Бағдарламасын ( Syllabus) бекіту парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата10.09.2023
өлшемі167.69 Kb.
#477064
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Арнайы психология және педаагогикаа

Барлығы:
117
Студенттердің өзіндік зерделеуіне арналған тақырыптардың
тізімі
1. Реабилитациялық педагогиканың мәні.
2. Білім беру мекемесінің реабилитациялық-білімдендіру
ортасы. 
3. Арнайы білім беруде артпедагогика құралдарын қолдану. 
4. Дамуында ауытқу бар балалармен жұмыс жүргізуде
психотерапияның алуан түрін пайдалану: ойын психотерапиясы, құм
терапиясы, арттерапия, музыкотерапия, ертегі терапиясы және т.б.
5. Таяу және алыс шетелдегі инклюзивті білім беру.
6. Арнайы білім беру мекемесі оқушыларының әлеуметтік-
еңбектік реабилитациясы.
7. Арнайы білім беру мекемесі, отбасы және қоғамдық
ұйымдардың ынтымақтастығы.
11 Курс саясаты
Оқытушы мен студенттердің академиялық этикасының саясаты
университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу
процесіне белсенді түрде қатысу қажет. Оқу материалы бойынша
сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды
таныту өте маңызды. Оқытушы мен курстастарды сыйлау керек.
Оқытушы сөйлегенде, дауыстап әңгімелесуге болмайды, екінші
ескертуден соң студент аудиториядан шығарылады. Сабақтарды
орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамамен
расталуы қажет. Студент босатқан сабақтарының орнын оқытушының
анықтаған уақытында толықтыруы тиіс. 10 минуттан артық кешіккен
студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің
себептерін алдын-ала ескерткен жөн. Үй тапсырмасын және басқа
жазба жұмыстарды дер кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын,
тестті, емтиханды тапсыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының
консультациясына қатысу міндетті. Сабақ барысында ұялы
телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі. Сағыз шайнауға
дөрекілік пен мәдениетсіздіктің белгісі ретінде қатаң тыйым
салынады.
Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста
және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына
әсер ету. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды


уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы 100 балл қойылады.
Курсты меңгеру барысында балдар былай бөлінеді: 
- дәріске қатысу – 1 балл, конспектің бар болуы – 1
балл;
- тәжірибелік сабаққа қатысу – 1 балл, тәжірибелік
жұмысты орындау – 5 балл (оның ішінде үй
тапсырмасын орындау -3 балл, сұрақтарға жауап беру,
жаттығу жұмыстарын орындау, тақырып бойынша
талдау жасау - 2 балл).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет