Бағдарламасы (Syllabus)


Тоқ ішекте астың қорытылуы



Pdf көрінісі
бет20/46
Дата01.11.2022
өлшемі385.53 Kb.
#463807
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
Адаи

Тоқ ішекте астың қорытылуы. Астың қорытылуы мен сіңуі
негізінен аш ішекте аяқталады. Тоқ ішектің бездерінен бөлінетін сөлде
ас қорытатын ферменттер өте аз болады. Оның есесіне тоқ ішекте
бактериялар көп. Бактериялардың ферменттері күрделі көмірсу –
жасунықты (клетчатканы) ыдыратуға қабілетті. Бактериялар «К» және
«В12» витаминдерін синтездейді. Асқорыту мүшелерінің басқа
бөлімдеріне қарағанда тоқ ішекке түскен ас қалдықтары ұзағырақ
сақталады. Ас қалдықтары тоқ ішектің суды қарқынды сіңіруінің
нәтижесінде біртіндеп тығыз зат – нәжіске айналады. Тік ішектің


төменгі бөлігінде екі сақина тәрізді бұлшықеттер бар. Осы
бұлшықеттердің көмегімен нәжіс сыртқа шығарылады.
Әдебиет: [1-9]
Мультимедиялық құралдар тізімі:
1. Ащ ишектегі астың қорытылуы.
2. Асқорыту жүйесінің құрылысы.
3. Ас қорыту жүйесі бойынша саяхат.
Тақырып 4. Тыныс алу жүйесі
1. Мұрын қуысы. Көмей. 
2. Кеңірдек және бронхлар. Өкпенің анатомиялық құрылысы. 
3. Ацинус ұғымы. Альвеолалар. 
Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ
алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың
барлығы тынысалу кезінде оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын
бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшықеттердің
жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны
жұмсаумен байланысты. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет.
Энергия органикалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап
шығады. Тотығуға оттек жұмсалады. Ағзада оттектің қоры болмайды.
Ағза тыныс алғанда оттекті қабылдайды, ыдырау өнімдері
(көмірқышқыл газы мен су буы) ағзадан сыртқа шығарылады. Тынысалу
мүшелері, қанайналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасында газ
алмасуды қамтамасыз етеді. Органикалық заттардан энергия босау
үшін оттек қажет. Тірі ағза үздіксіз тыныс алады. Адам оттексіз 1 минут
та тіршілік ете алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет