БАҒдарламасы шемонаиха қ. 2010 жыл Паспорт 3 2



бет10/32
Дата15.06.2016
өлшемі3.97 Mb.
#137221
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32

Күшті жақтары:

1.Қоғамдық-саяси жағдайдың, саяси партиялардың және басқа азаматтық қоғамдық институттардың қызметтерінің мониторингі жүзеге асуда.

2. Жылдан аса уақыт бойы мемлекеттік тілде «Шемонаиха шұғыласы» аудандық ақпараттық-жарнамалық газеті шығарылуда.

3. Азаматтық қоғамдық институттарының қатысуымен үнемі диалогтық алаңдар жұмыстары жүргізілуде.

4. Жастар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (ҮЕҰ қызметі арқылы) аясында қызмет құрылуда, әлеуметтік-маңызды проблемалар шешілуде.
Әлсіз жақтары:

1. Тұрғындар түгелімен (ландшафтпен байланысты саны аз және алыстағы аулылдардан 500 адамдай) қазақстандық теледидармен қамтылмаған;

2. Ауылдық аймақтарда үкіметтік емес ұйымдардың жоқтығы;

3. Маңызды шешімдерді қабылдауда, әлеуметтік-маңызды проблемаларды талқылауда, әсіресе аудан округінің дәрежесінде қоғамның шектеулі қатысуы сақталуда.


Мүмкіндіктер:

1. Мемлекеттік бағдарлама цифрлық теледидарды енгізуді іске асыру.

2. қоғамдық-саяси, оның ішінде діндарлық жағдайдың қиындауына жол юермеу бойынша сақтандыру шараларын қолдану.

3. Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстар жалғастыру.

4. Ішкі саясат мәселелері бойынша қалалар, кенттер және ауылдық округтер әкімдеріне әдістемелік көмек көрсету.
Қауіп:

1. Ақпараттық кеңістіктің кідіруі (баспалық БАҚ-ын ауақытылы жеткізілмеуі).

2. Ресей жағынан ақпараттық ықпал.

3. Деструктивтік діндік ағымдардың таралуы.

4. Ауданда қоғамдық-саяси жағдайдың қиындауы.
2.2.2.8 Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Аудандағы оперативті жағдай қиын сипатта. Статистикалық мәліметтер бойынша ауданда 10 мың тұрғынға қылмыскерліктің жоғарғы деңгейі сақталуда, жалпы тіркелген қылмыскерлердің 94,5 құрайды. Криминалдық жағдайларды сауықтыру және тұрақтандыру мақсатында ішкі істер бөлімімен басқармашылық шешімдерді қолдануда. Оның іске асуы нақты бір оң динамикаға қол жеткізуге және қылмыспен тіркелушілердің санын төмендетуге көмектесті. 2007 жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстық қылмыстар саны 2009 жылы 8% өсті. Қылмыстың ауыр түрлері 23,1%, аса ауыр қылмыс түрлері 12,5%, оның ішінде қасақана жасаған өлім 10%, денсаулыққа қасақана зиян келтіру 33,4%, төбелес 40%, біреудің меншігін ұрлау 6,3%.өскен. Бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстар саны 36,7% өскен. Кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыс саны 37,4% төмендеген (27 сурет).


27 сурет

2007-2009 жылдардағы тіркелген қылмыстар санының

өзгеру динамикасы

Оперативтік жағдайды талдауда қылмыстық із кесушілік шараларды қабылдау мен қатар құқықтық тәртіпті және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін, құқық бұзушылықтар профилактикасының толық жүйесін құруды жүзеге асыру қажеттілігі туды.

Қоғамдық орындарда, оның ішінде қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздік жағдайының индикаторы болып табылатын көшелерде жасалған қылмыстың өсу беталысы сақталуда. 2009 жылы көшелерде 19 қылмыс жасалды, 2008 жылдан 3,8%-дан үлес салмағы 2009 жылы 4,4% дейін өсті.

Көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы жоғарғы криминогендік «Қауіпсіз аула» видеобақылау жүйесін дамытуды қажет етеді. Патрульдік-күзет қызметін нығайту, патруль автомобильдерінің санын көбейту, полицияның көшпелі және стационарлық пунктерін, деректер бірлескен банкіне кірумен компьютерлік техникамен жабдықтау қажет.

Соңғы жылдары жасөспірімдік қылмыстар санының азаюы сақталуда. Кәмелеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы 2007 жылғы 11%-дан 2009 жылы 12,2% дейін өскен.

«мектептің» полиция инспекторы институтын дамыту қажет, бұл оқушылар арасындағы ерте профилактикалық құқық бұзушылықтармен көрнекілікті дайындалуға мүмкіндік береді.

Құқық бұзушылық профилактикасына, кәмелетке толмағандарға алкоголь сусындары мен темекі өнімдерін сату фактілерінің, есірткіні және психотропты заттарды медицина түрінен басқа пайдалану профилактикасына азаматтарды және үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша жұмыстар ары қарай дамытуды талап етеді.

Ең қиыны аудан жолдарындағы апаттылық жағдай болып қалады. Оған себеп автокөлік құралдары паркінің көбейуі, қарқынды қозғалысқа жолдардың сай келмеуі, жүргізушілердің дайындық сапаларының және дисциплиналық деңгейлерінің төмендігі болып отыр. Жол қозғалысына қатысушылардың дисциплинасын көтеру үшін жол қозғалысын реттеуге және бақылауға осы заманғы теникалық құралдарды қолдану қажет. Осы мәселенің шешілуі жылдық ЖКО-ың санын 4,6% қысқартуға жеткізеді (28 суретті қараңыз) .



2007-2009 жылдары болған ЖКО, оның салдарынан қайтыс болғандар мен жарақаттанғандар санының өзгеру динамикасы


28 сурет
2010 жылы ауданда тіркелген қылмыс санының көбейгені байқалады. Зорлау-зомбылау бағыттағы қылмыстар санының өскен, бәрінен бұрын қылмыскерлік құрылымында 85% үлесін құрайтын басқаның мүлігін ұрлау қылмысы. Осы қылмыс түрін ашу 2009 жылы - 78,5% құрады.

Әсіресе ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалатын халық аралық есерткі тасымалдау және есерткі өткізу каналдарын түбірімен жою бойынша құқық қорғау органдарының күші жеткіліксіз болуда.

Есірткі бизнесінің қылмыстық құрылымы ауданды Ресей және европа елдеріне есірткі құралдарының транзиті үшін пайдаланады. Жылда заңсыз айналымнан 2650,5гр есірткі құралы табылады. Есірткі өткізуге байланысты анықталған қылмыстар үлесі жалпы есірткі қылмысының санынан 2007 жылы 9 фактыдан 2009 жылы 6 фактыге азайған.

Тұрғындардың есірткі қабылдауға тартылу деңгейі жоғарғы күйде қалады. Есірткіқұмарлықтан ерте бастан профилактика жасау жүйесін құру, сондай-ақ арнайы медициналық мекемелерді дамытуды қажет етеді.

Есірткіге қарсы насихаттаудың жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға бет бұру ұйымдарын маңызды оның ішінде заңнамалық деңгейде жүзеге асыруды талап етеді. Бұл байланыста барлық мемлекеттік органдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін пайдаланумен іс-әрекеттік ақпараттық-насихаттау шараларының кешенін қабылдау қажет.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT – талдау жүргізілді



Күшті жақтары:

1. Азаматтардың заңды мүдделерінің еркіндігі және қорғау бойынша жағдайлар құрылды;

2. Құқық бұзушылықтар және олардың әрекет етулерін қамтамасыз етудің нақты анықталған профилактикалық субъектілері;

3. Құқық бұзушылық профилактикалары және қоғамдық тәртіпті күзетуге қатысушы азаматтары және ұйымдарының бірігіп әрекет ету формалары келісілді;



Әлсіз жақтары:

1. ІІД тіркеуінде тұрғандар тұлғалар арасынан жанұялық-тұрмыстық саласында құқық бұзушылықтарға профилактика бойынша қолданылатын шаралардың жеткіліксіздігі;

2. Маскүнемдік пен есірткіқұмарлық профилактикаларының, тұрмыстық маскүнемдік проблемаларының шешілмеуі;

3. Өмірдің ауыр жағдайындағы тұлғаларды әлеуметтік үйрету және ақтау деңгейінің жетіспеушілігі;

4. Жетерліктей нормаға дейін ІІД жинақталмауы.

Мүмкіндіктер:

1. құқық бұзушылық профилактикасының жүйесін іске асыру;

2. Құқық бұзушылық және қылмыс саны өсуінің алдын алу бойынша уақытылы шаралар қабылдау;

3. Профилактика субъектілерінің қызметін үйлестіруді өсіру.



Қауіп:

1. Ауданның географиялық орналасуы есірткі құралдарын Ресейге және европа елдеріне транзиттеу үшін қолайлы жағдай тудырады;

2. Қызмет ететін Кедендік одақ және бірлескен экономикалық кеңістік қызмет еткен жағдайда қылмыстық топтардың трансұлттық байланыстармен бірігіп қызмет етуі анық қауіп тудырады.

3. Ауданда түзету мекемесінің болуы.




2.2.2.9 Мұрағат ісі

Шемонаиха ауданының мемлекеттік мұрағаты 1992 жылдан бері істейді. Мелекеттік архивтың штаты 7 адамнан құралған: оның 5 адамы – мұрағат ісінің мамандары, 2 адам – техникалық жұмыскерлер.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда мемлекеттік 46 мекеме, ұйымдар, кәсіпорындар мұрағаттың жиынтығы көздері болып саналады. Шемонаиха ауданының Ұлттық мұрағат қорының көлемі 2010 жылғы 1 қаңтарға 26 мың 575 сақталым бірліктерін құрайды.

Ауданның мұрағаттық мекемесінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мұрағат базасын материалдық-техникалы жаңалау, , бойынша жұмыстар жүргізілуде, компьютерлендіру, модем орнатылып, аудан бойынша «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайтына ақпарат ұсынылады.

Мұрағат қызметкерлері Шемонаиха ауданының тарихы бойынша құжаттырды іздеу және сатып алу мақсатымен Ресей Федерациясының Омск қ. және Барнаул қ. болды.

Мемлекеттік сақтауға ведомоствалық сақтау мерзімдері өткен құжаттарды өткізу бойынша жұмыстар жалғасуда. 2010-2015 жылдары мемлекеттік сақтауға таратушылардың барлық түрімен 5 мыңнан аса істерді қабылдау жоспарлануда.

Сонымен бірге мемлекеттік сақтауға түскен құжаттар көлемінің өсуі мен саланың кадрлық әлеуетінің өсу динамикасымен сәйкес келмеуі байқалады. Мұрағат қоры ұлғайса да ауданның мұрағат мекемесінің қызметкерлерінің саны бұрынғыдай. Бәрінен бұрын кәсіби дайындалған кадрлар қажет. Кадрлардың дайындығы жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ Шемонаиха қаласының Гуманитарлық –техникалық колледжінің «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі» факультетінде өтетін болады.

Қазіргі уақытта іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды сақтауды енгізу мәселерін оқытуға керек назар аударатын мекемелер саны өсті. Олар бөлімдер және ведмоствалық ұйым қызметкерлері үшін семинарлар жүргізу үшін мемлекеттік мұрағат мамандарын шақырады. Ауданның мемлекеттік мұрағат қызметкерлері ұйымдарға үнемі іс номенклатурасын ведомоствалық мұрағаттар және эксперт комиссиялары туралы жағдайларды, іс қағаздарын жүргізу бойынша инструкцияларды құруда, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мемлекеттік мұрағатқа сақтауға өткізуде тәжірибелік, әдістемелік және кеңестік көмектер көрсетеді. Құжаттандырушылықты басқару және сақтау, құжаттандыру негізі бойынша оқыту сипатында семинар-жиналыстар өткізіледі.

2010 жылғы ағымда ауданның мемлекеттік мұрағатымен 1 фотоқұжат көрмесі, ауданның БАҚ 2 шығарылым, ұйымдастырылды, әлеуметтік-құқылық сипаттағы 1694 сауал орындалды, оның ішінен 60 сауал тематикалық сипатта.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда ведомоствалық мұрағаттың болмауы құжаттарды ведомоствалық сақтау сатысында сақтаумен қамтамасыз етудің проблемасы болып табылады. Егемендік және тәуелсіздік кезеңіндегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды жоғалтпаудың алдын алу жеке меншік формасындағы барлық ұйымдарға заңнаманы алға тарта отырып бақылауды күшейтуді талап етеді.

Ауданда мемлекеттік мұрағатқа арналған арнайы ғимарат салу Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік берер еді.

Көрсетілген проблемалық мәселелердің шешілуі мұрағат ісінің тамаша үлгісіне және ауданның мұрағат саласының тиімді қызмет етуіне жақындауға мүмкіндік берер еді.



Күшті жақтары:

- Ауданның мұрағат мекемесінде модем орнатылды, «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайты белсенді жұмыс сітеуде.



Әлсіз жақтары:

- мұрағат ісінің төңірегінде білікті мамандардың тапшылығы, жетілмеген нормативтік-құқықтық базасымен көрінген мұрағат саласы инфрақұрылымының даму деңгейінің төмендігі;

- сақталатын құжаттар және кадрмен катамасыз етудің өсу көлемінің арасындағы сәйкессіздік;
Мүмкіндіктер:

- ауданның мұрағат мекемелеріне электрондық қызметтерді жеткізу, мұрағат ақпаратына азаматтардың қол жетімділігін кеңейту, мұрағат қорының үлесін цифрлік форматқа аудару жұмыстарының басталуы.


2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен

Ауданның инфрақұрылымдық кешені электр қуатымен жабдықтау, сумен жабдықтау, су тарту, жол саласы, көлік, телекоммуникация, пошта байланысы және абаттандыру салаларымен белгілі. Инфрақұрылымдық кешенді дамыту экономика қажеттілігін және санаулы қызметтермен тұрғындарды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.



2.2.3.1 Электр қуатымен жабдықтау

Ауданның барлық елді мекендері үнемі электр қуатымен жабдықталған. Электр желілері бойынша аймақаралық деңгейде электр қуатын жеткізуді «Восточные МЭС» АҚ «Кеgос» филиалы жүзеге асырады.

Ауданның елді мекендері электр қуатымен «ШҚ АЭК» АҚ қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта аудан бойынша тозыңқыраған инженерлік инфрақұрылым 40-80%. Коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындар толығымен залалды болуда. Сатып алушылардың өз құнынан асып кеткен тарифтер бойынша қызметтерді төлеуге дайындығы төмен және техникалық қызметті қаржыландыру жеткіліксіз.

2015 жылға дейінгі кезеңге жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыру электр қуатын тұтынудың өсуін топшылайды, және де ауданның электрлік қауімсіздігін (веерлік айруларды қоспағанда) қамтамсыз ету қажет. Қосымша электр қуатының көздерін алу үшін ауданда СЭС құрылысын салу жоспарланған, осыған байланысты жаңартылған нысандарды орналастыру сызбасын дайындау үшін ТЭН дайындауға аудан бюджетінен 2010 жылы бөлінген 15 млн теңге қажет.

«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының нормаларын жүзеге асыру мақсатында электр қуатын үнемдеуге тұрғындарды және заңды тұлғаларды ынталандыруға бағытталған жағдайлар жасау үшін 2008 жылы барлық аймақтарда «күн»-«түн» тәуліктері аумағы бойынша және тұрғындар арасында энергия ресурстарын үнемдеудің нақты ынталандырмасы болып табылатын электр қуатын тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтер енгізілген.

Дегенмен тұтынушы-жеке тұлға тұтынылған электр қуатына төлеуге құқысы бар. Бұл механизм бекітілген мөлшер шегінде электр энергиясын тұтынған жағдайда қолданыстағы орташа босату тарифінен төмен деңгейден ең аз тариф бойынша төлеуді қарастырады. Электр энергиясының көлемі бектілген мөлшерден асқан жағдайда ең жоғарғы тариф бойынша төленеді. Бірақта электр энергиясын тұтыну шектелмейді.

Электр энергиясын тұтыну мөлшері өскен жағдайда ең жоғарғы тариф бойынша төлем өндіріліп алынады, тұрғындарды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ететін және электр қуатын үнемдеу үшін тұтынушылар ынталандырмасын құратын критерилерді есепке ала отырып жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша Агенттікпен бір айға 1 тұрғынға бекітіледі. Аталған мөлшер электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын тұтынушылар үшін жеке анықталады.

Қазіргі уақытта аудан бойынша иесіз электр желілері жоқ. 2009 жылы Жол картасы бойынша Шемонаиха қ. иесіз мүлік болып танылған және сот шешімі бойынша коммуналдық меншікке өткізілген 10,2км электр желілері жөндеуден өтті.

Орын алған жағдайды бағалау:

Күшті жақтары:

1. Энергия көздерін қайта жаңарту үшін энергетикалық ресурстар қорының көптігі



Әлсіз жақтары:

1. аймақтық электр желілерінің жо,арғы деңгейде тозуы;

2. жаңа энергия көздерінің құрылысын салуды қамтамасыз ететін механизмдердің жоқтығы.

Мүмкіндіктер:

1. энергиялық теңгерім аумағына қайта жаңарған энергия көздерін енгізу;

2. электр энергетикасының нысандарын дамытуға инвестициялар тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын көтеру бойынша шаралар қабылдау.

Қауіп:

1. көптеген электр желілерінің тозуына байланысты аудан тұтынушыларын электр қуатымен қамтамасыз ететін саланың нашарлауы.


2.2.3.2 Сумен жабдықтау

Қазіргі уақытта ауданның 40 елді мекендерінің 28-де орталықтандырылған сумен жабдықтау қызмет етеді, яғни 93,2% құрайды. Қалған 6,8% орталықтандырылмаған сумен жабдықталған. Ауданда су тасылмайбайды.

Шемонаиха ауданы тұрғындарды коммуналдық-тұрмыстық сумен жабдықтай жүйесінде 341,8км су құбырларының желісі тартылған, оның қатарында Шемонаиха қаласында 58,6км. Су құбырлары желілерінің тозуы 40% тен 80% дейін құрайды. Бұл желілердегі қайтарылмайтын су жоғалтудың үлкен көлемі және тұрғындардың суды тұтыну нормасының үлес салмағының өсуі салдарынан.

Қолданыстағы «Ауыз сулар» бағдарламсы аясында 2003 жылдан 2010 жыл аралығында бюджеттік қаржыдан 304,974 млн теңге игерілді, оның қатарында РБ 214,124 млн теңге (2 нысан); ЖБ 90,85 млн теңге (2 нысан). Соңғы 6 жылда ауыз сумен жабдықтаудың 4 нысандарынң жұмысы толығымен аяқталып пайдалануға берілді.

2009-2010 жылдары «Жол картасы» шараларын іске асыру аясында ауыз сумен жабдықтау нысандарына ағымдық жөндеу жұмыстарына бөлінген және пайдаланған ақшалай қаражат – 173,5 млн теңге:

- Первомайский к. су құбырларының желілерін жөндеуге – 122,5 млн теңге;

- Зевакино а. сумен жабдықтау жүйесін жөндеуге – 39,9 млн теңге;

- Ново-Убинка а. сумен жабдықтау жүйесін жөндеуге – 5,9 млн теңге;

- Зевакино а. су атқылау мұнарасын жөндеуге – 5,2 млн теңге.

Жүргізілген шаралардың нәтижесінде 2009-2010 жылдары 4651 адамның сумен қамтамсыз етілу жағдайлары жақсарды.

Қазіргі уақытта Шемонаиха ауданы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданын дамыту жоспары дайындалған, оған мыналар кірген: Шемонаиха ауданының 14 ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және құрылысын салу. 2010 жылдан бастап «Топаз» леологиялық барлау компаниясы» ЖШС-мен Красная Шемонаиха ауылын сумен жабдықтау нысандарының құрылысын салуға ЖСҚ дайындау үшін жер асты сулары қорларын қайта бағалау бойынша жұмыстар басталып кетті. 2011 жылға Вер-Уба және Рулиха ауылдарындағы су қорларын есептеуді жүргізу жоспарланған.

Геологиялық барлау жұмыстары Геология комитеті және Қазақстан Респуликасының жаңа технологиялар және индустрия Министрлігімен аз мөлшерде қаржыландырылады (2009 жылы жұмыстар жүргізілген жоқ), бірақ та барланған қорлар бойынша нәтижелер екі жылдан кейін беріледі. 2007-2008 жылдары жер асты сулары қорын нақтылау үшін ауданның 2 елді мекенінде іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілді.

Бұл жағдай жобалардың орындалуын тежеп тұрған фактор болуы мүмкін. Ауылдық елді мекендердегі геологиялық барлау жұмыстарын неғұрлым көбірек қаржыландыру қажет. Жоспарланған жобаларды уақытылы жүзеге асыру мақсатында геологиялық барлау жұмыстарын жыл сайын қаржыландыру қажет.

Бағдарламаның соңғы нәтижеге жетуін тежеп тұрған факторлардың бірі пайдалануға берілген ұйымдардыр санының аздығы. Ауданның 9 ауылдық елді мекендеріне су құбырлары қызметтерімен және пайдалануға берумен «Первомайский водоканал» КМҚК коммуналдық кәсіпорын айналысады, 2 су құбыры сенімді шаруа қожалықтарының басшыларының басқаруында, 17 су құбырына ең аз мөлшердегі қажетті пайдалануға беру құралдарымен және мамандармен қамтамсыз етілмеген жеке кәсіпорындар, шаруа қожалықтары қызмет етеді Ауыз сумен жабдықтаудың пайдалануға берілген және құрылысы салынған нысандарын болашақта пайдалануын қамтамасыз етуге байланысты проблемалар бар.

Қазіргі уақытта «Шемонаиха су каналы» КМҚК коммуналдық кәсіпорынын салу жөніндегі ШҚО және Павлодар облыстарының бәсекелестігін қорғау бойынша ҚР Агенттігінің Аймақаралық инспекциясынан келісім алынған. Бұл кәсіпорынның негізгі қызмет түрлері: сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, су тарту болып табылады.

Шемонаиха қаласының және ауданның елді мекендерінің тұрғындары үшін сумен жабдықтау қызметтерінің тарифы 2009 жылда 1 кубы 14 теңгеден 120,0 теңгеге өзгерді.


Күшті жақтары:

1. тұщы жер асты сулары қорының жеткілікті деңгейі;

2. ауыз суға жоғарғы сұраныс;

3. қызмет істеп тұрған сумен жабдықтау жүйелерінің болуы;

4. тасымалдау жолымен ауыз суды пайдаланатын елді мекендердің болмауы.

Әлсіз жақтары:

1. қолда бар тұщы жер асты суларын қорын жеткілікті пайдалана алмау;

2. көптеген сумен жабдықтау нысандарының және желілерінің тозғандығы және оның салдары апаттар, жоғалтулар, ауыз су сапасының төмен деңгейі;

3. негізгі өндірістік қорларын жаңартудан қарағанда олардың ескіру үдерісінің алға шығуы;

4. қолда бар нысандарды қайта құру және жаңа сумен жабдықта жүйелері құрылысын салуда мемлекеттік және жеке меншіктік инвестициялардың жетіспеушілігі;

5. ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су тарту бойынша кәсіпорындардың жеткілікті дамымауы.



Қауіп:

1. саңылауларды пайдалану тәртібінің бұзылуы нәтижесінде жер асты су көздерінің сапасының нашарлауы;

2. Физикалық тозу себептерімен құралдардың жұмысқа жарамай қалуы, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету қаупі;

3. ұзақ мерзім пайдалану нәтижесінен жиналған, сумен жабдықтау нысандарының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы;

4. апаттың өсуі.

Мүмкіндіктер:

1. жаңа тұщы жер асты су қорын игеру;

2. тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

3. сумен жабдықтау жүйесінің техникалық жағдайын жақсарту, суды тазалауға және дайындауға шығындарды өсіру;

4. осы заманғы тиімді технологиялар енгізу мүмкіндігі;

5. материалдық-техникалық базаны жабдықтау жолымен пайдалану қызметін толығымен жетілдіру.




2.2.3.3 Жылумен жабдықтау

Аудан бойынша жалпы жылу желілірінің ұзындығы – 60,8км құрайды, олардың тозғандары 40%-дан 80%-ға дейін.

Негізгі жылу энергиясын жеткізетін «Қазақмыс корпорациясы» мыс-химиялық комбинатының қазандығы. Комбинат теңгерімінде 37,6 жылу жұйелері бар, тозғандары 40%. Комбинат қазандығы Шемонаиха қ. және Усть-Таловка к. орналасқан барлық нысандарға жылу береді. Құралдарды жөндеу мыс-химиялық комбинатының өз қаржысы есебінде жүргізіліді. Жыл сайын бұл мақсаттарға 10,0 млн теңге бөлінеді. Бұдан өзге ауданда 81 бюджеттік шағын қазандықтар бар, сұйық отынмен – 7, электр қуатымен - 56. Жылу беру жүйелерінің және қазандықтарының құралдарының техникалық жағдайы қанағаттанарлықтай. Шемонаиха қаласында орналасқан қазандық «Первомайский су каналы» КМҚК сенімді басқармасына берілген.
Соңғы жылда жылу көздерін және жылу жүйелерін қайта құру бойынша орындалған жұмыстардың көлемі оларды жаңалаудағы қажеттіліктерге сәйкес емес.

Жылу энергиясының тарифы ауданда 2009 жылда 1700 тенге/Гкал-дан 5963,22 теңг/Гкал-ға дейін өзгерген.



Күшті жақтары:

1. Ауданның жылу беру көздерімен жылу энергиясы өндірісінің өсуі;

2. ауданның қазандықтары үшін арзан отын болып табылатын көмңр орындарының болуы;

Әлсіз жақтары:

1. жылумен жабдықтау желілерінің тозуының жоғарғы пайызы



Мүмкіндіктер:

1. салттық емес жылумен жабдықтау көздерінің даму келешегі



Қауіптер:

1. жылу көздерінің қарапайым агрегаттарының, қазандық қуатының негізгі қорлардың жоғарғы дәрежеде тозумен байланысты апаттық жөндеуде шығып кетуі;

2. бәсекеге қабылетті ортаның дамымаушылығы.

2.2.3.4 Су бұру

Канализациялық желілердің жалпы ұзындығы 75,98км, желілердің тозғандар 60-70% құрағандықтан жиі болатын апаттық жағдайларға әкеп соғады. Ауданда бір тазалау құрылысы (Шемонаиха қ. Усть-Таловка к.) 1980 жылы салынған. Қазіргі уақытта Первомайский кентінің тазалау құрылыстарына жобалақ-сметалық құжаты дайындалған.

Су бұрудың қолданыстағы тарифтері технологияны жаңартуға және қызметтер сапасын көтеруге бағытталған кешенді жаңалауды жүргізуге шығындарды есепке алмайды, кірістер және құрылым амортизацияларының тарифы инвестияцияға арналған көздер ретінде маңызды үлесін құрамайды. Сонымен аудан бойынша канализация қызметтеріне тарифтер 2009 жылы ҚҚСС-тың м3-не 10,95 теңгеден 33,44 теңгеге дейін өзгерді.

Тазалау құрылыстарын неғұрлым сапалы пайдалану және қатардан шықғуға жол бермеу мәселесін шешу мақсатында канализация желілерін қайта құру қажет.



Күшті жақтары:

1. Аудан тұрғындарын су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету 01.01.2010 жылға 56% құрайды.



Әлсіз жақтары:

1. канализациялық желілердің 60-70% қанағаттанарлықтай емес жағдайда және ауыстыруды талап етеді.

2. ауданның елді мекендерінің тұрғындарын су бұрғылау қызметтерімен қамтудың аздығы

Мүмкіндіктер:

1. Су бұрғылау, канализациялық желілер, тазалау құрылыстары және канализация жүйесінің нысандарының құрылысын салу және қайта құру, бойынша инвестициялық жобалардың жүзеге асуы тұрғындарды су бұрғылау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін өсіруге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет