Бағдарламасы Шолаққорған 2014 жыл Созақ аудандық мәслихатының



жүктеу 1.54 Mb.
бет7/10
Дата22.02.2016
өлшемі1.54 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Құқық тәртібі және қылмыспен күресу
Қоғамдық жағдайға және қоғамдық қауіпсіздікке әсері бар қоғамдық орындарда орын алған қылмыстардың саны соңғы жылдары жоғарылағаны байқалады. 2007 жылы 120 қылмыстық іс тіркелсе, 2008 жылы - 109 іс, 2009 жылы-189 оқиға, 2010 жылы бұл көрсеткіш 153 болған. 2011 жылы - 219 оқиға, 2012 жылы - 265 қылмыстық іс, 2013 жылы – 253 іс тіркелсе, 2014 жылдың 10 айында – 320 қылмыстық іс тіркеліп отыр.

Тұрмыстық жағдайда орын алған қылмыстар, сонымен қатар алкогольді тұтыну жағдайында және есірткі затын қабылдап жасаған қылмыстар саны әлі де болса көп таралуда. Тұрмыстық жағдайда орын алған кісі өлтіру және денеге ауыр жарақат салу қылмыстарының көпшілігі ішімдікке салынудың нәтижесінде болуда. Арнайы емдеу, алдын-алу мекемелерінің ішімдікке салынған тұлғаларды еріксіз түрде емдеуге толығымен жолдап, қоғамнан уақытша аластатуға мүмкіндіктер болмай отыр.

Жасөспірімдердің жасаған қылмыстарының саны кеміп келеді (2009 жылы - 14, 2010 жылы - 11, 2011 жылы - 16, 2012 жылы-14, 2013 жылы - 12, 2014 жылдың 11 айында - 6). Мүлікке қарсы қылмыстар саны, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау, бұзақылық қылмыстары 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдермен көп жасалуда. Осыған байланысты «мектеп» полиция инспекторларының санын көбейту қажет, аудандағы олардың саны жеткіліксіз (барлығы 7 қызметкер). Ауылдардағы үлкен мектептерде бір полиция инспекторлардан болуы тиіс. Бұл оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың ерте бастан алдын алуда мүмкіндік береді.

Жасалған қылмыстардың негізгі көрсеткіштері төмендегенімен, олардың ауыр жағдайда аяқталуы жоғары деңгейде қалып отыр. Жол-көлік оқиғаларының жалпы тіркелген саны және олардың нәтижесінде жарақат алған азаматтар саны мен қайтыс болған азаматтардың саны төмендемей отыр (2007 жылы – 11 азамат, 2008 жылы – 9 азамат, 2009 жылы – 12 азамат, 2010 жылы – 18 азамат, 2011 жылы – 15 азамат, 2012 жылы – 14 азамат, 2013 жылы - 22, 2014 жылдың 10 айында - 20 азамат).

Ауданда автокөліктердің саны өсуде. Олардың саны 2013 жылы – 6 551 автокөлік болса, 2014 жылы – 7 479 автокөлік және соңғы үлгідегі автокөліктердің жылдамдық мүмкіндігі көше мен жол жүйесінің даму мүмкіндігінен әлде қайда жоғары. Республикалық маңызы бар жолдар қайта жөнделуді, жүру жолының енін кеңейтуді, қажетті жерлеріне шарбақтар орнатуды, жол белгілерін қоюды қажет етеді.

Созақ ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ішкі істер бөлімі темекі шегу, есірткі қолдану және ішімдікдің алдын алуда бірқатар іс-шаралар атқарды.

Алыс және жақын шет елдерден ауданымызға келетін азаматтардың легі көбеюіне байланысты реттелмеген көші-қон мәселелері мен заңсыз еңбекке тартуға қолайлы жағдайлар туындауда. Көші-қон бағыты бойынша немесе қуғындар есебінен келетін шет ел азаматтары тарапынан қылмыс жасауға қолайлы жағдайлар қалыптасуы қауіп төндіруде. Бұл жағдай көші-қон бағыты бойынша жұмысты жандандыруды талап етеді.

Тұрғындардың жұмыспен толық қамтылмауы, оның ішінде жастардың көп болуы тонау, ұрлық және басқада зұлымдық пен зорлау қылмыстарының өсуіне негізгі себептердің бірі болуда.

Жедел жағдайдың қиындыққа соғуының негізгі факторларының бірі ұрлық қылмысы болуда. Жалпықылмыстық қылмыстардың ішінде олардың саны соңғы бірнеше жылдар бойы жартысын құрап келеді.

Ауданымызда қылмыстардың ашылу көрсеткіші жоғарылағаны байқалады. Аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші 2011 жылы – 66,1 %, 2012 жылы – 58,5 %, 2013 жылы-66,8 %, 2014 жылы 10 айында 75,4 % құраған.

2012 жылы есірткіге қатысты 4 қылмыс тіркелген болса, (2010 жылы - 3, 2011 жылы - 4), 2013 жылы – 1 қылмыс, 2014 жылдың 10 айында 2 қылмыс тіркелген.

Ішкі істер органдарының жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыруы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізіп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғап, олардың ішкі істер органдарына сенім арттыруын жоғарылатуға негіз бола алады.


2.2.4 Аймақтық (кеңістік) орналасуы
01.11.2014 жылы Созақ ауданы әкімшілік-территориялық бөлінуде былай көрінеді:

- 10 ауылдық әкімшілік;

- 2 кенттік әкімшілік;

- 38 елді мекен;

Аудандағы урбанизация процесі өзге аймақтарындағы осындай процестермен жалпы ұқсастығы бар. Бірнеше мыңжылдықтармен есептелінетін, аудан территориясының бай тарихына орай, оның әлеуметтік-экономикалық дамуында есепке алу міндетті болып табылады.

Созақ ауданы экономиканың алуан түрлі қызметімен, жан-жақты потенциалымен, тиімді экономика-географиялық орналасуымен ерекшеленеді.

Аймақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін кешенді талдау, аймақтың дамуының күшті және әлсіз жақтарын, оның дамуының шектеулері мен мүмкіндіктерін анықтайтын, басымдықтандырылған SWOT- талдауда көрсетілген.

Басымдықтары анықталынған SWOT- талдау



Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Басымдылық А

1. Ауыл шаруашылығын дамыту, мал шаруашылғы үшін қолайлы жағдайлар

2. Өндірістік потенциал

3. Стратегиялық маңызды ресурс – кең мал жайылымы болуы

5. Азық-түлік бойынша көп түрлерімен өзін өзі қамтылуы

6. Құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін дамыту үшін пайдалы қазбалар мен минералдық ресурстардың бай кен орындарының болуы

7. Жұмыссыз әйелдер санының төмендеуі

8. Экономикалық белсенді халық санының арасында әйелдер санының өсуі

9. Белсенді, кәсіпкерлікке жақын адами капитал

10. Отбасылық құндылықтар, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу

11. Демографиялық көрсеткіштер

Басымдылық В

1. Экспортқа бағытталған өндірістің болуы (таукен, металлургия өнеркәсібі).

2. Шағын және орта бизнес секторының дамуы

3. Тарихи және мәдени орындардың болуы




Басымдылық С

  1. Аудандағы өнеркәсіптердің қарқынды өсуіне қолайлы жағдайлар жасау.



Басымдылық А

1. Табиғаттың адам өмір сүруіне қолайсыздығы

2. Тууға қабілетті жастағы әйелдердің денсаулығының төмен индексі. Бала өлімінің жоғары деңгейі

3. Кадрлар жетіспеушілігі

4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында инфрақұрылым деңгейінің төмендігі.

5. Әлеуметтік бағыттағы көрсеткіштердің төмен деңгейі –аудан бойынша профилакторий, санаторийлардың жетіспеушілігі



Басымдылық В

1. Ауданның энергетикалық ресурстарының тапшылығы

2. Қолданылу уақытының көп болуы және капиталдық салымдардың жеткіліксіздігі салдары ретінде газ, су құбырлары мен жылу тармақтарының техникалық жағдайы жоқ.

3. Ауданда инновациялық белсенділіктің төмендігі

4. Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану, су жетіспеушілігі.
Басымдылық С

1. Елді мекендердің көшелері мен облыстық және жергілікті маңыздағы жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы




Мүмкіндіктері

Қауіптері

Басымдылық А

1. Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы.

2. Агроөнеркәсіп кешенінде сапалы бәсекеге қабілетті өнім өндіру.

3. Кластерлерді құру және дамытуға қажетті жағдайларды құру: құрылыс индустриясы, өндіріс және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу.

4. Төмен бағалар

5. Шағын бизнес.

6. Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және материалдық-техникалық базасын нығайту есебінен халықтың сапалы медициналық көмекке қол жетімділігін қамту.

7. Жас мамандарды жұмыс орнында қалу және тарту жұмыстарын күшейту, әсіресе ауылдық елді мекендерде.

9. Алдын алу шараларын қамту.

10. Заманауи нарықтық жағдайға бейімдеу.

11. Жаңа құрал жабдықтар сатып алуға шығындарды қаржыландыру механизмін әзірлеу.
Басымдылық В

1. Ауданның жоғары транзиттік потенциалын, автокөлік құралдарымен халықаралақ көліктік коридорға ену мүмкіндіктерін қолдану.

2. Экологиялық мәселелерді шешуде жаңа технолгияларды, табиғатты басқару әдістерін қолдану, табиғи кешендерді қалпына келтіріп және деградациясының алдын алу.


Басымдылық С

1. Қазіргі туристік инфрақұрылымды, оның ішінде экотуризмді, діни және аң аулау туризимдерін дамыту.

2. Қолайлы инвестициялық климат құру жолымен құрылыс материалдарының, ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелік қабілеттілілігін арттыру.

3. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, көлік салаларында кіші және орта бизнесті дамыту.



Басымдылық А

1. Аудан тұрғындарының денсаулықты қорғау мәселелеріне немқұрайлы көзқарасы қалыптасқан.

2. Ауыл шаруашылығы өніміне облыс ішінде бағалардың өсуі.

3. Экономикалық және қаржы дағдарысы салаларға қаржы тартылуына кедергі жасауда.



Басымдылық В

1. Өндірістік және тұтыну қалдықтарын өңдеу бойынша қазіргі қуаттылықтардың болмауымен байланысты, тіркелмеген қоқыс орындарының көбеюіне орай, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің төменгі деңгейімен байланысты эпидемиологиялық жағдайлардың нашарлауы.

2. Кәсіпорындар мен көлік құралдарының зиянды заттарды атмосфераға көптеп шығару салдарынан экологиялық қауіпсіздік қаупі.

3. Тұрғындардың жасырын миграциясы мен контрабанданың артып кетуі.

4. Әлеуметтік өсімі.

Басымдылық С

1. Ресурстардың тиімсіз қолданылуынан ауданның минералды – шикізат базасының сарқылуы.







2.2.5 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудегі саясатты талдау
Даму бағдарламаларының жүзеге асырылу тиімділігін талдау Бағдарламалардың өздерінің негізінде, сондай-ақ, орындалуына жауапты, жергілікті атқару орындарына ұсынылған. Бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы есеп берулер негізінде жүргізілді.

Бағдарлама тиімділігін бағалау келесі принципке негізделді: мақсаттың нәтижесін нақты түрде өлшеу немесе бағалау мүмкін болмайтын етіп құрылған мақсаттағы Бағдарламалар болмауы тиіс. Мұндай бағдарламалардағы мақсаттар қайта қойылып немесе мүлдем алынып тасталуы тиіс.



Мақсатты индикаторлар:



қ/с

Көрсеткіштер

1 кезең

2 кезең

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Міндет 1. Берілетін білімнің сапасын жақсарту

1

Апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңа мектептердің құрылысын жүргізу, бірлік

3

2

1

1

0


2

Мектептердің құрылысы, бірлік

оның ішінде бейімделген ғимараттардың ішінде орналасқан мектептердің орнына, бірлік


4


2

2


3


4



3

Ауылдық мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы, бірлік

1

1

2

2

2

Міндет 2. Медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету

1

Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы, бірлік

оның ішінде бейімделген ғимараттардың ішінде орналасқан орнына, бірлік



7


4


3


0


2


Міндет 3. Ауылдық тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету

1

Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған ауылдық елді мекендердің үлесі (жалпы бар АЕМ санынан) , %

56

58

69

69

73

2

Сумен қамтамасыз ету нысандардың құрылысы, бірлік

11

13

19

19

22

Міндет 4. Ауылдық елді мекендерді газдандыру

1


Ауылдық елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, бірлік

0

0

0

0

0

Міндет 5. Ауылдық елді мекендерді жарықтандыру

1

ЛЭП-ң тозушылығы 85 % - дан асқан ауылдық елді мекендердің санын азайту


7

6,8

6,7

6,6

6,5

Міндет 6. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жағдайын жақсарту

1

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың деңгейінің жақсы және қанағаттандырарлықтай жағдайы, %


40,2

57,2

84,7

86,1

86,1

2

Авто жолдарды күрделі және орташа жөндеу (км)


19,07

12,66

17,67

11,91

6

Міндет 7. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін әлеуметтік сала мамандарын тарту

1

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру мақсатында келген әлеуметтік сала мамандарының саны, адам

20

11

12

24

24

2

«РИЦ Максимум» ЖШС арқылы орта және кіші кәсіпкерлікті қолдау, оның ішінде ауыл халқын, млн. теңге.

33,7

59,7

43

46,9

47
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет