Бағдарламасы түркістан өлкесіндегі XX ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ халқының МӘдени ағарту ісінің дамуы


Бағдарламаның ғылыми – әдістемелік деңгейі



бет3/8
Дата06.10.2024
өлшемі176.4 Kb.
#504351
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Рашева Г.У. Түркістан бағдарлама (Соңғы)

Бағдарламаның ғылыми – әдістемелік деңгейі: Бұл бағдарлама бұрын оқытылмаған жаңа ( автордың диссертациялық зерттеу жұмысының негізінде ұсынылып отыр, себебі 1925 жылы ТүрАКСР - інен Қазақ АКСР- іне қосылған Жетісу мен Сырдария облыстарынан 2млн. 400мыңнан аса халық қосылған, сондықтан бұл мәліметтерді өскелең ұрпақ білуге қызықты.) Түркістан өлкесіндегі XX ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ халқының мәдени-ағарту ісінің дамуы туралы берілген мәліметтер, мектеп бағдарламасына қосымша оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге үлесін қосары анық

  • Курста 8-9 сыныптың негізгі оқу бағдарламасына сәйкес қарастырылатын Түркістан өлкесі туралы мәліметтерге басымдық берілген.

  • Бағдарлама деректер мен жаңа зерттеулер негізінде жасалған.

Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 10 -сыныптарына арналған. «Түркістан өлкесіндегі XX ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ халқының мәдени-ағарту ісінің дамуы» бағдарламасы Қазақстан Республикасының білім стандартының талаптарын ескере отырып, жасалған.
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
Оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны барынша толық және нақты бейнеленген бағдарлама мәтінінен тұрады. Бағдарлама Түркістан өлкесіндегі XX ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ халқының мәдени-ағарту ісінің дамуына қатысты мәселелерді қамтиды.
Бағдарлама Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы және қазақ әдебиеті пәндерінде алған білімдерін ұштастыру қарастырылған.

Бағдарлама 34 сағатқа арналған.


10-сыныпқа арналған бағдарлама негізінен 4 бөлімнен тұрады:
I бөлім. Түркістан өлкесіндегі мұсылман ағартушылығының мәселелері (4сағат)
1.1Кіріспе. Түркістан өлкесіндегі XX ғасырдың қазақ халқының мәдени-ағарту ісінің дамуы (2сағат)
1.2 Түркістан өлкесіндегі XX ғасырдың басындағы жәдиттік мектептер(1сағат)
1.3Қазақ – орыс мектептеріндегі оқыту процесінің ерекшеліктері (1сағат)
II - бөлім. Патшалық Ресей билігіндегі Ташкент қаласының қазақ зиялыларын қалыптастырудағы орны(5сағат)
2.1.Ташкент қаласы - Түркістан генерал-губернаторлығының саяси-әкімшілік орталығы ( 2сағат)
2.2.Түркістандағы отарлық биліктің білім беру саясаты (1сағат)
2.3.Ташкенттегі қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси, мәдени қызметі (2сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет