Бағдарламасы Шолаққорған 2014 жыл Созақ аудандық мәслихатының


Электр қуатын, газды және буды өндіру және үлестіру



бет2/10
Дата22.02.2016
өлшемі2.15 Mb.
#1353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Электр қуатын, газды және буды өндіру және үлестіру
Созақ ауданы бойынша электр энергиясын өндіруші кәсіпорындар жоқ. 2015 жылы қуаты 50МВТ болатын күн сәулесінен қуат алатын электр станциясын салу жоспарлануда. Аудан халқы мен аудандағы барлық мекеме, кәсіпорындарды электр энергиясымен жабдықтаушы “Оңтүстік-жарық” АҚ Созақ аудандық филиалы жұмыс жүргізуде.

Инвестициялар:
Қаржыландыру көздері бойынша



Көрсеткіштер атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл (11-ай)

2015 жыл (болжам)

Млн.

теңге


Үлес салмағы %

Млн. теңге

Үлес салмағы, %

Млн. теңге

Үлес салмағы, %

Млн. теңге

Үлес салмағы, %

Млн. теңге

Үлес салмағы, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Негізгі капиталға инвестициялар

35 148,2

12,9

31 670,2

10

48 904,2

11,7

30 738,8

8,2

54 960

11

Республикалық бюджет

588

1,7

1 455,3

4,6

201,6

0,5

455,5

1,5

880

1,6

жергілікті бюджет



753

2,2

1 654,7

5,2

1 047,8

2,1

1 217,4

4

2638

4,8

Жеке қаражаты



19 196

54,6

15 233,3

48,1

28 446,9

58,1

27 410,3

89,1

49 519

90,1

шетелдік қаражаттар



11 685,1

33,2

10 147,5

32,1

19 070

39

0

0

0

0

қарыз қаражат



2 926,1

8,3

3 179,4

10

137,9

0,3

1 655,6

5,4

1923

3,5
Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың нақты көлем индексі 2011 жылы 70,4 пайызды құраса, 2014 жылдың 11 айында 75 пайызды құрап, жыл соңына дейін 88 пайызға жеткізу жоспарлануда. Халықтың жан басына шаққанда негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 2011 жылы 639 741,0 теңгені құраса, 2014 жылдың 11 айында 368 125,8 теңгені құрап, жыл соңына дейін 401 591,7 теңгеге жетеді деп көзделуде.

Жалпы аудан бойынша өнеркәсіп саласына 2010 жылы 36 468,3 млн. теңге негізгі капиталға инвестициялар тартылған. Оның ішінде 2 355,6 млн. теңгесі жергілікті және республикалық бюджеттен, 13 151,6 млн. теңгесі кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржысы есебінен және 17 209,9 млн. теңгесі шетел инвестициясының үлесінде.

2011 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар 35 148.3 млн. теңге болса, оның ішінде 1 340.4 млн. теңгесі жергілікті және республикалық бюджеттен, 19 196 млн. теңгесі кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржысы есебінен және 11 685.2 млн. теңгесі шетел инвестициясының үлесінде, қарыз қаражаты 2 926,7 млн. теңге.

2012 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 31 670,2 млн. теңгені құраған. Оның ішінде, 3 110 млн. теңгесі жергілікті және республикалық бюджеттен, 15 233,3 млн. теңгесі кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржысы есебінен және 10 147,5 млн. теңгесі шетел инвестициясы, қарыз қаражаты 3 179,4 млн. теңгені құрады.

Негізгі капиталға 2013 жылы тартылған инвестициялар көлемі 48 904,2 млн. теңге. Оның ішінде, 1 249,4 млн. теңгесі жергілікті және республикалық бюджет есебінен, 28 446,9 млн. теңгесі кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржысы есебінен және 19 070 млн. теңгесі шетел инвестициясының үлесінде, қарыз қаражаты 137,9 млн. теңге.

2014 жылы 11 айында 30 738,8 млн. теңге негізгі капиталға инвестициялар тартылған. Оның ішінде, 27 410,3 млн. теңгесі кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржысы есебінен, 1 672,9 млн. теңгесі жергілікті және республикалық бюджет және қарыз қаражаты 1655,6 млн. теңге. Жыл соңына дейін 33 382,6 млн. теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Инновациялық өнімдер өндірісі бойынша ауданда Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына Созақ ауданы, Сызған елді мекені маңында орналасқан Бессаз кен орнынан тальк өндіру мақсатында «Қасей» ЖШС енгізілген болатын. Дайындалған бизнес жоспарға сәйкес, жобаның жалпы құны 107 млн. АҚШ доллары, қуаттылығы жылына 180 мың тонна концентрат және 125 мың тонна тальк өндіру көзделген. Жоба іске қосылар болса 402 адам жұмыспен қамтылып, аудан бюджетіне қосымша салықтар түседі деп жоспарлануда. Алайда, қазіргі таңда аталған кәсіпорынды іске қосу үшін қажетті инвесторлар табылмауына байланысты жобаның іске асырылуы 2016 жылға ауыстыру қажеттілігі туындап отыр.

Аудан өнеркәсібі тек қана уран өндіру зауыттарына тәуелді болып қалмауы мақсатында бірнеше жобалар іске асырылмақ. Атап айтқанда, 2012 жылы Индустрияландыру картасына енгізу үшін Өңірлік Үйлестіру кеңесіне ауданнан 4 жоба ұсынылып, жалпы көлемі 465 млн. теңге болатын 2 жоба Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасына енді. Соның бірі «UKO-S Star» ЖШС-ның «Уран өндіруші кәсіпорындарға арнап металл бөшкелер шығару зауыты» 2013 жылдың желтоқсан айында іске қосылды. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 50 000 дана металл бөшке шығарады. Жобаның жалпы құны 315 млн. теңге.

Сонымен қатар, 2014 жылы «Дархан-Ас» ӨК-нің «Иодталған ас тұзын шығаратын зауыты» жобасын іске қосу жоспарланған болатын, бірақ инвесторлардың қызығушылық танытпауына байланысты жобаны іске қосу уақыты 2016 жылға ұзартылды.

2014 жылы Өңірлік Үйлестіру кеңесіне 3 жоба ұсынылып, жалпы құны 201 млн. теңгені құрайтын 2 жоба енгізілді. Атап айтқанда,

- «Благолизинг НПЗ» ЖШС-ның «Өндіріс орындарына қажетті құрал жабдықтар шығару зауыты» жобасы (Өндірістік қуаттылығы жылына 700 млн. теңге, құны 118 млн. теңге).

- «Тағай ата» ЖШС-нің «Иодталған ас тұзын және техникалық тұз шығаратын зауыты» жобасы (Өндірістік қуаттылығы жылына 5 000 тн. ас тұзы, құны 83 млн. теңге).

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2011 жылы Қазақстан Республикасының Индустриалды картасына енген «Үшгер»ТХК» АҚ-ның минералды тыңайтқыштар өндіру жобасы қаржыға байланысты іске асыру 2016 жылға қалдырылды. Жобаның құны 157 млрд. теңге.

Жаңа өндіріс ашуға ынта білдірген кәсіпкерлерге несие алуға арнайы кеңестер беріліп, құқықтық және кәсіби көмектер көрсетілуде, тиісті шаралар ұйымдастырылып, жобалар жасауға көмек көрсетілуде.

2014 жылдың 11 айында аудан бойынша несиелік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар және банктер арқылы барлығы 2 516 078 мың теңге несие қаржы берілген. Оның ішінде: Халық банкісінен - 2 099 636 мың теңге, «Созақ несие» ЖШС арқылы – 33 000 мың теңге, «Максимум» АИО орталығынан 46 900 мың теңге несие таратылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 174 900 мың теңге несие берілсе, «Альянс» банкінен 161 642 мың теңге несие берілген.
Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнестің дамуына өңірде қолайлы жағдайлар жасалған. Қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің арасында өсіп отырған іскерлік бәсекелестік ортаны қалыптастыруға, халықты жұмыспен және отандық тауарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ауданда ШОК субъектілерінің жалпы санынан 47,3 % - шаруа (фермерлік) қожалықтары, 50,4 % - жеке кәсіпкерлер, 2,3 % - заңды құқықтары бар мекемелер құрайды.

2010 жылы ауданда белсенді іс әрекеттегі кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1000 адамға шаққанда 26,7 бірлікті құраған.

2013 жылы кәсіпкерлік субъектілердің саны 1000 адамға шаққанда 34,8 бірлікті құрады.

Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлер 2014 жылдың 1 қаңтары бойынша келесі көрсеткіштермен сипатталады:

- ШОБ белсенді субъектілер саны 2028 бірлікті құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 109 %-ға өскен.

Белсенді шағын және орта бизнестің құрылымының басым бөлігі жеке кәсіпкерлерден тұрады (1451 бірлік), шаруа қожалықтары (549 бірлік) және заңды тұлғалар (53 бірлік.).

Ауданда ШОБ-тің дамуына «Максимум» Аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС-нің ашылуы қомақты ықпал жасады. Кәсіпкерліктің мәселелерін шешу; шағын және орта кәсіпкерлік инфраструктурасын дамыту; шағын және орта бизнестің өндіріс белсенділігін өсіру; жаңа жұмыс орындарын ашу; жаңа мекемелер құру; экономикалық белсенді халықтың қаражат ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету; өндірісті жоғарылату мәселелері осы аталған мекеменің міндеттері болып табылады.

Тікелей несиелеу арқылы үлестік қатыс талаптарымен инвестициялау және бірлесе инвестициялау, өнеркәсіптік жабдықтар алу үшін лизингті операциялар өткізу, өндіріс аймақтарын ұйымдастыру, жоба операцияларына және келісім-шарттарына кепілдік беру орталықтың негізгі жұмысы болып табылады.

Ауданның кәсіпкерлік саласын қолдауына және бәсекелестіктің дамуына бағытталған стратегиясының негізгі элементтері:

- жаңа мекемелердің кәсіпкерлік жұмысын реттеу кезіндегі «ең жақсы тәжірибелерді» қабылдауына көмек беру арқылы барлық мекемелерге бірдей талаптар қою;

- «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қаржыландыруға қолдау көрсету;

Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізгі мәселелері:
- ШОБ субъектілерінің арасында өңірде негізінен қызмет көрсету және сауда салалары дамыған;

- қаражат сауалдары: қойылған мүліктің жойылымдылығына байланысты ШОБ-субьектілерінің қалыптасуының басты сатыларында несиелендірудің төмен деңгейі, несиелер бойынша жоғары ставкалар, несиелер босатудағы ұзақ та қиын процедуралары;

- шағын және орта кәсіпкерлік дамуына әсер беретін әкімшілік кедергілері: жер учаскесін алуға бастапқы рұқсат беруші құжаттама дайындауының күрделі процедурасы, жұмыс түрлеріне рұқсат құжаттамаларын дайындау қиындықтары (бизнестің кейбір іс түрлеріне);

- заңды тұлға түріндегі кіші бизнес кәсіпорындарының санын көбейту;

- жұмыспен қамту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру;

- кредиттік қаражаттарға шағын және орта кәсіпкерліктің қол жеткізуін жеңілдету;

- кәсіпкерліктің өндіріс және туристік секторын басым түрде дамыту;

- кәсіпкерлікті ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту;

- шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың тиімділігін арттыру;

- шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру және қызметін белсендіру;

- сервистік орталықтар ашу;

- кәсіпкерлерді бизнес-жоспарлау, басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп және бизнесті жүргізуге тікелей байланысты өзге де білімдерге машықтандыру.


Проблемаларды шешу жолдары:
Кәсіпкерлікпен айналысуға қызығушылық танытатын кәсіпкерлерге қолдау көрсету.

- отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету.

- сауда қызметін ретке келтіру:

- тұтынушылардың, сауда қызметі субектілерінің және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету.

- аудандағы тауар өндірушілерге қолайлы жағдай жасау:

- халықтың қажеттілігін қамтамасыз ететін маусымдық сипаттағы азық-түлік өнімдерін сату үшін қосымша сауда орындарын /алаңқайларын/ қажеттілігіне қарай ұйымдастыру,

- шаруашылық өнімдерінің өнімімен халықтың көп шоғырланған жерлерінде жәрмеңкелер ұйымдастыру,

- жергілікті өнім өндірушілер өз өнімдерімен аудан халқын қамтамасыз етуін ұйымдастыру.

- азық-түлік тауарларының, бірінші кезекте жеміс-көкөніс және ет өнімдерінің аудан және елді мекендерде сатылуын қамтамасыз ету.

- жалпы өнім көлемінің бір қалыптылығын сақтау барысында, нарық бағасын орынсыз көтермей, тұрақтандыру.

- ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау қоймасын салу шараларын қарастыру.

- сапалы, әрі арзан тауарлармен қамтамасыз ету үшін сауда саттықпен айналысатын нүктелердің санын ұлғайту:

- микронесиелік ұйымдар мен екінші деңгейдегі банктер арқылы жеңілдетілген несие алу жолдарын ұсыну.

- аудан көлемінде «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры», «Созақ несие» НС, «Ырыс» МКҰ сияқты несиелік ұйымдар жұмыс жасайды. Ауыл, кент аумақтарында кредиттеу шарттарын, қаржы лизингі, функциялары мен міндеттері, кепілдікті қамтамасыз ету түрлері және қойылатын талаптар жөнінде түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.



Бөлшек сауда
Қазіргі кезде бөлшек сауда аудан экономикасы дамуының басымды бағыттарының бірі болып табылады. Ауданның тұтынушылық нарығы тауарлардың кең ассортиментімен мінезделеді.

Сауда, қызмет көрсету салаларында бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру, аудан халқын тұтыну тауарларымен, қызмет түрлерімен барынша толық көлемде қамтамасыз ету негізгі мақсат ретінде қойылған. Сонымен қатар сауда орындарында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерінің үлес салмағын арттыру, тұтынушыларға замануи талаптарға сәйкес өнімдер ұсыну. Аталған салада қызмет көрсету мәдениетін жаңа деңгейге көтеру, жаңа технологияларды кеңінен ендіру мен инновациялық оң өзгерістерге қол жеткізу күтіледі.

Бөлшек сауда көлемі 2011 жылы 397,5 млн. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда өсім 103,8 пайызды құрады.

2012 жылы 567,4 млн. теңгеге жетсе, 2011 жылмен салыстырғанда 107,8 пайызға артты.

2013 жылы 590,4 млн. теңгеге жетіп, 2012 жылмен салыстырғанда 101 пайызға артты..

2014 жылдың 11 айында 535,7 млн. теңгеге жетіп, жыл соңына дейін 584,4 млн. теңгеге жеткізу, 2015 жылы 590 млн. теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Бөлшек сауда көлемінің ұлғаюы халық санының өсуі, сауда саттық саласында кәсіпкерлер санының, тауар айналымының ұлғаюы есебінен, қызмет көрсету мәдениетінің дамуы, жаңа сауда саттық қызмет түрлерін дамыту есебінен көтерілуде. Алдағы уақытта да бөлшек сауда көлемі халық санының өсуі, сауда нүктелерінің іске қосылуы, қызметтің жаңа түрлерінің дамуы, нысандардың ұлғаюы және жаңа жұмыс орындарының ашылуы есебінен, негізгі өндірістік ресурстарды жетілдіру және қайта жаңғырту, тұтыну тауарларының кең ассортиментін жетілдіру арқылы көтеріледі деп жоспарлануда.

Созақ ауданы бойынша 1 базар /аралас базар/ бар. Базардың жалпы аумағы 6 050 шаршы метрді құрайды. Пайдаланымдағы жер көлемі 3 200 шаршы метр, онда 65 сауда қатары бар және саудагерлер саны 65 адам.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес базарларда қойылатын талаптар айқындалып, өртке қарсы қауіпсіздік шараларын және санитарлық-экологиялық ереженің міндетті түрде сақталу талаптары бақылауға алынған.

«Бекұлы» базарын 3 кезеңмен біртіндеп /2014-2016 жылдар аралығында/ заманауи форматқа көшіру жоспарлануда. Кезең-кезеңімен заманауи форматқа көшіру іс - шарасы жасалып, келісілген, сондай-ақ сауда орындарындағы бағаларды орынсыз көтермеу, коммуналдық сауда орындарын бөлу, (25-40 шаршы метр) қажеттілігіне қарай мұқтаждарды қамтамасыз ету жөнінде меморандумдар жасалған.

Ауданда барлығы 385 дүкендер бар, оның ішінде 182 – азық-түлік дүкендері, 7 - құрылыс дүкендері, 7 - автобөлшектер дүкендері, 185 - аралас дүкендер, ондағы жұмысшылар саны - 484 адам, жиһаз дүкендері – 4, қызметкерлер саны - 4 адам, 7 – тойхана, жұмысшылар саны - 27 адам, шайхана /кафе/ - 25, жұмысшылар саны - 45 адам, асхана - 10, жұмысшылар саны - 16 адам, ойын-сауық ошақтары 1, көлік жуу бекеттері - 3, жұмысшылар саны - 3 адам, көлік жөндеу бекеттері /СТО/ - 3, онда жұмыс істейтін адамдар саны - 6, шаштараз - 10, жұмысшылар саны - 10 адам, дәріхана - 15, жұмысшылар саны - 15 адам, жанар жағар май бекеттері /АЗС/ - 18, жұмысшылар саны - 34 адам.
Индустрияландыру картасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасы туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 14 сәуіріндегі №302 Жарлығына сәйкес, облыс әкімінің 2010 жылдың 4 шілдесіндегі №27 шешімімен бекітілген өңірлік индустриялизация Картасы әзірленді.

Бұл картаға ауданның 4 мекемесі енгізілді.

Өңірлік индустрияландыру картасына енген 4 нысана:

1. «Дарбыт» ЖШС 96,0 млн. теңге. 20 жаңа жұмыс орны ашылады.

2. «Қасей» ЖШС 124,5 млрд. теңге. 400 жаңа жұмыс орны ашылады.

3. «Үш Гер» таукен химиялық компаниясы 157,5 млрд. теңге.

4. «Дархан АС» ЖШС 225 млн. теңге. 25 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Аудан өнеркәсібінің дамуындағы негізгі проблемалары:

- өндірістік өнеркәсіп өсуі құрамында шикізаттық және қазып шығаратын салалардың басым болуы;

- өнеркәсіп мекемелерінің төмен дәрежедегі инновациялық белсенділік;

- мекемелердің өндірісті дамыту үшін жеке қаржысының тапшылығы;

- отандық өнімнің төмен бәсекелестік дәрежесі және олардың номенклатурасының ауқымды болмауы;

- көлік шығындарының жоғары болуы;

- техникалық мамандықтардың жетіспеушілігі;

- арнайы экономикалық аймақтар үшін жеңілдіктердің және артықшылықтардың жойылуы.
Мекемелердің инновациялық белсенділігі
Қазіргі таңда аудан көлемінде тіркеліп, жұмыс жасап келе жатқан өндірістік, құрылыстық және әлеуметтік қызмет көрсету бағытындағы ірі кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің саны мен олардың өнім өндіру көлемі жылдан-жылға жоғары қарқынмен артып келеді.

«Ыңғай» Қазақстан-Канада Бірлескен кәсіпорны Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Катко» Қазақстан-Франция-Швейцария Біріккен кәсіпорны Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Бетпақ Дала» Қазақстан-Швейцария Біріккен кәсіпорны Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорындары жұмыс жүргізіп келеді.

Инвестиция негізінен кәсіпорындардың кен орындарын игеру жұмыстарына, негізгі қорларын жасақтауға және материалдық-техникалық базасын нығайтуға тартылуда.

Осыған байланысты, халықаралық ұйымдардың қатысуымен заманауи ғылыми орталықтар мен технологиялық парктер құру мен дамыту, жаңа технологияларды игеру үрдісіне қолдау көрсетуіміз керек.

Аймақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін кешенді талдау, аймақтың дамуының күшті және әлсіз жақтарын, оның дамуының шектеулері мен мүмкіндіктерін анықтайтын, басымдықтандырылған SWOT- талдауда көрсетілген.
Туризм саласы бойынша
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы 1928 жылы құрылған. Жер көлемі 41 мың шаршы шақырым. 2014 жылдың 11 айында статистикалық мәліметке сәйкес халық саны 59 546 адам. Экономикалық белсенді халық саны 30 350 адам. Қазіргі таңда Созақ ауданында 3 қонақ үйі, 1 қонақжайы, (гостевой дом), 1 жас туристер станциясы, 25 кафе, 10 асхана, 7 тойхана, 4 демалыс паркі, 4 ауыл клубы бар.

Созақ ауданының туристік мүмкіндіктері:

Созақ ауданы облыста тарихи-мәдени қорлары жағынан айрықша аймақтардың бірі болып табылады. Мұнда есімдері бүкіл Түркі әлеміне белгілі Баба Түкті Шашты Әзіз әулие, Ысқақ баб, Қарабура әулие, Саңғыл би, Бибі Мариям ана, Жыныс ата, Ақ бикеш сияқты 7 табиғи кесенелермен қатар, суы шипалы “Қызылкөл” көлі орналасқан. Бұлар ауданның қазыналары болып табылады. Ауданда қазыналы Қаратаудан баурайынан бастау алатын кіші өзендер мен Шу өзені бойындағы көлдер мен көлшіктер бар.

Ауданда туризмді дамытуда төмендегі басымдық бағыттарда жұмыстар жасалуда:

- мінәжат ету туризмі;

- экологиялық туризм;

- балық, аң аулау туризмі;


Созақ ауданы бойынша туризм саласының 2011-2015 жылдарға арналған көрсеткіштері

Ққ/с


Көрсеткіштер атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл


2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

Ауданда туризмді дамытуда төмендегі басымдық бағыттарда жұмыстар жасалынуда: Туристік ұйымдардың саны




1

Қонақ үй (бірлік)

3

3

3

3

3

2

Театр (бірлік)
















3

Мұражай (бірлік)

1

1

1

1

1

4

Кітапхана (бірлік)

2

2

2

2

2

5

Клуб (бірлік)

4

4

4

4

4

6

Демалыс саябағы мен жануарлар саябағы (бірлік)

4

4

4

4

4

Созақ ауданы әкімдігінің арнайы жүргізген сараптамасы бойынша, 2014 жылдың 9 айында туристердің, экскурсанттардың қызмет көрсету орындарына, мұражайларға, кесенелерге келушілер саны: ішкі туризм - 1 091 адамды құрады.

Туризм саласындағы маңызды бағыттардың бірі туристік имиджді қалыптастыру және ұлттық туристік өнімді алға жылжыту. Созақ ауданының туристік тартымдылығын насихаттайтын жарнамалық-ақпараттық материалдар (буклеттер) әзірленіп шығарылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет