(68-сурет). Өкпеде
қантамырлары көп болғандықтан, түсі қызғылт.
Адамда
2 өкпе (
оң жақ және
сол жақ өкпе) болады. Оң жақ өкпені
сайшалар (борозды) 3 бөлікке, сол жақ өкпені 2 бөлікке бөледі. Өкпенің
сыртынан сайшалар сызығы анық білінеді. Екі өкпенің бір-біріне
қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол
арқылы өкпе
артерия қантамырлары, бронхылар, жүйкелер өкпеге енеді, өкпе вена
қантамырлары шығады. Өкпе толып жатқан өкпе көпіршіктері мен жиі
тарамдалған ұсақ бронхиолалардан түзілген. Бұлар өкпенің ішінде
болады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікте жүрек сол жаққа таман
орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады.
Әр өкпенің
сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша –
өкпе плеврасы (грекше
«pleura» – бүйірі, маңы) қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да
плеврамен қапталған. Плевра қабаттарының арасында плевра қуысы
болады, онда ауа болмайды. Плевра қуысында үйкелісті азайтатын
сұйықтық болады.
Өкпе көпіршіктері серпімді болғандықтан тыныс алғанда созылады.
Оның қабырғаларын орталық жүйке жүйесімен
байланыстыратын
жүйке талшықтары торлайды. Өкпе көпіршіктері орталық жүйке
жүйесімен тығыз байланысты. Өкпе көпіршіктері мен капилляр
қантамырларының қабырғасы өте жұқа болғандықтан,
олардың
арасында газдар еркін алмасады.
Достарыңызбен бөлісу: