БАҒдарламасы үржар ауылы, 2012 жыл



бет5/12
Дата23.06.2016
өлшемі3.35 Mb.
#155591
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.2.2.1 Білім саласы


Білім саласында 2010- 2007 жылдар бойынша 2005- 2007 жылдарға білім ұйымдарына заттық- техникалық базасын күрделі жөндеу және күшейту бойынша 2005- 2010 жылдарға аймақтық бағдарламаларды дамыту.. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде ауылдық біліміді дамыту, білімнің сапасы мен қол жетімділігімен қамтамасыз ету шаралары іске асты.

Мектепалды ұйымдарды сақтау және кеңейту желісі, 5- 6 жасар балаларды мектепалды әзірлікке қол жетімділікпен қамтамасыз етуге шаралар қабылданған.

Ауданда 2010 жылы 212 баланы қамтумен 4 бала- бақша, 2386 баланы қамтумен 113 шағын- орталықтар (толық және қысқа мерзімді қамтамасыз етіп) жұмыс істейді. Олардан толық күндіз болудан шағын орталықтардың саны- 33, оларда бала- 810; қысқа мерзімді- 80, оларда балалар – 1576. Мектеп алды біліммен қамту 62,4 % (2598) бала құрады. Мектеп алды жастағы балалардың жалпы саны- 4163. 2007 жылмен салыстыру бойынша бала- бақша желісі саны өзгермеді, 59 шағын- орталықтар ашылды.

Сонымен бірге ауданда мектепалды ұйымдарда орындарды алуға 1370 өтініштер тіркелді. Бұл орындарға қажеттілік Үржар (65% жалпы сұраныстан ), Мақаншы (40%), Бахты (82%), Қабанбай (82%) ауылдарында байқалады.

Мектептік ұйымдардың желілер дамытулары динамикасы
(кесте. 11)




Мектепалды




Шағын орталықпен қамтамасыз етілетін

Балаларды жалпы қамту

Кезекте тұрған 01.01.11ж

2009ж

2010ж

2009ж

2010ж

2009ж

2010ж

2009ж

2010ж

2009 ж

2010ж

Адам саны

4

4

93

113

208

212

1950

2386

61

62,4

1370

Бір мектептік ұйым ыңғайлы ғимараттта орналасқан, 2 мектепалды ұйымдаканализация жоқ. 2010- 2007 жылдар бойынша мектепалды ұйымдардың заттық- техникалық базаларын нығайтуға 5545,0 теңге бөлінді. (2008 ж- 500,0 т, 2009 ж- 5045,0, 2010 ж)

Орташа білімге 12 жылдық ортақ білімге көшуге дайындық жұмысы жүргізіліп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтумен қамтамасыз етілген.

2010- 2011 оқу жылы жалпы орта білім беретін 54 мемлекеттік ұйым жұмыс істейді, сонымен қатар 54 күндізгі мектеп.

Ауданда демографиялық және миграциялық ахуалға байланысты жалпы білім беретін мектептер мен оқушылар контингент саны азаюы тенденциясы сақталып тұр.Контингенттің жоқтығынан бастауыш мектептердің жабылуы салдарынан жалпы білім беретін мектептердің саны төмендеуі байқалды. 2007- 2008 оқу жылы – 59; 2008- 2009 оқу жылы- 59; 2009- 2010 оқу жылы- 58; 2010 -2011 оқу жылы- 54.

Оқушылар контингентінің 2007 – 2010 жыл 1,6 мың адамға қысқарылып, 2007- 2010 ж 5 мектептің жабылуына әкеліп соқты.




2007- 2010 жылдарда мемлекеттік күндізгі орта

білім мектептердің желілер өзгерістері динамикасы.

(кесте.11)

2007 ж

2008 ж

2009 ж

2010 ж

Бірлік саны

Адам саны

континг


бірлік саны


адам саны

континг


Бірлік саны

Адам саны

континг


Бірлік саны

Адам саны

континг


59

15 190

59

14 496

58

13 936

54

13 561

Аудан мектептері компьютермен жабдықталған 2010 ж жалпы білім беретін мектептерде компьтермен жабдықтау оқушыға 1 компьютерді құрады. Кең жолақты интернетке мектеп қосылған.

Пәндік кабинеттер мен жабдықтармен мектептердің заттық- техникалық базалары жеткілікте қамтылуы қалып отыр. 2010 жылы мультимедиялық кабинеттермен жарақтану- 57,4 %, физика- 51,9 %, химия- 5,6%, биология- 24,1% құрады.
2010 жылда пәндік кабинеттермен және жабдықпен мектептердің динамикасы.

(кесте 13)

Мульти-қ кабинет

Физика кабинеті

Химия кабинеті

Биология кабинеті

саны

%

саны

%

саны

%

саны

%

31

57,4

28

51,9

3

5,6

13

24,1

54 орта мектептерден ыңғайлы бөлмелерде 28- і орналасып жатыр, 12- сі апатты жағдайда деп танылған. Қосымша білім ұйымы әлсіз заттың- техникалық базасы бар- 1 ұйым қосылды, бөлмеде орналасқан.

Оқушыларға сапалы білім жағдайын жасау мақсатында мектеп салу құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 2010 ж пайдаланымға 1 мектеп (Қарақол ОМ) тапсырған.

2010 жылы Жол карталарын іске асыру шеңберінде нысандарды күрделі жөндеуден өткізуге 72 844,0 теңге жұмсалды, Республикалық бюджеттен сол сомада 49531,0 теңге.

Аудан мектептерінде 1942 ж педагогикалық жұмысшылар жұмыс істеуде, оның 1483- і әйелдер немесе 76,3 %-ы. Әлсіз тартылымдықтар мен төмен еңбек ақы салдарынан жас педагогтар келуі жеткіліксіз.

Қазақстан Республикасында білім сапасының ұлттық жүйесін ендіруден кейін облыс мектеп оқушылары ұлттық бірыңғай тестілеу формасындағы аттестациядан сәтті өтіп жатыр. ҰБТ нәтижесінің барлауы көрсеткендей, 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы мектеп бітірушілердің білім сапасының негізгі көрсеткіштері едәуір жоғары. ҰБТ нәтижелері бойынша орта балл 91,74 % құрады. (облыс бойынша ІІ орын)

Ауданда 226 жетім және ата- ана қамқорынсыз бала тұрады. 110 бала қамқорлыққа, 2 потранаттық тәрбиеге, 114 асырап алуға берілген. 1 интернаттық типтегі мекемеде 48 бала оқып тәрбиеленуде, оның ішінде- 1 жетім, 3- жартылай жетім, ата- ана қамқорынсыз бала жоқ.

Сонымен қатар 150 (1,1%) мүмкіндігі шектеулі бала арнаулы білім бағдарламаларымен қамтылды, ал 25 мүгедек бала білім алуға жарамсыз.

Жазғы демалыс кезінде ауданда 1 балалардың денсаулығвн нығайту мақсатында лагер жұмыс істеіді.

Қосымша білімберу жасөспірімдерге жеткіліксіз деп саналады.



SWOT- талдау жағдайы, саланың дамуы:

Негізгі жақтары:

Бала бақшалардың жүйесін нығайту және шағын орталықтарын ашу;

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерін балаларды қамтудың санының көбейуі.

Үш ауысымда білім беруді жою.

ҰБТ көрсеткішінің жылсайын жақсаруы.

Әлсіз жақтары:

37,6 % мектеп жасында дейінгі балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамтылмауы.

Демографиялық және миграциялық процестерге байланысты мектептердегі оқушылардың құрамының қысқаруы.

Білім беру мекемелерінң материалдық- техникалық жабдықтаудың жеткіліксіздігі, соның ішінде мектеп асханаларының техникалық құрал- жабдықтары.

Мүмкіншіліктері:

Білім беру мекемелерінің объектілерінің құрлысын жүргізудегі мемлекеттік- жекеменшік серіктестігінің дамуын.

Электронды оқуды жүзеге асыру.

Қатер:


Қауіпті жағдайда тұрған мектептердің жыл сайынғы санының көбейуі.
2.2.2.2 Денсаулық саласы.

2008 жылы аудан халқының саны 82300 адам құраған, ал 2010 жылы 82201 адам. Оның ішінде 14 жасқа дейін – 20936, жасөспірімдер – 4602, ересектер – 53663, әйелдер – 20342. Жыл сайын ауданда адам саны бір деңгейде қалып отыр, халықтың көбею тенденциясы байқалып отыр.

2008 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі кезеңде облыста демографиялық жағдайдың оңы динамикасы: тұрғындардың туу деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда 19,94-тен бастап (2008 жылы) 19,55-ке (2010 жылы) дейін кемуі; өлім көрсеткішінің 1000 тұрғынға шаққанда 2010 жылғы 9,94-ге (2008 жылы – 9,07) дейін төмендеуі (№1 кесте); тұрғындардың табиғи өсім коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 2008 жылы «+10,87» 2010 жылы +9,61 дейін кемігені байқалады. (6 сурет).
ШҚО, Үржар ауданы бойынша нәрестенің туу мен өлімнің динамикасы



6 сурет
2010 жылдың туу қорытындысы бойынша облыстық көрсеткіштен 16,4% өсіп, өлім көрсеткіші облыстық деңгейінен 18,5% төмен.

Аталған жағдай ауданның ерлер мен әйел адамының өмірінің болжамды көрсеткіштері деңгейінде көрініп отыр: 2010 жылы облыстық көрсеткіш 67,4.

Ауданда әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі және ұрпақты болу денсаулығының мәселесі өзінің өзектілігін сақтап отыр. 2009 жылы 1 ана өлімі тіркелді немесе ана өлімінің көрсеткіші 77,2, облыстық көрсеткіш 29,6 - 100 000 тірі туғанға шаққанда.

Ана өлімінің басты себептері- акушерлік қан кету, гестоздар, экстрагениталды патология, түсік пен аурушаңдықтың жоғары деңгейінің салдары (жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалар, анемия) болып табылады. Бұл жағдай медициналық қызмет сапасының жеткіліксіздігі және білікті кадрлардың, әсіресе ауылдарда тапшылығымен түсіндіріледі.

Аудан бойынша нәресте өлімі көрсеткішінің төмендеу үрдісіне қарамастан соңғы жылдардағы динамикада 2008 жылы тірі және өлі туу халықаралық өлшемдерінің енгізілуіне байланысты 2009 жылы көрсеткіш 1000 тірі туғанға шаққанда 24,0 бастап (2008 жыл), 25,4-2010жылы облыстық көрсеткіш 2010 жылы 22,9% 1000 туылған балаға шаққанда. (7 сурет)



7 сурет

Нәресте өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар болып табылады. Нәресте өлімінің құрылымында екінші орынды туа біткен даму кемістігі алады, бұл жүргізілетін ерте диагностикалаудың жеткіліксіз деңгейімен (жүкті әйелдердегі туа біткен даму кемістігін анықтауға арналған скринингтер), жалпы аудандағы жайсыз экологиялық жағдайлармен, сонымен қатар медициналық қызмет сапасының жеткіліксіздігі және білікті кадрлардың, әсіресе ауылдарда тапшылығымен түсіндіріледі.

Ауданда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ана және бала өлімін төмендету жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жүзеге асырылуда. Ағымдағы кезеңде Бағдарламаны іске асыру барысында бала және тууға көмектесу ұйымдарда материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға қол жеткізілді, сонымен қатар регионалды перенаталдық көмек көрсетуге, жүктіліктік пен босануды жүргізуге жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік алды.

Соңғы жылдары тұрғындардың ауыршандық деңгейі өршуі байқалады. 2008 жылы 49463,5-тен 2010 жылдың 51141,8 адамға дейін. Ауыршандықтың өршуі келесі сыныптамадан байқалады: эндокриндік ауру соның ішінде қант диабеті, дем алу мүшелерінің қабынуы, қан айналымының ауруы жыныс қуық жүйесінің ауыруы, жарақаттар мен улану.

Өткен үш жылдық кезеңде әлеуметтік-маңызды аурушаңдықтардың бірқатар таралу көрсеткіштері және тұрғындардың әлеуметтік-маңызды аурушаңдықтардан болатын өлімінің төмендегені байқалады.

Өткен 3 жылда ауданда туберкулез аурушаңдығының көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 2008 жылы 132,6 бастап 2010 жылы 129,5 дейін төмендегені байқалады. Туберкулезден болған өлімнің 100 мың тұрғынға шаққанда 2008 жылғы 16,9-дан бастап 2010 жылғы 8,6-ге дейін төмендені байқалады. Облыстық көрсеткіштен – 21,1-ге төмен. (8 сурет)



ШҚО мен Үржар ауданы бойынша туберкулезден ауыршандығы мен өлімінің көрсеткіштері (100 мың тұрғынға)



8 сурет

Тубееркулез жөніндегі бағдарламаны іске асыру бойынша өткізілген іс-шараларға қарамастан науқастарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері (тұрғын үй бөлу, жол ақысын төлеу, туберкулез науқастарына, балаларды қоса алғанда тамақтануға қаражат бөлу) өзекті болып отыр. Үржар ауданының әкімдігінің үйлестіру кеңесінде туберкулезбен ауыратын адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде мәселелер үнемі қарастырылады.

Ауданда қатерлі ісік аурушаңдығының көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 2008 жылғы 132,6 бастап 2010 жылғы 143,0 дейін өршігендігін байқауға болады (9 сурет).
ШҚО мен Үржар ауданы бойынша қатерлі ісік аурушаңдығының көрсеткіші (100 мың тұрғын)



9 сурет

Ауданда қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлімнің 100 мың тұрғынға шаққанда 2008 жылғы 91,6 бастап 2010 жылғы 89,2 дейін төмендегені байқалады. Бірақ облыс көрсеткішінен 161,2 аз (10 сурет). Тұрғындарға амбулаторлық деңгейде химиялық препараттармен қамтамасыз ете отырып емдеу мен диагностикалаудың жаңа әдістерінің енгізілуіне байланысты аурушаңдықты ерте сатыда анықтауға бағытталған алдын алу тексерулері жүзеге асырылуда.



ШҚО мен Үржар ауданыны бойынша жаңапайда болған қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші



10 сурет

Тұрғындардың аурулары арасында әлеуметтік-маңызды аурулардың қатарында барынша маңызды қан айналымы жүйесінің аурулары тұр. Жалпы өлім құрылымында 50 пайыздан астам барынша көп үлес салмағы қан айналымы жүйесі ауруларына келеді. 2010 жылы қан айналымы жүйесі ауруынан қайтыс болғандардың көрсеткіші 348,8 құрады.

Қан айналымы жүйесінен өлімінің төмендету мақсатында ауданда 2007 жылдан бастап кардиология орталығындағы кардиология саласындағы жетекші мамандарымен, арақашықтық ЭКГ жүйесіне қосылуға мүмкіндігі бар телемедициналық кешен жұмыс атқарады.

Жарақаттардан, бақытсыз жағдайлардан және уланулардан (13%) болған өлімі аудан тұрғындары өлімінің себептері арасында үшінші орынды алады. 100мың тұрғынға шаққанда 2010 жылдың көрсеткіші 144,0.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін салалардың алдын алу бағыты күшейтілген, тұрғындардың жекелеген санаттарын алдын алу тексерулерімен қамту артып отыр, азаматтардың, бірінші кезекте балалардың дене белсенділігін арттыру бойынша шашарлар іске асырылуда.

Ауданда адамның иммундық жетіспеушілік вирусының індеті тіркелген жоқ.

2010 жылдың басында ауданның денсаулық сақтау жүйесі 4 аурухана ұйымдары бар. Аудан тұрғындарына амбулаторлық емдеу көмектерін 23 мекеме көрсетеді. Оның ішінде 3- уі кеңес беру диагностикалық емхана. Аудан тұрғындарына дәрігерге дейінгі көмекті 8 акушер-фельдшерлік пункт, 22 медициналық пункт (ары қарай шарттыы атауы - МП), профилактикалық емханалық ұйымдардың құрамындағы 3 жедел жәрдем бөлімшелері қызмет көрсетеді.

Аудан тұрғындарының төсек-орынмен қамтамасыз етілуі мемлекеттік емдеу-алдын алу ұйымдары бойынша 10 000 тұрғынға шаққанда 2008 жылы 32,0, 2010 жылы 32,2 құрады. Облыстық көрсеткіш 2010 жылы 41,4 құрады.

Стационарды алмастырушы көмек дамыды, амбулаторлық-емханалық мекемелер жанынан күндізгі стационар төсек-орындары ашылды. Сонымен 2010 жылы күндізгі стационарда 66 стационар төсек құрады.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне арналған шығыстар 2008 жылғы 545845 мың теңгеден бастап 2010 жылғы 890450 мың теңгеге дейін арттты. Ауданның денсаулық сақтау ісін тұрақты дамыту үшін жеткіліксіз болып отыр.

Ауыл тұрғындарына дәрілік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымдары жоқ ауылдық елді мекендерде БМСК объектілері арқылы дәрі-дәрмектер сату ұйымдастырылған. Ауданда 59 ауылдың ішінен 7 –уі дәрі дәрмек көмегімен қамтамасыз етілген.

Ауданның денсаулық сақтау ісіні білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі маңызды проблема болып отыр. 01.01.2010 жылғы қарағандағы жағдай бойынша дәрігерлер саны – 136, мейірбике – 410 адам. Медициналық ұйымдардың дәрігерлермен жарақталуы 2010 жылы 98,4% құрайды.

2010 жылдың соңында кадрлар тапшылығы 20 дәрігерді құрады. 2010 жылы медициналық ЖОО 10 түлегі ауданға келді. Барлығы көтермеақы алып, тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Дәрігерлік кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады. 50 жастан жоғары 53 дәрігер 30,0%, 30 жасқа дейінгі 22 дәрігер 16,2% құрайды.



Денсаулық сақтауды проблемаларды айқындау үшін SWOT-талдау жүргізіледі.

Мықты жақтар:

1) Демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, туудың өсуі, өлім-жітімнің азаюы, табиғи өсімнің артуы;

2) Ана өлімі көрсеткішінің төмендеуі;

3) Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тұрғындар үшін медициналық көмекті жоғары технологиялық түрлерінде қолжетімділіктің жақсаруы;



Әлсіз жақтар:

  1. Санитарлық нормалар мен талаптарына қайшы келетін типтік дәрігерлік амбулаториялық медициналық пунктерінің ғимараттары болмауы.

  2. Ауыл мекендерінде медициналық кадрлардың тапшылығы. Ауылда жұмыс істеу уәждемелердін болмауы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың төмен болуы.

  3. Мақаншы ауылындағы туберкулезге қарсы аурухана ғимаратының талапқа сай еместігінен ауданда жаңа туберкулезге қарсы аурухана, Бестерек, Ново-Андереевка (Барқытбел), Қарабұта, Көктерек дәрігерлік амбулатория ғимараттарын салу қажет етеді.

  4. Үржар ауылының тазалау имараттары мен канализациялық желілдерінің санитарлық эпидемиологиялық талаптарына сай келмеуі.

  5. Алакөл жағалауынада жаз маусымында демалушыларға тәуліктік медициналық көмек көрсету үшін өзіндік дәрі-дәрімекті құралдарымен штат бірліктерімен жасақталған маусымдық дәрігерлік стационарлық пункт ғимаратының құрылысының қажеттілігі.

  6. Ауданның емдеу мекемелерінің медициналық құралдарымен, санитарлық көлікпен қамтамасыз ету жағдайының төмендігі.

Мүмкіндіктері:

  1. Заманауи медициналық объектілер құрылысын қаржыландыруды арттыру;

  2. Жаңа жабдықтар сатып алуға, ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шығындарды қаржыландыру тетігін әзірлеу;

  3. Жұмыс орнына, атап айтқанда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеп отырған медициналық кадрларды бекіту және жас мамандарды бекіту бөлігінде шаралар жүйесін ізірлеу.

Сонымен, ауданның денсаулық сақтау ісіндегі негізгі мәселелер әйелдер мен балалар денсаулығының төмен индексі; нәресте өлімінің жоғарғы көрсеткіші; кадрлық мәселелер болып отыр.

Емдеу алдын алу ұйымдарының, әсіресе ауылдық жерлердегі ұйымдардың материалдық техникалық базасы әлі жеткіліксіз болып отыр.


Қауіп-қатерлер:

  1. Аталған саланы мерзімінде қаржыландырмау әсерінен медициналық құрылғылар мен медициналық мекемелер ғимараттарының тозуы індеттерді уақытында анықтаудағы медициналық қызмет көрсетудің сапасыздығына алып келеді;

  2. Мамандардың тапшылығының артуы.



2.2.2.3 Халықты әлеуметтік қорғау.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жағдайды талдау аудандағы соңғы 3 жыл бойында әлеуметтік қамту саласын дамытудың оң серпінін көрсетті: әлеуметтік саланы дамытуға бөлінетін бюджеттік қаражаттардың тұрақты өсіп отыруы, аз қамтылғандар санының 15,3 % төмендеуі, жұмысқа орналасқан жұмыссыздар санының жыл сайын өсуі, тіркеуге отырған жұмыссыздар үлесінің 0,3 пайыздық пунктке төмендеуі.

2010 жылы экономикалық белсенді тұрғындар саны 43,4 мың адамды құрады. 2008 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылған тұрғындар санының 0,2 мың адамға өсуі және жалпы жұмыссыздар санының 0,2 мың адамға қысқаруы есебінен жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайыздық пунктке төмендеп, 4,6 % құрады. Жалпы еңбек нарығындағы жағдай бойынша жұмыс күшіне ұсыныс соңғы жылдары жұмыс берушілердің белгілі кәсіптер мен мамандар жұмысшыларына қажеттілігі 1,5-2 есеге асқан. Ауылдағы жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс тепе-теңсіздігінің негізгі себебі жұмыссыздар кәсібінің қолда бар жұмыс орындарының құрылымына сәйкес келмеуі, сондай-ақ бос жұмыс орындарының орналасқан жері жұмыссыздың тұратын жеріне сәйкес болмауы, яғни тұрғын үй нарығы жұмыс күшінің өңірлік жеделдігін әлсіз қолдайды.

Жұмыспен қамту органдарына өтініш бергендердің жұмысқа орналасу деңгейі 2008 жылы 80,2%, ал 2010 жылы 88,5 % құрады.Мұндай мүмкіндік ауданда жол картасы жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде болып отыр. 2010 жылы кәсіби оқытуға 96 жұмыссыз адам жолданды, бұл 2008 жылмен (83 адам) салыстырғанда 13 адамға артық, әлеуметтік жұмыс орындарымен 98 адам қамтылған, 2008 жылмен салыстырғанда 51 адамға артық, сондай-ақ жастар практикасына 53 адам жолданды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 30 адамға артық.2010 жылы құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 824 болса, бұл 2008 жылмен (564) салыстырғанда 260 жұмыс орнына артық.

Нысаналы топқа жатқызылған жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған азаматттарды, оның ішінде репатрианттарды жұмыспен қамтуға жәрдем беру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары болып мыналар табылады: еңбек нарығындағы жағдай және ұсынылатын қызметтер кешені туралы ақпараттық қамту, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыру, уақытша жұмыспен қамту: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.

2008 жылы жұмысқа орналасқан этникалық репатрианттардың үлесі 10,5 % құраса, бұл көрсеткіш 2010 жылы 15 % құрады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметшілерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұжымдық келісім-шарттар жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылы ұжымдық келісім-шарттармен қамту 94,5% құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 41,2% артық. Бұған ұжымдық келісім-шарттарды жаңа мерзімдерге қайта жасасу, және де келісім-шартқа отырмаған кәсіпорындармен жұмыстар жүргізу арқылы қол жеткізілді.

2010 жылы барлық бюджеттік әлеуметтік бағдарламаларды орындауға республикалық бюджеттен трансферттерді қоса ескергенде 292,5 млн. теңге бөлінді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 1,4 есе артық.

Экономиканың барлық салаларының және әлеуметтік саланың дамуымен байланысты шаралар кешенін жүзеге асыру нәтижесінде Үржар ауданы тұрғындарының өмір сүру деңгейі едәуір жоғарылады. 2008 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 15,3 % қысқарды және 2010 жылдың аяғында 4,9 мың адамды құрады.

2010 жылы табыстары ең төменгі күн көріс мөлшерінен төмен халық үлесі 26,7% құраған (2007 жылы – 30,0%). Ең төменгі күн көріс мөлшері 2008 жылдан 2010 жылға дейінгі мерзімде 11912 теңгеден 12805 теңгеге дейін көбейді.

2010 жылы халықтың номиналды ақшалай табысы 35216 теңге (2008 жылы – 28080 теңге) құрады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2008 жылмен салыстырғанда 25,6 % азайып 1409 адамды құрады.

2010 жылы балаларға мемлекеттік жәрдемақы түрін 1806 отбасы алды, онда 4598 бала бар, бұл 2008 жылдан 29,2% төмен.

Тұрғын үй көмегін 2010 жылы 403 отбасы алды, бұл 2008 жылдан

13,5 % төмен.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылары ішіндегі еңбекке жарамды тұрғындардың үлес салмағы 2008 жылмен салыстырғанда 3,6 % азайып,

27,3 % құрады.

Атаулы әлеуметтік көмектің орта мөлшері 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 1747 теңгеден 2546 теңгеге дейін көбейді.2010 жылы атаулы әлеуметтік көмектің орта мөлшерінің үлесі (2546 теңге) ең төменгі күнкөріс мөлшерінен алғанда (12805 теңге) 19,9% құрайды, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен (18%) 1,9%-ға артық.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, соларға теңестірілген адамдарға 5,0 және 2,0 мың теңге мөлшерінде коммуналдық қызмет шығындарын жартылай өтеуге материалдық көмек беріліп отырады.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, соларға теңестірілген адамдарға, көпбалалы аналарға, аз қамтылғандарға, мүгедек балаларға материалдық көмек тұрақты түрде беріледі.

Ауданда:

- жиыны 237 адамға, оның ішінде 30-ы мүгедектер, қызмет көрсететін жалғызілікті қарт азаматтар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі жұмыс істейді.

Мүмкіндіктері шектеулі 191 балаға әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі үйде қызмет көрсетеді. 2010 жылы 15 психика мен жүйкелерінің ауытқушылықтары бар балаларға үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қызметтер көрсетілді.


SWOT – талдау

Күшті жақтары:


  1. МАӘК өтініш бергендер санының 1,4 есе төмендеуі және төлемдердің орта мөлшерінің 1,3 есе өсуі жеке атаулы көмекті күшейту жағын куәландырады.

2. Аз қамтылған жұмыссыздырды кедейлік шеңберден шығару үшін қанатқақты жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталды.

Әлсіз жақтары:

МАӘК алушылар құрамында еңбекке жарамды адамдардың болуы.



Қауіптер:

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жеткіліксіз белсенділіктері мен масылдық бағдарлары.

Мүмкіндіктері:

Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналстыру, кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға жіберу, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін қолдану, сондай-ақ тұрғындардың аталған бөлігін кедейлік шеңберден шығару бойынша өңірлік бағдарламалар әзірлеу.

Тұрғындар кірістерінің іс жүзінде өсуі.

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қызметтер секторындағы жұмыстарын белсендіре түсіру.

Ауданда жұмыспен қамтудың бірыңғай мемлекеттік саясатын жүргізу үшін 2008-2010 жылдарға арналған Үржар ауданының халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру аяқталып келеді, оның басты мақсаты болып, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыс іздеу мерзімінде жұмыспен қамтылмаған халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету табылады.

2010 жылы жұмыспен қамту бойынша уәкілетті органдарға 1541 адам өтініш берді, оның 1070 адамы жұмысқа орналастырылды, бұл көрсеткіштер 2008 жылы тиісінше 845 пен 372 болған.

2008 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,3 пайыздық пунктке төмендеп, 2010 жылы

0,7 % құрады.



SWOT – талдау

Күшті жақтары:

- Жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 2008 жылдан 2010 жылға дейін 206 адамға көбейді, 41442 адамға дейін.

- Жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайыздық пунктке төмендеп, 4,6 % құрады.

Әлсіз жақтары:

- Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңсіздігі, онда дәрігерлер, мұғалімдер, электрмен,газбен дәнекерлеушілер, сылақшылар, ағаш шебері, жүргізушілер жоғары сұранысқа ие.

- Экономиканың кадрларға қажеттілігін анықтау механизмінің жоқ болуы кәсіпорындарда кадрларға қажеттілік туралы ақпаратты қалалар мен аудандардың әкімдіктері арқылы жинақтау және жалпылау сияқты болжауға әкеп соғады.

- Проблемалар шешуге жүйелік және кешенді көзқараспен келуді қамтамасыз ететін жұмыспен қамту саласындағы әрекет ету бағдарламаларының қысқа мерзімді сипаты (2010-2011 жылдардағы Жол картасы).



Қауіптер:

- Кәсіпорындарда бос жұмыс орындар санын қысқарту салдарынан жүмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша мүмкіндіктерді шектеу.



Мүмкіндіктер:

- Жұмыс берушілер қоятын талаптарға сәйкес жұмыссыз тұрғындарды кәсіби даярлау мен қайта даярлау бағдарламаларын жетілдіру.

- Тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік белсенді бағдарламалары спектрын кеңейту.

- Жұмыссыз азаматтардың ауылды жерлердің тұрғындары үшін басымыдылықпен кәсіпшілік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.



2.2.2.4 Мәдениет


Ауданның мәдениет саласы соңғы жылдары тұрақты даму үстінде. 2008-2010 жылдары мәдениет саласы қызметіне бөлінген қаржы 374 млн. 121 мың теңгені құрады.

Атап айтқанда қаржыландырудың өсуі «Жол картасы» бағдарламасының есебінен, сонымен қатар мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысының өсуінен болды. Жалпы қаржыландырудың ішінде, «Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру іс- шаралары негізінде ауылдық мәдениет нысандарын дамытуға жергілікті бюджет есебінен 2010 жылы 26 196,0 млн. теңге қаржы бағытталды.

Мәдениет мекемелерінің жүйесі 2008 жылы 7 бірлікті, 2009 жылы 10 бірлікті, 2010 жылы 12 бірлікті құрады, соның ішінде: 7 клуб, 5 кітапхана.

2010 жылдан аудандық орталық кітапханада «Бірыңғай ақпараттық компьютер желісі» жобасы жұмыс істейді. Жоба аясында аудандық кітапхана қажетті құрылғылармен қамтамасыз етіліп, Интернетке қосылды. 2010 жылы Интернет пайдаланушылар саны 307 адамды құрады. 2008- 2010 жылдары аудан кітапханаларындағы компьютерлердің жалпы саны 12 бірлікті, көшірме жасау құрылғысы 2 бірлікті құрайды.

Аудан бойынша 2008 жылы 112, 2009 жылы 115, 2010 жылы 120 мәдени- көпшілік іс- шаралар өткізілді.

2008- 2010 ж.ж. аудан кітапханалары 23600 пайдаланушыға қызмет көрсетті.

Жалпы кітап қоры 103,1 мың дана, соның ішінде мемлекеттік тілдегі кітап үлесі 35,9 % құрайды.

2008- 2010 жылдары аудандық мәдениет саласы мекемелерінің материалдық- техникалық базасын жақсартуға жергілікті бюджеттен 29425,0 млн. теңге қаржы бөлінген.

2008 -2010 жылдары мәдениет ғимараттарына (мәдениет үйі, ауылдық клубтар, кітапхана) 186152,0 млн. теңге қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мәдениет саласының басым және әлсіз жақтарын нақтылауға SWOT- сараптама жасалды.



Басым жақтары:

- 2008 жылмен салыстырғанда мәдени- көпшілік іс- шараларға, конкурстарға, фестивальдерге, әдеби- сазды кештерге, көрмелерге, концерттерге қатысушылар, кітапханаға келушілер деңгейін, орын саны өзгерместен, 3,0 есеге арттыру.

- мәдениет нысандарының қызмет көрсетуін қамтамасыз ету дәрежесін арттыру

Әлсіз жақтары:

- мәдениет мекемелерінің жеткіліксіз материалдық- техникалық қамтамасыз етілуі (музыкалық аспаптар, заманауи құрылғылар, сахналық киімдер).

- 2011 жылға пайдаланымдағы мәдениет саласы ғимараттарының жоғары деңгейдегі тозуы 50 % құрайды. Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер:

- әлеуметтік жағдайы төмен топтағы тұрғындарға ақысыз қызмет көрсету мәдениет қызметінің қол жетімділігін арттырады.



Қауіп- қатер:

Мәдениет саласының басым және әлсіз жақтарын нақтылауға жасалған SWOT- сараптама қорытындысында аудандық мәдениет саласының дамуын тежеп отырған өзекті мәселелер анықталды.

1. Ауданның қажеттілігіне мәдениет желісі жеткіліксіз. Үржар ауданының 15 ауылдық округінде ауылдық клубтар, 23 ауылдық округте ауылдық кітапханалар жоқ. Мәдениет саласындағы 1 видеомобиль автокөлігі аудан орталығынан алыс орналасқан ауыл тұрғындарына толыққанды мәдени қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алмайды.

2. Жеткіліксіз материалдық- техникалық жабдықтау (музыкалық аспаптар, заманауи құрылғылар, сахналық киімдер) мәдениет мекемелерінің қызмет көрсету сапасына өз әсерін тигізеді және тұрғындардың өсіп келе жатқан мәдени қажеттілігіне жауап бере алмайды.

3. Мәдениет мекемелерінде кәсіби мамандар жетіспеуі байқалады. Ауылдық клубтар мен кітапханалардың штаттық кестесінде арнайы кәсіби музыка мамандары және техникалық қызмет көрсетушілер бірлігі қарастырылмаған.

2.2.2.5 Тілдерді дамыту


Аудандағы мемлекеттік тіл саясатының даму бағыты: ұлттық бірізділікті қалыптастыруға, тіл саясатын пәрменді ақпараттық қолдауға, ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға негізделген.

Аудан әкімі аппараты және оның дербес бөлімдеріндегі, атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің саны штаттық кестеге сәйкес 214 адам, оның ішінде, ұлттық құрамы бойынша қазақтар- 205, басқа ұлттар- 9. Барлық мемлекеттік қызметшілер қызмет атқаруларына қажетті деңгейде мемлекетік тілді меңгерген. Ауданда 3 орта мектеп базасында және аудан әкімі аппараты жанында мемлекеттік тілді оқыту үйірмелері ұйымдастырылған. Аталған мемлекеттік тілді оқыту үйірмелерінде 76 тыңдаушы мемлекеттік тілді оқып үйренуде.

Білім саласында мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін оқыту мемлекеттік стандартқа сай жүргізілуде. Бүгінгі таңда ауданда 52 жалпы орта мектеп бар, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын- 42, аралас- 10 мектеп. Аудандағы жалпы орта мектептердегі оқушылардың 92 % мемлекеттік тілде оқып, білім алуда. Аудандағы 8 балабақша оқу- тәрбие жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізуде.

Сонымен қатар аудандағы 4 мектеп жанында ағылшын тілі үйірмесі жүргізіледі, онда 85 тыңдаушы қамтылған.

Мемлекеттік тілді оқыту, ісқұжат жүргізу сапасын арттыру мақсатында аталған үйірме тыңдаушылары мен аудан әкімі аппараты мен дербес бөлім қызметкерлеріне (қаржы, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, транспорт) салалық сөздіктер, оқу- әдістемелік құралдар сатып әперілді.

Мемлекеттік тіл саясаты бойынша ақпараттандыру орталығы ролін атқарып отырған аудан әкімі сайты апта сайын жаңартылып отырады.

Ауданда «Уақыт тынысы/Пульс времени» аудандық газеті 5986 дана таралыммен шығады. Мемлекеттік тіл саясатын БАҚ- та насихаттау мақсатында 2008 ж.- 12, 2009 ж.- 15, 2010 ж.- 17 мақала жарияланды.

Аудан әкімі аппараты және оның құрылымдық бөлімдерінде, 27 ауылдық округ әкімі аппаратында ісқұжаттар мемлекеттік тілде жүргізілуде. Аудан әкімі аппараты және оның құрылымдық бөлімдерінде, 27 ауылдық округ әкімі аппаратындағы жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлес салмағы 2008 ж.- 82 %, 2009 ж.- 87,5 %, 2010 ж.- 89,2 % құрады.

Жалпы ауданда мемлекеттік тілді қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізуге мүмкіндіктер жеткілікті. Мемлекеттік тіл саясатын, тілдік құрылымды қоғамдық өмірдің барлық саласында жан- жақты терең енгізуге және жүргізуге барлық жағдайлар жасалған. Бұл мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамның мақсатты үйлестірілген жұмысының нәтижесі. Аудан өмірінде тілдік дамудың тиімді құрылысы бірден- бір әлеуметтік маңызды мәселе, қоғамда азаматтық келісімді және оның ары қарай нығаюына, этнолингвистикалық және мәдени қажеттілікті жүзеге асыруға толыққанды әсерін тигізеді.

Мемлекеттік органдардың қызметі бірқатар тиімді атқарымды- лингвистикалық кеңістік шарттары үдерістерін қалыптастыруға негізделген.

Біріншіден, ауданның жаңаша даму сатысында тілдерді дамыту саласы да ерекше жаңашыл бағыттағы талаптарды қажет етеді. Бірінші кезекте, ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті түсіне білу негізінде ары қарайғы тұрақты дамуға қажетті аудан тұрғындарының бірігуі қажет.

Екіншіден, бұл қоғамдық өмірдің барлық саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы Қазақстанның әлемдік саяси- экономикалық жүйедегі орнының өзгеру әсері.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілмен қатар ресми түрде орыс тілі қолданылады. Орыс тілінің жалпы мәдени қолданылуы дамуда және сақталуда.

Қаржыландыру көлемі 2008 ж.- 1 041,0; 2009 ж.- 624,0; 2010 ж.- 2 274,0 мың теңгені құрады.


Басым жақтары:

- мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымы жетілдірілуде;

- мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің жүйесін қамтамасыз ету жолға қойылды;

- мемлекеттік тілде іс жүргізу үдерісі белсенді жүзеге асырылуда

Әлсіз жақтары:

- мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандарты жасалмаған;

- тіл саласының нормативтік- құқықтық қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер:

- Қазақстан халқын ұлттық және моральдық біріктіруші басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің ролін арттыру;

- көптілділікті сақтай отырып, мемлекеттік тілді әлеуметтік- коммуникативтік кеңістікке енгізу;

- қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту



Қауіп- қатер:

- мемлекеттік тілді қолдану саласындағы құқықтық қолдаудың жеткіліксіздігі;

- қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.

2.2.2.6 Дене шынықтыру және спорт
Аудан бойынша 21 спорт түрлері дамыған. Онын ішінде 1- қысқы олимпиада бағдарламасына кіретін спорттың түрі, 8 — жазғы олимпиадаға және олимпиада бағдарламасына кірмейтін 12 спорт түрлері.

2010 жылы Үржар ауданы бойынша спорт нысандарының саны 228 бірлік (оның ішінде мектептердің спортзалдары), 2008 жылмен салыстырғанда 1 бірлікке азайған.

2008-2010 жылдары жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны 5248 адамға көбейді. 01.01.2010 жылға жалпы халық санынан жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысқан халық саны 12165 адам немесе 15% құрады.

2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өткізілген спорттық шаралар саны 84 бірлікке көбейіп, 113 бірлікті құрады.

Аудан бойынша шаңғы спортынан 49 үйірме жұмыс атқаруда. Қамтылған бала саны — 503. Шаңғы спортын дамыту мақсатында аудан бюджетінен 30 жиынтық шаңғы алу үшін 1 млн теңге қаржы бөлінген. Жыл сайын шаңғы спортынан 10- нан астам жарыстар мен фестивальдар өткізіледі.
кесте. 14

2008-2010 ж.ж. спорт дамуының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы


Р/с№

Көрсеткіштің атауы

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

1

Үржар ауданының жалпы халық саны

84748

84048

82970

2

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны

6917

6421

12165

3

Дене шынықтыру және спортпен қамтылған адамдар %

8.2%

7.6%

15%

4

6-18 жас аралығындағы дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны

5422

5015

6000

5

Спорт нысандары саны, бірлік

228

228

228

Балалар-жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі үлкен жұмыс атқарады. Аталған мектептің Қарабұлақ, Мақаншы, Қабанбай, Таскескен, Қайынды, Благодарное, Бақты ауылдарында бөлімдері жұмыс істейді. Спорт мектебінде 8 спорт түрінен үйірмелер жұмыс істейді (дзю-до, шаңғы, қазақ күрес, еркін күрес, грек-рим күрес, бокс, футбол, волейбол), барлығы 911 бала қамтылған. Спорт мектебінде 27 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істеуде. Оның ішінде 1-дзюдодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2 грек-рим күресінен КСРО-ның Спорт шебері, 1- шаңғы спортынан еңбек сіңірген спорт шебері, 5 -ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 16 жаттықтырушы – оқытушы штаттық кестесі бойынша жұмыс атқаруда, оның ішінде жоғары білімімен – 13 жаттықтырушы, орта арнаулы білімімен – 3 жаттықтырушы. Қалғаны 11 жаттықтырушы штаттық кестесінен тыс, барлығы жоғары білімімен.

Спорт мектебінің жұмыс нәтижесі: 1,2,3 разрядтары бойынша – 279 спортшы, Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері – 3, ҚР спорт шебері-1, СШҮ – 13.

Спорт саласының басым және әлсіз жақтарын нақтылауға SWOT- сараптама жасалды.



Басым жақтары:

Барлық жастағы халық арасында дене шынықтыру – сауықтыру және бұқаралық- спорттық шаралының көбеюі.



Әлсіз жақтары:

1. Материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі

2. Ауыл округтердегі спорт нұсқаушылары штатының жоқтығы
Мүмкіндіктер:

Спорт инфрақұрылымының деңгейін көтеру (кіші футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, шайбалы хоккей алаңдарын жасау)



Қауіп- қатер:

1. Спорт саласының басым және әлсіз жақтарын нақтылауға жасалған SWOT- сараптама қорытындысында аудандық спорт саласының дамуын тежеп отырған өзекті мәселелер анықталды.

1. Балалар- жасөспірімдер спортының жеткіліксіз дамуы. Қазіргі таңда бұқаралық демалыс орындарында және тұрғылықты жерлерді спорт алаңдарының жеткіліксіздігі. Осыған орай балалар- жасөспірімдер спортпен шұғылдануы төмен.

2.Спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі.

1) Ауылдық жерлерде спорттық ғимараттардың және құрал- жабдықтарының жеткіліксіздігі байқалады. Қазіргі таңда ауданымызда жасанды жабынды талапқа сай футбол алаңы жоқ.
2.2.2.7. Ішкі саясат

Ішкі саясат бөлімінің негізгі миссиясы – өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, мемлекеттілікті нығайту, демократияны дамыту, ұлтаралық және дінаралық келісім, жастарды интелектуалдық және рухани қалыптастыру, еліміздің болашақ дамуын қамтамасыз ету. Бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістік, үкіметтік емес секторды дамытып, жастардың мемлекеттік кепілдігі мен әлеуметтік құқықтарын іске асыру.

Бөлім арқылы аудандық және ауылдық ақпараттық-насихат топтарында жүйелі жұмыстар атқарылып, ақпараттық саясат жөніндегі Кеңестің отырыстары өткізілді. Сонымен бірге мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдау мақсатында БАҚ өкілдерімен жұмыстар жанданып, пресс-конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастырылуда. Белгіленген мақсаттарға жету ауданның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының негізгі міндеттерінің жүзеге асуын ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Елбасы Жолдауын аудан тұрғындары арасында кеңінен түсіндіріп, насихаттау мақсатында аудан бойынша жалпы 39 ақпараттық-насихат топтары жұмыс істесе, оның 4 аудандық (құрамында 24 адам), 35 ауылдық (құрамында 219 адам) ақпараттық-насихат топтары құрылып, Жолдаудың маңыздылығын тұрғындарға кеңінен насихаттап, түсіндіруде белсенді жұмыстар атқарып келеді. Ақпараттық-насихат топтары құрамына бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар өкілдері енгізілген.

АНТ мүшелеріне арналған Жолдауға қатысты, ауданның әлеуметтік -экономикалық дамуына және басқа да өзекті мәселелер бойынша ақпараттық материалдар дайындалады. Ішкі саясат бөлімімен дін, сыбайлас жемқорлық және нашақорлық тақырыбындағы кітапшалар дайындалып, таратылды.

Мемлекет және азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара тығыз қарым-қатынас қоғамдық үрдістерге, диалогтың дамуына тұрғындарды кеңінен тартуды қамтамасыз етеді. Аудандағы 29 діни бірлестіктердің қызметіне ерекше назар аударылады. 2012 жылдың 10 айында бері дінаралық байланыс тақырыбында 11 дөңгелек үстел. Барлығы 1240 адам қамтылды.

Қоғамдық-саяси ахуалға, саяси партиялар және басқа да азаматтық қоғам институттары қызметтеріне, соның ішінде діни бірлестіктер қызметіне жүйелі сараптама жасау; олармен өзара диалог және қарым-қатынас аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Өткізілген іс-шаралар жиынтығы қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға, діни бірлестіктер және құқық қорғау органдары өкілдерімен өткізілген дөңгелек үстелдер, олардың жастармен кездесулері, сонымен бірге мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге бағытталған.

Ауданда 2 саяси партиялардың филиалдары тіркелген. Олар құрамында 3561 мүшесі бар «Нұр Отан» ХДП және құрамында 100 мүшесі Қазақстан Халықтық Коммунистік партиясы.

Мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымы тіркелмеген.

Тұрғындарды өз уақытында ақпараттандыру мақсатында 2010 жылдың 1 қазанынан бастап аудандық газет аптасына 2 рет шығады. Осыған байланысты ел дамуының басым бағыттары мен жүргізіліп жатқан мемлекет саясатымен ақпараттану деңгейі артты. Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемі жылсайын артып келеді: 2008 ж. – 3 901,0 мың теңге, 2009 ж. – 4 989,0 мың теңге, 2010 ж. – 7 618,0 мың. теңге, 2011 ж. – 8 241,0 мың теңге. Жергілікті басылымның тиражы жылдан-жылға өсіп келеді. 2008 ж. – 3640, 2009 ж. – 4820, 2010 ж. – 6000, 2011 ж. – 6200 дананы құрады.

Қазақстандық сандық телерадиохабар тарату жүйесін енгізу аясында «Қазтелерадио» АҚ біріккен 1 тұсаукесер, 3 кездесу, АНТ мүшелері арқылы үнемі түсініктеме жұмыстары жүргізіледі. Аудандық газетте OTAU TV жүйесінің артықшылықтары туралы материалдар жарияланды. Бүгінгі таңда 1700 отбасы OTAU TV абоненттері бар.

Жастардың дамуына жағдай жасау мақсатында өңірде бірқатар іс-шаралар атқарылды. Мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру көлемі жылсайын артып келеді: 2008 ж. – 290 мың теңге, 2009 ж. – 388 мың теңге, 2010 ж. – 570 мың теңге. Бөліммен жастарға арналған патриоттық шаралар, сонымен бірге, жастар арасында азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға бағытталған шаралар өткізілді. Әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді.


Күшті жақтары:

- қоғамдық-саяси жағдайға, саяси партиялар мен басқа да азаматтық қоғам институттары қызметіне талдау жасауды жүзеге асыру;

- Мемлекеттік телеарналардың көруін жүзеге асыру

Әлсіз жақтары:

- мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасайтын ҮЕҰ болмауы;

- жастар ұйымдарының болмауы

Мүмкіндіктер:

сандық теледидарды енгізу мемлекеттік бағдарламасын жылдам жүзеге асыру;

қоғамдық-саяси, соның ішінде діни ахуалды күрделендіруді болдырмау бойынша ұтымды шаралар қабылдау;

тұрғындар арасында ақпаратық-насихат жұмысын жандандыру;

ауылдық округтерде жұмыс істейтін мамандарға методикалық көмектер көрсету

Қауіп:

- теріс діни ағымдардың таралуы.



2.2.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және тәртіп.

Аудандағы жедел жағдай 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда тұрақты болып табылады. Криминалдық жағдайды тұрақтандыру және сауықтыру мақсатында аудандық ішкі істер бөлімі басқару шешімдерді қабылдады. Оларды жүзеге асыру тіркелген қылмыс сандарының төмендеуінде нақты оң қарқынды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда тіркелген қылмыстар санын 267 ден 254-ке дейін, оның ішінде ауыр қылмыстар 38 ден 18-ге дейін, қылмыстың ауыр түрлері 7 ден 1-ге дейін, қарақшылық шабуылдар 5 тен 1 қылмысқа дейін төмендеді.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 31 ден 30-ға дейін, мас күйінде жасалған қылмыстар 43 тен 41-ге дейін кеміді.

Жалпы қылмыстардың ашылу деңгейі 3,6 %-ға, оның ішінде қылмыстың ауыр түрлері 11,6 %-ға, бөтен мүліктерді ұрлау 3,9 %-ға, қасақана жасалған қылмыстарды ашу 100 %-ға артты.

Сонымен қатар, орта деңгейдегі қылмыстар 3,8 %-ға, оның ішінде бөтен заттарды ұрлау 3,4 %-ға, ұрлықтар 16,7 %-ға көбейіп отыр. Сотталып келген азаматтардың қылмыстары 57,1 %-ға, кәмелеттік жасқа толмаған жастар істеген қылмыстар 44,4 %-ға өсіп отыр.

10 мың адамға шаққандағы жалпы қылмыс деңгейі 29,7 ден 27,7-ге дейін төмендегеніне қарамастан, кейбір ауылдық округтерде тіркелген қылмыстар саны көбеюде. Атап айтқанда Үржар, Мақаншы және Қабанбай ауылдары. (12 сурет).




2008-2010 жылдары тіркелген қылмыстар санының өзгеру динамикасы

12 сурет

Соңғы 3 жылдың аралығында жасөспірімдер жасаған қылмыстар саны тұрақсыз болып тұр. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағы 2008 жылы – 12 қылмыс, 2009 жылы – 9 қылмыс, 2010 жылы 13 қылмыс. 2008 жылмен салыстырғанда жасөспірімдер жасаған қылмыстар 2008 жылмен салыстырғанда 8,1 пайызға дейін көбейді.

«Мектеп» инспекторлары институтының дамауын жалғастыру қажет, бұл оқушылар арасында құқық бұзушылықтарды ерте алдын алуға мүмкіндік береді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату, есірткі заттары мен психотропты құралдарды медициналық емес жолмен пайдалану фактілерінің алдын алу жұмысына азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша жұмысты одан дамытуды талап етеді.

Жолдарындағы апат жағдайы күрделі болып қалуда. Оның себебі автокөлік құралдары парктерінің өсуі, жолдардың қозғалыс қарқындылығының сәйкес еместігі, жүргізушілер дайындығының сапасы мен тәртібінің төмен деңгейде болуы. Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру үшін, жол қозғалысын бақылау және реттеулдің заманауи техникалық құралдарын қолдану қажет. Осы мәселелерді шешу жол көлік оқиғалар санының жыл сайын 1-2 %-ға төмендеуіне мүмкіндік береді. 2008 жылы 13 жол оқиғасы, 2009 жылы 10, 2010 жылы 17 жол оқиғасы тіркелген (13 сурет).



2008-2010 жылдары аралығында жасалған ЖКО, қаза болғандар мен жаралағандар санының өзгеру үрдісі



13 сурет

Халықты есірткілерді пайдалануға тарту деңдейі жоғары болып қалуда. Нашақорлықты ерте алдын алу жүйесін құру, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерді дамытуды талап етеді.

Есірткіге қарсы күресті насихат жалпы мемлекеттік жүйені қалыстастыруға әкелетін жолдардың ұйымдастырылуын жетілдіруді, оның ішінде заңнама деңгейінде. Осыған байланысты барлық мемлекет органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін пайдалана отырып пәрменді ақпараттық-насихаттау шаралар кешенін қабылдау қажет.

Күшті және әлсіз тараптарын табу үшін SWOT-талдауды жасау қажет.



Күшті тараптар

1. Азаматтардың құқытары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдайларжасалды.

2. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етудің нақты субъектілері анықталды.

3. Қоғамдық тәртіпті қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алуда қатысатын азаматтар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасу нысандары келісілді.



Әлсіз тараптар

1. ІІО-да есепте тұрған тұлғалар арасында отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралардың жеткіліксіздігі.

2. Тұрмыстық маскүнемдік, Маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу мәселелерінің шешілмегендігі.

3. Тұрмыс жағдайы ауыр тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту деңгейінің жеткіліксіздігі.

4. Ішкі істер органдарының тиісті нормаларға дейін жасақталмағаны, оларды үлгілік әкімшілік ғимараттарымен қамтамасыз етілмегені, жұмыс істеп тұрған ғимараттарды қайта салу қажеттілігі.

Мүмкіндіктер


  1. Құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру.

  2. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың өсуіне жол бермеу бойынша

уақтылы шараларды қабылдау.

  1. Алдын алу субъектілерінің жұмысын үйлестіруді арттыру.

Қауіптер :

1. Ауданның географиялық орналасуы заңсыз көшіп-қону жағдайына өзінің оң ықпалын тигізеді.

2.2.2.9 Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту.


Үржар ауданының аумағының әртүрлі табиғи, кен-геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның – жер сілкінісі, су тасқыны, сел, көшкін, қар көшкіні, дауыл, дала өрттері, темпераНақтының күрт төмендеуі және қарлы боран, індет және эпизоотия сияқты табиғи апаттарға айтарлықтай бейім болатындығын алдын ала анықтайды. Құралдар мен негізгі қорлардың, жылжымалы құрамның және көліктегі инфрақұрылымның ескіруі мен тозуы, табиғи ресурстарды өңдеуді қарқындандыру, оларды тасымалдау мен қайта өңдеу көлемін арттыру техногендік қауіп-қатердің өсуі үшін нақты алғы шарттар жасайды.

Аудандағы 7 су құрылыстары қазіргі заманның беріктік талаптарына сай емес және төменде орналасқан елді мекендер мен объектілер үшін әлеуетті қауіп төндіреді. Таулы жерлерде орналасқан елді мекендерді көктем мезгілдерде сел басу қауіптілігін туындатады. 2010 жылдың қаңтар айында қардың шамадан тыс түсуінен және қатты соққан боранның салдарынан ауданның барлық елді мекендеріне жол қатынасы үзілді, 60,0 мың адамның өмір сүру жағдайлары бұзылды. Аудан көлемінде 17-ден астам көшкін түсетін учаске, 16 елді мекенге және онда өмір сүретін 29,5 мың аддамға тікелей қауіп төндіреді. Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіпті қыс кезеңіндегі төтенше жағдайлар туғызады.

Жыл сайынғы залалады ауданға су апатымен (су тасқыны, су басу) байланысты төтенше жағдайлар әкеледі. 2010 жылғы көктем кезеңінде қолайсыз келген стихиялық ауа-райы шарттарына байланысты су тасқыны кезеңінде, наурыз айының ортасында ауа темпераНақтысының +17º-қа дейін күрт жылынуынан қар қорларының жаппай еруі орын алып, соның салдарынан аудан көлемінде 14 автокөлік көпірлері және су қоймасы істен шықты.

2010 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың салдарын жою тәжірибесі зардап шеккен, облыс әкімінің және аудан әкімінің резервінде материалдық-техникалық қорлардың жеткіліксіз салынғандығын, әлеуетті-қауіпті жерлерде инженерлік және жағалауды бекіту жұмыстарын өткізу деңгейінің төмендігін, АҚ және ТЖ аумақтық қызметтерінің қажетті құралдар және қондырғылармен нашар жарақталғанын көрсетті.

Үржар ауданының климатының күрт континенттік жағдайларында және елді мекендердің бір бірінен айтарлықтай алыс қашықтықта болуынан қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп туындатады. Ауданның дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы күрделі болып отыр, онда жыл сайын 28-ға дейін ірі өрттер болып тұрады, 717 гектарға дейін егіс алқаптары құртылады. Тұрғын секторда өрт шығу деңгейі жоғары болып қалуда, мұнда жыл сайын барлық өрттердің 75 пайызына дейін және өрт кезіндегі адам өлімінің 90 пайызына дейін болады. Ауданның елді мекендерде орналасқан 5 өрт сөндіру тірек пунктері жұмыс істейді. Елді мекендерді қажетті қорғаумен қамтамасыз ету үшін және дала өрттерін сөндіру жұмыстарын алдын алу мақсатында қосымша Қарабұта және Ноао-Андреевка ауылдарында өрт сөндіру тірек пунктерін құру керек.

Облыстағы басшы құрамның қолда бар орталықтандырылған хабарландыру жүйесі 30 жыл бұрын құрылған және бүгінгі күнгі сандық технология және талшық-опитакалық байланыспен нашар ұштасады және тамырымен ауыстыруды қажет етеді. Соңғы 15 жыл ішінде қондырғылардың, бағдарламалық қамтамасыз ету және жүйелердің жаңартылуы жасалған жоқ. П-160 және П-164 аппараНақтысы электрсирендік құлақтандыру жүйесінде пайдаланылады, моральді және нақты ескерді, тұрмыстық техника және басқа құралдардан туындайтын кедергілерге төзімділігі төмен, ҚТС көшкен байланыстың сандық желілерінің жұмысына икемделмеген. Теле-радио арналары арқылы халықты құлақтандырудың ұйымдастырушылық-техникалық шешімдері төмен төзімділік және аз тиімділігімен ерекшеленеді және теле-радио хабарлар жіберу, кабельді телеарна, соның ішінде әртүрлі формадағы жеке меншік арналардың бағдарламалары осы мақсаттар үшін пайдалануға келмейді.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеттің 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 154 бұйрығына сәйкес «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» Құрылыс нормалары және ережелері 2.03-30-2006 қабылданып, 2006 жылғы 1-шілдеден бастап қолданысқа енгізілді. Үржар ауданындағы 20 елді мекендер сейсмикалылық жер сілкінісі 6-дан 7- балға дейін жететін қауіпті аймақта орналасқан. Олар атап айтқанда, Салқынбел, Қарабұйрат, Благодатное, Көкөзек, Некрасовка, Колденең, Ақшоқы, Қарабұта, Көктерек т.б. елді мекендер. Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі орын алған мәселелерді шешуді, туындаған жер сілкінісінен болуы мүмкін материалдық шығын болжамын, сонымен қатар конструкцияларды күшейту жолымен шығынды айтарлықтай азайтуды талап ететін кешенді болып табылады. Сейсмикалық күшейтуді инженерлік қорғау бойынша шараларды тексеру және өткізу облыстың бюджетінде жоқ бірсыпыра қаражаттың салымын қажет етеді.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, алдын ала дайындалу дүлей апаттар, авариялар, катастрофалар кезінде пайда болатын қауіп-қатерлерден халықты, аудан экономикасын, материалдық және мәдени құндылықтарды әсерлі қорғаудың міндетті шарттары болып табылады.


Пайда болған жағдайды бағалау төмендегідей SWAT сараптамасында көрсетілген:
Күшті жақтары. Жыл сайын бекітілген жоспар бойынша басқару органдары, облыстық қызметтер, АҚ және ТЖ объектілік және аумақтық қызметтерімен командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізіледі. Төтенше жағдайлардың қаупі және пайда болуы кезінде әрекет ету және өзара әрекеттесу жоспарлары жасалды. Ауданның АҚ және ТЖ мәселелері бойынша басшы құрамы облыстық және республикалық оқыту курстарында жиі дайындықтан өтеді. Аудан әкімдігі тарапынан дала өрттерін сөндіру және шалғай орналасқан елді мекендерді қорғау үшін 5 өрт сөндіру тірек пунктерінің қызметі ұйымдастырылды.
Әлсіз жақтары. Халықты құлақтандырудың қолда бар жүйесі табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупі немесе пайда болған кезде халыққа ақпаратты жедел толық көлемде жеткізуге қабілеті жоқ. АҚ және ТЖ аумақтық құрылымдары авариялар және дүлей апаттар аумақтарында шұғыл құтқару жұмыстарын өткізуге қажетті құралдар, қондырғылар және құтқару жарақтарымен нашар жабдықталған. Аудан аумағындағы әртүрлі табиғи, таулы-геологиялық шарттар күшінде, көптеген өзендер мен су қоймаларының бар болуынан жағалауды бекіту жұмыстарын өткізуді және кезек күттірмейтін қорғауды қажет ететін, елді мекендер мен инженерлік құрылыстарға тікелей қауіп тудыратын, су тасқыны және су басуы пайда болатын әлеуетті-қауіпті учаскелер бар.
Мүмкіндіктері. Мақсатқа қол жеткізудегі жетістіктер көбінде басқару органдарының, АҚ және ТЖ күштері мен құралдарының қауіп төнген немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл әрекет етуге әзірлігі деңгейіне байланысты болады. Тұрғындар арасында АҚ және ТЖ саласындағы білімді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, әртүрлі түрдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл ережесінің көрнекілік құралдарын тарату жөніндегі кең көлемдегі жұмыстар ТЖ болатын шығындарды айтарлықтай азайтады. Өрт сөндірудің тірек пункттерін дамыту және мөлшерін артыру табиғи өрттерден болған шығындарды айтарлықтай азайтуға, сондай ақ аудан орталықтарынан шалғайда жатқан елді-мекен пункттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аудан әкімінің материалдық-техникалық запастарын күшейту, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен тұрғындардың кепілді тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қауіптер. Аудан аумағында күші 7-ден 8 балға дейін болатын күшті жер сілкінісі туындауының нақты каупі бар. Объектілерді тексеру және сейсмикалық күшейту жөніндегі қаржыландыру жобасының болмауы қирататын жер сілкінісі туындаған жағдайда адам өліміне, сонымен қатар тұрғын үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың жаппай бүлінуіне соқтырады және тек ауданға ғана емес облысқа және республикаға да айтарлықтай шығын келтіреді.

Ауданда гидротехникалық құрылыстар және негізінен өткен ғасырдың 50-70 жылдарында салынып, жобамен салынған мықтылық запасы ескірген меншіктің әртүрлі түрдегі бөгеттері бар. Су құрылыстарының кепілді мықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді тәсілдің болмауы бөгеттердің жай-күйін тексеру және оларды күшейту жөніндегі іс-шараларды қаржыландырмаудан техногендік авариялар туындап, адамдар өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.

Тұрғындарға арналған қазіргі заманның жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға қаражат бөлмеу аумақтың химиялық ластануы болған жағдайда адамдар өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді.

Қазіргі заманның қосалқы қорғалған басқару пункті құрылысына қаржыландырудың болмауы ерекше кезеңде АҚ және ТЖ күштері мен құралдарының сенімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге қауіп төндіреді.



2.2.2.10. Мұрағат ісі.
«Үржар ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізігі бағытты – Ұлттық мұрағат құжаттарының сақталуын, жинақтығын, есебін, заңды және жеке тұлғаларға сапалы қызмет көрсету болып табылады.

Үржар ауданындағы мұрағат ісінің дамуына жасалған талдау соңғы жылдар ішінде мұрағат өрісінің қызмет ету саласында ілгерілеудің позитивті үрдісінің байқалатындығын көрсетті.

Үржар ауданына мемлекеттік мұрағат жұмыс істейді. Мұрағат саласында 5 мұрағатшы-мамандар, 1 есепші, 7 техникалық мамандар және директор қызмет атқарады.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 100-ден астам мекеме, ұйымдар, кәсіпорындар – мемлекеттік мұрағат құжаттарын жинақтау көздері болып есепке алынған. Үржар ауданының Ұлттық мұрағат қорының көлемі 2010 жылдың 1 қаңтарында 68 469 мың сақтау бірлігіне дейін жетті.

Мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базаларын модернизациялау, компьютерлендіру, автоматтандырылған мұрағат технологияларын құру және енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аудандық мұрағат мекемесінде модемдер орнатылды, «Шығыс Қазақстан облысының Мұрағат қызметі» сайты белсенді жұмыс жасайды.

Ведомстволық сақтаудағы мерзімі өткен құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру жұмысы жалғасуда. 2010-2015 жылдар ішінде сақтаудың барлық түрлерінде 3,5 мыңнан астам істі мемлекеттік сақтауға қабылдау жоспарлануда. Сонымен қатар, мемлекеттік сақтауға түсетін құжаттар көлемінің өсуі және саланың кадрлық әлеуетінің өсу динамикасы арасындағы сәйкессіздік байқалады. Мұрағат қоры өскен кезде ауданның мемлекеттік мұрағат мекемелері қызметкерлерінің саны бұрынғы деңгейде қалды. Бәрінен бұрын, кәсіби даярланған кадрлар қажет.

Ауданның мемлекеттік мұрағаты 2010 жыл ішінде Жеңістің 65 жылдығына арналған 1 көрме, БАҚ-да 4 жарияланымдар мен ұйымдастырды, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 2151 сұранысты және тақырыптық сипаттағы 60 сұранысты орындады.

Мемлекеттік мұрағаттарда деректемелердің бірыңғай базасының және автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің болмауы мемлекеттің сұраныстарын, азаматтардың заңдық құқықтарын және олардың мұрағаттық ақпараттарды алудағы мүдделерін уақытында және сапалы орындауға кері әсерін тигізеді.

Ауданның мұрағат мекемелерінің барлығында дерлік құжаттарды қазіргі заман тасығыштарына көшіру және құжаттар түпнұсқалары жоғалған немесе бүлінген жағдайда Ұлттық мұрағат қорының аса бағалы бөлігін сақтандыру үшін көшіру жүзеге асырылмайды.

Ведомстволық сақтау кезеңіндегі сақталуын қамтамасыз етудің болмауы қызметкерлердің еңбек қызметін және олардың зейнетақымен қамтамасыз етуге ақша аударуы жөніндегі мәліметтерді растайтын құжаттардың мұрағат мекемелеріне келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстардың 20-30 % астамы оң растау алмауына әкеліп соқтырды.

Үржар ауданының мемлекеттік мұрағаты өзінің жеке ғимараты жоқ, сақталға тиісті құжаттардың көлемінің өсуіне сәйкес, жеке типтік ғимарат сатып алуды қажет етеді.


Күшті жағы:

«Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайты белсенді жұмыс істейді.



Әлсіз жағы:

- Мұрағатта жеке типтік ғимараттың жоқтығы;

- нормативтік –құқықтық базасының жетілмегендігінде, ауданда мұрағат ісі құжаттарды сақтау саласында және мұрағат мекемелері жұмысында білікті мамандардың жетіспеушілігінде көрінетін мұрағат саласының инфрақұрылымы дамуының төмен дәрежесі;

- мемлекеттік мұрағаттарда сақталатын құжаттама көлемінің өсуі мен мұрағат қоймалар көлемімен сәйкес келмеуі;

- Қазақстан халқының құжаттық мұрасын зерттеу, дамыту мен насихаттауының жеткіліксіз деңгейі;


Мүмкіндіктер:

Ауданның мұрағат мекемесінің электрондық қызмет көрсетуі, заңды форматтағы ұлттық мұрағат қоры көлемінің өсуі, азаматтардың мұрағат ақпаратына қол жетуінің кеңейюі.


Қауіптер:

Мұрағат саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тиімсіз жұмысы, жергілікті атқарушы органдарынан кадрлардың кетуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет