Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды


Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар



бет2/33
Дата21.10.2022
өлшемі0.54 Mb.
#463100
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, Қ.Ғ.Аронов

4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Оқыту әдістемесі: Курстың ерекшелігі мен студент құрамының біліктілігі мен біліміне сәйкес оқыту әдістері мен әдістемелік құралдарды сабақ үрдісінде тақырыптық негізгі белгілерге байланысты іскерлік пен дағды қалыптастыру бағытында пайдаланылады. Дәрістерде түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, сауалнама, эксперимент, статистикалық т.б. әдістерді қолдансақ, СОӨЖ, СӨЖ барысында эмпирика, байқау, тесті, деңгейлік тапсырмалар, әр түрлі графикалық шартты белгілерге негізделген соны әдістермен қатар ауызша-жазбаша жаттығуларға байланысты түрлі модульдік тәсілдер жүзеге асырылады. Оқыту негізінен теориялық біліммен қаруландыратын дәрістерден және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын семинар сабақтар түрінде өтеді. Білімді тексеру семинар сұрақтарын талқылау, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары, тест жұмыстары. өзіндік жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде жүзеге асырылады. Курста түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, жинақтау т.б. әдістері қолданылады. Курс баяндау, сұрақ-жауап, әдістер негізінде оқытылады.
5. Курстың мазмұны
Бірінші апта
1 дәрістің тақырыбы: «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» пәні
Қарастырылатын мәселелер:
1. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәні, мақсаты, зерттеу нысаны
2. Түркі тілдерінің зерттелуі
3. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Терминдер мен анықтамалар.
Атауыш сөздер – өзіне тән толық семантика және синтагмасы, тұрақты дыбыстық құрамы, морфологиялық белгісі, дербес синтаксистік қызметі бар негізгі сөздер тобы бар.
Жазу – графикалық белгілер жүйесі арқылы қарым-қатынас жасау амалы немесе сөйлеуге қосымша ой білдіру құралы.
Контекст – (лат. contextus – байланыс, қосылу) – талдауға түсетін бірлікпен қоса сол бірліктің мағынасын ашуға жеткілікті және де мәтіннің жалпы мағынасын бұзбайтын мәтін бөлігі. Мәнмәтін деген терминмен аударылып беріледі.
Дәріс тезистері.
Салыстырмалы грамматиканың мақсаты – түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінң өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастыру. Студенттерге ттсг-ның тақырыптары мен мазмұны бойынша ғылыми негізде, жүйелі білім алуына бағыт беріп, туыстас тілдердің ерекшеліктерін кең түрде мәлімет алуыларына жағдай туғызу.
Түркітану – тіл білімінің бір ғылыми саласы. Түркі тілінің салыстыра зертеу дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір жүйеге келген ғылым саласы екенін сутденттерге түсіндіру.ТТСГ негізгі нысаны – түркі тілдерінің грамматикалық құрылысы. Түркі тілдерінің жүйесіне тән оларды өз алдына жеке топтастыру ретінде ерекшелейтін белгілер: 1. Фонологиялық ерекшеліктері. 2. Морфологиялық құрылысы. 3. Лексикалық қабаты. 4. Синтаксистік құрылысы. Түркі тілдерінің зерттелуі. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері: Түркі тілдерінің қалыптасуындағы алтай дәуірі; ә) Хун дәуірі; б) Түркі тілдерінің дамуындағы көне түркі дәуірі (Ү-Хғғ); в) Түркі тілдерінің дамуындағы орта ғасыр дәуірі (Х-ХҮғғ): г) Жаңа дәуір, жеке түркі тілдерінің қалыптасуы (ХҮ-ХХғғ)
1 практикалық сабақтың тақырыбы:Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
Тапсырмалар:
1. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәні, мақсаты, зерттеу нысаны
2. Түркі тілдерінің зерттелуі
3. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
әрбір сұрақ бойынша пікірталасқа қажетті материалдар әзірлеу.
Зерттеушілер еңбектеріне талдау жасап, түсінгенін айтып, өз ойын қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет