Бағдарламасы (Syllabus)



Pdf көрінісі
бет12/46
Дата01.11.2022
өлшемі385.53 Kb.
#463807
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Адаи

Жұтқыншақ – түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденең
жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын
омыртқалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның
ұзындығы, шамамен 11–13 см. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі әрі
өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ
арқылы өңешке түседі (75-сурет). Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ
арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ арқылы тамақ та, ауа да өтеді.
Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады.
Жұтқыншақ екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ
қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан
жерінде бозғылт-қызыл түсті бадамшалар (миндалина) орналасқан.
Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады.
Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе
ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамша қабынса, қызметі
дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.
Өңеш – ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше.
Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі асқазанмен
жалғасады. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі қабықшасы көп қабатты
эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен
кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабықшасының
көп бөлігі бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы
бұлшықеттердің толқын тәрізді оқтын-оқтын жиырылуы нәтижесінде
тағам асқазанға түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп,
құрсақ қуысындағы асқазанмен (қарынмен) жалғасады.
Асқазан (қарын) – құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында
көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі (76-
сурет). Асқазан іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Асқазан жоғарғы
жағынан өңешпен төменгі жағынан аш ішектің басталар жері
ұлтабармен жалғасады. Асқазанның ішкі жағын астарлап жатқан
қатпарлы кілегейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді.
Асқазанның қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары
үш түрлі бағытта орналасқан. Ішкі қабаты – қиғаш, ортаңғысы – сақина
тәрізді, ал сыртқысы – ұзыннан орналасқан. Асқазанның қатпарлы
кілегейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл
бездерден қарын сөлі бөлінеді. Асқазанның өңешпен және ұлтабармен
(он екі елі ішек) байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер
болады.
Аш ішек – асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді
бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5–6 метрдей.
Аш ішектің асқазаннан басталған 25–30 сантиметрдей бөлімі – ұлтабар
(он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының
өзегі және ұйқы безінің де өзегі ашылады (77-сурет).
Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген
сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге аш ішектің кілегейлі
қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер
тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады.
Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары


сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойы орналасқан. Аш ішек
қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, оқтын-оқтын толқын тәрізді
жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің
ішімен алға қарай жылжып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет