Бүгінгі күні аймақтағы шағын кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын бизнес халықтың елеулі жұмыспен қамтылу пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең саласын құруды, бюджетке түсетін салық түсімдерінің көп үлесін қамтамасыз етеді. Аудандағы шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерінің үдемелі динамикасы бар, бұл аталған экономиканың секторын дамытудағы оң тенденция туралы куәлік етеді.
Салық басқармасының мәліметі бойынша 2011жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша ауданда 6409 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, солардың ішінде жұмыс істеп тұрғандары - 6421, заңды тұлғалар үлесі 84 бірлікті (1%), жеке кәсіпкерлер – 2578 бірлікті (41%) және шаруа (ферма) қожалықтары – 3747 бірлікті (58%) құрайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы сандарының ішінде 27,5 % - сауда саласында, 65,5 % - ауылшаруашылығы саласында, шамамен 7,0 % -басқа салаларда жұмыс атқарады.
Шаруа қожалықтары өздеріне тиесілі жер телімдерін үкіметке өткізуі, кәсіпкерлердің қаржы тапшылығы, сауда нүктелерінің жабылуы шағын кәсіпкерлік субъектілер санының кемуіне әсер етеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілер көрсеткіштерінің 2008-2010 жылдардағы өзгеру динамикасы
(кесте. 6)
Көрсеткіштер атауы
|
Жылдар
|
2008
|
2009
|
2010
|
Белсенді субъектілер саны, бірлік
|
7342
|
5779
|
6409
|
|
|
|
|
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымы
Сурет. 4
2010 жылдың қортындысы бойынша шағын бизнес субъектілерінен түскен салық көлемі, заңды тұлғалардың үлесі 17,5 %(34,9 мың.теңге), жеке кәсіпкерлер – 73%(1461,1 мың.теңге) және шаруа қожалықтар – 9,1 % (18,0 мың.теңге) құрайды.
Әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жүргізілген жұмыстар нәтижелері бойынша 3 рәсім түрлері бойынша рұқсат беру құжаттарын беру мерзімін қысқарту мүмкіндіктері туралы шешімдер қабылданды:
Алакөл көлі демалыс аймағының бас жоспарының бекітілуіне байланысты болашақта стандартттық сапаға сәйкес демалыс үйлерінің құрылыстары салынатын болады. Осыған сәйкес, демалыс аймағына жақын орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ете отырып, нәтижесінде жергілікті бюджетке қосымша салық көздері анықталатын болады.
Сауда саласына баға беру SWOT-талдауында жүргізілді:
Күшті жақтары:
1. шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін заңнамалық негіз болуы;
2. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері халықтың қамтылуының қомақты пайызын құрайды;
Әлсіз жақтары:
1. меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;
2. кәсіпкерлердің әлсіз теориялық және практикалық дайындығы, білікті мамандардың тапшылығы;
3. даму деңгейі, қызмет түрі және құрылған уақытына қарай салық салудың әр түрлі болмауы.
4. кепілдік болмағанда нақы секторда бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы.
Мүмкіндіктері:
1. шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық-несиелік қолдаудың дамуы;
2. рұқсат алу құжаттарын алу кезінде әкімшілік кедергілерді жою.
Қауіптіліктері:
1. қаржы-несие ресурстарына қол жетімділіктің аздығы, факторларға байланысты, сұраған несие мөлшеріне кепілдемеге қоятын зат мөлшерінің жетіспеушілігі немесе оның мүлдем блмауы, банктердің кепілдеме затқа қойған қортынды бағасының төмен болуы;
2. бизнестің жоғары операциялық кідірістері.
2.2.2.7 Туризм
Үржар ауданы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында орналасқан. Туристік маршруттарды ашуға табиғи Алакөл көлі, «Барлық –
Арасан» шипалы емдік мекені, «Алет», «Уржарка», «Солдатское ущелье»,«Алакольский» қорғаны, өсімдік, аң-құс, жануарлар дүниесі мол өңір. Үржар ауданы Ұлы Жібек жолының бір тармағы ретінде табылады. Бұл өңірде қазақтың батыры Қаракерей Қабанбай жоңғар шапқыншылықтарына қарсы шайқасты.
Алакөл жағалауы құрылысының Бас жоспары Үржар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі №12-131/IV шешімімен бекітілді.
Қазіргі кезде Алакөл жағалауында 82 туризм инфрақұрылымдары (демалыс үйлер мен базалар) бар. Аудан бюджетінен «Үржарайым» атты балалар демалу-сауықтыру лагері салынған. 2008 жылы аталған лагерді салу үшін аудан бюджетінен 45 млн. теңге, 2009-2010 жылдары 62 млн. теңге бөлінді.
Балалар туризмін дамыту мақсатында ауданымызда «Менің Отаным- Қазақстан» атты Республикалық кезең өткізіледі.
2007-2008 жылдары жағалауды бекіту жұмыстарына жергілікті бюджеттен 673 млн. теңге бөлінді.
ҚР туризм, дене шынықтыру және спорт министрлігіне Шығыс Қазақстан облысынан ұсынылған 9 инвестициялық жобалардан 5 инвестициялық жоба тандалған. Оның ішінде ЖК Омаралинов - «Айгерим» атты демалыс базасын ұлғайту.
Жалпы аудан көлемінде
- емдік - сауықтыру
- өлкетану
- экотуризм
-
жағажай туризмды дамытуға потенциал бар.
2006 жылдан туризм саласындағы жұмыстар Шығыс Қазақстан облысының 2009-2011 жылдарға арналған туризм саласын дамытудағы Өңірлік бағдарламасын іске асыру мақсатында жүргізілген.
2008-2010 жылдары туризм объектілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
2009 жылы ҚХР-мен екі жақты қарым- қатынастарын дамыту мақсатында визасыз бір күндік сапар ашылды.
Үржар ауданының аймағын туристік орталыққа айналдыру мақсатында жыл сайын облыстық туристік көрмелерге және жәрмеңкелерге қатысуда.
Ауданда Үржар-Өскемен-Үржар бағыттарында әуежай халыққа қызмет көрсетуде. Осымен қатар туризм саласын дамытуға кедергі жасайтың келесі мәселелер бар:
- туристік және көліктік инфрақұрылымы өз деңгейінде дамымауы;
-
туристік индустрияда көрсететін қызметтердің сапасының төмендігі;
-
мамандандырылған туристік қызметкерлерінің жоқтығы.
2008-2010 ж.ж. туризм саласының даму динамикасы
(кесте 7)
Көрсеткіштің атауы
|
|
2008
|
2009
|
2010
|
Туризм саласындағы орындалған қызметтер көлемі
|
млн. теңге
|
197,4
|
227,1
|
284,3
|
Келушілер саны
|
мың. адам
|
2,1
|
1,9
|
1,7
|
Ішкі туризм көлемі
|
мың. адам
|
62,3
|
68,9
|
78,2
|
Туристік ұйымдардың саны
|
барлығы
|
__
|
__
|
__
|
Туризм саласының басым және әлсіз жақтарын нақтылауға SWOT- сараптама жасалды.
Басым жақтары:
1. аудан аймағының экономика- географиялық тиімді орналасуы
2. Алакөл көлі, «Барлық –Арасан» шипалы емдік мекені, «Алет», «Уржарка», «Солдатское ущелье»,«Алакольский» табиғи туристік объектілерінің болуы
3. емдік – сауықтыру, жағажай туризмнің болуы.
Әлсіз жақтары:
-
туристік инфрақұрылымының өз деңгейінде дамымауы, соның ішінде жолдардың қанағатсыздығы
-
мамандандырылған туристік қызметкерлерінің жоқтығы
-
ауданның туристік ресурстары жайлы жарнамалардың жеткіліксіздігі.
-
антропогендік жүктеме
-
Алакөл көлі жағалауында орналасқан туристік объектілер бас жоспар құрылысына сәйкес емес
-
Жағалауды бекіту. Жағалаудың тұрақсыздығынан жаңа демалыс үйлерінің құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары тоқтатылған.
Мүмкіндіктер:
-
ҚР- да шипалы емдік мекенінің ашылуы
-
Тұрғындарды жұмыспен қамту
-
Ішкі және келуші туризм бойынша келушілер санын көбейту.
-
Туризмді дамыту үшін кіші авиацияны құру.
Қауіп- қатер:
-
Жағалаудың тұрақсыздығына байланысты жағалаудағы жұмыс істеп тұрған туризм инфрақұрылымының жойылуы
-
Туризм саласындағы меншікті және инвестициялық қаржыландыру шектеулі.
-
Туризм саласындағы кәсіби деңгейдің төмендігі, көрсетілген қызметтері бағаларына сай емес.
Туризм саласының басым және әлсіз жақтарын нақтылауға сараптама нәтижесі бойынша келесі кемшіліктер анықталды. Оларды шешілуі келесі мақсаттарға жеткізеді- Үржар ауданының туристік имиджін көтеру және бақталас туристік секторын дамыту:
1. туристік инфрақұрылымының өз деңгейінде дамымауы:
- шипалы емдік, демалыс үйлері мен базалардың және олардың материалдық базасының тозуы.
- Қазіргі таңда көрсетілген туристік қызметтері халықаралық стандартқа сай емес.
- Ауданның шеткері жағында орналасқан елді мекендерінде тұрақты байланыстың болмауы
2. Туризм саласындағы қызмет көрсететін мамандардың деңгейін және қайта даярлау біліктілігі төмен.
Туризм саласының дамуына кедергі жасайтын негізгі мәселенің бірі осы салада мамандандырылған кадрлардың жоқтығы.
Туризм саласының дамуы
Үржар ауданында бақталас туризм инфрақұрылымын құру.
Үржар ауданында туристік қызметтің қамтамасыз етілуі халықаралық стандартқа сай инфрақұрылымдарды құру және белсенді имидждік саясатымен дамиды.
2.2.1.4. Сауда
Аудан аймағында 752 сауда объектілері қызмет етеді, сонымен қатар 450 сауда нысандары, 17 жанар жағармай құю бекеті, 27 дәріханалар халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, 4 сауда рыногі жұмыс істейді.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 2109 жылы 5812,7 мың. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы деңгейден 2 есе көп.
Сауда көлемінің даму динамикасынан тауар айналымының тұрақты өсу үрдісі көрінеді.Осыған байланысты проблемалық жағдайлар ретінде мыналарды атап өтуге болады:
– сауда қызметін реттеу саласындағы әлсіз заңнамалық қамсыздандыру;
– сауда нарығындағы көлеңке айналымдарының жоғары деңгейі;
– ішкі сауда инфрақұрылымының жеткіліксіз даму деңгейі.
Бөлшек және көтерме тауар айналымының 2008-2010 жылдардағы өзгеру динамикасы
млн.тенге
Сурет. 5
Сауда саласына баға беру SWOT-талдауында жүргізілді:
Күшті жақтары:
1.Сауда көлемінің дамуының оң динамикасы және халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
2.Бөлшек сауда нарығындағы қалыптасқан қатысушылары ;
Әлсіз жақтары:
1.Сауда бойынша заңнаманың «көмескі», және де нормативті-құқықтық актілердегі заманауи терминологиялардың жоқтығы;
2.Айналым қаражатының дефициті;
Мүмкіндіктері:
1.Кедендік одаққа кіруге байланысты тауар нарығының даму перспективасы;
2.Бәсекелестіктің өсуі, сауда жүйесінің бәсекелестікке қабілеттіліктің өсуі;
3.Қажеттілік тауарлармен ішкі нарықты толықтыру.
Қауіптіліктері:
1.Азық-түлік бойынша болса да, азық-түлік емес тауарлар бойынша болса да импорттық жеткізулерге тәуелділік;
2.Өнімнің төмен бәсекелестікке қабілеттілігіне байланысты өндіретін тауарларға сұраныстың төмендеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |