәрежесі мен константасы.Биологиялық жүйелердегі гидролиздің рөлі. Бренстед-Лоуридің қышқылдар мен негіздер теориясы.

2

9.

Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Түсініктер: жоғары, төмен тотығу дәрежесі, аралық тотығу дәрежесі, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш. Жартылай реакция және электрондық баланс тәсіл көмегімен тотығу-тотықсыздану реакцияларын құру. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері. Реакция жүруінің ортаға тәуелділігі.

2

10.

Кешенді қосылыстар. Кешенді қосылыстардың құрылысы. Химиялық байланыс табиғаты, кешенді қосылыстардың тұрақсыздану константасы. Медицина мен фармациядағы кешенді қосылыстардың рөлі.

2

11.

Сутек, оттек, сутек асқын тотығы. Д.И.Менделеевтің ЭПЖ-де сутектің орналасуы, химиялық қасиеттері. Оттектің табиғатта таралуы, алынуы. Сутектің биологиялық рөлі. Сутек асқын тотығының құрылысы, химиялық қасиеттері, фармация мен медицинада қолданылуы. ІА және ІІА топ элементтері. ІА топ элементтерінің ЭПЖ бойынша жалпы қасиеттері. Табиғатта таралуы, алыну жолдары, жай заттардың қасиеттері. Табиғатта таралуы, алыну жолдары, жай заттардың қасиеттері. Оксидтер, гидроксидтер, олардың қасиеттері және алынуы.Олардың қосылыстары және биологиялық рөлі. Фармация мен медицинада қолданылуы. ІІА топ элементтерінің ЭПЖ бойынша жалпы қасиеттері. Табиғатта таралуы, алынуы, биологиялық рөлі және олардың қасиеттері. Медицина мен фармацияда қолданылуы. Судың кермектілігі және оны жою.


4

12.

d- элементтер. VIВ топ элементтері. Хромның қосылыстары және қасиеттері. Қышқылды негізді және тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиет көрсететін қосылыстары. Медицина мен фармацияда қолданылуы. VIІВ топтың химиялық элементтері. ЭПЖ бойынша жалпы қасиеттері. Марганецтің қосылыстарының қасиеттері. Тотығу дәрежесі. Қышқылдық-негіздік және тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиет көрсете отырып тотығу дәрежесінің өзгеруі.

VIІІВ топтың химиялық элементтері. ЭПЖ бойынша жалпы қасиеттері. Темір, кобальт, никель. Тотығу дәрежелері. Қышқылдарға қатынасы. Қышқылдық-негіздік және тотықтырғыш-тотықсыздандырғыштың қасиеттеріне тән Fe-Co-Ni.

VIІІВ элементтерінің биологиялық рөлі, фармация мен медицинада қолданылуы.


4

13.

І В топтың химиялық элементтері. ЭПЖ бойынша жалпы қасиеттері. Табиғатта таралуы, алынуы, қышқылдарға қатынасы. Мыс, күміс, алтын қосылыстарының қасиеттері. Биологиялық рөлі, медицина мен фармацияда қолданылуы.

ІІ В топ элементтері. ЭПЖ бойынша жалпы қасиеттері. Мырыштың, сынаптың қосылыстары, олардың медицина мен фармацияда қолданылуы.



4

14.

р-элементтері. ІІІА топ элементтері. ЭПЖ бойынша жалпы қасиеттері.Бор мен алюминий қасиеттері. Табиғатта таралуы, алынуы, химиялық қасиеттері. Бор мен алюминийдің сутектік пен оттектік қосылыстары. Биологиялық рөлі, фармация мен медицинада қолданылуы.

ІVА топ элементтері. Көміртек және германий топшасы. ЭПЖ бойынша жалпы қасиеттері. Көміртек, германийдің табиғатта таралуы, алынуы, химиялық қасиеттері. Сутектік және оттектік қосылыстары. Биологиялық рөлі, фармация мен медицинада қолданылуы. Жай заттардың германий, қалайы және қорғасынның қасиеттері. Қышқылдар мен негіздерге қатынастары. Басты химиялық қасиеттері. Биологиялық рөлі, медицина мен фармацияда қолданылуы.



2

15.

VА топ элементтері. Азот. ЭПЖ бойынша жалпы қасиеттері. Азот табиғатта таралуы, алынуы,химиялық қасиеттері. Сутектік және оттектік азоттың қосылыстары. Биологиялық рөлі фармация мен медицинада қолданылуы.

Фосфор, мышьяк топшасы. Табиғатта таралуы, алынуы, жай заттардың сутектік және оттектік қосылыстары. Фосфор мен оның қосылыстарының биологиялық рөлі.Медицина мен фармацияда қолданылуы.

Мышьяк, сурьма, висмут. Табиғатта таралуы, алынуы, жай заттардың химиялық қасиеттері. Мышьяк, сурьма мен висмуттың оттекті және сутекті қосылыстары және тұрақтылығы.


2

16.

VІ А топ элементтері. ЭПЖ бойынша жалпы қаситтері. Күкірт. Жай заттардың қасиеттері. Табиғатта таралуы, алынуы, қасиеттері. Сутектік және оттектік қосылыстары. Биологиялық рөлі, фармация мен медицинада қолданылуы.

VІІ А топ элементтері. Галогендер. ЭПЖ бойынша жалпы қасиеттері. Фтордың ерекше қасиеттері. Жай заттардың қасиеттері. Галогендердің сутектік және оттектік қосылыстары. Биологиялық рөлі, галогендердің фармация мен медицинада қолданылуы.



4

17.

Бейорганикалық химия және экология

2




Барлығы:

44 сағат.



2.2-2.3. Зертханалық-тәжірибелік сабақтар аттары және олардың мазмұны мен уақыт көлемі.



Тақырыбы мен мазмұны

Уақыт көлемі

1.

Кіріспе. Химиялық зертханада жұмыс істеу ережелері. Семинар. Тест-бақылау. Өткен сабақты қорытындылау.

2

2.

Химияның негізгі заңдары. Эквивалент заңдары. Тақырып бойынша семинар. Тест-бақылау.

2

3.

Атом құрылысы және ЭПЖ. Химиялық байланыс және молекулалық құрылысы. Тақырыбы бойынша семинар. Есептер шығару. Тест-бақылау.

4

4.

Химиялық реакциялардың энергетикасы мен кинетикасы. Тақырып бойынша есептер шығару. Зертханалық жұмыс. «Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсері». Тест-бақылау.

4

5.

Ерітінділер. Ерітінділер теориясы. Электролит емес сұйықтардың қасиеті.Электролиттік диссоциация. Сутектік көрсеткіш. Есептер шығару. Зертханалық жұмыс. «Ортаның рН-ын анықтау». Тест-бақылау.

6

6.

Тұздардың гидролизі. Тақырып бойынша есептер шығару. Зертханалық жұмыс. «Ортаның рН-ын анықтау». Зертханалық жұмыс «Тұздардың гидролизі және рН анықтау». Тест-бақылау.

2

7.

Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тақырып бойынша семинар.Есептер шығару. Зертханалық жұмыс. «ТТР өтуіне ортаның әсері». Тест-бақылау.

2

8.

Кешенді қосылыстар. Тақырып бойынша семинар, зертханалық жұмыс. «Кешенді қосылыстардың қасиеттері мен диссоциациясы». Тест-бақылау.

2

9.

s-элементтер. Тақырып бойынша семинар.Зертханалық жұмыс. ІА және ІІА топ элементтерінің қасиеттері мен қосылыстары.Тест-бақылау.

4

10.

d-элементтер. Тақырып бойынша семинар. Зертханалық жұмыс «VIВ, VIІВ, VIІІВ, ІВ және ІІВ топ элементтерінің қасиеттері мен қосылыстары». Тест-бақылау.

4

11.

р-элементтері. Тақырып бойынша семинар. Зертханалық жұмыс «ІІІА, IVА, VА, VIА және VIІ А топ элементтерінің қасиеттері мен қосылыстары». Тест-бақылау.

8

12.

Өтілген тақырыптар бойынша бақылау жұмысы

6




Барлығы:

46сағ.



3. Оқу-әдістемелік жабдықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

3.1 Негізгі әдебиеттер:

1. Патсаев А.К., Мамытова В.К. Бейорганикалық химия. Оқу құралы.

Шымкент, 2007.

2. Патсаев А.К. Мамытова В.К. Бейорганикалық химия пәнінің

лабораториялық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба

I және II бөлім. Шымкент, 2002.

3. Пралиев С.Ж., Жайлау С.Ж., Бутин Б.М. Жалпы химия Алматы, 2003

I, II бөлім

4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия М, ВШ, 2002.

5. Глинка Н.Л. Общая химия Л., Химия, 1998.



3.2. Қосымша әдебиеттер:

1. Глинка Н.Л. Жалпы химия бойынша есептер мен жаттығулар.М.ВШ.1998ж.

2. Таперова А.А. Жалпы химия бойынша зертханалық жұмыстар. Л.ВШ. 1989ж.

3. Ахметов Н.В. Жалпы және бейорганикалық химия бойынша семинарлық және зертханалық жұмыстар. М.ВШ. 1999ж.

4. Остапкеевич Н.А. Бейорганикалық химиядан практикум. М. ВШ. 1987ж.

3.3 Сабақтың әдістемелік нұсқаулары және басқада құралдар.

1. Бейорганикалық химия пәнінен тест тапсырмалары.

2. Компьютерлер.

3. Таблицалар және схемалар:

а) Ерітінділер концентрациясын анықтау тәсілдері.

б) Судың электролиттік диссоциациясы.

в) Тұздардың сулы ерітіндісінің гидролизі.

г) Гибридтену түрлерінің схемасы.

д) нашар еритін қосылыстардың ерігіштік көбейтіндісі.

е) Кешенді қосылыстардың құрылысы мен жіктелуі.

ж) Кешенді қосылыстарының диссоциациясы мен тұрақсыздану константасы.

з) ІVА, VА, VI А, VIІ А топ элементтерінің бейорганикалық фармакопеялық препараттары.

и) ІА және ІІА топ элементтерінің препараттары.
4. Кафедраның оқу базасының тізімі.

1. Оқу аудиториясы – 504 (32 м2)

2. Зертханалық жабдықтар:

2.1.Желдеткіш шкаф - 1

2.2.Кептіргіш шкаф – 1

2.3. Торсионды таразылар - 2



2.4. Электронды таразылар – 1

2.5. рН өлшеуіш (иономерлер) -2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет