12-параграф. II-жартыжылдық
148. Математика негіздері:
1) жиын: үлгі, ауызша нұсқау бойынша жиыннан объектілердің берілген санын таңдау; 10 ішіндегі жиындарды түрлендіру (қосу арқылы көбейту, азайту, теңестіру); қорытынды жиын мен оның бөліктері арасында байланыс орнату қабілетін дамыту: бүтін оның бөлігінен үлкен; бірдей санның бөліктері арасында өзара теңдік сәйкестікті орнату, жиыннан заттардың берілген санын санау; үздіксіз жиындарды түрлендіру (теңсіздерді теңдестіру және керісінше); сұйық және сусымалы денелер санының ыдыстардың көлемі мен пішініне тәуелсіз екені туралы түсініктерін қалыптастыру; шартты өлшемді қолданып ұзартылған, сұйық және сусымалы жиындарды өлшеу;
2) саны, санау: 10-ға дейінгі сандар мен цифрлар туралы түсініктерді бекіту, оларды тану және атау; саны 10-ға дейін заттарды санау, 10-ға дейін тура және кері санау; үлгі бойынша, мұғалімнің ауызша нұсқауы бойынша жиыннан 10 объектіні бөліп шығару; заттар санының олардың түсіне, өлшеміне және кеңістіктік орналасуына тәуелсіз екені туралы түсініктерін қалыптастыру; әртүрлі тексеру әдістерін қолдана отырып, қайта санау негізінде қашықтықта орналасқан 10-ға дейінгі объектілердің екі тобын және суреттерде көрсетілген объектілер тобын саны бойынша салыстыру; 2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарының құрамы; теңдік туралы түсініктерін қалыптастыру, топтардағы әртүрлі заттардың тең санын анықтау, санау және топтарды салыстыру негізінде сандық көрсеткіштерді дұрыс жалпылау, қарапайым есептерді шығару.
3) шама: берілген қасиеттері бар заттарды таңдап, топтарды құрастыруға үйрету; заттарды ұзындығы, биіктігі, қалыңдығы бойынша салыстыру; шартты өлшем арқылы заттарды шамасына қарай салыстыру дағдыларын қалыптастыру; арнайы ұйымдастырылған ортада үлгіден ұзынырақ (қысқалау), биігірек (аласарақ), кеңірек (тар), қалыңырақ (жіңішкерек) және оған тең заттарды табуға үйрету;
4) геометриялық фигуралар: геометриялық фигураларды: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрышты ажырату және атау; геометриялық пішінді заттарды жақын ортадан таба білу, олардың пішініне талдау жасау дағдысын қалыптастыру; геометриялық фигураларды түрлендіру, бөлшектерден құрастыру; геометриялық фигураларды ортақ белгілеріне қарай салыстыру (дөңгелек, бұрышты); геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтерін ажырату (бүйір жағы, бұрыш);
5) кеңістікте бағдарлау: берілген бағытта қозғалу, сөздік немесе көрнекі сигнал бойынша қозғалысты өзгерту қабілетін үйрету; кезкелген заттың өзіне немесе басқа затқа қарай орналаскан орнын сөйлеуде дұрыс белгілеуге үйрету; кескінді контур бойымен штрихтау және бояу, тор көзді дәптерде, парақта, жазықтықта бағдарлау, берілген бағыт бойынша графикалық диктанттарды (есту арқылы торшалармен) орындау дағдыларын бекіту.
6) уақытта бағдарлау: әртүрлі оқиғалардың реттілігі, апта күндері, тәулік уақыты туралы білімдерін бекіту; жыл айлары туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың ретін білу және атау, циферблат арқылы уақытты анықтау.
7) массаны өлшеу: салмағы бірдей және бірдей емес заттарды таба білуді, оларды алақанға салмақтап, алдымен қарама-қарсы көрсеткіштер бойынша өлшеуді үйрету; дүкендерде қолданылатын таразылар туралы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
10-ға дейін тура және кері санайды;
саны 10-ға дейін объектілердің топтарын салыстырады;
еліктеу немесе мұғалімнің сөздік тапсырмасы бойынша жиындарды түрлендіреді (көбейтеді, азайтады, теңестіреді);
ересек адамның ұсынысы бойынша алған білімдерін еркін ойында және практикалық іс-әрекеттерде пайдаланады;
қағаз парағында байдарлай алады;
геометриялық фигураларды ажыратады және атайды: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақ;
бөлшектерден геометриялық фигуралар құрастырады;
заттарды ұзындығы, биіктігі, қалыңдығы бойынша салыстырады;
жыл мезгілдеріне қарай айларын, апта күндерін атайды;
заттарды салмағы бойынша анықтайды, заттың салмағы оның көлеміне байланысты емес екенін біледі;
циферблаттағы уақытты анықтайды;
149. Құрастыру:
1) ауызша нұсқау бойынша практикалық іс-әрекеттер арқылы заттарды көлемі, пішіні, түсі бойынша салыстыруға үйрету; әртүрлі материалдардан құрылыстарды жасау; жасаған құрылымдарды шынайы өмірдегі заттармен және олардың суреттегі бейнелерімен салыстырып сәйкестендіру; құрылыс материалдарының бөлшектерін бір-біріне тақап қою, қабаттастыру, беттерстіріп қою, тұстастыру әдістерін қолдану дағдыларын бекіту; үшінші бөлікпен екі бөлікті қосу, қарапайым жабындарды, қабаттасуды жасау; конструктор бөлшектерін жазықтықта горизонталды, қатармен, бір-бірінен белгілі бір қашықтықта, бір-біріне тығыз орналастырып, вертикалды орналастыру; негізгі түстер, заттардың өлшемдері, пішіні туралы; ағаш, пластик құрылыс материалдарының қасиеттері туралы туралы білімдерін бекіту;
2) құрылыс материалдарынан құрастыру: үлгі бойынша, ауызша нұсқау бойынша, ұсынылған тақырып бойынша қарапайым құрылыстарды жасау; бір объектінің әртүрлі нұсқаларын құрастыру; қажетті өлшемдері бойынша әртүрлі көлемдегі құрылымдарды жасау; өзі жасайтын құрылысын талдау, оны құрастыру кезеңдерін жоспарлау қабілетін нығайту; ұжымдық құрастыруға ынталандыру; құрылымдармен ұжымдық және жұппен ойнау;
3) таяқшадан құрастыру: мұғалім берген фигуралардың атауына сәйкес таяқшалардан геометриялық фигураларды жасау; елестету бойынша таяқшалардан қарапайым құрылымдарын орындау;
4) құрастырмалы-ағытпалы ойыншықтардың құрастыру: 4-6 бөлікке кесілген суреттерді бүктеу; текшелерден суретті құрастыру (6 бөлік);
5) қағаздан құрастыру: қағаз цилиндрлерін қосу арқылы жануарлар мен адамдардың фигурасын жасай білуге үйрету; фигураның әртүрлі позициялары мен позаларынкөрсету, оларды қарапайым композицияларға біріктіру қабілетін қалыптастыру; дайын үлгі, қарапайым сурет бойынша жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, контур бойымен кесу, тілік жасап кесу үшін қайшыны пайдалану; қағаздан құрастыру әдістерін қолдана отырып, жазық материалды көлемді пішіндерге айналдыру қабілетін нығайту;
6) табиғи, қалдық материалдан жобалау: табиғи материалдан түрлі қолөнер бұйымдарын жасау; табиғи материалды орынды пайдалану қабілетін бекіту; табиғи және қалдық материалмен жұмыс істеу кезінде өз іс-әрекетін жоспарлау дағдыларын қалыптастыру, дербестік пен шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс істей білу; қиялды дамыту, көрнекі материалдарға сүйеніп, жоспар бойынша, өз ойынша бойынша қолөнер бұйымдарын жасау.
Күтілетін нәтижелер:
кұрастыру іс-әрекетке, құрылыстарды жасауға және олармен бірлескен ойынға қызығушылық танытады;
құрылыс материалынан қарапайым құрылыстарын жасайды;
бір объектінің әртүрлі нұсқаларының конструкциясын жасайды;
таяқшалардан геометриялық фигураларды құрастырады;
кеңістіктік қатынастарды ажыратады: жоғары-төмен, алдыңғы-артқы;
4-6 бөлікке кесілген заттық суреттерді жинайды;
қағаздан, табиғи материалдан қолөнер бұйымдарын жасайды;
жазық қағаз пішіндерін көлемді формаларға айналдырады;
сюжетті ойында құрылымдарды пайдаланады.
150. Жаратылыстану:
1) тірі және өлі табиғаттың заттары мен құбылыстары: тірі және өлітабиғат құбылыстары туралы білім, «өлі табиғат» (су, ауа, мұз айдыны, күн, бұлт, қар) ұғымымен таныстыру; өлі табиғат объектілерін адам қолымен жасалған заттардан ажырата білу; жыл мезгілдері, олардың элементарлық белгілері туралы түсініктерін бекіту; табиғаттағы маусымдық өзгерістер; табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқау дағдыларын дамыту; табиғат күнтізбесі бойынша бақылау нәтижелерін белгілеу дағдыларын бекіту; табиғатты құрметтеуге, табиғатты аялауға жауапкершілік сезімін тәрбиелеу; тірі және өлітабиғатты құрметтеуге тәрбиелеу;
2) өсімдіктер әлемі: балалардың көкөністер мен жемістер, ағаштар, бұталар туралы білімдерін бекіту; балаларды жабайы жидектер мен саңырауқұлақтарды тануға және атауға үйрету; жабық өсімдіктер туралы білімдерін бекіту; балаларды жаңа жабық өсімдіктермен таныстыру: атаулары, сыртқы түрі, құрылымы, күтім жасау әдістері; өсімдіктерді өзіне тән белгілеріне қарай атау және тану дағдыларын қалыптастыру (петуния, мариголд, бальзам) балалардың нан өсіру туралы түсініктерін қалыптастыру; нанға ұқыпты қарауға, оны өсіруге және өндіруге атсалысқан адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу; өсімдіктер әлеміне ұқыпты және қамқорлықпен қарау туралы білімдерін бекіту;
3) жануарлар әлемі: Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін атау және оларға тән белгілері бойынша ажырату дағдыларын қалыптастыру; жабайы жануарлардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту; жануарлардың жылдың әр мезгіліндегі өмір салтын анықтап, сипаттай білуге үйрету; қоныс аударатын және қыстайтын құстар туралы білімдерін тиянақтау, қоныс аударатын және қыстайтын құстарды ажыратып, атай білуге үйрету, құстардың пайдасы туралы түсініктерін бекіту; табиғат бұрышындағы тірі объектілерді күтуге арналған құрал-жабдықтар туралы білімдерін бекіту; табиғат бұрышының тұрғындары (аламан, теңіз шошқасы) туралы білімдерін кеңейту, табиғатты бақылау күнтізбесін жүргізу дағдыларын жетілдіру;
4) табиғатты қорғау: табиғатты аялауға тәрбиелеу; өсімдіктердің өсуі мен дамуы туралы түсініктерін қалыптастыру, өсімдіктердің өсуі үшін ылғал, жарық, жылу, тыңайтқыштардың қажеттілігі туралы қорытындыға балаларды жеткізу; табиғатта болу кезінде өзін-өзі ұстаудың экологиялық мәдениетінің бастапқы дағдыларын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
тірі және өлі табиғатқа ұқыптылықпен қарайды;
судың, жарықтың, ауаның, тамақтанудың және басқаларды құрметтеудің тірі заттардың өсуі мен дамуы үшін қажет екенін анықтайды;
Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін ажыратады және атайды;
жыл мезгілдерін ажыратады;
ауа райы жағдайының өзгеруін хабарлайды, табиғат күнтізбесіне белгілейді;
көкөністерді, жемістерді, жидектерді атайды және көрсетеді;
ағаштар мен бұталарды ажыратады;
суреттерден жабайы жидектер мен саңырауқұлақтарды таниды және атайды;
табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың бастапқы дағдыларын меңгереді;
табиғаттағы қарапайым мінез-құлық ережелері туралы түсініктері бар (ағаштан жапырақ үзбе, гүлді жұлма, ұяны бұзба, қоқыс тастама);
топтағы және учаскедегі өсімдіктерге күтім жасау.
13-параграф. «Шығармашылық» білім беру саласы
151. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
152. Мақсаты шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялды, байқағыштықты және қоршаған ортаны бейнелі қабылдай білуді, өз ойларын, сезімдерін көркем түрде бере білу біліктерін қалыптастыру болып табылады.
153. Міндеттері:
балалардың өнер туындыларын қабылдау қабілеттілігін, эмоционалды қатынасын қалыптастыру;
бірлесіп жұмыс жасау, жұмысты ұжыммен орындау дағдыларын қалыптастыру;
өз жұмысының нәтижесін бағалауға үйрету;
балалардың түсінігіне жақын 2-3 қазақ халқының өнер түрлерімен таныстыру;
безендірудің мәнерлі құралдарымен, балалар кітаптарындағы иллюстрациялармен, олардың авторларымен таныстыру;
балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған ортаға эстетикалық қызығушылығын арттыру;
халық ойыншықтары туралы түсініктерін кеңейту;
балаларды бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыруды жалғастыру (живопись, графика, скульптура, сәндік-қолданбалы өнер);
живопись және скульпторлық мүсіндердің туындыларымен таныстыруды жалғастыру (картиналар жәңе репродукциялық картиналар);
балаларды өнер туындыларын, олардың түрлерін дербес қарастыруды, мәнерлік құралдарына және мазмұнына көңіл аударуға баулу (ырғақ, түс, пішін, композиция).
Достарыңызбен бөлісу: |