Кіріспе
Білімі: Тыңдалым бойынша:
берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;
түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жекелік мағыналық бөлшектері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс;
іскер-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білу тиіс;
Оқылым бойынша:
оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі;
мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі;
мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы,баяндаманы оқу барысында оқудың стратегияларын қолдана білуі;
мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
хабарға, ақпаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білу тиіс; Жазылым бойынша:
мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырта, толықтыра, өз бетінше өңдей білуі тиіс;
ғылыми баяндама, мәлімдеме, баяндама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білуі тиіс;
нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары, тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі тиіс.
Айтылым бойынша:
өздеріне ұсынған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады.
берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі;
баяндама жасай білуі, сұхбат құра білуі тиіс;
айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпараттар ала білуі;
мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарастарын серіктесіне жеткізе білуі;
естіген ақпараттары жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс. Қазақ тілі пәні бойынша белгіленгені: 2 кредит
Меңгеру: Практикалық сабақтарда меңгерген бизнес саласына қатысты сөздер мен терминдер, шаблондар, фразаларды күнделікті ресми кездесулерде, келісімшарт жасауда, көпшілік алдында сөйлей білуге, бизнес-тренингтердегі қолданылатын клишелерді меңгеру.
Дағды: Сабақ барысында жүргізілген тұсаукесерлерден, бұқаралық ақпарат құралдарына жасалған тұжырымдамалардан, ойбөлісулерден, ойталқылардан, пікірлесулерден алған тәжірибелерін келешек қызметінде пайдалана білуге дағдыландыру.
Құзіреттілік: Пән бойынша үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |