8-параграф. II-жартыжылдық
58. Математика негіздері.
1) Жиын: үздіксіз жиындарды саны бойынша салыстыру: «көп»- «аз», «көбірек» - «аздау»; екі бір-біріне тең емес зат топтарын саны бойынша салыстыру, беттестіру және тұстастыру тәсілдерін қолдану арқылы қандай заттар көп, аз екенін анықтау; екі санның көлемінде жиындарды біріктіру және бөлу операцияларын орындау; үздіксіз жиындарды сандары бойынша салыстыру (улкен шелекте құм қөбірек, кішкентай шелекте құм азырақ); дискретті және үздіксіз жиындарды еліктеу арқылы түрлендіру (көбейту, азайту): қосу аркылы көбейді, алу арқылы азайды;
2) сан, санау: «көп», «аз», «толы» «бос», 1, 2 саны туралы түсініктерін дискретті және үздіксіз жиындармен заттық -практикалық іс -әрекет жасау негізінде бекіту; 2 көлеміндегі жиынның элементтер санын амалдардың (әрекеттің) санымен салыстыру: үстелде қанша матрешка бар, сонша рет шамалақ соғу; заттарды екі көлемінде санау, заттар саны мен саусақтар санының ара қатынасын орнату, сәйкестікке келтіру; заттар мен дыбыстарды, заттар мен қозғалыстарды, дыбыстар мен қозғалыстарды сандары бойынша салыстырып, сәйкестендіру: көп, 1,2;
3) шама: заттарды биіктігі бойынша салыстыру (биік – аласа), салыстыруда заттарды қатар қойып салыстыру тәсілін қолдану; салыстырылған екі заттың арасынан биік (аласа) затты танып, көрсету; үш заттың шамасы бойынша ара қатынасын белгілеу (улкен – кіші – ең кішкентай);
4) геометриялық фигуралар: геометриялық фигураларды ажырату: шеңбер, шаршы, үшбұрыш; формасы, түсі бойынша фигураларды біріктіру; көлемді геометриялық формаларды ажырату;
5) кеңістікте бағдарлау: белгіленген бағыт бойынша қозғалу: алға, артқа, солға, оңға; өз денесінің бөліктерінде бағдарлау: жоғарыда - бас, мойын, кеуде, төменде - аяқтар, алдыңғы жағында - бет, іш, артқы жағында - арқа, сол қол, оң қол;
6) уақытты бағдарлау: жыл мезгілдері туралы білімдерді қалыптастыру: күз, қыс; тәулік мезгілдері: түн, күн.
Күтілетін нәтижелер:
«көп», «аз», «толы» «бос», 1, 2 санын біледі;
үздіксіз жиындарды саны бойынша салыстырады: «көп»- «аз», «көбірек» - «аздау»;
екі бір-біріне тең емес зат топтарын саны бойынша салыстыра алады;
үлгі негізінде заттарды саны бойынша топтастырады;
дискретті және үздіксіз жиындарды түрлендіреді (көбейтеді, азайтады);
2-3 затты шама мен биіктігі бойынша салыстыра алады;
шеңбер, шаршы, үшбұрыш геометриялық фигураларды ажыратады;
көлемді геометриялық формаларды ажыратады;
алға, артқа, солға, оңға белгіленген бағыт бойынша қозғала алады;
өз денесінің бөліктерінде бағдарлай алады;
түн, күн тәулік мезгілдерін біледі.
59. Құрастыру:
1) екі қолмен сипалау, контур бойы айналдырып сипалау зерттеу амалдарын қолданып, көлемді заттың формасын, конструктор бөлшектерін қабылдауға үйрету; еліктеу негізінде практикалық әрекеттер жасау аркылы заттарды шамасы, пішіні, түсі бойынша салыстыру; құрылыстар мен нақты объектілер және олардың суреттері арасындағы қатынасты орнату, жасалған құрылыстарды ойында пайдалану;
2) білімдерді қалыптастыру: негізгі түстер туралы, түстерді сәйкестендіру: қызыл, сары, көк; заттардың өлшемі, шамасы туралы: улкен, кішкентай, орташа; заттардың пішіні туралы (текше, кірпіш, тілімше); ағаш, пластмасс құрылыс материалдарының қасиеттері туралы;
3) құрылыс материалдарынан құрастыру: құрылыс материалдарының бөлшектерін формалары, шамасы, түсі бойынша ажырату (текше, кірпіш, тілімше); үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды жасауда түрлі құрылыс материалдарын пайдалану; заттардың үстел үстінде орналасуына қарамастан (тұр, жатыр) пішіндерін тану; 2-5 текшелерден мунара құрастыру; үлгі бойынша машинаға арналған кең жолды құрастыру; қарапайым құрылыстарды жасау: үстел, орындық;
4) затсыз құрастыру: ойыншықты құрастырып жинауды үйрету, бөлшектерді біріктіру; кеңістік қатынастарды «үстінде», «астында» үлгілеу (баспалдақта, топтық бөлмеде жаттықтыру); практикалық әрекетте өз денесінде бағдарлау: «Ойыншықты оң (сол) қолыңа ал, «Оң, сол аяғынды көтер»;
5) таяқшалардан құрастыру: үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық фигураларды құрастыру; үлгі бойынша таяқшалардан қарапайым құрылыстарды жасау (жолақша, шарбақ, жалауша);
6) құрастырмалы-ағытпалы ойыншықтарды құрастыру: затты оның контурлы суретімен салыстырып сәйкестендіру; трафарет контурымен саусақты айналдыра жүргізу арқылы жазықтык пішінді белгілеу;
7) дағдыларды қалыптастыру: конструктор бөлшетерін ұстап алу, ұстап тұру, алып жүру, орнын ауыстыру; заттарды екі қолмен ұстап зерттеу (заттарды сипалау); тексерудің беттестіру және тұстастыру әдістерін қолданып құрылыс кешендердің элементтерін : пішіні, өлшемі бойынша салыстыру; кірпіштерді жіңішке қысқа жағымен, ұзын жіңішке жағымен бір қатарға қою; кірпіштерді, тілімшелерді горизонталь бойынша орналастыру.
Күтілетін нәтижелер:
құрылыстарды жасауға және олармен ойнауға қызығушылық білдіреді;
құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстарды жасайды;
таныс құрылыстарды көрсетеді;
құрастырмалы-ағытпалы ойыншықтарды үлгі бойынша жинайды;
үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық фигураларды құрастырады;
затты оның контурлы суретімен салыстырып, ара қатынасын белгілейді;
кеңістіктік қатынастарды ажыратады: үстінде – астында;
құрылыстарын ойында қолданады.
60. Жаратылыстану:
1) тірі және өлі табиғаттың заттары мен құбылыстары: қоршаған әлемде болып жатқан өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру; табиғат құбылыстары туралы (жаңбыр, бұлт және жел); жыл мезгілдері туралы (күз, қыс); экологиялық мәдениет негізін тәрбиелеу: табиғатты құрметтеу;
2) өсімдіктер әлемі: көкөністер (қызанақ, қияр, пияз, қырыққабат) туралы білімдерін кеңейту; жемістер (алма, алмұрт, қара өрік) туралы білімдерін кеңейту; ағаштармен (қайыңмен) танысу;
3) жануарлар әлемі: жануарлармен (мысық, ит, түлкі), олардың өзіне тән белгілерімен таныстыру; жануарлардың дене мүшелерін ата; оларды дауыстарынан тану (дыбысына еліктеу); жабайы құстармен (торғай) таныстыру.
Күтілетін нәтижелер:
мұғалімнің көмегімен табиғаттағы маусымдық өзгерістерді анықтайды;
күз бен қыстың қарапайым белгілерін көрнекілік арқылы көрсетеді;
көкөністер мен жемістерді сыртқы түріне қарай ажыратады;
суретте қайыңды атайды немесе көрсетеді;
кейбір үй және жабайы жануарларды біледі;
суретте торғайды атайды немесе көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |