Бағдарламасын бекіту туралы Жалпы ереже


Үлгілі бағдарлама негізінде кәсіби даярлық бағдарламасын жүзеге асыру



бет2/35
Дата30.06.2016
өлшемі3.84 Mb.
#167611
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Үлгілі бағдарлама негізінде кәсіби даярлық бағдарламасын жүзеге асыру

6. Кәсіби даярлық бағдарламаларын (курстар) АА АОО, азаматтық авиация кәсіпорындары мен азаматтық авиация саласында қызмет көрсететін тұлғаларды кәсіби даярлаумен айналысатын ұйымдар даярлықтың нақты түріне және қызмет көрсету саласының ерекшеліктеріне қарай жасайды.

7. Кәсіби даярлық бағдарламаларын рәсімдеудің негізгі талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 сәуір 2011 жылғы №441 «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарынан талап етілетін Сертификат талаптарын бекіту жөнінде» Қаулысымен бекітілген.

8. Кәсіби даярлық бағдарламалары (курстар) таңдап алынған оқу формасына қатысты жасалады және жүзеге асырылады.

9. Авиациалық кәсіпорындардың басшыларын, авиациялық қызметкерлерге басшылық жасау куәліктерін алуға үміткерлер мен ондай куәлігі барларды кәсіби даярлауға арналған бағдарламалардың (курстар), тек шетел тілінің жалпы аспектілерін жүзеге асыратын бағдарламаларынан басқасы міндетті түрде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

10. Азаматтық авиация саласында қызмет көрсететін басқа тұлғаларды кәсіби даярлауға арналған бағдарламалар (курстар) бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу міндеттелмеген.

11. Кәсіби даярлықтың барлық түрлері мен формаларын жүргізу кезінде CBT-ға негізделген (computer based training) материалдарды пайдалану шектелмейді және жүзеге асырылып отырған бағдарламаның (курстың) көлемімен, сондай-ақ интеллектуальдық меншікті пайдалану және қорғау мәселелерін реттейтін заңдармен регламенттеледі.



    1. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану арқылы кәсіби даярлық бағдарламалары

12. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолданудың басты мақсаты – кәсіби даярлықты ұйымдастырудың нұсқаулық және әдістемелік құжаттарының талаптарына, тестілеу нәтижелерінің шынайлығына сәйкес оқушыларды даярлау сапасы үшін міндетті жауапкершілікті сақтай отырып, оқушылардың кәсіби даярлық бағдарламасын тікелей тұрғылықты жерінде немесе уақытша келген (тұрған) мекенінде игеруіне мүмкіндік жасау.

13. Ұзақтан басқарылатын технологиялар оқушыларды әртүрлі оқу, зертханалық және тәжірибелік оқытулар (тек ұқсас конструкцияларда даярлықтан, әуе кемесінің басқа типіне (жаңа) қайта даярлаудан, жаңа техникамен технологияларды игеруден басқа), тәжірибелік (тек өндірістік және оқу тәжірибелерінен басқа), ағымдық бақылау мен аралық аттестациялау кездерінде қолданылуы мүмкін.

14. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану оқушыларды оқытудың, ағымдық бақылаудың, аралық және қортынды аттестациялаудың өзара қарым-қатынаста оқыту мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл жағдайда оқу, зертханалық және тәжірибелік сабақтарды оқытудың қаншалықты үлесі Ұзақтан басқарылатын технологияны қолдану арқылы немесе оқушылармен тікелей қарым-қатынаста болуы керектігін АА АОО, азаматтық авиация кәсіпорындары мен азаматтық авиация саласында қызмет көрсететін тұлғаларды кәсіби даярлаумен айналысатын ұйымдар өздері анықтайды.



  1. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану принципі Қызметкерлерді даярлау және процедуралар нұсқаулығында ашылып көрсетілуі тиіс.

  2. Ұзақтан басқарылатын технологиялар оған тек арнайы даярлықтан өткен басшылық, нұсқаушылық және қосалқы қызметкерлер болған жағдайда және Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану арқылы кәсіби даярлық бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін арнайы жабдықталған бөлме болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

  3. Ұзақтан басқарылатын технологияларды қолдану кезінде оқушылар оқу-әдістемелік көмекпен, оның ішінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы ақыл-кеңес формасындағы көмекпен қамтамасыз етілуі тиіс.


  1. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиациялық қызметкерлердің кәсіби даярлығының үлгілі бағдарламасы


1 Бөлімше. Мотодельтапланда ұшатын аса жеңіл авиация пилоттардың бастапқы даярлық бағдарламасы

(Ultra light aircraft pilot license – ULAPL, квалификация (MHG))



Параграф 1. Теориялық даярлық

18. Міндетті теориялық даярлық Қазақстан Республикасының ӘК аса жеңіл авиациясы пилоттарын даярлауда жалпыға ортақ болып табылады.

19. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Оқу сабақтарының жалпы көлемі 100 сағаттан кем емес.

20. Авиациялық оқу орталығы нақты мотодельтаплан үлгіге арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.

Мотодельтапланда ұшатын аса жеңіл авиация (одан әрі - АЖА) пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 2-қосымшасында берілген.

21. Мотодельтапланда теориялық даярлау курсын аяқтаған соң студент-пилот төмендегідей саладағы білімдерді игерген болуы керек:

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, аса жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (Ultra light pilot license-ULАPL);

ұшу негіздері;

мотодельтапланға қатысты әуе кемелерінің конструкцияларын жалпылай білу;

күштің қондырғыларды, жүйені және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптері;

мотодельтапландар мен олардың күштік қондырғыларын пайдалану кезіндегі шектеулер;

ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәліметтері;

ұшу сипаттарына, салмақ есептеулері мен ауырлық кіндігіне (орталығы) жүктерді жүктеу мен бөлудің әсері;

пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;

ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;

әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;

адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;

авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;

аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;

пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;

аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;

апатты жағдайда, оның ішінде қауіпті метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесінің жол іздерінің турбуленттігі және ұшуға қауіпті басқа құбылыстар кезінде тиісінше сақтандыру шаралары мен әрекеттерді қолдану;

көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.

Ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттар. Қолданыстағы авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтардың негізгі түрлері.

Параграф 2. Кабина ішіндегі жаттығу конструкциясы
22. Осы бағдарлама мотодельтаплан кабинасында ұшу оқытулары оқытылатын жаттығу құрылғысының неғұрылым аз көлемін белгілейді.

23. Мотодельтаплан кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 3 сағаттан кем болмауы тиіс.

24. Мотодельтаплан кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.

Тапсырма №1. Мотодельтапланды пайдалану

Тапсырма №2. Мотодельтапланда ұшу техникасы

Тапсырма №3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар

25. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.

Параграф 3. Жердегі даярлық
26. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.

Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары



  1. Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу

  2. Әуежайда ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу

  3. Ұшу ауданын зерттеу

  4. ӘҚО диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу

  5. Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу

  6. Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу

  7. Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу

  8. Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу

  9. Ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу

  10. Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері.

  11. Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру



Параграф 4. Ұшу даярлықтары
27. Студент-пилот 1, 2 және 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.

28. ULАPL (MHG)-қа үміткердің мотодельтапланда кемі 20 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде кем дегенде:

1) Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін мотодельтапланда пилот-нұсқаушымен 10 сағат;

2) 6 сағат жеке ұшуы, оның ішінде 2 сағат 40 км қашықтық маршрутымен жеке ұшуы;

3) 3, 15, 30 және 50 метралерге кемі 25 рет ұшуы;

4) дроссельденген қозғалтқышпен кемі 40 рет қонуы.

29. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:

1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде ӘК салмағы мен орталықтандыру есептеулері, ӘК ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;

2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедуларын зерттеу;

3) ӘК сыртқы көзге көрінетін бағдарлар бойынша басқару;

4) ұшуды өте төмен әуе жылдамдығында басқару, құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;

5) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;

6) қалыпты және қапталдан жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;

7) максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);

8) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;

9) төтенше операциялар кезінде ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет, оның ішінде борт жабдықтарының істен шығуының ұқсас кезінде;

10) әуе қозғалысы қызмет көрсетулері ережелерін, байланыс және фразеологияласын сақтау.

Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды талап етеді: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдау.

30. ULAPL(MHG) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесінде мотодельтаплан пилоты тиісті типтегі әуе кемесінің командирі ретінде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауіпсіз түрлерін орындай алатын болуы тиіс, сондай-ақ:

қатерлер мен қателіктер факторларын анықтап білуге және бақылауда ұстауға;

әуе кемесін оның шектеулі сипаттамалары кезінде басқаруға;

барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;

дер уағында шешім қабылдауға және ұшуды біліктілікпен бақылап отыруға;

аэронавигация саласындағы білімдерін пайдалануға;

ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшін әуе кемесін үздіксіз басқарып отыруға.

2 Бөлімше. Автожирмен ұшатын АЖА пилоттардың бастапқы даярлық бағдарламасы

(Ultra light aircraft pilot license – ULAPL, квалификация (GR)


1 Параграф.Теориялық даярлық
31. Міндетті теориялық даярлық Қазақстан Республикасының ӘК аса жеңіл авиациясы пилоттарын даярлауда жалпыға ортақ болып табылады.

32. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Оқу сабақтарының жалпы көлемі 100 сағаттан кем емес.

33. Авиациялық оқу орталығы нақты автожир типіне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.

Автожирмен ұшатын АЖА пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 3-қосымшасында берілген.

34. Автожирда теориялық даярлау курсын аяқтаған соң студент-пилот төмендегідей саладағы білімдерді игерген болуы керек:

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, аса жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (Ultra light pilot license-ULАPL);

ұшу негіздері;

осы әуе кемесі типіндегі әуе кемелерінің конструкцияларын жалпылай білу;

күштің қондырғыларды, жүйені және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптері;

осы әуе кемесі типіндегі және олардың күш қондырғыларын пайдалану кезіндегі шектеулер;

ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәліметтері;

ұшу сипаттарына, салмақ есептеулері мен ауырлық кіндігіне (орталығы) жүктерді жүктеу мен бөлудің әсері;

пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;

ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;

әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;

адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;

авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;

аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;

пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;

аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;

апатты жағдайда, оның ішінде қауіпті метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесінің жол іздерінің турбуленттігі және ұшуға қауіпті басқа құбылыстар кезінде тиісінше сақтандыру шаралары мен әрекеттерді қолдану;

көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.

ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттар. Қолданыстағы авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтардың негізгі түрлері.



2 Параграф. Автожир кабинасындағы жаттығу құрылғысы
35. Осы бағдарлама автожир кабинасында ұшу оқытулары оқытылатын жаттығу құрылғысының неғұрлым аз көлемін белгілейді.

36. Автожир кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 3 сағаттан кем болмауы тиіс.

37. Автожир кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.

Тапсырма №1. Автожирды пайдалану

Тапсырма №2. Автожирда ұшу техникасы

Тапсырма №3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар

38. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.

3 Параграф. Жердегі даярлық
39. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.

Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары



  1. Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;

  2. Әуежайда ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу;

  3. Ұшу ауданын зерттеу;

  4. ӘҚО диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;

  5. Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

  6. Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;

  7. Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;

  8. Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;

  9. Ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;

  10. Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері;

  11. Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.



4 Параграф. Ұшу даярлықтары
40. Студент-пилот 1, 2 и 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.

41. ULАPL (MHG)-қа үміткердің автожирда кемі 25 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде кем дегенде:

1) Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін автожирда пилот-нұсқаушымен 15 сағат;

2) 6 сағат өзі басқарып ұшуы, оның ішінде 3 сағат жеке ұшуы, оның ішінде 1 (бір) өзі 100 км қашықтық маршрутымен жеке ұшуы және өзі ұшып шыққан әуежайдан айырмашылығы бар басқа әуежайға барып толық қонып-тоқтауы;

3) дроссельденген қозғалтқышпен кемі 10 рет қону.

42. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:

1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде ӘК салмағы мен орталықтандыру есептеулері, ӘК ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;

2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедуларын зерттеу;

3) ӘК сырт көзге көрінетін бағдарлар бойынша басқару;

4) ұшуды өте төмен әуе жылдамдығында басқару, құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;

5) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;

6) қалыпты және қапталдан жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;

7) максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);

8) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;

9) төтенше операциялар кезінде ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет, оның ішінде борт жабдықтарының істен шығуының ұқсас кезінде;

10) әуе қозғалысы қызмет көрсетулері ережелерін, байланыс және фразеологияласын сақтау.

Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды талап етеді: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдау.

43. ULAPL(MHG) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесінде мотодельтаплан пилоты тиісті типтегі әуе кемесінің командирі ретінде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауіпсіз түрлерін орындай алатын болуы тиіс, сондай-ақ:

қатерлер мен қателіктер факторларын анықтап білуге және бақылауда ұстауға;

әуе кемесін оның шектеулі сипаттамалары кезінде басқаруға;

барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;

дер уағында шешім қабылдауға және ұшуды біліктілікпен бақылап отыруға;

аэронавигация саласындағы білімдерін пайдалануға;

ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшін әуе кемесін үздіксіз басқарып отыруға.




3 Бөлімше. Еркін жылу аэростатымен ұшатын жеңіл авиация пилоттарының бастапқы даярлық бағдарламасы

(Light aircraft pilot licenсe –LAPL (В))


1 Параграф. Теориялық даярлық
44. Міндетті теориялық даярлық Қазақстан Республикасының ӘК жеңіл авиациясы пилоттарын неғұрлым үлкен көлемді 3 400 текше метрлік еркін жылу аэростаттарында (одан әрі - ЕЖА) даярлауда жалпыға ортақ болып табылады.

45. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Оқу сабақтарының жалпы көлемі 100 сағаттан кем болмауы керек.

46. Авиациялық оқу орталығы нақты планер типіне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.

Еркін жылу аэростатымен ұшатын жеңіл авиация пилоттарының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 4-қосымшасында берілген.

47. LAPL (В) курсының теориялық даярлығын аяқтаған үміткерлердің төмендегідей салалар бойынша білімдері болуы керек:

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, аса жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметтері жөнінде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, аса жеңіл авиация пилотының куәлігін иеленгендердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (Light aircraft pilot licenсe-LAPL);

аэростаттар, гондол, шілтер конструкцияларын және нақты аэростатқа қатысты қолданылатынын жалпылама білу,

аэростат ұшуының негіздері мен принциптері,

жүктемені шектеу, салмақтың ұшу сипаттамасына әсері,

ұшуға пайдалану бойынша нұсқаулықтан немесе оған баламалы құжаттан пайдаланудағы шектеулер;

ұшу сипаттамасы және ұшуды жоспарлау,

гаэо баллондары және жағуға арналған газ,

пайдалану құжаттарында көрсетілген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды іс-тәжірибеде пайдалану;

ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелері бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;

әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;

адамның мүмкіндіктері, оның ішінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау принциптері;

авиациялық метеорологиялық мәліметтерді, карталарды және болжамдарды түсіну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктік өлшегіш қондырғылардың өлшемдерін өлшеу;

аэронавигацияның тәжірибелік аспектілері (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсілдері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;

аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;

көзбен шолу ұшуларының ережелері бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгізу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет;

пайдалану кезінде қатерлер мен қателіктер факторларына бақылау жасау тәсілдерін қолдану;

ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі техникалық қызмет көрсету, жедел және мерзімдік қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргізу.

2 Параграф. ЕЖА гондолындағы жаттығу құрылғысы
48. Осы бағдарлама әуе кемесі типінде кешенді жаттығу конструкциясы болмаған жағдайда ұшу оқытулары оқытылатын ЕЖА гондолының жаттығу конструкциясының неғұрылым аз көлемін белгілейді.

49. ЕЖА гондолындағы жалпы жаттығулар көлемі 3 сағаттан кем болмауы тиіс.

50. ЕЖА гондолындағы жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.

Тапсырма №1. ЕЖА пайдалану

Тапсырма №2. ЕЖА ұшу техникасы

Тапсырма №3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар

51. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.

3 Параграф. Жердегі даярлық
52. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.

Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары



  1. Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу

  2. Әуежайда ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу

  3. Ұшу ауданын зерттеу

  4. ӘҚО диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу

  5. Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу

  6. Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу

  7. Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу

  8. Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу

  9. Ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу

  10. Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері.

  11. Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет