Тамақ ауыз қуысына түскен кезде-ақ қарын сөлі шартсыз рефлекс
арқылы көп бөліне бастайды. Мұны И.П. Павлов тәбет сөлі деп атаған.
Қарын сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолмен реттеледі.
Қарын сөлінің құрамын, реттелуін И.П.
Павлов өңешті кесіп және
қарынға фистула қою және «бөлініп алынған қарынша» әдістері
арқылы зерттеді. Қарын сөлінің құрамындағы фермент – пепсиннің
әсерінен нәруыздар ыдырайды. Қарын
сөлінің құрамындағы тұз
қышқылы ферменттердің белсенділігін арттырады және микробтарды,
бактерияларды залалсыздандырады.
Асқазанда тамақтың қорытылуына ішімдік пен темекі тарту зиянды
әсер етеді. Ішімдік асқазанның кілегейлі қабығындағы бездердің
қалыпты қызметін бұзады. Ішімдікті үзбей
пайдаланатын адамдарда
асқазанның созылмалы қабынуы (хронический гастрит) байқалады.
Темекі құрамындағы никотин уы сілекей арқылы асқазанға түсіп
кілегейлі қабығының қабынуын туғызады. Кейде никотин әсерінен
асқазандағы
ұсақ қантамырлар зақымданып, ойық жаралар (язва
желудка) пайда болады. Темекіні көп тартатын адамдардың 90%-ға
жуығы асқазанның ойық жара ауруына шалдығады.
Достарыңызбен бөлісу: