2.2..2.5 Тұрғындарды әлеуметтік қорғау
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласы жағдайын талдау соңғы 3 жылда дамудың оң динамикасын көрсетеді: әлеуметтік саланы дамытуға бөлінген бюджеттік қаржының үнемі өсуі, аз қамтылғандар санының 2% төмендеуі, жыл сайын жұмыссыздар арасынынан жұмыспен қамтылғандардың көбейуі, жұмыссыздыққа тіркелгендер санының 0,2 пайыздық тармаққа төмендеуі.
Экономикалық белсенді тұрғындар саны 2009 жылы 28101 адамды құрады. 2007 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылған тұрғындар есебінен 508 адамға және жалпы жұмыссыздар санының азаюуы есебінен 27 адамға, барлығы 535 адамға қысқарды. Жұмыссыздар деңгейі бұрынғыдай деңгейде және 5,3% құрады.
Соңғы жылдары еңбек нарығындағы жағдай толығымен белгілі жұмыс берушілердің белгілі бір кәсіп және мамандық иелеріне деген сұранысы жұмыс күшін ұсынудан 2-3 есе төмен кейіпте болды. Ауылдық жерлерде бір бос орынға 30 немесе одан да көп талап етушілер болды. Ауылда сұраныс және жұмыс күшін ұсыну балансының үйлесімсіздігінің негізгі себебі бос орындар құрылымына жұмыссыздар кәсібінің сәйкессіздігі, сондай-ақ бос жұмыс орын бар жердің жұмыссыздың тұратын жеріне сәйкес келмеуі, яғни тұрғын-үй нарығы жұмыс күшіне аймақтық жұмылдыруды нашар қолдайды.
Жұмыспен қамту органдарына жұмыспен қамту үшін келгендер 2007 жылы 70,1%, 2009 жылы - 117,2% құрады.
Мақсатталған топқа жатқызылған жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмаған азаматтарды, оның қатарында репатрианттарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету бойынша жұмыстардың негізгі бағыттары мыналар: ұсынылған қызметтердің еңбек және кешен нарығындағы жағдай туралы ақпаратпен қамтамсыз ету, кәсіби оқыту, жұмыссыздарды қайта оқыту немесе біліктілігін көтеру, қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру бойынша уақытша жұмысқа орналастыру.
2009 жылы а төленген жұмыс орындарына 454 адам қатысты, яғни 2008 жылдан 1,8% жоғары.
2009 жылы жастар тәжірибесінен 44 адам өтті (заңгерлер, қаржыгерлер, тәрбиешілер). Жастар тәжірибесін өту мерзімі аяқталмай тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына байланысты жоспар 4 есе орындалды (2008 жылы -11 адам).
Кәсіпорындар мен ұйым жұмыскерлерін әлеуметтік қорғау мақсатында ұжымдық шарттарға қол қою жұмыстары жүргізілуде. 2009 жылы ұжымдық қол қоюлармен қамту 62,9% құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 40,6% жоғарылаған. Бұл ұжымдық қол қоюларды жаңа мерзімге қайта жасау жолымен жетті, және ұжымдық қол қою шарттарын жасамаған кәсіпорындармен жұмыс жүргізу.
2009 жылы толығымен барлық бюджеттік әлеуметтік бағдарламалардың орындалуына республикалық бюджеттен трансферттерді есепке ала отырып 151,6 млн теңге бөлінді, яғни 2007 жылға қарағанда 2,3 есе көп.
Экономиканың барлық салаларын және әлеуметтік саланы дамытумен шаралар кешенін жүзеге асыру нәтижесінде шемонаихалықтардың өмір сүру деңгейі біршама өсті. 2007 жэылме салыстырғанда аз қамтылған азаматтар саны 22% төмендеп 2009 жыл соңында 1020 адамды құрады.
24 сурет
2007-2009 жылдардағы
аз қамтылған азаматтар санының өзгеру динамикасы
Ең төменгі күнкөріс кірістері тұрғындардың 2009 жылы 2,1 құрады (2007 жылы – 2,2). 2007 жылдан 2009 жылға дейін кезеңде ең төменгі күнкөріс деңгейі 8833 теңгеден 11912 теңгеге өсті.
2007 эжылмен салыстырғанда 2009 жылы мемлекеттік әлеуметтік көмек төлемдері 1,3% өсіп, алушылар саны 852 адамды құрады.
2009 жылы балалары бар жанұялардың алатын жәрдемақысын 241 жанұя алды, балалар саны 425 бала, яғни 2007 жылдан 8% төмен.
2009 жылы тұрғын-үй көмегін 975 жанұя алды, коммуналдық қызметтерге төлеу тарифтер құнының өсуіне байланысты 2007 жылдан 6% көп. 2009 жылы көмек көлемімі бір жанұяға орташа 901 теңгені құрады (2007 жылы – 368 теңге).
ҰОС-на қатысқандар мен мүгедектер және оларға тең тұлғалардың коммуналдық қызметтерінің төлемдеріне 5 және 2 мың теңге мөлшерінде бөліп-бөліп өтемақы төлеу жүргізілуде.
ҰОС-на қатысқандар мен мүгедектер және оларға тең тұлғаларға, көп балалы, аз қамтылған аналарға, мүгедек баларға үнемі материалдық көмек көрсетілуде.
Ауданда мынадай жұмыстар жүргізіледі:
- жалғыз басты қартайған азаматтар мен мүгедектерге үйге әлеуметтік көмек көрсету бөлімі, олар 249 адамға қызмет етеді, оның ішінде - 6 мүгедек адамдар.
- үйге әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімі мүмкіндіктері шектелген 65 балаға қызмет етеді
Барлығы әлеуметтік көмек көрсету бөлімін ұстауға жылда 20,0 млн теңге қаржы бөлінеді.
SWOT – талдау
Күшті жақтары:
1. тұрғындардың ең төменгі күн көріс кірістерімен үлесінің 1,76% төмендеуі, яғни облыстық деңгейден 0,18% төмен;
2. МАӘК орташа мөлшері орташа облыстық шамадан орташа 228 теңгеге аздығы;
Әлсіз жақтары:
1. тұрғын-үй көмегінің орташа мөлшері облыстық шамадан орташа 302 теңгеге артта қалуда.
Қауіп:
1 ММжӘК алушылардың асырауда болу бағдары және белсенділігінің жеткіліксіздігі.
Мүмкіндіктер:
1. Жұмыспен қамтудың тұрақты жұмысқа және уақытша жұмысқа орналастыру, кәсіби дайындыққа және қайта дайындауға бағыттау, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу сияқты белсенді формаларын пайдалану, сондай-ақ «пула» кедейшіліктен осы тұрғындар бөлігін шығару бойынша аймақтық бағдарламалар дайындау;
2. Тұрғындардың нақты кірістерінің өсуі,
3. Әлеуметтік қызмет секторында ҮЕБ қызметін белсендіру.
Жұмыспен қамтудың бірлескен мемлекеттік саясатын жүргізу үшін ауданда негізгі мақсаты жұмыспен қамтуға көмек көрсету және жұмыс іздеу кезеңінде жұмыссыз тұрғындарды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету болып табылатын 2008-2010 жылдарға арналған Шемонаиха ауданы тұрғындарын жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру аяқталуда.
2009 жылы жұмыспен қамту мәселесі бюойынша уәкілетті органға 915 адам жүгінді 2007 жылы 341 адам, 2009 жылы жұмысқа орналасқандар - 1072 адам, 2007 жылы – 239 адам.
25 кесте
2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны 265 адамды құрады, 2007 жылдан 19,7% төмен. Тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігіндегі тіркелген жұмыссыздар үлесі 2007 жылмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармақа төмендеп, 2009 жылы 0,9% құрады.
26 сурет
Тіркелген жұмыссыздар санының өзгеру динамикасы
SWOT – талдау
Күшті жақтары:
1. 2007 жылдан 2009 жылға дейін жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 0,5 мың адамға төмендеді, 27,3 мың адамнан 26,7 мың адамға дейін.
2. Экономикалық белсенді тұрғындар санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 0,9% құрады.
3. әлеуметтік серіктестік дамуда, 2009-2011 жылдарға арналған әкіммдік, облыстық кәсіподақ бірлестігімен және Шығыс Қазақстан облысының облыстық жұмыс берушілер бірлестігі арасындағы үш жақты Келісім қызметін істеуде, мемлекеттік кәсіпорындарды қамтумен ұжымдық шарттарға қол қоған кәсіпорындар саны көбейуде: ірі – 100%, орташа - 100%, шағын – 14,5%;
4. аз қамтылған жұмыссыздарды кедейшілік құрсауынан шығару бойынша ұшқыр жобаларды іске асыру басталды.
5. жұмыссыздар деңгейі бұрынғы деңгейде қалды және 5,3% құрады;
Әлсіз жақтары:
1.дәрігерлер, мұғалімдерге көбірек сұраныс жасайтын еңбек нарығында жұмыс күшін ұсыну және сұраныс балансының үйлесімсіздгі;
2. кадрға экономиканың қажеттілікті анықтау механизімінің жоқтығы қазіргі уақытта болжау уақыты дегеніміз - кәсіпорындардағы карға сұраныс туралы ақпарат жинау және талдап қорыту дегенге әкеп соғады.
3. жұмыспен қамту саласындағы мәселені шешуде жүйелі және кешенді амал жасауды қамтамсыз етпейтін қысқа мерзімді сипаттағы жұмыс істейтін бағдарламалар.
Қауіп:
1. Мемлекеттік сектордағы бос жұмыс орындар санын қысқарту салдарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту бойынша мүмкіндіктердің шектелуі.
Мүмкіндіктер:
1. Жұмыс берушілер ұсынған талаптарға сәйкес жұмыссыз тұрғындарды кәсіби дайындау және қайта дайындау бағдарламаларын жүзеге асыру;
2. тұрғындардыы жұмыспен қамтуға көмектесудегі мемлекеттік белсенді бағдарламалар спекторын кеңейту;
3. ауыл тұрғындарының тұрғындары үшін басымдылықпен жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамашылдығын дамытуға көмектесу.
2.2.2.6 Тіл дамыту
Тіл саясаты саласында ауданның дамуы ұлттық ұқсастықты құруға, мемлекеттік тіл саясатына тиімді ақпаратты ілестіру, қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметкерлерді және басқа санаттағы азаматтарды оқыту мақсатында ауданда 135 тыңдарманға мемлекеттік тілді үйрететін мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы қызмет істейді. Ауылдық округ әкімдерінің аппаратында қазақ тілін оқыту бойынша 9 үйірмелер жұмыс істейді. Оларда 52 мемлекеттік қызметкерлер оқиды. Ауданның мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік тілді оқыту бойынша 831 тыңдарманды қамтитын 38 үйірме жұмыс істейді.
Сондай-ақ, аудан бойынша мемлекеттік тілді оқытуды 125 тыңдарманды қамтумен 3 мемлекеттік емес ұйымдар жұмыс істейді.
Қазіргі күнде аудан бойынша толығымен мектептердегі қазақ тілін үйрету бойынша үйірмелерді және орташа білім беру мекемелерін қосқанда мемлекеттік тілді оқыту үдерісіне 1143 тыңдарман тартылған.
Ауданның жалпы білім беру мектептерінде қазақ оқушыларының 33,4% ана тілдерінде білім алуда. Орыс тілінде білім беретін 7 мектеп жасына дейінгі мекемелерде және аралас білім беретін 1 мектеп ижасына дейінгі мекемеде 1360 бала тәрбиеленуде, олардың 10% қазақ тілінде тәрбиеленуде.
Оқыту сапасын жақсарту үшін мемлекеттік және де басқа тілдерді оқыту бойынша орталықтарға арналған оқыту бағдарламаларымен оқыту-әдістемелік құралдар сатылып алынды. Сондай-ақ жұмыста тілдерді дамыту бойынша облыстық басқарманың әдістемелік құралдары да пайдаланылады.
Қазақстанның халықтар Ассамблеясының ХV сесиясының шешімне сәйкес ауданның ауылдық елді мекендерінде жалпы білім беру мектептерінің базасында 416 тыңдарманды қамтитын 11 үйірме ұйымдастырылған.
Мемлекеттік тіл саясаты бойынша ақпарат орталығы ролін орындайтын аудан әкімінің сайты қызмет етеді.
2007-2008 жылдары ауданда орыс тілінде 2 аудандық газет басылса, 2009 жылы ауданда қазақ тілінде басылатын «Шемонаиха шұғыласы» мемлекеттік тіркеуден өтті.
БАҚ мемлекеттік тіл саясатына қатысты жарияланған материалдар саны: 2007 жылы – 47, 2008 жылы – 49, 2009 жылы – 57, 2010 жылы – 59.
Ауданның мемлекеттік органдарында және мекемелерінде іс қағаздары қазақ тілінде жүргізіледі. Егер 2007 жылы жалпы құжат айналымында қазақ тіліндегі құжаттардың үлесі 48% болса, 2010 жылы 79% құрады.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін меңгерудің орташа деңгейі 2007 жылмен (44%) салыстырғанда өсті және оқыту орталықтарының деректері бойынша 58 % құрады.
Дегенмен осы жеткен нәтижеге қарамай қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тіл әлеуетін іске асыру деңгейі әлі жеткіліксіз екнін атап өткен жөн. Қызметкөрсету саласының қызметкерлері арасында қызметтік міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгерген мамандар жеткіліксіз. Мектептерде, мектеп жасына дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді оқытуға сұраныс бар. Мемлекеттік және де басқа да тілдерді оқыту орталығының өз ғимараты жоқ, қазіргі уақытта орталық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегі бөлінген мемлекеттік тілді үиренуге тілек білдірген тұрғындар сұранысын қанағаттандыра алмайтын екі бөлмеде орналасқан. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша орталықты кеңейтудің өткір қажеттілігі бар.
Ауданда аймақтың қоғамдық өмірінің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы үдерісін ары қарай тереңдету және кеңейту үшін алғышарттар құрылған. Бұл мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және толығымен қоғамның үйлесімді мақсатқа бағытталған күш салуының нәтижесі болып отыр. Тіл құрылысының оңтайлы үдерісі толық этнолингвистикалық және мәдени қажеттіліктермен қамтамасыз ете отырып қоғамдағы азаматтық келісімді нығайтуға және оның болашақта шоғырлануында да аудан өміріндегі неғұрлым әлеуметтік маңызды көрінісі болып табылады.
Оңтайлы функционалдық-лингвистикалық бос орын құру бойынша мемлекеттік органдардың қызметі беталыс жанынан келісілді.
Біріншіден аймақты дамытудың жаңа кезеңінде тілдерді дамыту саласындағы жаңа бағыттарға дағдылану мәселелері ерекше назарды талап етеді. Бірінші кезекте болашақта тұрақты дамуы үшін стратегиялық тапсырмалар алдында тұрған бірлескен түсінік негізінде аудан тұрғындарының шоғырлануы қажет.
Екіншіден қоғамдық өмірдің барлық салаларының бәсекеге қабылеттілігінің артуының салдарынан әлемдік саяси-экономикалық жүйесіндегі Қазақстан орнының өзгеруіне әкеп соғады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық өмірдің барлық салаларында ресми түрде орыс тілінің пайдалануы мемлекеттік тілмен тең емес.Орыс тілінің жалпы мәдениеттілік міндеттері сақталуда және дамуда.
Ағылшын тілін үйрету үшін жағдайлар жасалуда. Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында оқушылар саны 25 ағылшын тілін үйрету бойынша 2 бастауыш және 1 жалғастырушы топтар қызмет етуде. Ауданның жалпы білім беру мектептерінің оқушыларын ағылшын тілін оқыту міндетті.
Ауданның жалпы білім беру мектептерінде ана тілін және басқа тілдерді оқыту үшін мектептерде жексенбілік үйірмелер құрылған. Мысалға алсақ Гагарина атындағы орта мектеп базасында «Возрождения» неміс мәдени орталығы 10 жылдан астам уақыт бойы тілек білдірушілерге өз тілін оқуда. Қазіргі кезеңде екі топта 30 адам тілді оқуда.
Ауданда тіл саясатын іске асыруға қаржыландыру көлемі: 2007 жылы – 553 адам, 2008 жылы – 1 540 адам, 2009 жылы – 3913 адам. 2010 жылы аудан бюджетінен 4428 мың теңге бөлінді.
Күшті жақтары:
- тұрғындарды мемлекеттік тілге және басқа тілдерге оқыту құрылымын кеңейту;
- мемлекеттік тілді оқытуға әдістемелік қамтамсыз ету жүйесінің пайда болуы;
- мемлекеттік тілді үйрету үдерісіне жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі;
- іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді енгізу үдерісі белсенді жүзеге асуда;
- тілдік әртүрліліктің сақталуымен мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңуде;
- аймақта басқа ұлттар тілін үйретуді мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды.
Әлсіз жақтары:
- мемлекеттік тілді оқытудың біркелкі стандартының жоқтығы;
- тіл саласының нормативтік-құқылық қамтамсыз етудің жеткіліксіздігі;
Қауіп:
- мемлекеттік тілді пайдалану саласында құқықтық кемістіктің болуы;
- тұрғындардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі
Мүмкіндіктер:
- мемлекеттік тіл орнының Қазақстан халқының ұлттық рухани бірлігінің негізгі факторлары ретінде өсуі;
- тілдік әртүрлілікті сақтай отырып мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енуі;
- қазақстандықтардың лингвистикалық капиталының дамуы.
2.2.2.7 Ішкі саясат
Ішкі саясаттың негізгі басымдылықтары мыналар: мемлекеттікті нығайту, демократия және азаматтық қоғамдық институттарды қолдау, қоғамдық тұрақтылықпен қамтамасыз ету, этникааралық және конфессиялыаралық келісім, тұрғындар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, ақпарат кеңістігінің бәсекеге қабылеттігін арттыру, тұрғындардың әлеуметті болашаққа сене қарауын қалыптастыру.
Шаралар кешені арқылы қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, мемлекеттік органдарға тұрғындардың сенімін арттыру, демократиялық үдерістерді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Есеп беру кезеңінде Шемонаиха ауданында тұрақты қоғамдық-саяси жағдай сақталды.
Билікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғамдық институттардың бірігіп қызмет етуін нығайту бойынша құрылымдық жұмыстар жүргізілді.
Саяси партиялардың екі филиалы қызметтерін жалғастыруда: «Нұр Отан» ҰДП, Қазақстанның коммунистік партиясы. 2010 жылы «Қазақстан 2030» Стратегиясының негізгі артықшылықтарын жүзеге асыру барысын ағарту бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, «Жаңа онжылдық- Жаңа экономикалық көтерілу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Президенттің Қазақстан халқына Жолдау, басқа да бағдарламалық құжаттардың жұмыстары жүргізілді.
Жыл ағымында ақпараттық-насихаттау топтарының жүйелі жұмысы ұйымдастырылды. Ауданда ттүсіндірме жұмыстарын жалпы саны 200 адам 38 насихаттау топтары жүргізді.
Насихаттау топтарының мүшелерімен 1000-нан астам кезесулер жүргізілді.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемі 2006-200жж. 5 млн. 960 мың теңгені құрады, оның ішінде 2006ж- 1 млн 76 мың теңге, 2007ж – 1 млн 642 млн теңге, 2008ж – 3 млн 240 мың теңгені құрады.
2009 жылы көлем 4 млн 268 мың теңгеге, 2010ж – 5 млн 930 мың теңгеге жетті. Қаржы мынадай көлемде жоспарланды: 2011ж – 4 млн 613 мың теңге (4 мың шаршы см. бойынша көлеммен мемлекеттік тілдегі газетті аптасына екі рет шығуын қамтамсыз ету үшін қосымша сұраныс), 2012ж - 13 млн 13 мың теңге, 2013ж – 13 млн 924 мың теңге, 2014-2015жж. мөлшермен 15 млн теңгеден.
Ауданның БАҚ-де мемлекеттік тапсырыстарды тарату арқылы медиа-жаспарлаурды дайындай және іске асыра отырып көрсетілетін ақпараттық қызметтерді қаржыландырудың біртіндеп өсуі медиа-нарықтағы мемлекеттің мүддесін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ауданда ішкі саясат бағдарламасымен құрылған «күн тәртібінде» есебімен Жолдаудың, мемлекеттік бағдарламалардың, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы туралы беттерімен бес баспалық бұқаралық ақпарат құралдары шығарлады («Жеке меншіктер – «Шемонаиха шұғыласы», «ЛЗ Сегодня», «Уба информ», «Қазақстан Республикасының жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңы және әлеуметтік жобалар аясында «Жастар форматы» шығады).
Сонымен бірге аудандық газеттердің негізгі проблемалары мыналар: нашар техникалық жабдықтау және әр түрлі профильдегі мамандарды кадрлық таңдау, оның ішінде мемлекеттік тілдегі «Шемонаиха шұғыласы» газеті редакциясының штаттық саны бойынша. 2010 жылға мемлекеттік тапсырыс көлемі және құрылтайшылардың қолда бар қаражаты газетті аптасына екі рет шығаруға өту мүмкіндігін бермеді.
Демоккратиялық қоғамның даму көрсеткіштерінің бірі жастардың шешімді талқылауға және қабылдауға қатысуы болып табылады. Жекелей оң үлгілерге қарамастан осы мәселеде (жастар ісі бойынша аудандық кеңес жұмысы, жас белсенділірдің жазғы мектептері, форумдары, жиналуы) жастарды тарту механизмі әлі толығымен дамымаған.
Ауданда үш жастар ұйымы тіркелген және қызметістеуде: «Аудандық жастар және балалар ұйымдарының Шемонаихалық қауымдастығы» АҚ (АЖжБҰШҚ), «Эколгиялық азаматтық бастама» ЖАҚ (ЭкоАзБас), «Жастар форматы» ЖАҚ, «Нұр Отан – Жас Отан» ҰДП жастар қанаты. 2009-2010жж. жастар арасындағы белсенді жұмыстар орталығы соңғы үш ұйым болды.
2006-2008жж. жастар саясаты саласындағы аймақтық бағдарламалардың жүзеге асуына қаржыландыру көлемі 5 млн 164 мың теңгені, 2007ж – 1 млн 702 мың теңгені, 2008ж – 1 млн 838 мың теңгені құрады. 2009 жылы 1 млн 994 мың теңге, 2010 жылы жоспарланғаны – 1 млн 998 мың теңге. Әлеуметтік жобаларды орындау бойынша әлеуметтік тапсырыс аясында: 2007жылы 1450,0 мың теңге, 2008 жылы – 1300,0 мың теңге, 2009 жылы - 1546,0 мың теңге, 2010 жылы – 1546,0 мың теңге бөлінді.
Мемлекеттің азаматтық қоғамдық институтымен құрама ынтымақтастығы мемлекеттік саясаттың негізгі артықшылықтары болып табылады және еліміздің саси жүйесін жаңалау мәнінің өзегі болады. Қоғамдық үдерістерге тұрғындарды кеңінен тарту, қоғамның және мемлекеттің диалогын дамыту осы әрекет арқылы қамтамасыз етіледі.
Бұл диалог ауданда кеңес-жиналыс органдары (Ақпараттық саясат бойынша үйлестірушілік кеңесі, Діндер бірлестігімен байланыс бойынша кеңес, Қоғамдық кеңес және т.б.) және («Дүниетаным - Мировозрение» үнемі қызмет ететін қоғамдық-саяси клуб, Аудандық достастық үйіндегі кеңес және т.б.)арқылы жүзеге асады.
Азаматтық қоғамды дамытуға этномәдени бірлестігі салмақты салым кіргізеді. Достастық үйінде 8 этномәдени бірлестік қызмет етеді, «Қазақ тілі» қоғамы, Ю.Гагарин, Карбышева атындағы № ОМ ММ мектептік Ассамблеясы, 630 адамды қамтитын 14 жексебілік мекетептері. Барлық этникалық топтарды шоғырландыру мақсатында шаралар бірге өткізіледі.
«азаматтық қоғам - билік» қарым-қатынысында «кері байланыс» механизмі жеткілікті істеліп бітпеген, бірақ та маңызды шешім қабылдауда, әлеуметтік-маңызды проблемаларды талқылауда әсіресе аудан округтерінің деңгейінде шектеулі қоғамдық қатысу сақталған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуде азаматтық қоғам әлеуеті әлсіз пайдалануда. Аудан құрылымының ішінен тек ішкі саясат бөлімі ғана азаматтық сектормен белсенді жұмыс істейді. Азаматтық сектормен ынтымақтастық жүйесін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, білім беру, «Шемонаиха ауданының медициналық бірлестігі» ҚМКК бөлімдерімен талқыланады. Мемлекеттік органдар қызметін экспортты бағалау және шешім қабылдауға азаматтық қоғамды тарту және ынтымақтастығын кеңейту бюджеттік бағдарламалардың сапасын, бағынуы мен тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді.
Қаржыландырудың жалпы көлемінде ауданның НПО арқылы әлеуметтік-маңызды проблемаларды шешу бойынша әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру қарастырылған, және 2007 жылы 200,0 мың теңгені құрады, 2008 жылы – 362,, мың теңге, 2009 жылы – 390 мың теңге, 2010 жылы – 390,0 мың теңге.
Ішкі саясаттың өзекті мәселесі конфессияаралық қарым-қатынасты реттеу арқылы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтау болып табылады.
Қазіргі күнде ауданда әділет органдарында тіркелген 14 діндер бірлестігі, жергілікті билікті атқарушы органдарда бақылауда тұрған 4 шағын діндер бірлестігі қызмет етеді.
Медиа-жоспарлар аясында ауданның бұқаралық ақпараттық құралдарында деструктивтік бағыттылықты діндік ағымдардың және әр түрлі секталардың адамның миына және психикасына қауіпті әсерлері туралы материалдар жариялануда. Ұлттық конфессиялардың көшбасшыларының қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда.
«Свидетели Иеговы», «Новая жизнь» сияқты дін ағымдары үшін ұлттық емес ұйымдар әсерлерінің күшейгені байқалады.
Қоғамдық-саяси жағдайдың, саси партиялар және басқа да азаматтық қоғамдық институттардың қызметінің, оның ішінде діндер бірлестігінің жүйелі мониторингі; олармен құрылымдық диалогты және бірігіп әрекет жасауды нығайту қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтап қалады. Экономикалық дағдарыс салдарын жеңіп шығуды тудырған қиын жағдайға қарамастан 2010 жылдың өткен кезеңінде 1 наразылықтың бекітілмеген акциясы, 2008 жылы олар 2 болған.
Дегенмен Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы көптеген діндік ұйымдарды, және әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайларына діндік ағымдардың деструктивті әсерін күшейту бойынша сапашылардың болжамдарын есепке ала отырып осы жұмысты белсендіру қажет.
Қоғамдық пікірді үйрету бойынша сұрақ-жауап жүргізіліп жатқан қағамдық-саяси жағдайдың мониторингісі жүргізілуде. Ішкі саясат саласындағы аналитикалық және зерттеу қызметі «ЭкоГрин» ЖАҚ, «Жастар Форматы» ЖАҚ, «Әлем» УКЦ талдау және болжау Институттарымен бірігіп жүзеге асады.
Ауданда республикалық саяси партиялардың екі филиалы қызмет етеді: «НұрОтан» ҰДП Шемонаиха аудандық филиалы (мүшелері 1634, әрбір 53 бірінші партиялық ұйымдарда «Жас Отан» ЖК өкілдері бар – 379 адам) және Қазақстанның Коммунистік Партиясы (48 мүшелер). Қоғамдық-саси өмірде белсенді жайғасымды «НұрОтан» ҰДП Шемонаиха аудандық филиалы алуда. Аудандағы таныс кәсіпорындардың барлығы «НұрОтан» ҰДП қамқорлығында және ішкі саяси тұрақтылықтың шоғырланған күшін нығайтуға және достықты күшейтуге бағытталған. Үстіміздегі жылда ғана «НұрОтан» ҰДП Шемонаиха аудандық филиалы басшылығымен 30-дан аса шаралар жүргізілді.
Аудандық ішкі саясат бөлімі қызметін жүргізу үшін бөлінген қаржы көлемі: 2006 жылы – 5 млн 6 мың теңге, 2007 жылы – 7 млн 791 мың теңге, 2008 жылы – 7 млн 594 мың теңге, 2009 жылы – 8 млн 478 мың теңге. 2010 жылға - 8 млн 644 мың теңге, қаржыландырудың нақтыланған жоспары 9 млн 354 мың теңге.
Келесі кезеңге ауданның ішкі саясат бөлімінің қызметін жүргізуге қосымша сұраныстарды қоспағанда мынадай көлемде жоспарланды: 2012 жылға – 10 млн 540 мың теңге, 2012 жылға 11 млн 280 мың теңге, 2014-2015 жылдарға 13 млн теңгеден.
Достарыңызбен бөлісу: |