Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі — бүйрек денешігі
деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі —
нефрон өзекшелер, олар
бүйректің иір-иір болып шумақталып, боз затқа орналасады. Нефрон өзекшелері иректеліп
әрі өзара қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар тікелей пирамидалармен
байланысқан.
Бүйректе артерия қантамырлары 2 рет қылтамырлар шумағын құрайды. Адам
денесіндегі басқа мүшелерде ұсақ қантамырлар бір-ақ
рет қылтамырлар шумағын
құрайды.
Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның
жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды
тазартатын - бүйрек.
1.
Бүйректің ең негізгі қызметі - сүзгіштік. Қанмен келген улы заттар, тұздар,
артық су бүйректе бөгеліп сүзіліп калады. Сүзіліп тазарған қан вена
қантамырларымен
жүрекке карай ағады.
2.
Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.
3.
Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.
4.
Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды.
5.
Су мен тұздың мөлшерін реттейді.
6.
Қандағы
тұз концентрациясы
мен
жасушалардан ағып өтетін
сұйықтықтардың
осмостық қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың
концентрациясы жасуша ішіндегі концентрациясынан артық болса, су жасушадан шығып,
жасуша бүрісіп калады.
Қуық - жамбас шоңқимасының (малый таз) қуысындағы
тік ішектің алдыңғы
жағында орналасқан бұлшықетті мүше. Қуықта зәр уақытша жиналады. Ол ересек адамда
кабырғасы қалың бұлшықеттен түзілген. Несепағардың да, қуықтың да кабырғасындағы
бұлшықет талшықтары бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Қуықтың
бұлшықеті жиырылғанда жиналған зәр зәр-шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады.
Ересек адамда қуықтың сыйымдылығы шамамен 500 мл. Қуық
бос тұрғанда ішкі
сілемейлі кабығы қатпарлы болады. Зәрге (несепке) толғанда қатпарлары жазылып
тегістеледі. Қуықтың қабырғасындағы бұлшықет талшықтары үш түрлі
бағытта
орналаскан.
Зәршығару өзегінің құрылысы ер адамдар мен әйел адамдарда бірдей емес.
Әйелдердің зәршығару өзегінің ұзындығы 3-3,5 см. Зәршығару өзегінің сыртқа ашылатын
тесігі қынаптың алдыңғы тұсында қатарласа орналасады. Зәршығару өзегінің ішкі
сілемейлі қабығы ұзын қатпарлы болады. Үрпі жолы зәршығару тесігімен аяқталады.
Ер адамның зәршығару өзегінің пішіні түтікше тәрізді, ұзындығы шамамен 18 см.
Ол қуықтан басталып, жыныс мүшесінің ұшына дейін созылып жатады. Ер адамдардың
зәршығару өзегі 2 түрлі қызмет атқарады: зәр және жыныс жасушалары (спермалар)
сыртқа шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: