Бағдарламасы Шахтинск 2014 ж. Мазмұны №


«Өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымды дамыту» механизмі»



бет4/11
Дата09.06.2016
өлшемі0.89 Mb.
#125608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымды дамыту» механизмі». ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде аймақтық үйлестіру кеңесімен осы механизім шеңберінде мемлекеттік қолдауды ұсыну бойынша екі жоба қолдауға ие болған:

1. «КТП 10/0,4 кВ 1/1 жабдығын орнатумен ВЛ-10 кВ салу» мекенжайы бойынша орналасқан Шахтинск қаласында кафе үшін электрмен қамту, жалпы сомасы 4,0 млн.теңге ЖК Даутов;

2. «Строительство подъездного железнодорожного пути "Astana Power Engineering"» ЖШС, жалпы сомасы 86,7 млн.теңге.

«Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағытының шеңберінде және моноқалалардың экономикасын ұзақ мерзімді диверсификациялау үшін «зәкірлік инвестициялық жобалардың ісшараларын іске асыру, Шахтинск моноқаласының 2013 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының Кешенді жоспарын іске асыру жөнінде ісшаралар жоспарына бір жоба Реанимация завода по производству гранулированных синтетических моющих средств» - «Монета Дитерджентс» ЖШС енгізілген.

Кәсіпорын «Наурыз банк» АҚ ликвидациялық комиссиясының кепілдігінде тұр.

Қайтаруға жататын шағымдық қарыз сомасы 890 млн. 398 мың 987,0 теңгені құраған. Мемлекеттік баж сомасы 26 млн. 711 мың 970,0 теңге.


Анықтама:

Жобаны іске асыру 250 адамға жұмыс орнын құрылады. Жобалық қуатылығы жылына 60 мың тонна өнім өндіреді немесе жылына ақшалай қаражатпен 27 млрд. теңге. Қаланың ірі және орташа кәсіпорындары бойынша өнеркәсіптік өнім көлемі 2014 жылдың қортындысы бойынша 7 млрд. 802,7 млн. теңгені құраған, синтетикалық жуғыш заттарды өндіру бойынша зауытты реанимациялау «Монета Дитерджентс» ЖШС, кәсіпорын толығымен іске қосылған жағдайда өнеркәсіптік өнім көлемін 346 % өсіруге мүмкіндік береді, ол өз кезегінде Шахтинск қаласының тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етеді. Осы жобаны іске асыру үшін 2 млрд. теңге көлемінде инвестиция қажет.

Бүгінгі күні «Наурыз банк» АҚ ликвидациялық комиссиясымен кепілдік мүлікті бағалау (кепілдік мүлік сомасы 592 млн. 457 мың теңгені құраған) бойынша жұмыс жүргізілген. Сауда 2014ж.22.10 жоспарланған, әлеуетті сатып алушылардың жоқтығынан сауда болмай қалған. 2014 ж.14. 11 қайталап өткізілген сауда әлеуетті сатып алушылардың жоқтығынан сауда болмай қалған. 2014 ж.21. 11 кредиторлар комитетінің отырысы өткен, ол отырыста сауданы голландық әдіс бойынша өткізу шешілген, осыған байланысты кепілдік сомасы 20 % түскен. Кезекті сауда 2014 ж.12. 12 жоспарланған.

Анықтама:

- жоба құны 1,23 млрд. теңге. ( оның ішінде КазАгроФинанс АҚ қарыз сомасы 1,04 млн. теңге, инфрақұрылым сомасын есепке алмағанда)

- 50 жұмыс орны

- жоба қуаттылығы: 5,0 млн. бума

- іске асыру кезеңі 2015 - 2016 жылдар


«Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша серіктестік бағдарламаларды іске асыру (мемлекет тау – кен кәсіпорындарымен бірлесіп)»

«Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған» бағдарламасының шеңберінде «Апрель Кулагер» ЖШС және «For-Signg» ЖШС және «ПроСервис Восток» ЖШС араларында дайын өнімді іске асыру үшін келісім жасалған.

Сонымен бірге, осы бағдарлама шеңберінде «Союз» ЖШС мердігерлік жұмыстарды жүргізу үшін «Беркат» ЖШС, «Сәт Көмір» ЖШС және «Проект Монтаж Технология» ЖШС келісім жасалған, олар «Гефест» ЖШС, «Разрез «Кузнецкий» ЖШС және «Корпорация Казахмыс» ЖШС бас мердігер болып табылады.

Осымен қатар, Шахтинск аймағының кәсіпорындарында тұрақты негізде Қарағанды облысының «АрселорМиттал Темиртау» ЖШС, «Корпорация Казахмыс» ЖШС тау – кен кәсіпорындарының қажетті өнімдерінің тізімі жолданады.



«Микрокредиттік ұйымдармен бизнес – инкубатор құру»

Ағымдағы жағдайда бизнес – инкубатор құру мүмкін болмай тұр, себебі бюджеттік заңнамамен осы механизім қолдау таппаған, Бірыңғай бюджеттік сыныптамада бағдарлаламар жоқ, бизнес – инкубатор құру және сақтау бойынша нормативтік – құқықтық акт жоқ (мекемелерді орналастыру механизмі жоқ, бөлмені жалға беру, бизнес – инкубатор ұстау, ком. қызметтерді төлеу және қайтару, бизнес – инкубаторлардың балансұстаушысы анықталмаған).

Осымен бірге бизнес – инкубатор ашуға және ұстауға демеушілік қаражатты тарту бойынша жұмыстар жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта келесі мәселелер өзекті болып келуде: қолданыстағы заңға сәйкес бизнес – инкубатор ашуға бірыңғай механизімнің жоқтығы, бизнес – инкубаторды ашуға механизімнің жоқтығы, бөлме аланының нормасына сәйкес бизнес – инкубаторлардың алаңдарын реттеу бойынша нормативті – құқықтық актілер жоқ.



Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын құру.

Қала кәсіпкерлеріне ақпараттық – кеңес беру мақсатында ҚР Экономика және сауда Министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту Комитетінің бұйрығының негізінде ҚР көлік және коммуникация Министрлігімен мем. қызметті автоматтандыруды бақылау және тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарының Комитетімен Шахтинск қаласының ХҚО ғимаратында 2013 жылдың 21 ақпанында Кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылған. Осы орталық «бір терезе» қағидаты бойынша ақпараттық – кеңес беру қызметін жүзеге асырады.



Өздігімен жұмыспен қамтылған және жұмыссыз тұрғындардың кәсіпкерлігін дамытуға ықпалдасу.

Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 70\01 қаулысымен «Социально - предпринимательская корпорация Ұлттық комапниясының «Сарыарка» АҚ микрокредитеуін ұйымдастыру бойынша уәкілетті орган анықталған. Осы ұйыммен келісім жасалған, 30 млн. теңге көлемінде 2013 жылы қаражат қарастырылған, осы қаражат компанияның есеп шотына ауыстырылған. Компаниямен конкурстық процедралар өткізілген, оның нәтижесі бойынша "МКО "Синтек" ЖШС келісім жасалған. "МКО "Синтек" ЖШС кредиттік қаражат бағытталған. Бүгінгі күні, «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған» бағдарламасына сәйкес Шахтинск қаласының жұмыспен қамту орталығымен осы механизімді іске асыру бойынша жұмыстар жүзеге асырылады.

2014 жылы микрокредитті ұйымдастыру бойынша Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40\09 қаулысымен КФ «Фонди финансовой поддержки сельского хозяйства» АҚ микрокредитті ұйымдастыру бойынша уәкілетті ұйым анықталған. Ағымдағы жағдайда осы мекемемен кредиттік ресурстарды ұсыну туралы келісім жасалған.

Микрокредиттерді ұсыну үшін ақшалай қаражатты аудару жөнінде жұмыстар жүзеге асырылады.

«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сұранысына «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған» бағдарламасына 40 үміткердің сәйкес келмеуі туралы жауап жолданған.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

Жұмыссыз және аз қамтылған тұрғындарды кәсіпкерлікті дамуына ықпалдасуды көрсету шеңберінде 2013 жылы кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 584,0 млн. теңге қарастырылған, 32 адам оқытылған.

2014 жылы республикалық бюджеттен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қаражат қарастырылмаған.

Көмекші және өндірістерге қызмет ететін тау – кен кәсіпорындарын орналастыру:

Шахтинск аймағында «Курылысмет» Производство № 2 ЖШС өз қызметін жүзеге асырады, ол «АрселорМиттал Темиртау» АҚ қосалқы кәсіпорын болып табылады. Осы кәсіпорын көмір өндірісіне қажетті тұрақты негізде анкерлік крепті және де басқа да бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының негізгі міндеті болып моноқалаларда тұрғындарды жұмыспен қамту болы табылады.

Сонымен қатар, «АрселорМиттал Темиртау» ЖШС және Қарағанды қаласының кәсіпорындарымен, «Стражник плюс» ЖШС және «Паза 2030» ЖШС Шахтинск аймағында орналасқан тау – кен кәсіпорындарымен күзет қызметін көрсету үшін және «АМТ» АҚ кәсіпорындық құрылымдарын жалпы жинау бойынша қызметтерді көрсетуге келісім жасалған. Бүгінгі күні осы кәсіпорындарды жұмыспен қамтылғандары олар Шахтинск қаласының тұрғындары (300 – ден астам адам) болып табылады.



Шахтинск қаласында дәрімен қамтамасыз ету саласын келесі кәсіпорындар жүзеге асырады: Сенина ЖК, Соболевская ЖК, Рябченко ЖК, Севальнева ЖК, Салуянова ЖК.

Корпустық жихазды дайындау және жөндеуді келесі кәсіпкерлер жүзеге асырады: Пузырев ЖК, Ворощюк ЖК, Степанович ЖК, Наконечный ЖК.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарымен басшылық ететіндер: Петраков ЖК, Плещенков ЖК, Мусаев ЖК, Тишкова ЖК, Бурцев ЖК, Орлов ЖК, Керимкулов ЖК, Деева ЖК.

Қызмет саласы келесі кәсіпорындамен ұсынылған:



  • Мойыншалар (Таймазов ЖК, Петраков ЖК, Шербаков ЖК, Остапекно ЖК және т.б.);

  • Автокөліктің техникалық қарауы («Колек тексеру» ЖШС, Севальнев ЖК);

  • Қоңақжай қызметтері (Алхамин ЖК, Омарбекова ЖК);

  • Шаштараз қызметі (Клименко ЖК, Давыдова ЖК, Ергачева ЖК, Курило ЖК, Тлегенова ЖК және т.б.);

  • Автокөлікті жөндеу (Хурматулин ЖК, Низаля ЖК, Сон ЖК);

  • Такси қызметтері (Инкарбеков ЖК, Марченко ЖК, Ахметжанов ЖК, Дегинбаев ЖК, Кирилов ЖК, Киныбаев ЖК және т.б.);

  • Стаматолог қызметтерін (Нургалиев ЖК, Нурмаганов ЖК, Франтышев ЖК, Хамзин ЖК және т.б.);

  • Көрнекі жарнаманы дайындау қызметі (Степанович ЖК, «Еж» сурет студиясы);

  • Жаңар- жағармай қызметі («Азия Ойл» ЖШС, «Гелиос» ЖШС, «Газойл Пром» ЖШС, «Мунайсервис KZ», «Белага» ЖШС, Ихсанов ЖК, «Казмунайгаз» ЖШС).

  • Кабелді телекоммуникация қызметі («Альтаир» ЖШС, «Шахтинск ИНФО» ЖШС);

  • Ақпараттық қамтамасыз ету қызметтері («Альтаир» ЖШС, «Шахтинск ИНФО» ЖШС);

  • Электрқуатын қуатын жеткізу қызметтері (Мусаев ЖК, «Жарык» ЖШС);

  • Қоқысты шығару бойынша қызметтер (Алиев ЖК, Крамарева ЖК, Кропачев ЖК).

Бірақ, шағын бизнес әлеуетті толық көлемде іске асырылмаған. Шағын инвестициялық шектеуге тән бір қатар мәселелер бар, қажетті жабдықты сатып алуға алғашқы капитал депозиті және айналымдық қаражаттың, шикізаттың, материалдардың, жарнаманың жоқтығы.

Шахтинск қаласында несиелеу мәселесімен кәсіпкерлер соқтығысады.

Банк кредиттерін кәсіпкерлердің алмау себебі:


  • Кредитті рәсімдеу үдерісінің ұзақтығы;

  • Ақшамен қамтамасыз ету жағдайында қатал талаптар (кепілдікті қосқанда);

Шахтинск аймағында орналасқан кепілдік мүлік екінші деңгейлі банктермен қабылданбайды немесе төмен бағаланады.

Кіші және орта бизнесті дамыту саласындағы мәселелер мен міндеттерді шешу үшін кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін ақпараттық, білім беру, әдістемелік көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру жоспарланады:

кәсіпкерлікті кең масштабты мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру, кіші және орта бизнес жағдайын кеңейту және нығайту, кіші кәсіпкерлікті құқықтық қорғау, кіші кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік қолдау, кіші кәсіпкерлікті өндірістік қолдау, кәсіпкерлікті ақпараттық және кадрлік қамтамасыз ету;


  • кіші кәсіпкерлікті қолдау және қорғау бойынша инфрақұрылымды дамыту және жетілдіру;

  • жаңа технологиялар негізінде жаңа кәсіпорындарды енгізу.

Осы қойылған міндеттерді орындау үшін келесідей шаралар өткізіледі:

нақты шараларды өңдеу үшін заңды бұзу сұрақтары бойынша кәсіпкерлердің шағымдарын талдау;



  • қолдау және қорғау бойынша инфрақұрылымды дамыту және жетілдіру бойынша;

  • қаржылық институттар арқылы кіші кәсіпкерлік субъектілерінің несие алуында қатысу, яғни аймақтағы кіші және орта бизнес субъектілері үшін қолданылатын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасындағы негізгі пунктілерін анықтау бойынша аймақ кәсіпкерлерімен жұмысты белсендіру;

  • кіші бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру;

сала қиылысында кіші бизнестің жаңа ашылған кәсіпорындарымен мониторингті жүзеге асыру;

  • экономиканы дамытудағы облыстық Бағдарламаларды орындау мақсатында қазыналық және орындаушы органдардағы басқарушылардың қатысуымен кәсіпкерлер үшін «домалақ столдарды» ұйымдастыру, кіші кәсіпкерлікті дамытудағы бағалау көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз ету;

  • кіші кәсіпкерлікпен байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында қамтамасыз ету.

Туризм


Шахтинск аймағының аумағында туристтік қызметпен 2 туристік фирмалар айналысады: «Наталитур» туристтік агенствосы, Қарағанды филиалы «Квин тур» туристтік фирмасы, олардың негізгі қызметі кіретін туризмге бағытталған.

Шахтинск аймағының туристік индустрианың негізін «Долинка кентіндегі саяси- құғын сүргін құрбандарын еске алу мұражайы» КМҚК (мәдени – танымдық туризм) ұсынады.

Орналасқан жері – Қарағанды облысы, Долинка кенті, Школьная, 39 көшесі;

Нысан: Карлаг басқармасының бұрынғы ғимараты.

Салынған жылдары: 1933-1935 жж.

Күрделі жөндеуді жүргізген жылдары: 2009-2010 жж.

Салынған аумағы: 1524,1 ш.м.

Ғимараттың жалпы ауданы: 3326,6 кв.м.

Ғимарат көлемі: 11720 куб.м.

Жер телімінің жалпы аумағы: 21568 ш.м (2,1568 га)

Бөлмелер саны: 68.

Экспозициялық залдар саны: 14.

Жұмыс уақыты: 9-00 – дан 18-00 сағат, түскі үзіліс: 13-00-14-00 сағ, демалыс – дүйсенбі.

Кіру билетінің құны – 250 теңге, 500 теңге гидтерге, зейнеткерлерге кіру тегін. Эскпозиция залдарының саны: 14.

Шахтинск аймағының туристік индустрианың негізін «Долинка кентіндегі саяси- құғын сүргін құрбандарын еске алу мұражайы» КМҚК (мәдени – танымдық туризм) ұсынады.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысы әкімінің 2001 жылғы 24 ақпандағы өкімімен және Шахтинск қаласы әкімінің 2001 жылғы 30 қарашадағы шешімімен «Долинка кентіндегі саяси- құғын сүргін құрбандарын еске алу мұражайы» құрылған. 2012 жылы келушілер саны – 4200, 2014 жылдың 10 айында - 17905.


«Долинка кентіндегі саяси- құғын сүргін құрбандарын еске алу мұражайы» КМҚК экскурсия және келушілер санының динамикалық өсімі.

Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

10 ай. 2014 ж.

Келушілер саны

4200

14119

17905

оның ішінде

шетел азаматтары

402

603

502

«Адилет» қоңақ үй кешенінің басшысы атынан К.Е.Алхамин (5 номер, тәуліктік келу құны – 4000 тг). Орташа келушілік айына 15 адам.

Ағымдағы жылдың тамыз айында жаңа қоңақ үй кешенінің («Моноқалаларды дамытудың 2012 -2020 жылдарға арналған» бағдарламасының шеңберінде), басшысы атынан А.К.Омарбекова (16 орынды, тәуліктік келу құны санаты бойынша 5000 теңгеден 15000 теңгеге дейін) ашылуы жүзеге асқан. Айна орташа келушілік 30 адам.

Бірақ, қоңақ үй аумағында «Халал» кафесі ашылған, онда отбасылық демалу орталығы «Ертегі» ашылған, онда ойын автоматары, ойын алаңдары, ойын секциясы – 3 жастан 10 жасқа дейінгі балалар үшін лабиринт - секциясы, 3 D кинозал бар.

Аймақтың экологиялық мәселелері.
Қазіргі таңда Шахтинск қаласының экологиялық факторлары шектеме ретінде бет алыспайды және аймақтың индустриалды дамуына соңғы шешулі әсер етпейді. Шахтинск аймағындағы экологиялық жағдай Қарағанды облысының бірнеше тұрғылықты жерлерімен салыстырғанда аса шиеленісті жағдайда.

Шахтинск аймағының кәсіпорындарымен 2013 жылы 7,67 мың тонна ластайтын заттар шығарылған ол облыстық көрсеткіштен 1,3% құрайды.

Атмосфераға ластайтын заттарды шығарудың негізгі көзі болып «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС табылады.

Соның ішінде, Шахтинск қаласының тазалау құрылғылары авариялық жағдайда тұр. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқысының көптеп өсу мәселесі бар. Тазалау құрылғыларының және кәріз желілерінің қатты тозуы санитарлық – эпидемиялық сипаттағы қауіпті төндіреді.



Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру

Шахтинск өңірінде 8 бала-бақша және 5 шағын-орталық жұмыс істейді. Қаламызда мектепке дейінгі тәрбиемен балалардың қамтылуын жоғарлату мәселесі білім беру ұйымдарын кеңейту және қайта құру есебімен шешіледі. Шағын-орталықтардың ашылуы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың жоғарлауы 2005 жылмен салыстырғанда 54,2% - 2014 жылы 96,4 % өсті.

2014 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша мектепке дейінгі мекемелерде 204 педагог қызмет етеді, оның ішінде жалпы педагогтер санынан жоғарғы және бірінші санатпен 46 адам немесе 22,5 %.

Шахтинск өңірінің барлық елді мекендерінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар. 2011 жылы Новодолинка кентінде 240 орынды «Аленка» бала-бақшасы қалпына келтірілді. 2014 жылдың желтоқсан айында «Гүлдер» сәбилер-бақшасы ашылды.Өңірімізде толық келу күнімен 5 шағын-орталық жұмыс істейді.

Саланың басты мәселесі- өңірде балаларды кезекке қою 1 жастан 3 жасқа дейін және білікті кадрлардың жоқтығы.

Орташа білім беру.

Шахтинск өңірінде 2 гимназия, 1 лицей-мектеп, 9 жалпы білім беру мектептері: оның ішінде: 8 орыс тілінде оқытатын мектеп, 3 қазақ тілінде оқытатын мектеп - №9, 14 ЖББМ және №16 ЛМ, 1 аралас мектеп- №5 гимназия. Оқушылардың жалпы құрамы 1-11 сыныптарында 6 342 оқушыны құрайды.

2011 жылы қаламызда 540 бала жоба қуаттылығымен мемлекеттік тілде оқытатын екінші №9 мектеп ашылды. 2012 жылы Шахан кентіндегі №14 жалпы білім беру мектебі мемлекеттік тілде оқытатын мектеп мәртебесін алды. Мемлекеттік тілде білім беру қызметтерін ұсынуда халықтың мұқтаждығы толығымен қанағаттандырылды. Қаламыздың мектептерінің мұғалімдер саны 514 адамды құрайды (жоғары және бірінші санаты бар 268 адам немесе 52,1 %).

Білім беру ұйымдарында эксперименттік қызметті жүзеге асыру аясында 12 жылдық білім беруге көшу дайындығы бойынша жұмыстар жалғастырылуда.



  1. Бастауыш және негізгі мектепте 12 жылдық білім беруді енгізу бойынша республикалық нәтижелікті тексеру;

  2. Қаламыздың мектептеріндегі 10-11 сыныптарда бейінді оқытуды енгізуді өткізу нәтижелігі.

Компьютерлік база жетілуде. 2014 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша компьютерлік парк 1135 бірлікті құрады. 1 компьютерге оқушылар санының көрсеткіші 5,6, 2009 жылы 9,5 құраады. Пән кабинеттерімен қамтамасыз ету пайызы 72,9 % (жоспар 48, нақты 35).

Қаламызда білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіледі. 2007-2008 оқу жылынан бастап қаламызда 1-2 сынып оқушылары үшін, 2008 жылдың 1 жарты жылдығынан 1-4 сыныптар үшін тегін ыстық тамақтандыру ұйымдастырылды. 2011 жылы аз қамтылған отбасының 1-11 сынып оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қаламызда жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 154 бала бар. Соңғы жылдары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының төмеңдеу беталысы байқалады. (2012 жылмен салыстырғанла саны төмендеді)


Денсаулық сақтау саласы
Шахтинск аймағының аумағында өз бетімен 2 мемлекеттік медициналық ұйым жұмыс жасайды.

  • «Шахтинск қаласының ауруханасы» КМК

  • «Шахтинск қаласының емханасы» КМК

  • Шахтинск қаласының, Шахан, Долинка, Новодолинский және Северо-Западный кенттерінің халықтарына «Шахтинск қаласының ауруханасы» КМК және «Шахтинск қаласының емханасы» КМК медициналық қызмет көрсетеді, қаланың және кенттердің тұрғындарына стационарлық медициналық көмекті «Шахтинск қаласының ауруханасы» КМК 206 көп мамандандырылған койка бойынша көмек көрсетеді.

  • терапевтік бөлімше – 40 кереует

  • кардиологиялық бөлімше – 28 кереует

  • хирургиялық бөлімше – 29 кереует

  • балаларды емдеу бөлімшесі – 17 кеоеует

  • гинекологиялық бөлімше – 20 кереует

  • босандыру бөлімшесі – 18 кереует

  • жүктілердің патологиялық бөлімшесі – 14 кереует

  • травматологиялық бөлімше – 25 кереует

  • жұқпалылар бөлімшесі – 15 кереует.

«Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласын дамыту Мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағытына және бастапқы медициналық – санитариялық көмек көрсетудің приоритеттік дамуына сәйкес жыл сайынғы қысқарту мен пайдасыз тәулік бойы әрекет ететін кереуеттердің қайтадан жоспарлауын жүзеге асырылады. Осыған байланысты, аурухана кереуеттерімен халықты қамтамасыз ету жыл сайын азайтылады.

Амбулаторлық – емханалық ұйымда, күндізгі стационардың кереуеттік қорын ұлғайту жалғасуда (2012 жылы - 36 кереует, 2014 жылы – 56 кереует).

Шахтинск қаласының және қалаға таяу орналасқан елді мекендер Шахан, Долинка, Новодолинский, және Северо – Западный кенттерінің халықына амбулаториялық – емханалық көмекті емхана көрсетеді, ауысымдағы қабылдау қуаттылығы – 1075.

Емхананың өз құрамында мыналар бар:



  • терапевтік бөлімше, қабылдауды терапевтер жүргізеді;

  • балаларды емдеу бөлімшесі, қабылдау балалар дәрігерлерімен, жалпы тәжірибелі дәрігерлермен және жасөспірімдер дәрігерімен жүргізіледі;

  • мамандандырылған бөлімше, қабылдау 11 мамандық (эндокринолог, хирург, көз дәрігері, отоларинголог, невропатолог, психиатр, нарколог, онколог, кардиолог, дерматовенеролог, инфекционист) бойынша жүзеге асады;

  • тіс емдеу бөлімшесі, қабылдау тіс дәрігерлерімен жүзеге асады;

  • туберкулезге қарсы бөлімше, қабылдау фтизиатр дәрігерлермен жүзеге асады;

  • Шахан кентінің ОДО, қабылдау терапевтермен, бала дәрігерімен, тіс дәрігерімен, акушер – гинекологпен, хирургпен, дерматовенерологпен, отоларингологпен жүзеге асырылады;

  • Долинка кентінің БМСК көрсету бөлімшесі, қабылдау терапевтермен, жалпы тәжірибелі дәрігерімен, тіс дәрігермен және акушер – гинеколог дәрігермен жүзеге асырылады.

  • Новодолинский кентінің БМСК көрсету бөлімшесі, қабылдау терапевтермен, жалпы тәжірибелі дәрігермен, тіс дәрігерімен және акушер – гинеколог дәрігермен жүзеге асырылады.

  • Северо – Западный кентінің дәрігерлік учаскесі, қабылдау терапевтпен және бала дәрігермен жүзеге асады;

  • жедел медициналық көмек көрсету бөлімшесі;

  • профилактика және әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі;

  • әйелдерге кеңес беру бөлімшесі, қабылдау акушер – гинеколог дәрігермен және маммолог дәрігермен жүзеге асады;

  • рентгенологиялық қызмет (рентгенография, флюорография, маммография);

  • зертханалық қызмет (клиникалық, биохимиялық, серологиялық зерттеулер);

  • күндізгі стационар 56 орынға;

  • физиологиялық қызмет (физиологиялық емшаралар, сылап – сипау).

«Шахтинск қаласының емханасы» КМК- да 2014 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта 398 адам қызмет жасайды, оның ішінде 84 дәрігер және 183 орта медициналық қызметкер. Дәрігерлермен жарақтау 2014 жылы 98,8 % құрады.46 дәрігердің біліктілік санаты бар (55%) және 100 орта медициналық қызметкерлер (55%)) Медициналық кадрлардың жетіспеуіне байланысты, бұл мәселе шешімін таппай тұр. Дәрігерлік кадрлардың жастары жоғары болуына байланысты, 50 жастан асқан тұлғалар саны жалпы дәрігерлер санынан алғанда 18% құрайды. Дәрігерлермен қамтамасыз ету деңгейі 10 000 халыққа шаққанда 14,9 құрайды; обылыс деңгейінде -32,5.

Ақырғы жылдарда қалада ВОЗ ұсынған «Бала жастан ауруларды біртіндеп жүргізу», «Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету» Дүниежүзілік бағдарламасы аналар мен балалар өлім – жітімін азайту бойынша енгізілуде. Тиімді перинаталдық технологияны енгізу. Көрсетілген бағдарламаны енгізгеннен бастап, аналар мен балалар өлім – жітімінің көрсеткішіне байланысты, үрдіс оң нәтиже бере бастады. Ұрықтың даму кемістігін ерте бастан айқындауға генетикалық және ультрадыбыстық скрининг бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Ерекше басым бағыты – бұл әлеуметтік – маңызы зор аурулардың алдын алу.

Ауруларды және қан айналысы ауруларынан қайтыс болғандарды азайту мақсатында (әрі қарай ҚАА) оларды ерте айқындауға алдын ала тексерулер жүргізілуде. Амбулаторлық деңгейде қан айналысы ауруларымен ауыратын науқастарды тегін және жеңілдікпен босатылатын дәрі – дәрмектермен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Қолданылған кешендік шаралар негізінде 2011 жылдан 2013 жылға дейінгі мерзімде қан айналысы ауруынан қайтыс болғандар саны 100 мың халыққа шаққанда 574,1 ден 460,5 дейін азайтылды (азайту 19,7 % азайды).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет