БАҒдарламасы үржар ауылы, 2012 жыл


Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау



бет2/12
Дата23.06.2016
өлшемі3.35 Mb.
#155591
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

      1. Экономикалық даму.


2.2.1.1 Өнеркәсіп

Үржар ауданы Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Мұнда тау-кен өндіру өнеркәсібі және қайта өңдеу кәсіпорындары орналасқан.

2010 жылы 2166,1 млн. теңгеге тауар өндірілді, бұл қолданыстағы бағада 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 1,3 есе көп. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 168,0 %-ды құрады. Облыс көлеміндегі үлесі 0,3 %-ды құрайды.


2008-2010 жылдырға арналған өнеркәсіптегі тауар өнімін өндірудің табиғи көлем индексі өзгерісінің динамикасы



(Сурет 1)

Ауданда Жалаңашкөл көмір карьері жұмыс істейді. Көмірді өндірумен «Мадина» ЖШС айналысады және аудан халқын, мекемелер мен ұйымдарды қажетті көмірмен қамтамасыз етеді. 2010 жылы 87,4 млн. теңгенің көмірі өндіріліп, өнім көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 18,9 пайызға кеміді. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 98,0 %-ды құрады. 2010 жылы 51,0 мың тонна таскөмір өндірілді немесе 2008 жылмен салыстырғанда 31,6 %-ға артты.



2008-2010 жылдарға арналған тау-кен өнеркәсібіндегі тауар өндірудің табиғи көлем индексі өзгерісінің динамикасы


(Сурет 2)
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі тау-кен өнеркәсібінің үлесі 4,0 % құрайды.

Ауданның әлеуеттік өнеркәсіп саласында қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесі 90,4 пайызды құрайды.

Аудан аумағындағы өндірілетін өнімдерді қайта өңдейтін шағын кәсіпорындар жұмыс істеп, аудан халқын нан және нан өнімдерімен, етпен, картоппен, көкөністермен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын бірқатар кәсіпорындар тұрақты жұмыс жасайды. Олардың қатарына тәулігіне 3 тоннадан астам, 50-ге жуық әр түрлі ет өнімдерін шығаратын «Швабские колбаски» ЖШС-і жатады.Аталған кәсіпорын 2010 жылы 205,2 млн. теңгенің, яғни 405 тонна әртүрлі шұжық өнімдерін өндірді. 2009 жылмен салыстырғанда өндірілген өнім 21,4 пайызға кеміді.



2010 жылы өңдеу өнеркәсібі бойынша өндірілген өнім көлемі 1957,4 млн. теңгені құрап, 2008 жылмен салыстырғанда өндірілген өнім көлемі 32,6 %-ға артты. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексі -136,6 % құрады.

2008-2010 жылдардағы өңдеу өнеркәсібінің көлемі және өнеркәсіптің нақты көлем индексі динамикасы


(Сурет 3)


2008-2010 жылдарға арналған өңдеу өнеркәсібіндегі маңызды өнім түрлерін өндіру динамикасы

(кесте.1)

р/с

Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

жылдары

2008

2009

2010

Облыс көлеміндегі үлесі, %

1

2

3

4

5

6

7

1

Ет және тағамдық өнімдер, оның ішінде : шұжық өнімдері


тонна

492

515

405

0,2

2

Күнбағыс майы, тазартылмаған


тонна

351

356

35

0,0

3

Сүт өнімдері


тонна

12

12

12

0,0

4

Ұн, өнімдері


тонна

2019

1413

1379

0,0

5

Нан


тонна

1413

1527

1501

0,02

6

Торттар, кондитерлік өнімдер, тоқаштар


тонна

87

90

87,9

0,09

7

Печенье, ұзақ уақыт сақталатын пирогтар және кондитерлік тағамдар


тонна

36

36

36

0,0

8

Макарондар және ұннан жасалған өнімдер

литр

10

42

41

0,0

9

Алкоголсіз сусындар


тонна

91,2

91,2

5,8

0,002

Кестеге көрсетілгендей, соңғы жылдары ет және ет өнімдері, тазартылмаған күнбағыс майының, сүт және сүт өнімдерінің, ұн өнімдерінің және алгоголсіз сусындар көлемі айтарлықтай төмендегенін байқауға болады.

Жоғарыда көрсетілген өнім түрлерінің көлемінің төмендеу себептері : алгоголсіз сусындар өндіруші «Ғани» кәсіпорынының жұмысының және бірнеше шағын май тарту кәсіпорындарының тоқтауы өзінің кері әсерін тигізді. Сонымен қатар, әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан көптеген кәсіпорындар қаржы тапшылығына байланысты өз жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды.

Сусындарды қоса алғанда тағам өнімдерінің өндірісі бойынша 44 кәсіпорын және өндіріс орындары жұмыс істейді, сонымен қатар, жеке кәсіпкерлерде өнім өндірумен айналысады. Одан тыс, азық-түлік өнімдерін өндірумен шаруа қожалықтары айналысады.

2010 жылы барлығы 1 916,5 млн. теңгеге тағам өнімдері өнімі өндірілді, бұл 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 1,3 есе көп, табиғи көлем индексі 135,2 % құрады.

Аудан көлемінде ұн және ұн өнімдерінің тұтыну бағалары тұрақтандырылды.

Тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің саласында, негізінен, лайықталған үй-жайларда орналасқан, табиғи тозығы жеткен және моралдық ескірген бұрында пайдалануда болған өндіріс және технологиялық жабдықпен қамтылған шағын кәсіпорындар басым.

Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың құрал-жабдықтарының тозу салдарынан және сапалы шикізаттың болмауына байланысты, бәсекелестік қабілеттілігі төмен өнім өндіріліп, нәтижесінде кейбір халық тұтынатын тауарлар ауданнан шеткері жерлерден әкелінеді.

Электрмен жабдықтау, газ, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласы.

Аудан тұрғындарын сумен қамтамасыз етумен мемлекеттік көпсалалы коммуналдық кәсіпорын, электр қуатын өндіру және үлестірумен «Шығысэнерготрейд» ЖШС және Семей «ВК РЭК» АҚ бөлімшесі айналысады. 2010 жылы аталған кәсіпорындар арқылы 121,2 млн. теңгеге қызмет көрсетілді, 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 33,8 млн.теңгеге көп.


Электр өндіру және үлестіру, сумен қамтамассыз ету кәсіпорындар бойынша көрсеткіштерінің өзгеріс динамикасы

(2 кесте)



Өнім атауы

өлшем бірлігі

Жылдар

2008

2009

2010

1.

Электр энергиясы

мың теңге

82473

81636

110673

2.

Табиғи су

мың теңге

4706

9182

10520

Аудан көлемінде жаңадан іске қосылатын өнеркәсіп орындарын есепке алғанда, жыл сайын электр қуатына деген сұраныс өсетін болады.

Кәсіпорындардың дамып, тұрақты жұмыс атқаруына шикізат базасын нығайту, өнімнің сапасын және бәскелестікке қабілеттілігі жоғары өнім өндіру жоспарлануда.

Саланың дамуы жағдайы SWOT-талдауында жүргізілді:



Күшті жақтары:

1. Өзіндік материалдық шикізат базасы

2. ірі импортерге жақындық ( Қытай Халық Республикасы)

3. өндіріс әлеуеті



Әлсіз жақтары:

1. еңбек өнімділігінің деңгейінің төмендігі

2. ішкі нарықтың көлемінің үлкен болмауы

3. білікті мамандардың тапшылығы

4. технологияның тозуы (70%), негізгі қордың баяу жаңаруы

5. айналым қаражатының өндірісті жаңарту және техникалық жарақтандыру үшін жеткіліксіздігі



Мүмкіндіктер:

1. Жаңа инвестициялық жобалардың іске асырылуы ( пластикалық труба шығаратын шағын зауыт, ұлттық сусын қымыз өндіретін цехты кеңейту, шұжық өнімін шығаратын цех ашу және т.б) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндіретін өнімдердің сұрыпталымын кеңейту және сапасын арттыру, қарастырылған мақсатты көрсеткіштерге кезеңмен қол жеткізудің маңыздылығы.



Қауіптіліктері:

1. Басқа өңірлердегі кәсіпорындардың жан-жақты бәсекелестікте болуы және бизнестің жоғары операциялық кідірістері;


2.2.1.2 Агроөнеркәсіп кешені

Аудан экономикасын дамытуда агроөнеркәсіп кешені маңызды рөл атқарады. Онда біршама әлеуетті экономика топтасқан. Оның дамуы ауданның азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтайды. Аудан ішіндегі жалпы өнімнің 70%-ы аграрлық сектор үлесіне тиесілі болып отыр.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласы негізінен мал шаруашылығына және өсімдік шаруашылығына негізделген. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде мал шаруашылығының өнімі 44 % құрайды.

Мал шаруашылығының ерекшелігі оның көпсалалығында. Табиғи-климаттық жағдайларға және шаруашылық жұмыстарға байланысты ауданда ірі қара және қой шаруашылығы белсенді дамып келе жатқаны байқалады. Соңғы үш жылда олардың өсімі 20-25 % болды. Шошқа шаруашылығында үрдіс орнықты емес: жылдар бойынша мал басының өсімі бірде артып, бірде азайып отыр. Ол мал азығының тапшылығы және өнімнің сұранысқа ие болу деңгейіне де байланысты.

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде өсімдік шаруашылығы 56 % құрайды.

Егіс алқаптары негізінен тәлімі жерлерде орналасқан. Онда дәнді және майлы тұқымдас дақылдар өсіріледі.

Ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқаптары құрылымының негізгі үлесін барлық санаттағы шаруашылықтарда дәнді дақылдар (31,5 %) және майлы дақылдар (51,3%) құрайды. Қалған бөлігі мал азықтық дақылдарға (13,0 %), картоп (2,0%) және бақшалық дақылдарға (2,0%) тиесілі.

Мал шаруашылығы саласы серпінді дамыды. Барлық санаттағы шаруашылықтарда соңғы үш жылда ірі қара малы 4,2 % өсіп 77 143 бас, оның ішінде сауын сиырлар 30534 бас өсімі 3,7 %, қой мен ешкі 4,9% өсіп 265209 басты құрады, құстар 135 811 басты құрап 6,7 % артты.

2009 жылмен салыстырғанда ет өндіру көлемі 3,8 %, сүт – 1,3 %, жүн – 10,6 % , жұмыртқа – 2,7 % артты.

2009 жылмен салыстырғанда алынған төлдер төмендегідей бұзаулар 32 781 бас (өсуі 3,3 %), қозы мен лақтар 141383 бас (өсуі 6,7 %), құлындар 6645 бас (өсуі 2,1 %).

Мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемі бойынша аудан облыс көлемінде жетекші орындардың бірін алып отыр. 2009 жылы сүт өндіруден аудан облыста - бірінші, ет өндіруден – төртінші орын алды.

Ауыл шаруашылық малдарынан алынатын мал өнімдерінің сапасы мен оның көлемін арттыру мақсатында ауданда асыл тұқымды мал фермасы, 27 мал ұрықтандыру пункттері, 11 мал бордақтау алаңдары жұмыс істеп тұр. 2009 жылдың көлемінде аудан бойынша 1869 бас қолдан ұрықтандырылса, ал 2010 жылы 2455 бас ұрықтандырылды. 2010 жылы қосымша. Сонымен қатар алдағы жылы мал бордақтау алаңдарының санын 17-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Қазіргі таңда аудан аумағында үлгілі мал қорымдарын салу өзекті меселенің бірі болып тұрған мәселе. Сол себепті Үржар ауданында ветеринариялық-санитариялық жағдайды көтеру мақсатында мал қорымын салу үшін аудандық бюджеттен 2 млн. теңге қаражат бөлініп, Үржар, Мақаншы, Қоңыршәулі ауылдарында мал қорымын салу жоспарланып, бүгінгі күні жұмыстар жасалып толығымен аяқталды.

Етті мал шаруашылығының дамуына жасалған сараптама нәтижесінде, ауылдық округтерде бұл сала экстенсивті тәсілмен немесе өнімділік жағынан емес, мал санының артуы есебінен дамып отырғанын көрсетті.

Аудан бойынша алынған жалпы өнім көлемі аудан халқын мал шаруашылығы өнімімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығы өнімін өндіруді арттыруға осы саланы қаржылай қолдау, қосымша мал бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды шаруашылықтар құру, қатты және құнарлы жем дайындау ықпал етті.

Аудан жұқпалы және инвазионды аурулар бойынша қолайлы аймақ болып табылады. Осы аурулармен күресуге жыл сайын республикалық бюджеттен қажетті қаражат бөлінеді. Аудандағы негізгі проблема ауыл шаруашылығы малдарының бруцеллезі.


2008–2010 жылдары мал шаруашылығын дамытудың

негізгі көрсеткіштерінің өзгеру серпіні

(кесте. 3)

Көрсеткіштер атауы

2008ж.

% алдағы жылға

2009ж.

% алдағы жылға

2010ж.

% алдағы жылға

Мал басы (мың бас):



















Ірі қара

69364

106,2

74021

106,7

77143

104,2

қой мен ешкі

229834

108,2

252605

109,9

265209

104,9

Жылқы

16462

110,1

18324

111,3

18697

102,0

Шошқа

6374

103,8

6183

97,0

6159

99,6

Құс

127071

111,1

127300

100,2

135811

106,7

Мал басының өнімділігі:



















ет, барлығы сойылған салмақта

15381,4

103,5

15947,9

103,7

16554,8

103,8

1 сауын сиырдан сауылған сүт, кг

66249,7

103,3

68306,7

103,1

69234,7

101,3

1 қойдан қырқылған жүн, кг

524,3

109,4

534,6

102,0

160062

102,7

Жұмыртқа, мың дана

14786,0

112,4

15655,0

105,9

591,3

110,6

2008-2010 жылдары мал шаруашылығы саласын қолдау және дамытуға республикалық бюджеттен субсидия бөлініп, игерілді, Қабылданған іс- шаралардың нәтижесінде ауданда 11 мал бордақылау алаңы құрылып, нәтижелі жұмыс атқаруда.. Бұл нысандардың барлығы 2006-2010 жылдары құрылды.

Асыл тұқымды шаруашылықтардың саны 3 бірлікті құрады.

Өсімдік шаруашылығында. Аудан көлемінде жерді пайдалану категориялары бойынша төмендегі кестеде көрсетілген :

(кесте. 4)



Жер категориялары

2007 ж

2008 ж

2009 ж

1

Ауылшаруашылық жерлер

582,5

704,2

725,0

2

Елді мекен жерлері

154,3

154,3

154,3

3

Өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылмайтын жерлер

9,6

9,6

9,6

4

Табиғи қорғалатын жерлер

7,0

7,0

7,0

5

Орман қорларына жататын жерлер

0

0




6

Су қорларына жататын жерлер

0,6

0,6

0,93

7

Қосалқы жерлер

1585,0

1462,9

1442,0




Аудан бойынша барлығы

2341,4

2341,4

2341,4

Ауылшаруашылық дақылдарының егістігі құрылымында дәнді дақылдар 31,5% құрайды.

Барлық дәнді дақылдардың ішіндегі басым дақыл болып отырған күнбағыс 55,5 %.

Егін орағының қорытындысы бойынша әр гектардың тазаланғаннан кейінгі салмақтағы орташа түсімділігі 7,8 цн құрап, барлығы 24392,4 тонна дәнді дақылдар жиналды.

Аудан бойынша 67 098,8 тонна картоп, 54 974,7 тонна көкөніс және 18 708,3 тонна бақша дақылдары жиналды.

Алайда, соңғы жылдары күнбағыс өсіруге берілетін субсидия мөлшері арттырылғанына байланысты ауылшаруашылық дақылдары егістігін жетілдіру бойынша шаралар жүргізілмей отыр. Ауданның егістік құрылымында күнбағыстың үлесі өсіп, ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесінің бұзылуынға әкеліп соқты. Одан басқа, минералдық тыңайтқыштар мен өсімдік қорғау құралдары жеткілікті қолданылмайды. Осы факторлардың барлығы жер құнарының азаюына және өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады.

Үржар ауданы бойынша барлық суғармалы жер көлемі 43,2 мың га. 2010 жылы осы жер көлемінің 19,3 мың гектары игерілді. Қалған жер көлемін игеру үшін «Қарақол» су қоймасын құрылысын аяқтап іске қосу және су қоймаларымен су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін инвестициялар қажет.

Аудан көлемінде 2 су қоймасы, 5 су бөгеттері және 11 магистралды каналдар бар. Егінсу су қоймасының сыймдылығы 31,5 млн. куб.м. «Правобережный» магистралды каналының ұзындығы 37,5 км, «Левобережный» каналының ұзындығы 10 км, «Каска» каналының ұзындығы 19,6 км, «Ақтоған» каналының ұзындығы 8,5 км, «Татарский» каналының ұзындығы 7,5 км, «Бельбастау» каналының ұзындығы 29 км, «Жамбас» каналының ұзындығы 7,5 км, «Бургон» каналының ұзындығы 3,66 км, «Ақтоған» каналының ұзындығы 38 км, «Бургон» каналының ұзындығы 8 км, «Тастоған» каналының ұзындығы 29 км. Каналдардың жалпы ұзындығы – 188,6 км. Барлық гидротехникалық құрылыстар «Востокводхоз» мекемесінің теңгерімінде тұр.



Ауыл шаруашылық саласының жұмыс нәтижесі көп жағдайда табиғи-климаттық жағдайға байланысты. 2010 жылы қатты құрғақшылық салдарынан ерте пісетін майлы және дәнді дақылдар зардап шекті, сол себепті өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі алдыңғы жылдардағыдан біршама төмен болып шықты. (кесте. 3)

2008 – 2010 жылдары өсімдік шаруашылығын

негізгі даму көрсеткіштерінің өзгеру серпіні

(кесте. 5)

Көрсеткіштер атауы

2008ж.

% алдағы жылға

2009ж.

% алдағы жылға

2010ж.

% алдағы жылға

Егістік көлемі, мың. га

125,2

108,8

136,2

108,8

124,3

91,2

а) Дәнді дақылдар

59,4

99,3

42,9

72,2

32,1

74,6

Оның ішінде, бидай

46,7

94,0

31,8

68,1

21,5

67,4

б) күнбағыс

39,4

141,2

66,8

169,5

67,3

100,7

в) картоп

2,2

95,6

2,7

122,7

3,0

111,1

г) көкөніс

1,5

93,7

1,9

126,7

2,3

121,0

А/ш дақылдарының орташа түсімділігі



















Дақылдар, цен/га



















а) дәнді-дақылдар

3,2

23,7

10,7

334,4

7,8

72,9

б) күнбағыс

2,1

56,7

2,2

104.7

3,5

159,0

в) картоп

220,6

98,0

221,0

100,2

221,0

100,0

г) көкөніс

243,8

100,2

244,6

100,3

240,0

98,2

Өнім өндіру, мың тонна



















Астық

9,8

12,1

45,5

464,3

21,1

46,4

б) күнбағыс

4,0

38,8

14,0

350,0

19,9

142,2

в) картоп

49,4

95,7

61,1

123,7

67,1

109,8

г) көкөніс

36,3

96,3

45,6

125,6

54,9

120,4

д) бақша өнімдері

14,3

113,5

16,4

114,7

18,7

114,0

Тұқым шаруашылықтары

-















Алынатын өнімнің 35 пайызы себілген тұқымның сапасына байланысты екендігі белгілі. Үржар ауданы бойынша 2006 жылы «Юбилейный» ЖШС-гі негізінде тұқым шаруашылығы құрылып, I; II; III; репродукциялы тұқым шаруашылығы статусын алып, ауданның шаруа қожалықтарын жоғарғы сапалы тұқыммен қамтамасыз ету үшін жұмыс атқаруда.

Аудан көлемінде элиталық тұқым шаруашылығы болса, шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық дақылдарының элиталы тұқымдарымен қамтамасыз етілер еді. Осыған байланысты Үржар ауданында «Юбилейный» ЖШС-гі негізінде элиталық тұқым шаруашылығын құру жоспарлануда.

2008 жылы Алтыншоқы ауылдық округінде ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа сұрыптарын сынақтан өткізу және аудандастыру учаскесін ашу мақсатында 300 га егістік жер берілді, 2009 жылы Жетісу өңірлік сынақтан өткізу мекемесімен бірлесе отырып сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізу үшін 50 га жерге күнбағыс дақылының екі сұрыпы егілді. Болашақта дәнді дақылдардың жаңа сұрыптарын сынақтан өткізіп аудандастыру үшін жұмыстар атқарылмақ.


Мықты тұстары:

  1. өндірістік әлеуеті бар;

  2. ауылшаруашылық өндірісі тұрақты дамып отыр;

  3. аудан халқы негізгі азық-түлікпен толық қамтылған, атап айтқанда ет, сүт, картоп, көкөніс және ұн;

Әлсіз тұстары:

  1. өндірістің ұсақ тауарлығы;

  2. ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтар тозған;

  3. суармалы егіншіліктің тиімділігі төмен;

  4. асыл тұқымды мал үлесі аз;

  5. мал азығы жеткіліксіз;

  6. ауылшаруашылық өндірісінде заманауи инфрақұрылым жетілмеген;

  7. ауылдық тұтыну кооперативтері мен сервистік дайындау орталықтар жеткілікті дамымаған;

  8. шаруашылықтардың көпшілігінде негізгі және айналым қаражаттары жетіспейді;

  9. шаруашылықтардың кредиттік ресурстарға қол жетімділігі төмен;

  10. АӨК-де білікті кадрлар жеткіліксіз.

Мүмкіндіктері:

  1. агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін толық пайдалану;

  2. бәсекеге қабілетті өнім өндіру;

  3. техникалық жабдықтау деңгейін көтеру;

  4. ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру;

  5. АӨК дамытуда көделген шараларды іске асыру (МТФ, мал сою алаңдарын және т.б. салу);

  6. ауылдық тұтыну кооперативтерін және сервистік дайындау орталықтарын дамыту.

Қатерлер:

  1. құрғақшылық және табиғи апаттарға байланысты азық-түлік қауіпсіздігі;

  2. экономикалық дағдарысқа байланысты нвестиция тарту;

  3. малдардың аса қауіпті ауруларының шығуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет