4-тарау. Мектепалды дайындық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап)
1-параграф. 1-жартыжылдық
178. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
қоршаған ортамен таныстыру арқылы сөйлеуді, күрделі сөйлеу орамдарын, сөз тіркестердің ауыспалы мәнін түсіну даңдыларын және қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;
қоғамдағы сөйлеу мәдениеті мен мінез-құлық нормаларын сақтау туралы түсініктерді бекіту;
сұрақтарға толық сөз тіркесі арқылы жауап беру, өз өтініштерін, тілектерін білдіру, мотивін түсіндіре білу дағдыларын бекіту;
білімді үздіксіз кеңейту: қоғамда әрекеттесу және қоршаған әлем туралы түсініктерін кеңейту арқылы өзі туралы, өзін қоршаған ортасы, жиһаздың бөлшектері, ыдыс-аяқ, киім-кешек, көлік құралдары, кәсіптер мен әртүрлі кәсіптегі адамдардың еңбек ерекшеліктері, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің объектілері, жансыз табиғат құбылыстары, баланың микро және макро ортасында болып жатқан оқиғалар туралы.
Жұмыстың мазмұны.
Балалардың айналасында болып жатқан оқиғаларға кез келген қызығушылықтарын ынталандыруды жалғастыру.
Ұйымдастырылған оқу әрекетінде және басқа режимдік сәттерде балалардың сөйлеу мәдениетін сақтай отырып, этикалық нормаларға сәйкес сөйлеуін құру дағдыларын ынталандыру және жетілдіру.
Күнделікті тұрмыстық, оқу және ойын жағдайларын араайы ұйымдастыру арқылы балалардың сезімдерді көрсету, тілектерді білдіру қабілеттерін жетілдіру, балалардың айналасындағы құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас кезінде туындауы мүмкін қиындықтар туралы айту.
Балалардың білімдерін кеңейтіп, әңгіме құрастыру дағдыларын бекіту және жетілдіру жұмысын жалғастыру:
әртүрлі заттар, олардың ерекшеліктері мен маңыздары туралы;
табиғатта, жануарлар мен өсімдіктер әлемінде болып жатқан өзгерістер туралы;
әртүрлі заттардың белгілері мен сапалары туралы;
адамдар және олардың мінезінің қасиеттері, әртүрлі жағдайларда адамдар сезінетін эмоциялар туралы;
адамдардың әлеуметтік рөлдері, кәсіптері және олардың еңбектерінің нәтижелері, әр кәсіптің ерекшеліктері туралы;
еңбек процесі туралы, ата-анасының, әртүрлі мекеме қызметкерлерінің (балабақша, мектеп, дүкен, аурухана, ферма, вокзал және т. б.) жұмысы туралы;
бізді қоршаған заттар адамның еңбегімен жасалатыны туралы;
көлік құралдарының әртүрлілігі, олардың мақсаты бойынша бөлінуі және белгілі бір жұмыс түрін орындауға арналған жабдықтар туралы.
Күтілетін нәтижелер:
ауызша қарым-қатынас дағдыларын қолдана отырып, қоршаған әлемге белсенді түрде қызығушылық танытады;
жинақталған сөздік қорын қолданады, сөйлеуде заттардың атауларын, іс-әрекеті мен белгілерін атайды, өз ойын, қалауын, пайымдауын айта отырып, көсемше мен одағайларды, көмекші сөздерді және септік жалғауларын қолданады;
сюжеттік желіні сақтай отырып және маңызды оқиғаларға назар аударып, суреттер сериясы бойынша әңгімелер құрастыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |