Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет25/33
Дата21.10.2022
өлшемі0.54 Mb.
#463100
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, Қ.Ғ.Аронов

13-СОӨЖ тақырыбы: Есімшенің, көсемшенің, тұйық етістіктің түрленуі.
Тапсырмалар:Етістік түрлерінің сөйлемдегі синтаксистік қызметі
Есеп беру түрі: жазбаша жұмыс түрінде орындап, оқытушының поштасына салу.
СӨЖ тапсырмалары: Өткен тақырып бойынша студенттердің білімін сұрақтар қою арқылы анықтау.
Есеп беру түрі: өзіндік жұмысты жзабаша тапсыру
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
6. Әбдіғалиева Т. қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық, болымсыздық категориясы. Докт. дисс. автореф. – А., 1998.
Он төртінші апта
14 дәрістің тақырыбы:Етістіктің грамматикалық категориялары.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Рай категориясы. Рай түрлері, ерекшеліктері, тұлғалық көріністері.
2. Шақ – етістіктің негізгі грамматикалық категориясы. Шақ түрлері, берілу жолдары.
3. Етістіктің жақ категориясы. Жіктелуі.
Терминдер мен анықтамалар.
Сөйлеу актісі – қоғамда қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, белгілі бір мақсатта жүзеге асырылатын сөйлеу әрекеті. Сөйлеу актісінің қатары «дискурс» деп аталады.
Сөйлеу этикеті – қоғамда қабылданған ресми не бейресми жағдайда әңгіме құрушылардың әлеуметтік рөліне сай болатын сұхбаттасу ережелерінің тұрақты жүйесі.
Тілдік қабілет – тілдің ішкі когнитивтік құрылымы. Белгілі ережелер арқылы әрекет ететін психофизиологиялық-функционалдық механизм. Коммуникативтік қызметті қамтамасыз ететін иерархиялық принцип бойынша ұйымдастырылған фунционалдық жүйе.
Туынды сөз - сөзжасам саласындағы негізгі тұлғаның бірі. Т.с. сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды түбірлер, аналитикалық сөздер, конверсия, біріккен сөз, қос сөз жатады. Т.с. өмірдегі қолданыста пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажетін өтеу үшін, тіліміздің сөзжасам заңдылықтары арқылы жасалған сөздер.
Тұлғалану - сөздің грамматикалық тұлғаларының пайда болуы. Сөзжасамға қарама-қарсы қойылады.
Түбірсөздің лексикалық мағынасын сақтаушы негізгі бөлік. Т. морфологиялық деривация кезінде өзгермейді. Әр түрлі тілдерде түбірдің фонологиялық ерекшеліктері болады.
Дәріс тезистері.
Есім сөз тұлғасының өзгеру тәтілдері деген жалпы атпен есімдерге тән жалғаулар жинақталып отыр. Бұлай атаудың өзіндік себептері бар: салыстырмалы грамматика пәні белгілі бір тілді синхрондық жүйемен түгелдей сипаттауды мақсат етпейді. Олай болатыны - ондай сипаттау бұл пәннің міндеті емес. Әрбір тілдің грамматикалық құрылысы жайлы оқулықтар, ол мәселелер жан-жақты талданған. Екінші жағынан, салыстырмалы грамматика жеке сөз таптарының негізгі ерекшеліктері мен олардың әрқайсына тән категорияларды түсіндіруді мақсат етпейді. Тіл білімінің бұл негізгі мәселелерді теориялық тіл білімі мен жеке тілдер грамматикасында толық айтылып, талданады.
Септік жалғаулары. Атау септіктің арнайы тұлғасы қазақ тілінде ғана емес, барлық түркі тілдерінде жоқ Атау деп қарауға мүмкін болатын арнайы тұлға қазіргі түркі тілдерінде ғана емес, түркі тілдерінің бүкіл даму тарихында болған емес. Бірақ соған қарамастан, өзіне тән арнайы грамматикалық формасы болмаса да, атау септіктің өзіне ғана тән грамматикалық мағынасы ол нольдік формада тұрған сөздің өзіне тән синтаксистік қызметі бар екенін ескеуіміз керек.
14 практикалық сабақтың тақырыбы: Етістіктің грамматикалық категориялары
Тапсырмалар:
1. Рай категориясы. Рай түрлері, ерекшеліктері, тұлғалық көріністері.
2. Шақ – етістіктің негізгі грамматикалық категориясы. Шақ түрлері, берілу жолдары.
3. Етістіктің жақ категориясы. Жіктелуі. Осы сұрақтарды ауызша тапсыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет