2.2. Аймақтың экономикалық жағдайын талдау
-
Экономикалық дамуы
2.2.1.1. Өнеркәсібі
Семей қаласы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсібі дамыған аймақтарының бірі болып табылады. Мұнда металлургияның, машина құрылысының, энергетиканың, тамақ, жеңіл және ағаш өңдеуші өнеркәсіптің, құрылыс материалдары өндірісінің ірі кәсіпорындары орналасқан.
2009 жылы 87,6 млрд. теңге сомасындағы товар өнімдері өндірілген, бұл қолданыстағы бағаларда 2007 жылдың деңгейінен 5,5 % көп, ал облыс көлеміндегі үлес салмағы 17,8 % құрайды. 2007 жылдан бастап қаржы дағдарысына байланысты өндірістің нақты көлемінің индексі өнімдерге сұраныстың азаюы ықпалымен төмендеді, бұл әсіресе құрылыс материалдарына деген сұраныстың төмендеуінен туындады. (сурет 1).
Аймақтың өнеркәсібі үш сала арқылы берілген: кен өндіруші өнеркәсіп, өңдеуші өнеркәсіп, электроэнергияны, газ бен суды бөлу.
2007- 2009 жылдары өнеркәсіптегі товар өнімдерін
өндірудің нақтылы көлемі индексінің өзгеру
динамикасы
Сур. 1
Кен өндіруші өнеркәсіптің негізін көмір өндіру бойынша 1 ірі кәсіпорын, құрамында алтыны бар руда өндіру бойынша 3 кәсіпорын құрайды, олар сондай-ақ жаппай таралған пайдалы қазбаларды өндірумен де шұғылданады.
Кен өндіруші өнеркәсіптің өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 18,6 % құрайды.
2009 жылы 8,0 млрд. теңге сомасына товар өнімдері өндірілген, бұл қолданыстағы бағалармен 2007 жыл деңгейімен салыстырғанда 1,7 есе көп, ал облыстық көлемдегі үлес салмағы 8,7 %, өнеркәсіп өнімдері өндірісінің нақтылы көлем индексі 106,2 % құрады (сурет 2 қар.).
2007- 2009 жылдардағы кен өндірісі өнеркәсібінің товар өнімдерін өндірудің нақтылы көлем индексінің өзгеру динамикасы
Сур. 2
Соңғы 3 жылда қолданыстағы бағамен товар өнімдерін өндіру тұрақты өсіп келеді.
Кен өндіруші өнеркәсіпте Қаражыра көмір кен орыны сәтті игерілуде, 2009 жылы 5,25 млн. тонна көмір өндірілді.
2006 жылы Шор кен орынында «Ар-Ман» ЖШС мыс-молибден рудасын игеру мен өндіруді бастады, мұнда ағымдағы жылы қаржы дағдарысына және металлдарға әлемдік бағаның төмендеуіне байланысты жұмыстар уақытша тоқтатылған болатын, бұл саланың дамуына өз ықпалын тигізді.
Тас пен құм өндіруші жаңа кәсіпорындар жұмыс істей бастады, олар «ALINA HOLDING» ЖШС жұқа ұнтақталған тығыздағыштар, «ALINA SEMEY» ЖШС өнімдері құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруде пайдаланылады, және «ALINA PRO» ЖШС.
Алтын кенін өндіретін кен орындарында 3 кәсіпорын жұмыс істейді, олар «ФИК «Алел» АҚ, «Даңқ» ЖШС, «Жерек» ЖШС, олардың жыл сайынғы өндіріс көлемі 4,5 млн. тоннаны құрайды.
2007- 2009 жылдардағы кен өндіруші өнеркәсіптің өнімдерінің маңызды түрлерінің өзгеру динамикасы төменде келтірілген (кесте 1 қар.).
2007- 2009 жылдардағы кен өндіруші өнеркәсіптің өнімдерінің
маңызды түрлерінің өзгеру
динамикасы
№ р/с
|
Өнім атауы
|
Өлшем бірлігі
|
жылдар
|
Облыс көлеміндегі үлес, %
|
2007
|
2008
|
2009
|
1
|
Көмір
|
мың тонн
|
4354,2
|
5344,4
|
5344,4
|
99,3
|
2
|
Табиғи құмдар
|
мың текше м.
|
380,8
|
295,3
|
184,7
|
24,2
|
3
|
Гранула, тас қиыршығы, гравий, шебень
|
мың текше м.
|
277,8
|
58,2
|
114,5
|
10,9
|
4
|
Тұз және натрии хлориді
|
тонна
|
3225
|
4590
|
3840
|
100,0
|
Өңдеуші өнеркәсіптің негізін төмендегі салалар құрайды: металлургия өнеркәсібі және дайын металл өнімдерін өндіру (саладағы үлес салмағы 34,1%), тамақ өнімдерін өндіру, сусындарды қоса есептегенде (22,4%), өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру (23,6%), резиналық және пластмасса өнімдерін өндіру (3,5 %), химия өнеркәсібі (0,9 %), қағаз бен қағаз өнімдерін өндіру (3,8 %), ағаш өңдеу мен ағаштан өнімдер өндіру (1,9 %), мата және тігін өнеркәсібі (1,7 %), тері өндіру, тері өнімдерін өндіру және аяқ киім өндірісі (0,9 %), негізгі фармацевтика өнімдерін өндіру (0,7 %), машиналар мен құрал-жабдықтар өндірісі (1,4 %).
Өңдеуші өнеркәсіптің қаланың өнеркәсіп мүмкіндіктерінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 78,4 % құрайды.
2007-2009 жылдардағы өңдеуші өнеркәсіптің товар өнімдерін өндіру динамикасы
Сур. 3
2009 жыл ішінде қолданыстағы бағалармен 68,7 млрд. теңге сомасында товар өнімдері өндірілген, бұл 2007 жыл деңгейінен 1,3 есе көп, ал облыс көлеміндегі үлес салмағы 19,6 %, нақты көлем индексі 94,2 % және 2007 жыл деңгейінен 25,3 % көрсеткіші төмен. (сурет 3).
Соңғы екі жыл ішінде нақтылы көлем индексінің төмендеуі экономикалық дағдарыс кезеңінде Қазақстан Республикасының құрылыс нарығында инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне байланысты құрылыс материалдары өндірісі көлемінің қысқаруы салдарынан болып отыр.
2007-2009 жылдардағы өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің маңызды түрлерін өндіру динамикасы төменде келтірілген (кесте 2).
2007- 2009 жылдардағы өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің
маңызды түрлерін өндіру
динамикасы
№ р/с
|
Өнім атауы
|
Өлшем бірлігі
|
жылдар
|
Облыс көлеміндегі үлесі, ℅
|
2007
|
2008
|
2009
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Ет және тамақ өнімдері
|
тонна
|
5730,0
|
6849,0
|
7391,0
|
36,8
|
2
|
Ет консервілері
|
тонна
|
65
|
142
|
140
|
30,2
|
3
|
Шұжық өнімдері
|
тонна
|
1552
|
1376
|
1218
|
39,8
|
4
|
Дайындалған және консервіленген балық
|
тонна
|
47
|
61
|
117
|
2,0
|
5
|
Рафинатталмаған күнбағыс майы
|
тонна
|
85
|
1813
|
1019
|
2,2
|
6
|
Өңделген сұйық сүт және қаймақ
|
тонна
|
523
|
615
|
492
|
4,0
|
7
|
Қаймақ майы
|
тонна
|
17
|
21
|
17
|
2,3
|
8
|
Ірімшік және сүзбе
|
тонна
|
112
|
91
|
153
|
9,2
|
9
|
Дәнді дақылдар ұны
|
тонна
|
136556
|
170713
|
165375
|
70,4
|
10
|
Балғын нан
|
тонна
|
8533
|
10118
|
17181
|
33,5
|
11
|
Шоколад және одан жасалған кондитерлік өнімдер
|
тонна
|
165
|
182
|
101
|
14,9
|
12
|
Макорондар және ұннан жасалған өнімдер
|
тонна
|
8689
|
8872
|
8261
|
91,2
|
13
|
Арақ
|
мың литр
|
824,7
|
1133,3
|
-
|
-
|
14
|
Этил спирті
|
мың литр
|
893,6
|
2156,8
|
-
|
-
|
15
|
Сыра
|
мың литр
|
418,8
|
615,2
|
712,1
|
11,6
|
16
|
Ауыл шаруашылығы малдарына арналған дайын жем-шөп
|
тонна
|
42133
|
39977
|
40253
|
100,0
|
17
|
Жүн
|
тонна
|
877
|
187
|
36
|
100,0
|
18
|
Ірі қара малының терісі
|
мың
шаршы дцм
|
8788,6
|
5911,1
|
9839,4
|
100,0
|
19
|
Ұсақ мал терісі
|
мың
шаршы дцм
|
162,7
|
479,2
|
10,7
|
100,0
|
20
|
Есіктер мен терезелер
|
мың шаршы м.
|
14,2
|
20,4
|
22,6
|
48,8
|
21
|
Қағаз және картон
|
тонна
|
4284
|
4071
|
3918
|
33,9
|
22
|
Картон жәшіктер мен қораптар
|
тонна
|
11354,9
|
9922,0
|
9417,8
|
100,0
|
23
|
Фармацевтикалық препараттар
|
млн. теңге
|
420,2
|
409,3
|
471,8
|
100,0
|
24
|
Бөтелке, банк, флакон т.б. шыны ыдыстар
|
мың.дана
|
87861,4
|
16568,3
|
-
|
-
|
25
|
Керамикалық кірпіштер
|
мың. куб.м
|
12,5
|
16,6
|
19,3
|
68,2
|
26
|
Цемент
|
мың тонна
|
1050,0
|
1019,5
|
1026,8
|
30,9
|
27
|
Әк
|
мың тонна
|
61,7
|
45,7
|
26,2
|
64,2
|
28
|
Силикат кірпіш
|
мың тонна
|
494,6
|
371,5
|
207,9
|
100,0
|
29
|
Асбест цементтен жасалған гофрирленген шифер
|
мың кв.м
|
7448,7
|
7113,9
|
4187,7
|
100,0
|
30
|
Бетоннан жасалған құрастырмалы құрылыс материалдары
|
мың тонна
|
-
|
54,8
|
43,9
|
100,0
|
31
|
Өңделмеген алтын
|
тонна
|
4,3
|
4,6
|
4,8
|
38,1
|
32
|
Шынжыр-трактор тартқыштар
|
дана
|
11
|
22
|
3
|
100,0
|
33
|
10 және одан көп адам тасымалдауға арналған автомобилдер
|
дана
|
26
|
91
|
-
|
100,0
|
34
|
Электронды және электрлі өткізгіштер мен кабельдер
|
мың м
|
26481,3
|
17761
|
14290
|
100,0
|
35
|
Ауыл және орман шаруашылықтарына арналған тракторлар
|
дана
|
-
|
-
|
336
|
100,0
|
Кестеден көріп отырғанымыздай 2009 жылы қалада шыныдан ыдыс шығару, арақ, этил спиртін және 10 және одан көп адам тасымалдайтын автомобиль шығару тоқтатылды, сондай-ақ әк, силикат кірпіш, асбест цементтен жасалған гофрирленген шифер, ұсақ мал терісі, электр өткізгіштерін шығару көлемі елеулі түрде төмендеді.
Металлургиялық өнеркәсіп ішкі саласының ірі кәсіпорындары «Алел» ҚИС АҚ , «Даңқ» ЖШС, «Жерек» ЖШС болып табылады.
Бұл саланың кәсіпорындары қазіргі заманғы техникамен, технологиялармен және біліктілігі жоғары мамандармен жеткілікті деңгейде жарақтанған.
Мысалы, «Суздаль» кен орынында тау-кен-металллургия кешенін іске қосу «Алел» АҚ ҚИС-ке бұрын жабылған кен орынының экономикасын жаңаша бағалауға мүмкіндік берді және Қазақстанның алтын сульфитті рудаларының ірі кен орындарын өнеркәсіптік негізде игеруге мүмкіндік алды. 2009 жыл ішінде қолданыстағы бағалармен 15,1 млрд. теңге сомасына товар өнімдері өндірілді, 3213 кг. алтын алынды, бұл 2008 жыл деңгейінен 0,2 % жоғары. Алтын сульфитті руданы өңдеуден өткізетін жұмыс істеп тұрған қуаттылықты ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Даңқ» ЖШС қазіргі кезде Мизек кен орынында ашық әдіспен алтын кені бар қышқылданған руданы өңдеу бойынша жұмыс жүргізу үстінде. 2009 жыл ішінде 2,8 млрд. теңге көлемінде өнеркәсіп өнімдері өндірілген, 700,2 кг. алтын алынған, бұл 2008 жыл деңгейімен салыстырғанда 4,5 % жоғары. Болашақта кәсіпорын 2011 жылы кен орынының қышқылданған бөлігін өңдеуді аяқтап, рудник құрылысын салғаннан кейін сульфитті рудаларды жер асты арқылы өңдеу әдісіне көшуді жоспарлауда.
Саладағы нақтылы көлем индексінің соңғы екі жыл ішінде төмендеуі (сурет 4) «Даңқ» ЖШС Жайма руднигінде кен орынының қышқылданған бөлігін өңдеуді аяқтауына байланысты болып отыр, ал 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы қолданыстағы бағаларда товар өнімдерін өндіру көлемінің өсуі алтынға әлемдік бағаның өсуімен түсіндіріледі.
2007- 2009 жылдардағы металлургия өнеркәсібі мен дайын металл өнімдерін өндірудегі товар өнімдері өндірісінің нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
Машина құрылысы кешені. Аймақта саланың «Семей машина құрылысы заводы» АҚ, «Семей инжиниринг» АҚ, «Интелкабель» ЖШС, «Казэлектромаш» ЖШС, «Металлист» ЖШС, «Ибраев+ К» КК, «Семей метиз заводы» ЖШС, «Семей кеме жасау және кеме жөндеу заводы» ЖШС сияқты кәсіпорындар белсенді жұмыс істеуде. Саланың одан әрі дамуы адам тасымалдайтын автобустар құрастыратын «DAEWOO BUS KAZAKHSTAN» ЖШС, «Белорус» тракторы, «Сем АЗ» ЖШС және жаңа буынның кабел өнімдерін шығаратын «EAST INDUSTRI COMPANI LTD» ЖШС сияқты жаңа өндірістердің іске қосылуымен байланысты болып отыр. Жоғарыда аталған кәсіпорындардың машина құрылысы көлеміне қосқан үлестері 90,0 % құрайды.
2009 жыл ішінде қолданыстағы бағамен 3,6 млрд. теңгенің товар өнімдері өндірілді, бұл 2008 жыл деңгейімен салыстырғанда 2,0 есе көп.
2009 жылы өндіріс көлемі, ақшалай түрде де, нақтылы көрсеткіштер түрінде де 2008 жылмен салыстырғанда өсті, 3,7 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді, НКИ 200,0 % құрады. «Машиналар мен құрал-жабдықтар өндірісінде» өнеркәсіп өнімдерінің нақтылы көлем индексі 0,7 % өсті, электр құрал-жабдықтарын өндіруде 9,7 % өсті, көлік құралдары мен жабдықтарын өндіруде 9,4 % төмендеді.
Өткізу қиыншылықтарына байланысты 2009 жылы «DAEWOO BUS KAZAKHSTAN» ЖШС автобустарын шығару толық тоқтатылды, бұл осы саланың дамуына теріс әсерін тигізді.
2007- 2009 жылдары машина құрылысы өнімдерін өндірудің
көлемінің өзгерістерінің
динамикасы
Саланың интенсивті дамуымен қатар бірнеше шешілмеген проблемалары да бар:
- өндірістің нәтижелілігін арттыруға бөгет болып отырған, құрал-жабдықтардың ескіруінің жоғары деңгейі (43- 80 %);
- шығарылатын өнімдердің салыстырмалы түрдегі төмен бәсекеге қабілеттілігі, санының аздығы мен өнімді ішкі пайдаланудың үлес салмағының төмендігі;
- қолда бар өндірістік қуаттардың толық пайдаланылмауы;
- саланың инвестициялық қызығушылық тудыруының төмендігі және кәсіпорындардың айналыс қорларының үнемі жетіспеушілігі;
- мемлекеттік сатып алулар саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жетілмеуі (жеткізілген өнімнің төлемі көбінесе жеткізілгеннен кейін 60-90 күнді құрайды);
- өнім өндіруде қосымша құны жоғары, ғылымды қажет ететін, жоғары технологиялы өнімдердің үлес салмағының төмендігі;
- жер қойнауын пайдаланушылардың жоспарларында техникалық қайта жарақтандыру туралы ақпараттың болмауы, олардың машина құрылысы өнімдеріне ұзақ мерзімдік, орта мерзімдік және жыл сайынғы сатып алу қажеттіктері туралы ақпараттың болмауы;
- өндірісті дамытуға қаржы тартудың жоғары пайыздық ставкаларының болуы.
Өзге металл емес өнімдерді өндіру бойынша ішкі саласы өңдеуші өнеркәсіп көлемінде 23,6 % құрайды. Саланың жетекші кәсіпорындары «Семей цемент заводы» ЖШС (цемент, әк), «Семей асбест цемент өнімдері заводы» ЖШС (асбест цемент, шифер, черепица), «Силикат» ЖШС (силикат кірпіш, әк, құм), «ТБЖӨБ» ЖШС (бетон бұйымдары), «ALINA PRO» ЖШС (құрғақ құрылыс қоспалары).
2007-2009 жылдар ішінде нарық қажеттіктеріне байланысты «Силикат» ЖШС сапасы жетілдірілген силикат кірпіш шығару бойынша қуаттарын арттырды, Семей қалалық «ЭСКОР» ЖШС бөлімшесі мен «KVARTA» ЖШС керамикалық кірпіш шығару бойынша ірі қуаттары іске қосылды, «СП ВГ- Пласт» ЖШС пластмассадан терезе тақтайшалары мен қабырға панелдерін шығару, «ALINA PRO» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын шығару, «PALITRA» ЖШС бояулар шығару, «КОРУНДСТРОЙ» ЖШС мрамор өнімдерін шығара бастады.Шағын бизнес кәсіпорындары пластик пен ағаштан терезелер мен есіктер шығаруды игере бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |