Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды


Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)



бет15/24
Дата05.03.2024
өлшемі497.53 Kb.
#494386
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Көркем мәтін теориясы, И.С.Сұлтаниязова

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Көркем шығарманы талдап, интерпретация жасағанда, оның вербалды құрылымындағы бірде-бір тілдік құрал зерттеуші назарынан тыс қалмауы тиіс, өйткені мәтін семантикасын ашуға олардың барлығы бірдей қызмет етеді. Демек, визуалды образдардың вербалдануы да белгілі бір мақсатты көздейтіні ескерілуі қажет.
Өз кезегінде Н.А.Фатеева көркем мәтінге басқа семиотикалық жүйелер таңбасының кіргізілуін «интермедиалды семантикалық фигуралар» деп атайды. Зерттеуші келтірген мысалдарда басқа семиотикалық жүйелер туындыларының авторлары мен атаулары олар кіргізілетін мәтіндермен «метонимиялық» байланыстарға түсіп, аллюзиялық сипат алады. Ғалымның айтуынша, мұндай вербалданған визуалды және музыкалық образдар көбіне теңеу ретінде қолданылады.
Жалпы алғанда, түрлі семиотика жүйелері мәтіндерінің бұлайша өзара әрекеттесуі біршама жиі кездеседі. Дегенмен визуалды немесе музыкалық образдың вербалды мәтінмен өзара байланысының басқа да түрі – көркем мәтінге визуалды яки музыкалық бейненің толық немесе бір бөлігінің суреттелуі де - бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Біздіңше, осы типтегі мәтін ішіндегі мәтін «синкретті интертекстуалдылық» терминінің дефинициясына барынша толық сәйкес келеді.
Әрине, бұл жағдайдағы сөйлеу субъектісінің өзгеруі шартты нәрсе. Қалай болғанда да көркем мәтіннің вербалды құрылымындағы кіргізіліп отырған визуалды немесе музыкалық образ оқырманға танылып отырады, өйткені қаламгер оны түрлі тілдік сигналдармен көрсетіп отырады.
Бейвербалды семиотикалық жүйелер туындыларының суреттеліп көркем мәтіннің тілдік құрылымына немесе иллюстрация түрінде публицистикалық мәтіннің құрылымына кіргізілуі өте жиі кездеседі. Бұл визуалды немесе музыкалық образ бен негізгі вербалды құрылымның қатар қабылдануы тудырған ассоциациялар нәтижесінде біртұтас мазмұн қалыптастырып, мәтінді дұрыс түсінумен, оның семантикасын ашумен байланысты.
Публицистика мен көркем коммуникацияда синкретті интертекстуалдылық әр түрлі байқалады. Публицистикада иконикалық мәтіндер (фотографиялар, шарждар, суреттер) вербалды мәтіннің қатарында, астыңғы, ортаңғы, үстіңгі жағында келіп, оның негізгі мазмұнын байытып, толықтырып, күшейтіп тұрса да, олардың ресімделуі мәтін ішіндегі мәтін форматында болмайды және олар өздерімен қатар алынған мәтіннің мазмұнын визуалды, кейде астарлы, ал енді бірде нақты түрде әр түрлі бағалауыш реңкте береді. Мұндай мәтіндерді қазақ зерттеушілері «креолды мәтіндер» деп атап, оларда берілген ақпар сатылап түсінілуі қажеттігін көрсетеді. Шынында да, солай. Мәселен, «Жас Алаш газетінің» 2008 жылғы 21 қазандағы санында «Ақпараттық соғыс немесе ұлтшылдық пен ұлтсыздық хақында» мақаласын Жеңіс Кәкенұлының суретімен безендірген. Суреттің атауы жоқ, алайда оның өзі жеке тұрып-ақ, интертекстуалды яки аллюзивті-реминисцентті, себебі Абылай ханның тарихи деректерден де, І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясынан да белгілі атақты түсі негізінде салынған. Романда Бұқар түсті ханның тікелей өз ұрпағына қатысты жорығанмен, кейінгі тарихшылар, публицистер оны қазақ халқының тағдырына трансполяция жасап жүргенін ескерсек, осы ақпарлардың бәрі мақаланы түсініп, интерпретациялауды біртіндеп жүзеге асыруға ықпал етеді. Мақала ақпары астарлы түрде, синкретті түзіледі.
Ал көркем коммуникацияда визуалды немесе музыкалық материалдың суреттеліп кіргізілуі - әдеттегі нәрсе. Вербалданған образ оқырманды қайтсе де реалды визуалды немесе музыкалық образды көз алдына елестетуге яки есіне түсіруге, оларды салыстыруға жетелейді. Басқа семиотикалық жүйенің реалды мәтіні, оның вербалды көрінісі және жалпы тұтас мәтін оқырман ойында біртұтас картина жасап, қабылданып отырған мәтіннің эмоционалдық әсерін ұлғайтып, эстетикалық құндылығын арттырады. Көркем шығарма авторы үшін басқа семиотикалық жүйе туындыларын вербалдап енгізу мазмұндық- концептуалды және мазмұндық-астарлы ақпарды жеткізу тәсілі болса, оқырман үшін сол берілген ақпарларды қабылдау, ашу жолы болып есептеледі.
10 практикалық сабақтың тақырыбы:Автор және оқырман
Тапсырмалар:
1. Баяндаушы жоспары, оның ерекшеліктері.
2. Нарратив баяндаушы жоспарының басты элементі.
3. Әдеби-сыншыл дискурстағы баяндау үрдісі.
4. Әңгімеші мен лирикалық кйіпкер, олардың айырмашылығы.
5. Атаулы және атаусыз баяндау, олардың шығармада көрініс табу формалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет