белгілі ережені есте ұстау шарт.
Алдымен бөлме
температурасындағыдай сумен ауызды бірнеше рет шаю;
содан соң
арнайы тіс щеткасымен тазалау; алдыңғы жағын үйкелей
бермей
алдыңғы, артқы бүйір тұстарын да мұқият тазалау. Тіс щеткасын
тістердің
арасымен жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай
ысқылау; тістердің ауыз қуысына қараған
ішкі беттерін де тазалау
қажет (80,
ә-сурет).
Әрбір адамның жеке басының арнайы тіс щеткасы болуы тиіс. Тіс
щетканы пайдаланғаннан кейін жақсылап тазартып жуып, сабындап
қою керек. Келесі пайдаланарда сабынын жуып тазартып алу қажет.
Қазақ халқының көрнекті ғалымы, әрі алғашқы кәсіби дәрігері Халел
Досмұхамедұлы да тістің тазалығына зор мән берген. «Аузыңды таза
ұстасаң, тіс ауруының көбінен құтыласың.
Тамақ жеген сайын тісіңді
мәсуекпен (тіс тазалағышпен) жақсылап тазала. Ішкен-жеген сайын
және ертеңінде, кешінде аузыңды тазалап шайып отыр». Ғалымның бұл
даналық сөздері әрбір адамның есінде жүрер ережеге айналуы шарт.
Тісті тазалаудың басты құралы – тіс щеткасы (80,
ә-сурет). Ондағы
қылшықтардың орташа ұзындығы 25–30 мм, ені 8–12 мм болуы шарт.
Жаңа тіс щеткасын
пайдаланудан бұрын сабынмен, әрі ыстық сумен
жуу керек. Тіс щеткасын әрбір 2–3 айда жаңартып отыру қажет. Тіс
пасталарын да дұрыс таңдай білу керек. Мектеп оқушыларына «Ну,
погоди», «Буратино», «Карлсон», «Детская», «Мятная»,
«Апельсиновая», «Олимп» және т.б. пасталар ұсынылады.
Тістің
кіреукесінің беріктігін сақтау үшін құрамында фторы бар пасталар
қолданылады. Ондай пасталарға «Чебурашка», «Фтородент»,
«Флюродент», «Сигнал», «Пепсодент», «Колгейт» жатады.
Тістің бүтіндігін сақтау үлгісін жапон
халқының қазіргі кездегі
игілікті істерінен айқын көруге болады. Соңғы жылдары Жапонияда
«тістің саулығы – ұлттың саулығы» деген ұзақ мерзімді «8020» атты
шара қолға алынды. Бұл шара әрбір жапондыққа жақсы таныс. Оның
мәні 80 жасқа дейін әр адамда 20 бүтін тіс болуы шарт: ол үшін
алдымен тіс щеткасын таңдай білуге ерекше мән береді.
Тісті және
ауыз қуысын мұқият тазалау – ұзақ өмір сүрудің басты кепілі. Олай
болса бұл салада да өзге халықтардың да өнегелі істерінен үлгі алудың
ешбір сөгеттігі бола қоймас.
Достарыңызбен бөлісу: