Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. Танымдық іс-әрекетінің кемшіліктерін түзеу – «Сенсорика»



бет180/188
Дата30.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474520
түріБағдарламасы
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   188
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

3-параграф. Танымдық іс-әрекетінің кемшіліктерін түзеу – «Сенсорика»

180. Арнайы түзету қызметінің базалық мазмұны сенсорика ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады.


181. Мақсаты - ойын және өнімді іс-әрекетте заттардың қасиеттері мен сапаларын қабылдауға жағдай жасау, қоршаған дүниенің нысандары мен объектілерінің пішіні, түсі, өлшемі және зерттеу әдістері туралы түсініктерді қалыптастыру; мақсатты сынау және практикалық өлшеу әдісі арқылы заттармен әрекет ету қабілетін меңгеру; заттармен және материалдармен ойындарға оң көзқарас пен қызығушылықты қалыптастыру.
182. Тапсырмалар:
1) көру, есту, тактильді-моторлы қабылдау мен зейінді дамыту;
2) перцептивті әрекеттерді қалыптастыру (тексеру, сезіну, шығару, қою);
3) заттардың көру, тактильді-қозғалыс, есту және дәм сезу арқылы оңай ажыратылатын қасиеттерін ажырата білуге ​​үйрету;
4) бағдарлаудың ізденіс әдістерін қалыптастыру;
5) қол-көз координациясын дамыту;
6) еліктеу арқылы әрекет етудің қарапайым дағдыларды үйрету;
7) заттармен практикалық іс-әрекеттерге эмоционалды жауап пен қызығушылық тудыру;
8) әртүрлі заттармен, ойыншықтармен таныстыру;
9) ересектермен бірге заттармен қарапайым әрекеттерді орындауға үйрету.


1-тарау. Кіші топ (2 жастан бастап)


1-параграф. I-жартыжылдық

183. Көрнекі қабылдау мен зейінді дамыту:


1) көз қарауын жарқыраған затқа бекіту;
2) горизонталды жазықтың бойымен қозғалатын объектінің артынан басын бұрып және көзбен қарап бақылау;
3) қолында ұстап тұрған затты (ойыншықты) зерттеп қарауға талпындыру;
4) үстелде орналасқан екі заттың (ойыншықтың) ішінен біреуін тану және таңдап алу;
5) зейінді қалыптастыру: қуыршақтың экранның арғы жағынан алдымен бір орында, содан кейін кезекпен екі нақты жерде пайда болуын назар қойып күту;
6) ересек адамның іс-әрекетіне еліктеу: алдымен заттарсыз жасалған әрекеттеріне, кейін заттармен (ойыншықтармен) жасалынған әрекеттеріне;
7) басқалардың арасында таныс заттарды тану (өз ойыншығын табу);
8) заттармен қарапайым әрекеттерді орындау: тік сырыққа кең тесігі бар бірдей көлемдегі сақиналарды кигізу;
9) нысандарды пішіні бойынша салыстыру: дөңгелек және төртбұрышты заттарды тесіктерге итеріп кіргізу;
10) түстерді (қызыл, сары) қабаттастырып салыстыруда олардың біркелкі немесе біркелкі еместігіне назар аудара отырып: «сондай», «ондай емес» деп айтып бірбірінен ажырату;
есту қабілеті мен зейінін дамыту:
1) басты (денені) бұру арқылы дыбысты көзбен іздеуді ынталандыру;
2) тұрмыстық шуларға назар аудару;
3) дыбыс беретін ойыншықтарға назар аудару;
4) екі музыкалық аспаптың (барабан – құбыр) дыбысын тану және ажырату;
5) белгілі бір аспаптың дыбысына әрекетпен жауап беру;
6) дыбысқа еліктеуге назар аударып тыңдау, ойыншықтар мен дыбыстарды сәйкестендіру;
тактильді-моторлы қабылдауды дамыту:
1) тактильді ынталандыруға жауап ретінде қозғалыс түріндегі реакцияны тудыру;
2) материалдардың әртүрлі текстуралары бар (тегіс, тікенді) таныс заттарды сипалап қарау арқылы тану;
3) құрғақ және ылғалды беттерді ажырату;
4) геометриялық фигураларды сипалап қарау арқылы қабылдау (шар, текше);
5) ересек адамның іс-әрекетіне еліктеу, екі қолмен үлкен заттарды, бір қолмен ұсақ заттарды алып қарау;
6) өзара байланысты тура және кері әрекеттерді орындауға үйрету (жайып тастау-жинау, алу-беру, шығару-кіргізу, орын ауыстыру).
Күтілетін нәтижелер:
заттарды, ойыншықтарды зерттейді;
жақын қоршаған орта объектілерін көзбен таниды;
сипап сезу арқылы геометриялық пішіндерді (шар, текше) ажыратады;
ересек адамның түрлі заттармен (ойыншықтармен) әрекет жасауын қайталайды;
ойыншықтармен қимылдарды орындайды (жаяды-жинайды, шығарады- салады, орнын ауыстырады);
екі музыкалық аспаптың дыбысын ажыратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   188




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет