Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды


Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі



бет28/31
Дата24.09.2023
өлшемі474.54 Kb.
#478454
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Қазақ тілінің стилистикасы, Ғ.Қ.Хасанов

Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі

І блок
1. Жалпы стилистиканың ғылым ретінде және жеке пән ретінде қалыптасу, даму тарихы.
2. Қазақ тілі стилистикасы туралы жазылған алғашқы зерттеулер, жоғары оқу орындарында оқытыла бастауы.
3. Қазақ стилистикасының А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанұлы еңбектерінде зерттелуі.
4. Жалпы стилистика салаларын сипаттаңыз.
5. Қазақ тілі стилистикасы пәнінің мақсат-міндеті мен мазмұны.
6. Сөз байлығы, сөз дәлдігі, сөз қолданудың стильдік ерекшелігі туралы түсінік.
7. Қазақ стилистика туралы жазылған алғашқы оқу құралдары, пікірлер (М.Балақаев, Р.Сыздық, М.Серғалиев, Н.Уәлиев, Д.А.Әлкебаева т.б.).
ІІ блок
1. Орфоэпиялық норма мен орфографиялық нормалардың фоностилистикаға қатысы.
2. Қазақ тілінде публицистикалық стильдің қалыптасуы.

3. Әдеби тіл нормаларының стиль түрлеріне өзіндік әсерін ашыңыз.

4. Тілдік жүйе және нормалардың түрлері.

5. Стилистикалық норма, зерттелуі, ерекшеліктері.

6. Қатаң норма. Босаң норма. Олардың стилистикалық ерекшеліктері.


ІІІ блок
1. Фразеологизмдердің түрлеріне сипаттама беріп, қандай стиль түрінде қолданылып тұрғанын анықтаңыз. Фразеологизмдердің қолданылуының стильдік ерекшелігін көрсетіңіз.
1. Абайды қамаған жаулықтан тағы бір өзінің ауылынан, аттас бауырын шығарсам дегендей Оразбай ішкен асын жерге қояды. Ендеше, өлімнен ұят күшті. Ел көрмеген сұмдыққа, ел көрмеген жаза керек (М.Әуезов.). Кісі қызығатын түк көркі жоқ. Қазақтың шөп желке қыздарының өзі десті. (М. Әуезов.)
2. Жазушы бұл шығармада сөз бедерлеудің қандай әдіс-тәсілдерін қолданғанын кең түрде баяндаңыз. Теңеудің атқарып тұрған стильдік ерекшеліктерін сипаттаңыз.
«Жаялықша жалпиған, жарғанатша қалқиған, жермен жексен шым қора, бейнеуі жоқ сұм қора. Шымқорада – жер үйде, желпіндірмес көр үйде, арса-арса болып сүйегі, қалақтай болып иегі, жаңқадай жоқ жақ еттен, саусақтары шілбиіп, көлеңкедей кілбиіп, бұ жатқан қай аруақ?
Әлсін-әлсін демігіп, тық-тық еткен жөтелі өңменіңнен өткендей, алма ерні кезеріп Бетпақ кезіп кеткендей, кимешегі қалқылдап қуыршаққа тіккендей, сатпақ-сатпақ жастығы жастық емес кетпендей, сар төсек боп сарғайып бұ жатқаның қай әйел?» (Ж. Аймауытов «Күнекейдің жазығы»)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет