БАҒдарламасы семей қаласы, 2010 жыл мазмұны паспорт


Семей қаласы бойынша ескерткіштер саны



бет8/32
Дата16.06.2016
өлшемі7.05 Mb.
#138394
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32

Семей қаласы бойынша ескерткіштер саны





Ескерткіштер саны

Жалпы саны

тарихи

сәулет өнері

монументалды өнер

Семей қаласы

27

26

12

65

Жүргізілген SWOT- талдау негізінде аймақтағы мәдениет саласының дамуын тежеп келе жатқан төмендегі негізгі проблемалар анықталды:



Күшті жақтары:

  1. 2007 жылмен салыстырғанда орындардың өзгеріссіз қалғанына қарамастан мәдениет ошақтарына келушілер деңгейінің 1,1 есеге өсуі;

  2. тұрғындарды мәдениет ошақтары қызметімен қамту деңгейінің 2007 жылғы 5,5-тен 2009 жылғы 5,9-ға өсуі.

Әлсіз жақтары:

  1. Қырық жылдан астам уақыт аймақта мәдениет ошақтары үшін типтік ғимараттар салынған жоқ.Қазіргі таңда көптеген жағдайда олар бейімделген ғимараттарда орналасқан, қалалық кітапханалар тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан, ал ауылдық клубтар - мектептерде, әкімшілік ғимараттарында орналасқан.

Мүмкіндіктер:

  1. Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтар үшін қызметті тегін көрсету мәдениет қызметінің қол жетімділігін арттырады.

Қатерлер:

  1. Білікті мамандардың жетіспеушілігі;

  2. мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, әсіресе ауылдық жерлерде.

Жүргізілген SWOT- талдаудың нәтижесінде аймақтағы мәдениет саласының дамуын тежеп келе жатқан төмендегі негізгі проблемалар анықталды.

1. Мекемелер желісі аймақтың қажеттіктерін толық қамтамасыз ете алмайды. Аймақта жылжымалы мәдениет мекемелері жоқ (видеомобильдер, автоклубтар), мұның өзі шалғайдағы аудандар мен ауылдарды мәдени қызмет көрсетумен қамтуға мүмкіндік бермейді.

2. Материалдық-техникалық жағынан әлсіз жарақтануы (музыкалық инструменттердің жетіспеуі, қазіргі заманғы құрал-жабдықтардың, сахналық киімдердің жетіспеуі) мәдениет мекемелерінің мәдени қызметінің сапасына әсер етеді және адамдардың өсіп келе жатқан мәдени сұраныстарына жауап бермейді.

3. Аудандық және ауылдық кітапханалардың кітап қорларын орталықтандырылған негізде толықтыру үшін қаржыландырудың жетіспеушілігі. Ауылдық кітапханалардың Интернетке шығу мүмкіндігінің болмауы (қалалық кітапханаларды есептемегенде) облыстық, ұлттық кітапханалар қорларына қол жеткізуді қиындатады.

4. Мәдениет қызметкерлері мамандарының қартаюы байқалады, әсіресе кітапханалық қызмет көрсету саласында. Облыста мәдениет саласы мамандарын даярлау мен қайта даярлау орталықтары жоқ, мәдениет мекемелерінде арнайы мамандандырылған мамандар жоқ (немесе жетіспейді) (каталогизаторлар, бағдарламалаушылар), маркетинг пен арт-менеджментті игерген шығармашыл көшбасшылар мен жаңа тұрпаттағы басшы мамандардың жетіспеушілігі байқалады.
2.2.2.4 Дене мәдениеті және спорт

Қалада спорттың 57 түрі дамып келеді: олимпиадалық түрлерден - 19, қысқы олимпиадалық түрлерден - 4, олимпиадалық емес түрлерден – 34.

2009 жылы Семей қаласында спорттық ғимраттардың саны 327 дананы құрады (оның ішінде жалпы білім беретін мектептердің спортзалдары), оның ішінде 60-ы ауылды жерлерде.

2007 жыл мен 2009 жыл аралығында дене мәдениетімен және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны 0,8%-ға көбейді және 27 404 адамды құрады, немесе тұрғындардың жалпы санының 8,7% (кесте 17). 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда қала бойынша барлық жас санаттағылар үшін дене тәрбиелік-денсаулық сақтаушы спорттық-көпшілік іс-шаралар 50 ден 77 іс-шараға өсті.

Кесте 17

2007- 2009 жылдардағы

спорттың дамуының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы


р/с

Көрсеткіш атауы

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

1

Қала тұрғындарының саны, адам

308 100

312 200

313 500

2

Дене тәрбиесімен, спортпен айналысатындар саны, адам

24 462

24 465

27 404

3

Дене тәрбиесімен, спортпен айналысатындарды қамту, %

7,9

7,8

8,7

4

Спорттық объектілер саны, дана

327

327

327

Қала жерінде футбол, волейбол спорт түрлері бойынша 5 кәсіптік спорттық клубтар қызмет етеді. Футболшы, бір сайысшы, шахматшы спортшылардың кәсіптік өсуі мен жетістіктерін есепке ала отырып футбол, спорттық көпсайыстар бойынша спорт мектебін ашу қажеттігі туындауда, жұмыс істеп тұрған спорт мектептерінің бірінде шахмат бойынша бөлім ашу қажеттігі туындауда, себебі спортшылардың дайындық деңгейі жыл сайын өсіп келеді және неғұрлым кәсіпқойлық көзқарастарды талап етеді.

Ауыр атлетика бойынша әлем біріншілігінде Кузнецов Владимир 85 кг. дейінгі салмақта қола медальді жеңіп алса, Назаренко Евгений – 2009 жылдың қаңтарында Италияда өткен конькимен сырғанаудан әлем кубогының кезеңінің жеңімпазы, Қиақбаева Меруерт пен Шамшиев Саят – 2009 жылы маусымда Ташкентте (Өзбекістан) өткен самбо күресінен Азия біріншілігінің жеңімпаздары, Лялько Алексей - 2009 жылы Жапонияда өткен велоспорт жарысынан Азия кубогының қола жүлдегері болды.

Спорт түрлерінің дамуына дәстүрлі түрде халықтық спорт ойындары мен облыс әкімі жүлдесіне балалар спорт ойындарын, мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиадалар өткізу оң ықпалын тигізуде. ШҚО әкімі жүлдесіне халықтық спорт ойындары 3 кезеңде өткізіледі: 1 кезең - дене мәдениеті ұжымдарындағы көпшілік жарыстары, 2 кезең - спорттың ойындық түрлері бойынша алдын ала (аймақтық) жарыстар өткізу, 3 кезең - мәрелік жарыстар. 2009 жыл ішінде қаланың құрама командасы ШҚО әкімі жүлдесіне өткізілген 13 халық спорты ойындарына қатысып 2 орын иемденді.

2009 жылы қаланың жалпы білім беретін мектептері жанынан жасанды төсеніштері бар 8 шағын-футбол алаңдары құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын құрастыру аяқталды.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT- талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:


  1. 2009 жылы (27404 адам) 2007 жылмен (24462 адам) салыстырғанда дене мәдениетімен және спортпен айналысатындарды қамту 0,8% немесе 2942 адамға ұлғайды;

  2. 2009 жылы – 70, 2007 жылмен салыстырғанда 50 қалалық спорттық-көпшілік спорттық іс-шаралардың саны 40% көбейді.

Әлсіз жақтары:

  1. Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің әлсіздігі;

  2. ауылды жерлерде спорт бойынша инструкторлардың болмауы;

  3. жергілікті ТД- да спорттық хабарлардың болмауы.

Мүмкіндіктер:

  1. Қала инфрақұрылымында дене мәдениетімен және спортпен айналысуға мүмкіндіктер жасау (шағын футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, шайбалы хоккей алаңдарын құру).

Қатерлер:

  1. Нормативтік актілердің түрлерінің жетілдірілмеуі салдарынан халықаралық деңгейдегі ресми спорттық жарыстарда жоғары спорттық нәтижелер көрсеткен спортшылар мен бапкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан осы саладан мамандардың кетуі байқалады, біліктілігі жоғары мамандардың осы бағыттағы жұмыстарға қызығушылығының төмен екендігі байқалады.

Жүргізілген SWOT- талдаудың негізінде Семей қаласында дене мәдениеті мен спорттың дамуын тежеп келе жатқан төмендегідей негізгі проблемалар анықталды:

  1. Көпшілік және балалар - жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы.

  2. Қалада 3 облыстық балалармен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді, олар мектеп оқушылары мен студенттердің тек 4,8% спортпен қамту мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алады.

  3. Материалдық-техникалық базаның сұраныстарға жауап бере алмауы, сапалы спорттық құрал-жабдықтардың болмауы жоғары деңгейдегі болашақ спортшылар мен халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлауға мүмкіндік бермейді.

  4. Балалар-жасөспірімдер клубтарының желісі жеткілікті деңгейде дамымаған, спорт түрлері бойынша қол жетімді клубтар мен спорттық секциялар аз, сондай-ақ әрбір ауылдық округте спорт инструкторына деген қажеттілік бар.

  5. Қазіргі таңда көпшілік демалатын жерлер мен тұрғын үй мекендерінің жандарында, қарапайым спорт алаңдары мен құрылыстары жеткіліксіз. Инфрақұрылымның дамымауына байланысты ауылдарда спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдер санының көрсеткіші төмен болып отыр.


2.2.2.5 Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласындағы жағдайды талдау соңғы үш жылда дамудың оң бағытта өрбіп келе жатқандығын көрсетеді: әлеуметтік саланы дамытуға бөлінетін бюджеттік қаржының ұдайы өсіп отыруы, аз қамтамасыз етілген адамдар санының 14,5% азаюы, жыл сайын еңбекке орналастырылған жұмыссыздардың санының артып келе жатқандығы, тіркелген жұмыссыздардың үлес салмағының 0,3 пайыздық көрсеткішке төмендеуі, өз бетінше еңбек етіп жатқандардың саны 0,53 мың адамға қысқарған.

2009 жылдың соңында экономикалық белсенді тұрғындардың саны 161,9 мың адамды құрады. 2007 жылмен салыстырғанда 3,6 мың адамға өсу байқалады. Еңбекпен қамтылған тұрғындардың саны 3,7 мың адамға өскен. Жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайыздық көрсеткішке төмендеп, 8,1% құрады.

Соңғы жылдары еңбек нарығындағы жағдай жалпы алғанда төмендегідей қалыптасып келді, жекелеме кәсіптер мен мамандықтар бойынша жұмыс күшінің ұсыныстары жұмыс берушілердің қажеттіктерінен 1,4 есе көп болып келді. Ауылды жерлерде бір бос жұмыс орынына 3 адам үміткерден келді. Ауылды жерлерде жұмыс күші ұсынысы мен сұранысының арасында тепе-теңсіздік болуының басты себептері жұмыссыздардың мамандығының қолда бар вакансия құрылымындағы мамандыққа сәйкес келмеуі, сондай-ақ вакансияның бөлінген жерінің жұмыссыздың мекен–жайына сәйкес келмеуі болып табылады, демек тұрғын үй нарығы жұмыс күшінің аймақтық қажеттіктеріне әлсіз қолдау көрсетеді деген сөз.

2007 жылы еңбекпен қамту органдарына өтініш берген еңбекке орналастырылғандардың деңгейі 76,9% болса, 2009 жылы ол 80% құрады.

Жұмыссыздар мен еңбекке араласпаған азаматтарды еңбекке орналастыруға қолдау көрсету бойынша жұмыстардың негізгі бағыттары мақсатты топтарға жатқызылғандар, оның ішінде репатрианттарға қатысты мыналар болып табылады: еңбекпен қамтуға қолдау көрсету, кәсіптік білім беру, жұмыссыздарды қайта оқыту мен біліктілігін арттыру, уақытша жұмыс тауып беру, қоғамдық жұмыстарға тарту, әлеуметтік жұмыс орындарына еңбекке орналастыру.

Еңбекпен қамту орталықтарына еңбекпен қамтылуға көмек беруге өтініш жасаған репатрианттардың ішіндегі еңбекке орналастырылғандардың үлес салмағы 2007 жылы 36,4% құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 30% құрады.

Кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында ұжымдық келісім-шарттар жасау жұмыстары жүргізіліп келеді. 2009 жылы ұжымдық келісім-шарттармен қамту 49% құрады, бұл 2007 жыл көрсеткіштерімен салыстырғанда 39% артық болып келеді. Бұған ең алдымен ұжымдық келісім-шарттарды жаңа мерзімге қайтадан жасау және ұжымдық келісім- шарттар жасалмаған кәсіпорындармен келіссөздер жүргізу арқылы қол жеткізілді.

2009 жылы барлық бюджеттік әлеуметтік бағдарламаларды орындау үшін республикалық бюджет трансферттерін есепке алғанда 842,1 млн. теңге бөлінді, бұл 2007 жыл көрсеткішінен 2,3 есеге көп.

Экономика мен әлеуметтік саланың барлық салаларын дамытумен байланысты іс-шаралар кешенін жүзеге асыру нәтижесінде өмір сүру деңгейі едәуір өсті. 2007 жылмен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 1,4% қысқарды және 2009 жылдың соңына қарай 5291 адамды құрады (сурет 30).


2007- 2009 жылдардағы аз қамтамасыз

етілген азаматтардың сандық өзгерісінің динамикасы

Сур. 30
2007 жылдан 2009 жылға дейін өмір сүруге қажетті ең төменгі деңгейдің мөлшері 9320 теңгеден 12617 теңгеге өсті.

Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмекті алушылар саны 2007 жылмен салыстырғанда 1% азайды және 2009 жылы 3809 адамды құрады.

2009 жылы балалары бар отбасыларына берілетін жәрдемақыны 1796 отбасы алды, оларда 3448 бала бар, бұл 2007 жыл көрсеткішінен 6% аз (аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау мен беру 2006 жылы басталды).

2009 жылы тұрғын үй көмегін 2291 отбасы алды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге көп, бұл коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің өсуі мен коммуналдық желілерді жөндеуді қаржыландыру көлемінің өсуіне байланысты. 2009 жылы көмектің мөлшері орта есеппен бір отбасына 2857 теңгені құрады (2007 жылы - 823 теңге).

Адрестік әлеуметтік көмек алушылардың құрамында еңбекке қабілетті тұрғындардың үлес салмағы 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 0,47% көбейді және 101% құрады.

2009 жылы адрестік әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 2007 жылмен салыстырғанда 1290 теңгеден 1997 теңгеге өсті.

Адрестік әлеуметтік көмектің орташа көлемінің (1997 теңге) өмір сүрудің төменгі деңгейіндегі (12617 теңге) үлес салмағы 2009 жылы 16% құрады.

Қалада үйде көмек көрсету бойынша 2 орталық жұмыс істейді:


  • қартайған және еңбекке қабілетсіз азаматтарға, ол 1110 адамға қызмет көрсетеді, оның ішінде мүгедектер - 267 адам;

  • шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға, ол 336 балаға қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерімен территориялық орталықтарды ұстауға жыл сайын жиыны 99,3 млн. теңге бөлінеді.

Әлеуметтік қорғауды ерекше қажет ететін топтардың бірі мүгедектер, оларға өмір қызметінің тең дәрежедегі мүмкіндіктерін жасау болып табылады.

2009 жылы берілген өтініштерге сәйкес қимылмен тілдесу мамандары тарапынан 103 мүгедекке қызмет көрсетілді, есту қабілетінен айырылған мүгедектерге 2,0 млн. теңгенің көмегі көрсетілді.

Қалпына келтірудің жекелеген бағдарламасына сәйкес қозғалу қиындығына ұшыраған 65 бірінші топтағы мүгедекке 2,4 млн. теңгенің көмегін жеке көмекшілер қызметі арқылы көрсетілді.

2009 жылы қажет етуші мүгедектерге 306 мүгедекке 16,6 млн. теңге сомасында міндетті гигиеналық құралдар берілді, бұл 260% құрады немесе 2007 жылмен салыстырғанда 12,0 млн. теңгеге көп.

Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға орта есеппен жылына 281 алушыға материалдық қамтамасыз ету төленеді. 2009 жылы жалпы сомасы 42,7 млн. теңге төленген, бұл 111% құрайды немесе 2007 жылмен салыстырғанда 16,9 млн. теңгеге көп.

Күшті және әлсіз жақтарды анықтау үшін SWOT- талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:


  1. Орташа төлемдер көлемінің өсуі 1,5 есені құрады, мұның өзі жеке адрестік көмек көрсетудің күшейгенін көрсетеді.

Әлсіз жақтары:

  1. Адрестік әлеуметтік көмек алушылар ішінен еңбекке қабілетті тұрғындардың саны 1,1 есеге көбейді.

Мүмкіндіктер:

  1. Еңбекпен қамтудың тұрақты немесе уақытша еңбекке орналастыру, уақытша жұмыстарға орналастыру, кәсіптік даярлау мен қайта даярлауға жолдама беру, қоғамдық жұмыстарға тарту, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, тұрғындардың осы бөлігін кедейшілік деңгейінен шығару бойынша аймақтық бағдарламалар құрастыру сияқты белсенді түрлерін қолдану;

  2. тұрғындардың нақты кірістерінің өсуі.

Қатерлер:

1. ММӘК алушылардың белсенділігінің төмендігі мен осы көмекке арқа сүйеуі.

Еңбекпен қамтудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру үшін қалада 2008- 2010 жылдарға арналған Семей қаласы тұрғындарының еңбекпен қамтылу жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру бойынша жоспарды жүзеге асыру аяқталып келеді, оның басты мақсаты еңбекпен қамтуға көмек көрсету мен еңбекпен қамтылмаған азаматтарға жұмыс іздеп жүрген кезеңі ішінде әлеуметтік қорғау көрсетуді қамтамасыз ету.

2009 жыл ішінде еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне еңбекке орналасуға көмек көрсету жөнінде 4,2 мың адам өтініш жасады, бұл көрсеткіш 2007 жылы 5,6 мың адамды құраған болатын. Еңбекке орналастырылғандар - 7,0 мың адам (2007 жылы - 4,3 мың адам) (сурет 31). 2009 жылы экономика салаларында 2231 жұмыс орындары құрылды.


2007- 2009 жылдары еңбекке орналастырылғандар саны

Сур. 31
1 қаңтар 2010 жылы еңбекпен қамту органдарында тіркеуде болған жұмыссыздардың саны 1699 адам, бұл 2007 жылдың басынан 29,2% аз. Тіркелген жұмыссыздардың экономикалық белсенді тұрғындар ішіндегі үлес салмағы 2007 жылмен салыстырғанда 0,3 пайыздық көрсеткішке төмендеген және 2009 жылы 1,0% құрады (сурет 32).



Тіркелген жұмыссыздар санының өзгеру динамикасы

Сур. 32
Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT- талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

1. 2007 жылдан 2009 жылға дейін еңбекпен қамтылған тұрғындардың саны 3,7 мың адамға, 145,0 мың адамнан 148,8 мың адамға өсті;

2. жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайыздық көрсеткішке төмендеп, 8,1% құрады;

3. әлеуметтік әріптестік дамып келеді, Семей қаласы әкімшілігі, кәсіподақтар төрағаларының кеңесі және «Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Атамекен», өнеркәсіпшілер кеңесі, «Шағын және орта бизнес кәсіпкерлері» қоғамдық бірлестігі арасында 2008-2010 жылдарға арналған үш жақты келісім жұмыс істеуде, мемлекеттік кәсіпорындарды қоса есептегендегі ұжымдық келісім шарттарға қол қойған кәсіпорындардың саны өсті: ірі кәсіпорындардың – 81℅, орта кәсіпорындардың - 89,9%, шағын кәсіпорындардың - 31,0%;

4. пилоттық жобаларды жүзеге асыру басталды: аз қамтамасыз етілген жұмыссыздарды кедейшілік жағдайдан шығару бойынша оқушы жұмыс орындарын құру және экологиялық туризмді ұйымдастыру.

Әлсіз жақтары:

1. Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі, мұнда ең көп сұранысқа ие мамандықтар дәрігерлер, газэлектро дәнекерлеушілер, слесарь-сантехниктер, құқық қорғау органдарында қызмет еткен күзетшілер, электриктер, жол жұмысшылары;



  1. еңбекпен қамту саласындағы жұмыс істейтін бағдарламалардың мерзімінің қысқалық сипаты (2009-2010 жылдардың «Жол картасы»), олар проблеманы шешуге жүйелі және кешенді көзқарасты қарастырмайды.

Мүмкіндіктер:

  1. Жұмыссыз тұрғындарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау бағдарламаларын жұмыс берушілер қойған талаптарға сәйкес етіп жетілдіру;

  2. аймақта дайындау жүргізілмейтін мамандықтар бойынша шет елдік жұмыс күштерін тарту;

  3. ауылдық жерлердің тұрғындарына басымдық бере отырып жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік белсенділігін дамытуға көмек көрсету.

Қатерлер:

  1. Кәсіпорындар мен мемлекеттік салада бос жұмыс орындарының қысқаруы салдарынан жұмыссыздарды еңбекке орналастыру мүмкіндіктерінің шектеулі болуы.


2.2.2.6 Тілдерді дамыту

Аймақтың тілдер саясаты саласында дамуы ұлттық бірлікті, мемлекеттік тілдер саясатын пәрменді ақпараттық қамтамасыз ету, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайтуға бағытталған.

Қаланың мемлекеттік органдарында 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамытумен қызмет етуінің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді, оларда қажетті жағдайлар жасалынып, мемлекеттік тілдің қызмет етуін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелері шешілген. Мемлекеттік тілді жетік меңгермеген мемлекеттік қызметкерлер үшін қазақ тілі курстары ұйымдастырылған.

2007 жылы мемлекеттік пединститут жанындағы мемлекеттік тіге оқыту бойынша орталықта 145 мемлекеттік қызметкер оқытудың түрлі деңгейлері бойынша курстардан өтті, 2010 жылы олардың саны өсіп, 327 тыңдаушыны құрады.

Семей аймағында қаланың түрлі мекемелерінде 2007 жылы қазақ тілін оқып-үйрену бойынша 95 үйірме жұмыс істеді, олар 2000 тыңдаушыны қамтыды, 2010 жылы 194 үйірмеде 5000 тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренді.

Аймақтың 74 мектебі негізінде 2007 жылы 44 үйірме ұйымдастырылды, олар 1100 ересек тыңдаушыларды қамтыды, 2010 жылы 144 үйірме жұмыс істеп, 3500 тыңдаушыны қамтыды.

Аймақтың жалпы білім беретін мектептерінде қазақ ұлты өкілдерінің 75 пайызы мемлекеттік тілде оқиды. 18 балабақшада қазақ ұлтының балаларының 83 пайызы мемлекеттік тілде оқытылып, тәрбиеленеді.

Ересек тұрғындарды оқытудың сапасын арттыру үшін қаланың жоғары оқу орындарының ғалымдары құрастырып, бекіттірді: ересектерге арналған оқу құралы, қазақ және ағылшын тілдеріндегі 1 деңгейдегілерді оқытуға арналған электронды оқу құралы, 2003 жылдан 2008 жылға дейін Терминком бекіткен салалар бойынша терминдер жинағы.

Мемлекеттік тіл саясаты бойынша ақпараттық орталықтар ролін атқарып келе жатқан қаланың мемлекеттік органдарының сайттары жұмыс істеп келеді.

Қалада қазақ тілінде таралымы 76 мың дана 25 басылым, орыс тілінде таралымы 94 мың дана 34 басылым басылып шығарылады. Мемлекеттік тілдер саясатына қатысты БАҚ-тарда жарияланған мақалалар саны 2007 жылы - 39, 2010 жылы - 56 дананы құрады.

Бөлім қызметкерлері мемлекеттік тілдер саясаты мәселелері бойынша теледидардан және «Радио-7» тікелей эфирінен болатын бағдарламаларға қатысып келеді.

Қаланың мемлекеттік органдарында 2007 жылы құжат айналымының жалпы көлемінде қазақ тілінің үлес салмағы 36% құраса, 2010 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 86,8% құрайды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қазақ тілін меңгерудің орташа деңгейі 2007 жылмен салыстырғанда (57%) өсті және оқытудың барлық орталықтарының мәліметтері бойынша 65% құрады.

Алайда қол жеткен нәтижелерге қарамастан қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тіл мүмкіндіктерін жүзеге асыру деңгейі әлі де жеткіліксіз екендігін атап өтуіміз қажет. Қызмет көрсету саласы қызметкерлері арасында қызметтік міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті деңгейде мемлекеттік тілді игерген мамандар саны жеткіліксіз. Мемлекеттік тілде оқытатын мектептер мен балабақшаларының қажеттіктері бар. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша үйірмелер желісін арттыру қажеттігі бар.

Аймақта қоғам өмірінің барлық негізгі салаларында тілдік құрылыс процессін одан әрі дамыту мен тереңдету үшін алғышарттар жасалынған. Бұған мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың қоғамды толық алғандағы бір мақсатқа жұмылдырылған күштерін үйлестірудің нәтижесінде қол жеткізілді. Тілдік құрылыс өмірінің дамуының оптималды болуы аймақ өмірінің ең әлеуметтік маңызды жақтарының бірі болып табылады, себебі қоғамдағы азаматтық келісімді нығайтуға, оны одан әрі біріктіре түсуге, этнолингвистикалық және мәдени қажеттіктерді толыққанды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Мемлекеттік органдардың оптималды қызметтік – лингвистикалық кеңістік құру бойынша қызметі бірнеше жағдайлармен байланысты өрбуде.

Біріншіден, аймақтың дамуының жаңа кезеңінде тілдерді дамыту саласында жаңа көзқарастарды қалыптастыру мәселелері ерекше көңіл аударуды талап етеді. Бірінші кезекте одан әрі тұрақты даму үшін аймақ тұрғындарының ұлт алдында тұрған стратегиялық мақсаттарды бірыңғай ұғынуы негізінде бірлесуі қажет.

Екіншіден, қоғам өмірінің барлық салаларының бәсекеге қабілеттілігінің артуы салдарынан әлемдік саяси-экономикалық жүйеде Қазақстанның ролінің өзгеруі.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес орыс тілі ресми тіл ретінде қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады. Орыс тілінің жалпы мәдени қызметі сақталып дамып келеді.

Сондай-ақ ағылшын тілін оқып-үйренуге жағдай жасалынуда. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде ағылшын тілін оқып-үйрену бойынша 2 топ құрылған, оларда 26 тыңдаушы бар. Ағылшын тілін оқып-үйрену аймақтың жалпы білім беретін орта мектептерінің барлық оқушылары үшін міндетті болып табылады.

6 этномәдени орталықтарда ана тілдерін дамыту мен оқып-үйрену бойынша үйірмелер жұмыс істейді, олардың барлығы қалалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Кешкі мектептерде 2007 жылы ана тілдерін 102 тыңдаушы оқыған болса, 2010 жылы - 118 тыңдаушы оқыды.

Сонымен қатар қалада төрт жеке меншік нысанындағы оқу орталықтары жұмыс істейді, оларда орыс, қазақ, неміс, ағылшын, қытай, араб тілдері оқытылады, олар 2000 адамнан көп тыңдаушыны қамтиды.

Жалпы алғанда 2007-2010 жылдары қаржыландыру көлемі 12 млн. 706 мың теңгені құрады: 2007 жылы - 2 млн. 829 мың теңге, 2010 жылы қалалық бюджеттен 3 млн. 564 мың теңге бөлінді.

Күшті және әлсіз жақтарды анықтау мақсатында SWOT- талдау жүргізілді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет