БАҒдарламасы үржар ауылы, 2012 жыл



бет4/12
Дата23.06.2016
өлшемі3.35 Mb.
#155591
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.2.1.6. Бәсекелестікті дамыту.


Үржар ауданының экономикасының басым салаларында бәсекелестікті дамыту тұрақты түрде, соның ішінде тауар нарықтарында жаңа қатысушылардың пайда болуы үшін қажетті жағдайларды жасау жолымен жүзеге асырылатын болады.

Агроөнеркәсіп саласына жасалған сараптама барысында бәсекелестікті дамыту іс-шарлары ұсынылды. Ауылшаруашылық өнімдерін тікелей тұтынушыларға сату практикасын жалғастыру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде сауда базарлары, жексенбілік жәрмеңкелер арқылы сату және ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге базарлардан арнайы орындар берілуін қамтамасыз ету.

Ауданда «Жаланашкөл» көмір кеніші бар. Қазып алынатын қатты отын өңірдің ішкі сұранысын ғана қамтамасыз етіп қоймай, республиканың басқа да облыстарына жіберіледі.

Көмір нарығында негізгі проблема болып көмірдің жекелей нарығында соңғы тұтынушылар үшін жылыту кезеңінде бағаның маусымдық жоғарлауы болып табылады. Көмір бағасының өсуіне әсер ететін факторлардың бірі болып қосымша құрылымдардың алып-саттар делдалдардың көпшілігі болып табылады. Көмір бағасының өсуіне электр энергиясының және жағар-жанармай бағаларының өсуі қосымша әсер етеді. Сонымен бірге өнімділігі жоғары емес қосымша құрылымдардың қызметі заңмен шектелмеген.

Мысалы, «Мадина» ЖШС жыл сайын қосымша құрылымдар арқылы көмір сатуды жүзеге асырады, соның ішінде ашық конкурстар өткізу жолымен, ол соңғы тұтынушыларға, соның ішінде табиғи монополиялар субъектілеріне көмірге бағаның негізсіз өсуіне әкеліп соқтырады.

Осыған байланысты аталған мәселенің шешімінің бірі заңнама тұрғысында көмірді өндіруге және іске асыруға ешқандай қатысы жоқ барлық қосымша құрылымдарды жою механизмін әзірлеу болып табылады.

Тұтыну нарығының оң бағыттарының бірі болып сауданың бөлшектік формасына біртіндеп ауысумен сауда кәсіпорындарын нығайтумен және мамандандырумен байланысты жеке сауда инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады.

Сонымен қатар бүгінде республикадағы сияқты республикада сауданы дамыту бағыттарының нақты көрінісі жоқ, ал ішкі сауда стихиялы түрде дамуда.

Бүгінгі күні шағын кәсіпкерлік саласында келесі мәселелер проблемалық болып табылады:

- оның даму деңгейіне, қызмет түрі және қалпына келу уақытына байланысты салық салу кезінде дифференциалдық кепілдіктің жоқтығы;

- кепілдік қамтамасыз етудің жоқтығы кезінде нақты секторда бизнесті ашу мүмкіндігінің жоқтығы, яғни жаңа іс ашқысы келетін азаматтарда бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігінің жоқтығы;

-формальдік шығындарды талап ететін формальдік, бизнестің жоғары операциялық шығындары;

- бизнес қызметінің жоспарлық және жоспардан тыс тексерулерінің үлкен көлемі;

- несиелер бойынша екінші деңгейлі банктердегі жоғары сыйақы мөлшерлемесі және оларды қайтару механизмінің жетімсіздігі;

- сауда қызметін реттеу саласында әлсіз заңнамалық қамтамасыз ету;

- қосымша құрылымдардың үлкен көлемі.

Ұсынылған шаралар негізінде рұқсатнама құжаттарын алу кезінде өңір кәсіпкерлерінің қорытыды әкімшілік шығындары 35% қысқарады, ол сондай –ақ тауар нарықтарында бәсекелестіктің дамуына әсер етеді.

Содан басқа келесі шаралар қарастырылады:

- әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағалар және сауда мөлшерлемесіне тұрақты мониторингпен қамтамасыз ету;

- тартылған несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау;

- бағаларды тұрақтандыру бойынша аудандық штабтардың жұмысын жалғастыру;

Агроөнеркәсіп секторындағы сараптама нәтижесінде бәсекелестікті дамыту бойынша іс – шаралар ұсынылды:

- халыққа ауыл шаруашылығы тауарларын, «демалыс күні» жәрмеңкелері және нарықтары арқылы тікелей сату тәжірибесін жалғастыру;

- нарықтарда сауда орындарымен ауыл шаруашылығы таруарларымен қамтамасыз етуге көмек көрсету.


Осыған байланысты өңірде бәсекелестікті дамыту шараларымен келесілер анықталды:

- жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында өңірлік нарықтар, тауарларға және қызметтерге қажеттілік жайлы ақпаратты жинауды, талдау және жариялауды ұйымдастыру;

- жергілікті мемлекеттік атқару органдарының қызметінің ақпараттық айқындылығын жоғарлату бөлігінде жұмыстың жалғасуы.

Облыста әкімшілік барьерлерді және бәсекелестік нарықты дамыту бойынша бұдан арғы жұмыс жалғастырылатын болады.

Содан басқа жергілікті атқарушы органдардың қызметі Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсеке қабілетті әлемдік индексінің «жергілікті бәсекелестік артықшылығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан ұстанымының жақсаруына әер ететін іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге бағытталатын болады.

SWOT-талдау:


Күшті тараптар:


  1. Сауданың дүкендік формасына біртіндеп ауысумен сауда кәсіпорындарын ұлғайтумен және мамандандырумен байланысты жеке сауда инфлпкдпдрақұрылымын жетілдіру.

  2. Әлсіз тараптар

  1. Қосымша құрылымдардың үлкен көлемі бағаның айтарлықтай өсіміне алып келеді;

Мүмкіндіктер

  1. Әкімшілік барьерлерді және бәсекелестік нарықты дамыту бойынша бұдан арғы жұмыс;

  2. «жергілікті бәсекелестік артықшылығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан ұстанымының жақсаруына әер ететін іс-шараларды әзірлеу және өткізу

  3. Қатер

  1. сауда дамуының нақты көрінісінің жоқтығы.




        1. Өңірдің инновациялық дамуы.

Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алу кезінде қазақстандық қамту мәселелеріндегі негізгі міндеттерді орындау мақсатында 2009 жылдан бастап мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамтуды ұлғайту, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту және отандық өндірушілерге қолдау көрсету бойынша дәйекті жұмыс басталды.

2009 жылдың қорытындысы бойынша ауданның 6 кәсіпорны бойынша мониторинг жүргізілді, олар жалпы сомасы 468,0 мың теңгеге тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алды, соның ішінде жүйе құраушылар бойынша қазақстандық қамтудың үлесі 100 % құрады.

2010 жылы ауданның 10 ірі кәсіпорындарымен мониторинг жүргізілуде, олар жалпы сомасы 80797,6 мың теңгеге тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алды, соның ішінде қазақстандық қамтудың үлесі 100 % құрайды.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік сатып алудағы үлесі азайды, сатып алудың жаңа электронды түріне көшуіне байланысты ҚР басқа өңіріндегі жеткізуші ірі өндірушілердің әлеуетті қаблеттілігі анықталды.

2011-2015 жылдарға арналған индустриалдық- инновациялық даму бағдарламасына Үржар ауданынан Алакөл жағалауында санаторлы-курорттық қонақ үй кешенін салу жобасы енгізілген, жобаны орындаушы «Бұғаз» ЖШС-і болып табылады.

Қазіргі уақытта аталған жоба Алакөл көлінің жағалауын нығайту мәселесі шешімін тапқанға дейін тоқтатылған.

Алакөл көлі демалыс аймағындағы салынып жатқан басты құрылыстар стандарттық сапасына сай демалыс үйлерін іске қосуды жоспарлауда. Бұл жақын жатқан елді-мекендерде шағын бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызады, салық төлемдері мен аудан бюджетіне қосымша кіріс кіреді.

Сонымен қатар, «Бәтуә» ЖШС-і соя дақылын өсіруде тамшылап суғару жүйесі «VALLEY» қондырғысын қолданып, ауданның инновациялық технологиясының дамуына үлесін қосуда. Аталған мекеме тамшылап суғару жүйесін сумен қамтамасыз ету үшін пластикалық құбыр шығаратын шағын зауытты іске қосуды жоспарлауда, агротехникалық іс-шараларды пайдалану үшін 27 бірлік тракторлар мен 96 бірлік тіркеме-қалқа және қосалқы құрал –саймандармен қамтамасыз етілген.

«Бәтуә» ЖШС-н «Индустрияландыру картасына» енгізу жоспарлануда, бүгінгі күнге жұмыстар атқарылуда.



SWOT- талдау:

Күшті жақтары:

1. меншік өндіріс қорының болуы;

2. әлеуеттік өндірістің болуы;

3. қолайлы ахуал жағдайы.



Әлсіз жақтары:

1. Алакөл көлінің жағалауын нығайту мәселесінің шешімі;

2. білікті мамандардың тапшылығы.

Мүмкіндіктер:

1. қабілетті жайғасымды арттыру, іс-шаралар жасап өткізу.



Қауіптіліктер:

басқа аудан кәсіпорындарының жан-жақты бәсекелетігінің болуы, салыстырмалы операциялық бизнес шығындарының жоғарлауы.


2.2.1.7. Негізгі капиталға инвестициялар

2010 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға инвестиция көлемі 3764,5 млн. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 58,4 %-ға артық. (7 кесте)


Үржар ауданы бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өзгеру динамикасы

(8 кесте)

(млн. тг)




2008

өткен жылмен салыстырғанда, %

2009

өткен жылмен салыстырғанда, %

2010

өткен жылмен салыстырғанда, %

Аудан бойынша барлығы

3832,8

110,5

2318,1

60,4

3764,5

162,4





















Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция көлемінің 2010 жылғы үлес салмағы: кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражат есебінен – 22,2% ( 834,4 млн.теңге), республикалық бюджет қажарат есебінен – 69,1% ( 2603,6 млн. теңге), жергілікті бюджет қаражат есебінен – 8,7% ( 326,5 млн. теңге) құрады және тартылған қаражаттар инвестициялардың басым көздері болып республикалық бюджет болып табылады. (8 кесте)


Каржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өзгеру динамикасы

(9 кесте)

Жылдар

2008

алдынғы жылмен салыстырғанда

%

2009

алдынғы жылмен салыстырғанда

%

2010

Алдынғы жылмен салыстырғанда

%

Барлығы аудан бойынша, млн. тенге

3832,8

110,5

2318,1

60,4

3764,5

162,4

Республикалық бюджет

3054,1

93,5

1717,5

56,2

2603,6

151,6

Жергілікті бюджет

429,3

в 18 раз

210,3

49,0

326,5

155,3

Меншікті қаражаттар

348,8

193,8

380,5

109,1

834,4

219,3

Қарызға алынатын қаражаттар

0,600




9,8

в 16 раз






2010 жылы ауданға тартылған инвестицияның басым бөлігі білім саласына 20,5 %, көлік және байланысқа – 51,3 % және өнеркәсіпке – 5,0 %.


Қолдану бағыттары бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өзгеру серпінділігі

(10 кесте)

Жылдар

2008

алдынғы жылмен салыстырғанда

%

2009

алдынғы жылмен салыстырғанда

%

2010

Алдынғы жылмен салыстырғанда

%

Аудан бойынша барлығы, млн.теңге

3832,8

110,5

2318,1

60,4

3764,5

162,4

Оның ішінде :



















Өнеркәсіп

90,0

53,9

211,6

в 2,0 раза

166,8

78,8

Инвестицияның жалпы көлеміндегі өнеркәсіптің үлес салмағы, %-да

2,3




9,1




4,5




Оның ішінде :



















Кен өндіру өнеркәсібі













-




өңдеу өнеркәсібі

5,9

44,8

14,0

237,3

2,6

18,5

Электр энергетикасын, газ бен суды өндіру және үлестіру

84,1

54,7

197,6

234,6

6,5

3,3

Құрылыс













6,0




Ауыл щаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы

38,9

110,0

59,7

153,5

19,7

33,0

Балық аулау кәсібі, балық өсірушілік



















Көлік және байланыс

1247,1

49,0

753,4

60,4

1929,4

256,1

Сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке қолдану заттарын жөндеу

46,5

134,0

27,8

59,8

197,0

7,1 есеге көп

Қонақ үйлер мен мейрамханалар

109,5

128,3

64,9

59,3

196,8

3,3 есеге көп

Білім

903,2

304,2

547,1

60,6

770,8

140,9

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету

8,9

13,8

4,6

51,7

56,9

12,3 раза

Басқа салалар

1388,7

в 5,8 раз

649,0

46,7

412,0

63,5


SWOT- талдау:

Күшті тараптар:

  1. Туризм нысандарын, тұрғын үй және агроөнеркәсіп кешен құрылыстарын салуға қолайлы ортаның болуы.

Әлсіз тараптар:

  1. Шетелдік және жеке меншік инвестицияларды жан-жақты тартудағы белсенділіктің жетіспеушілігі.

2. Банктерден қарыз алу үшін кәсіпорындардың өтімділігінің болмауы.
Мүмкіндіктер:

1. Нақты секторға құйылған инвестиция көлемінің өтелімділігі;

2. Өңірге инвестиция тартудың табиғилығы;
Угрозы:

- қаржы дағдарысы.


2.2.1.9. Қоршаған орта жағдайы.
Үржар ауданының қоршаған ортасының жағдайы бірінші кезекте жұмыс істеп тұрған өңдеу кәсіпорындарының табиғатты қорғауға арналған іс-шараларды орындау қабілеттіліктеріне тікелей тәуелді.Сонымен қатар, ауа атмосферасына әсер ететін факторлардың бірі автокөлік құралдарынан шығатан газдар болуда. Ауданда қоршаған ортаныныңғ жағдайын жақсарту мақсатында «Алакөл» көлінің жағалауын бекіту, елді мекендерді көкалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Үржар ауданы, Шығыс Қазақстан облысындағы ең сумен қамтамасыз етілген аймақтардың біріне жатады. Үстіңгі және жер асты суларының жағдайына әсер ететін негізгі фактор тарихи ластанулар болып табылады (таулы жыныс үйіндісі, артқы сақтау орны, өндірістік қалдықтар, өндірістік қалдықтарды жинау орны). Ауданның барлық елді мекендерінде өндірістік және тұрмыстық қалдықтар жинау орындарының жоқтығы қоршаған ортаның ластануына тікелей әсерін тигізуде.

Бүгінгі күнге дейін Үржар, Мақаншы елді мекендерінде тұрмыстық қалдықтар жинау полигондарының құрылыстарын салу үшін жобалық-сметалық құжаттарының дайын болғанына қарамастан құрылыс жұмыстарын бастау өзінің оң шешімін таппай отыр.

Осыған сәйкес, шешімін таппай отырған мәселелер қатарында :

-атмосфералық ауаның автокөліктен шыққан пайдаланылған газдың атмосфералық ауаны ластануының өсуі;

-өзендердің ластануы ;

-Семей ядролық сынақ полигоны зардапының салдарынан пайда болған экологиялық проблемалар;

-Елді мекендердегі канализация жүйелерінің және тазалаушы қондырғылардың тозуы ;

-Барлық елді мекендерде өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау полигондарының жоқтығы ;

Мықты жақтары:


  • Арнайы белгіленбеген орындардағы өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау полигондарын жою;

  • Тұрғындарға экологиялық білім беру және ағарту жүйесі дамуда, азаматтарға қоршаған ортаның жағдайы Нақтылы ақпарат беру жүйесі жетілдірілу ;

  • Аудан орталығында «Мәдениет саябағы» және «Батырлар Аллеясы» демалыс орындары бар.

Әлсіз жақтары:

  • Тұрмыстық қалдықтар жинау полигондарын салу мәселелерінің жедел түрде шешілмеуі;

  • Атмосфера ауасының автоматтандырылған бақылау және мониторинг жүйесінің жоқтығы;

  • Қолданыстағы мемлекеттік мониторинг жүйесі қоршаған ортадағы нақты және химиялық ластаушылардың құрамы үшін жедел толық және объективті ақпаратпен қамтамасыз ете алмауы;

  • Автокөліктердің санының үздіксіз өсуі кезінде аудан орталығында көліктерді дамыту тұжырымдамасы әлі әзірленбегені ;

Қауіптер:

Табиғи-климаттық жағдайдың шұғыл өзгеруі;

Елді мекендерде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруі және жер асты жер үсті суларының ластануы ;

Мүмкіндіктері:

Қалдықтарды екінші қайтара өңдеу және пайдаға жаратуды енгізу энергия үнемдеу ресурсы саясатын іске асыруға мүмкіндік береді, бұл табиғи ресурстарды үнемдеуге, қалдық көлемінің азаюына әкеледі.

Автоматтандырылған қоршаған ортаның сапасын бақылау жүйесін енгізу оңтайлы басқару шешімін қабылдау үшін оның жағдайы Нақтылы объективті суреттеме алуға мүмкіндік береді, соңғы нәтижесінде тұрғындардың өмір жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізеді.

Азаматтарға табиғи ресурстарды пайдалануға саналы қатынасты қалыптастыру.

Қатты қалдықтар жинау полигондарының құрылысын салу.

2.2.2. Әлеуметтік сала



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет