Бағдарламасын бекіту туралы Жалпы ереже


Параграф. Нұсқаушының құзіреттері



бет5/35
Дата30.06.2016
өлшемі3.84 Mb.
#167611
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

4 Параграф. Нұсқаушының құзіреттері
152. Нұсқаушыны даярлау бағдарламасы теориялық және тәжірибелік оқытуды қамтиды. Тәжірибелік бөлшектер нұсқаушының әсіресе оқыту, қауіптерді бағалау қателіктерді басқару, пилотқа (экипажға) барлық қолжетімді қолда бар ресурстар мен құралдарды (CRM) сауатты пайдалану саласындағы нұсқаушының нақты машықтарын дамытуға бағытталуға тиіс.

153. Нұсқаушыны оқытуға және біліктілігін бағалауға мынадай стандарттар осы Үлгілік бағдарламаның 12-қосымшасында берілген.

154. Бағдарламадан өту нәтижесінде Нұсқаушының тиісті біліктілік белгісін алуға үміткер әуе кемесінің нұсқаушысы ретінде ұшу қауіпсіздігінің қолайлы деңгейімен пилот-студенттерді оқытудың тиісті түрін орындауға және мыналарды көрсетуге қабілетті болуға тиіс:

1) мынадай салалардағы білімі:

тәжірибелік оқыту әдісі;

даярлау бағдарламасын әзірлеу;

сабақты жоспарлау;

аудиториялық оқыту әдістері;

материалды меңгеру процестері;

тиімді оқыту бөлшектері;

ұшуға еліктеу тренажерларын қоса алғанда оқу құралдарын пайдалану;

олар бойынша жердегі дайындық жүзеге асырылатын пәндер бойынша пилот-студенттердің үлгерімін бағалау;

пилот-студенттер білімдер деңгейін бағалау және тексеру;

пилот-студенттердің қателіктерін талдауды және түзетуді жүргізу;

қауіптер және қателіктер факторларын бақылау принциптерін қоса алғанда ұшу даярлығына қатысты адамның мүмкіндіктері;

әуе кемесіндегі жүйелердің тоқтап қалу еліктеуімен байланысты қауіптілік;

2) мынадай машықтар:

қауіптер және қателіктер факторларын тану, талдау және бақылау;

оның сипаттамаларының шектеулері шеңберінде әуе кемесін басқару және ұшу қауіпсіздігінің қолайлы деңгейінде пилот-студенттерді әдістемелік сауатты оқыту;

барлық маневрлерді баяу және нақты орындау және оларды пилот-студентке епті көрсете білу;

уақтылы шешімдер қабылдау және ұшуда бақылауды білікті жүзеге асыру;

әуе кемесін ұшу схемасын немесе маневрін нақты орындауыд және пилот-студентке көрсетуді қамтамасыз ететіндей басқару;

оқыту кезіндегі қауіптер және қателіктер факторларын тану және бақылау;

оның сипаттамаларының шектеулері шеңберінде әуе кемесін басқару;

барлық маневрлерді баяу және нақты орындау, пилот-студентке әуе кемесінің ұшуын басқару кезінде қозғалыстарды үйлестіруді әдістемелік дұрыс түсіндіру;

уақтылы шешімдер қабылдау және ұшуда пилот-студенттің іс-әрекеттерін бақылауды білікті жүзеге асыру;

аэронавигация (ұшақ айдау) саласындағы білімдерді қолдану және оларды пилот-студентке беру;

пилот-студентті әдістемелік сауатты және қауіпсіз оқыту.



12 Бөлімше. Штурманға куәлік беру үшін кәсіби даярлаудың үлгілік бағдарламалары
155. Ұшу құрамы куәлігі бар авиациялық персонал қатарынан штурмандарды даярлау кезінде даярлау көлемі кемінде 500 сағат болуға.

156. Үміткерді оқыту штурман куәлігінің иесіне ұсынылатын мынадай салалардағы құқықтарға сәйкес келетін білімдер деңгейін игеру және көрсетуін қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 13-қосымшасында берілген.



13 Бөлімше. Бортинженер (бортмеханик) куәлігін беру үшін кәсіби даярлаудың үлгілік бағдарламалары
157. Теориялық даярлау көлемі, кемінде – 200 сағат.

  1. Ұшу даярлығының көлемі, кемінде – ХХХ сағат.

159.Үміткерді оқыту бортинженер (бортмеханик) куәлігінің иесіне ұсынылатын құқықтарға сәйкес келетін мынадай салалардағы теорялық білімдер деңгейін игеру және көрсету қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 14-қосымшасында берілген.

160. Кандидат ең болмағанда мынадай салалардағы бортинженер куәлігінің иесіне ұсынылатын құқықтарға сәйкес келетін білімдер деңгейін көрсетеді:

1) навигация негіздері, автономдық жүйелердің жұмыс принципі және пайдалану;

2) метеорология аспектілерін пайдалану.



14 Бөлімше. Бортрадисті кәсіби даярлау үшін куәлік беру үлгілік бағдарламалары
161. Бортрадисті кәсіби даярлаудың жалпы көлемі тиісті біліктілік талаптарымен анықталады және оны АУЦ ГА немесе азаматтық авиация кәсіпорны әзірлейді.

162. Радиотелефон байланысын және фразеологиясын жүргізу машықтарына және қағидаларын білуге қойылатын талаптар көтерілу күшін арттыру жүйесі бар ұшақ, дирижабль, тікұшақ және әуе кемесі пилоттарының барлық куәліктерін беруге арналған талаптарға ұқсас.



15 Бөлімше. Бортоператорды кәсіби даярлау үшін куәлік беру үлгілік бағдарламалары
163. Теориялық даярлау көлемі, кемінде – 150 сағат.

164. Ұшу даярлығының көлемі, кемінде – ХХХ сағат.

165. Үміткерді оқыту бортоператор куәлігінің иесіне ұсынылатын құқықтарға сәйкес келетін мынадай салалардағы теорялық білімдер деңгейі игеру және көрсету қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 15-қосымшасында берілген.

166. Үміткер бортоператор куәлігінің иесіне ұсынылатын құқықтарға сәйкес келетін білімдер деңгейін көрсетеді, сондай-ақ, мыналарды жасай алуға тиіс:

1) қауіп және қателік факторларын тану және бақылау;

2) әуе кемесінің сипаттамаларын және шектеулерін ескере отырып, борттық жүйелерді пайдалану;

3) дұрыс шешімдер қабылдау және ұшуда бақылауды білікті жүзеге асыру;

4) экипаждың басқа да мүшелерімен өзара байланысты жүзеге асыру.



16 Бөлімше. ӘК басқа да (жаңа) типтеріне қайта даярлау және біліктілік деңгейін қолдау үлгілік бағдарламалары
167. Осы ӘК басқа да (жаңа) типтеріне қайта даярлау және біліктілік деңгейін қолдау үлгілік бағдарламалары негізінде әзірленген әуе кемесінің ұшуын орындау бойынша персоналды қайта даярлаудың іске асырылатын бағдарламалары міндетті түрде ең кемінде үш негізгі сатыны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді:

  1. Графикалық материалдарды қолдана отырып, плакаттарды және схемаларды сондай-ақ, зерделенетін материалдарды көрсетудің аудиовизуалдық және компьютерлік құралдарын пайдалана отырып, жазылатын теориялық даярлау.

  2. Платформаның жылжымалығы, көрінудің әртүрлі санаты жағдайларында ұшып көтерілу және қонуға кіруді шолып қарау сипаттамалары бойынша тренажердың сипаттамаларын көрсете отырып, тренажерлық даярлау. Тренажерлық даярлаудың жақсырақ түрі экипаждың қалыпты шарттарда және авариялық жағдайлар кезінде нақты ұшуға сәйкес келетін проблемалық жағдайларды шешу бөлшектерін пайдалану болып табылады.

  3. Оның барлық кезеңдерінде әрбір ұшуда шешілетін міндеттер және пысықталатын бөлшектер, тізбесін көрсете отырып, ұшу даярлығы.

168. Тренажерлық және ұшу даярлығының көлемі ұшудың қауіпсіз аяқталуын қамтамасыз ететін даярлық деңгейіне қол жеткізу үшін нақты ӘК типіне және тренажердің сипаттамаларына байланысты дербес анықталады.

169. Осы бағдарламалар бойынша теориялық даярлау көлемі мынаы құрауға тиіс:

1) өте жеңіл ӘК үшін кемінде 50 сағат;

2) жеңіл ӘК үшін кемінде 100 сағат;

3) басқа да ӘК үшін кемінде 170 сағат.

170. Кәсіби даярлау бағдарламаларын іске асыру шарттары нақты даярлау бағдарламасының барлық кезеңдерінде тыңдаушыларды оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Тиісті шарттар болған кезде нақты маманды даярлау сапасы үшін бірақ АУЦ ГА (азаматтық авиация кәсіпорны) міндетті жауапкершілігі шартымен өзге ұйымдардың мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.

171. Міндеттер және жаттығулар бойынша кәсіби даярлау бағдарламаларынан өтуді есепке алу жаттығуға арналған тапсырмаларда ресімделеді. Жаттығуға арналған тапсырма нысанын АУЦ ГА және азаматтық авиация кәсіпорны өз бетінше әзірлейді. «Жаттығуға арналған тапсырма» бланкі мыналарды қамтуға тиіс, бірақ шектелмей:

1) АУЦ ГА және азаматтық авиация кәсіпорнының атауы;

2) бөлімше;

3) кімге берілді (ТАӘ, мамандығы, лауазымы);

4) ӘК типі;

5) даярлау бағдарламасы;

6) міндеттер мен жаттығулардың нөмірлері.

172. Кәсіби даярлау курсын бітіргені туралы құжаттар тыңдаушыларға бекітілген бағдарламаға сәйкес барлық кезеңдер аяқталғаннан кейін беріледі. Даярлаудың тек қана бір кезеңін бітіргені туралы құжаттар жарамсыз болып танылады.

173. Персоналды ӘК басқа да (жаңа) типтеріне арналған әуе кемесінің ұшуын орындау бойынша орындау қайта даярлаудың оқу бағдарламалары оқу пәндерінің мынадай міндетті тізбесін қамтуға тиіс:

1) ӘК ұшуда пайдалану бойынша нұсқаулық;

2) ӘК конструкциясы және оны ұшуда пайдалану;

3) күштік қондырғы конструкциясы және оны ұшуда пайдалану;

4) ұшу негіздері (тәжірибелік аэродинамика);

5) аспаптық жабдық және оны ұшуда пайдалану;

6) радиожабдық және оны ұшуда пайдалану;


  1. электрожабдық және оны ұшуда пайдалану;

  2. авариялық-құтқару дайындығы;

  3. ұшу қауіпсіздік және авиациялық оқиғалардың алдын алу;

10) әуе навигациясы;

11) авиациялық метеорология;

12) ӘК осы типін даындауды және пайдалануды ұйымдастырудың жалпы қағидалары.

13) экипаж ресурстарын басқару (CRM) бойынша білімдер бөлшектері бар ИКАО ұсынатын тәжірибе көлемінде адам факторлары.

174. Кешенді пилотаждық тренажерда оқыту бағдарламасы мыналарды қамтуға тиіс:

1) жаттығулар, міндеттер, бөлімдер, даярлау бағдарламасы бөлшектерін орындаудың бағалаудың жалпы нұсқаулары және әдістері;

2) бөлімдер, міндеттер, жаттығулар бойынша тренажерлық даярлау бағдарламасының қысқаша мазмұны;

3) орындау мақсатын және әдісін сипаттай отырып, бағдарламаны орындау тәртібі;

4) әрбір жаттығу, міндет, бөлім бойынша бағалау өлшемдері;

5) даярлауды өткізу мерзімдері және көлемі.

175. Кешенді пилотаждық тренажерда тренажерлық даярлау кемінде бір рет орындалуға тиіс:

1) 6 айда + 1 ай жылына 2 рет, жалпы көлемі жылына 16 сағат;

2) 3 айда + 1 ай жылына 4 рет жалпы көлемі жылына 12 сағат.

176. Әуе кемесінің ұшуын орындау бойынша персонал иеленіп отырған лауазымына және ұшу жұмысы тәжірибесіне қарамастан ӘК тренажерларында жүйелі түрде жаттығудан өтіп тұруға міндетті.

177. Тренажерлық даярлау үш жылдық айналымға сәйкес жүзеге асырылады.

178. Үш жылдық кезең үшін өткізілетін тренажерлық даярлау CFIT бөлшектерін қоса отырып және күштік қондырғылардың әртүрлі істен шығулары, ұшақты басқару жүйелеріндегі істен шығулар кезінде іс-әрекеттерді міндетті пысықтай отырып және өрт болған кезде қанатты механикаландыра отырып, экипаж ресурсын (CRM) барынша пайдалана отырып, оңтайлы өзара іс-әрекетке қол жеткізуге негізгі бағытталумен нақты ұшу (LOFT) шарттарын қоса алғанда барлық ерекше және аварийялық жағдайлар бойынша әзірленген сценариилер бойынша жүргізіледі.

179. Әуе кемелерінің бірнеше түрлерінде ұшуды орындайтын ұшу құрамы үшін кемінде 3 жыл мерзімділікпен әуе кемелері барлық түрлерінде жаттығулардан өту міндетті.

180. Бұл ӘК типін пайдалану мүмкіндігі болмаған кезде жеке жағдайларда даярлау бағдарламаларының ажырамас бөлігі болып табылатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша ӘК кабинасынджа тренаж өткізіледі.

181. Ұшу даярлығы бағдарламасы ұшуға оқыту бағдарламасын кеңейтілген әдістемелік сипаттауды қамтиды. Бағдарламадағы даярлау көлемі және мазмұны мыналарға байланысты:

1) алдыңғы арнайы білім деңгейі;

2) тыңдаушының ұшу жұмысы тәжірибесінің болуы;

3) бұрын экипаж мүшесі ұшқан ӘК типі;

4) оқыту (қайта даярлау) өткізілген ӘК типі.

182. ӘК басқа да (жаңа) типтеріне арналған қайта даярлау барысында ӘК ұшу даярлығы болмаған кезде (ZFTT (zero flight time training) рәсімін қолдану кезінде) даярлау бағдарламасына сәйкес ИКАО біліктілігі бойынша IV типтегі ұшу шарттарына еліктеу тренажерлық қондырғыларында даярлықты жүргізуге рұқсат етіледі (ең кемінде өзгерістері бар JAR STD IА құжатында, сондай-ақ, AC 120-40B құжатында рұқсат етілетін сәйкестікті қамтамасыз етудің балама құралдарын қоса алғанда (АМОС) өзгерістері бар FAA AC 120-40B құжатында көрсетілген С деңгейлі және D деңгейлі тренажерға (FFS) қойылатын талаптарға жауап беретін кешенді пилотаж оқу-жаттығу қондырғысы).

183. Бұл ретте бағдарламаларда даярлау курсы аяқталғанда өткізілетін және ұшу даярлығы ретінде есептелуі мүмкін әуеайлақтық жаттығуға еліктеу енгізіледі.

184. КТС (FFS) ұшу даярлығының аяқталуы мен ұшақта ұшу даярлығы арасындағы үзілістер қатаң бақылануға тиіс.

185. КТС (FFS) ұшу даярлығының аяқталуы мен ұшақта ұшу даярлығы арасындағы үзіліс 30 күннен астам болған кезінде тыңдаушы белгіленгеннен 50% көлемінде қосымша жерүсті дайындығынан өтуге тиіс.

186. Үзіліс 90 күннен астам болған кезде тыңдаушы ұшу пайдалануы бойынша басшылықты білу бойынша емитхан тапсыруға және нұсқаушының қалауы бойынша, бірақ ол бойынша бұдан бұрын дайындықтан өткен нұсқаның 25% -нен кем емес көлемде кешенді тренажердағы (FFS) ұшу дайындығынан өтуге тиіс.

187. 1 жылдан астам үзіліс болған кезде тыңдаушы толық көлемде кешенді тренажердағы (FFS) теориялық даярлықтан және ұшу дайындығынан өтеді.

188. Әуе кемесінің ұшуын орындау бойынша кәсіби персонал бағдарламасын (ұшу құрамын даярлау бағдарламасын, пилоттарды даярлау бағдарламасын) осы Үлгілік бағдарламалар негізінде пайдаланушы әзірлейді және оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін ұшу экипажының барлық мүшелерін тиісінше даярлауды қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ:

1) жер үсті және ұшу даярлығы құралдарын, тиісті біліктіліктегі оқытушылар мен нұсұаушылары көздейді;

2) ұшу экипажының мүшелері жұмыс істейтін әуе кемелері түрінде (түрлерінде) жер үсті тренажерлық және ұшу даярлығынан тұрады;

3) ұшу экипажы мүшелерінің өзара іс-әрекетін пысықтауды, сондай-ақ, күштік қондырғының, планердің немесе жүйелердің ақаулығынан, өрттен немесе басқа да теріс факторлардан болған авариялық және айырықша жағдайдың немесе режимнің барлық түрлерінде іс-әрекеттерге оқытуды қамтиды;

4) білімдер мен машықтарға ие болу, ұшуды жүргізудің болжанатын ауданында көзбен шолып ұшуды және аспаптар бойынша ұшуды, қауіп және қателіктер факторларын бақылауды қоса алғанда адамның жұмысқа қабілеттігін әуе кемелерімен қауіпті жүктер тасымалдау мақсатында дайындықты қамтиды;

5) оқытуды әуе кемесінің ұшуын орындау жөніндегі бүкіл персонал оның жүзеге асыруға тиіс функцияларын және бұл функциялар оның ішінде штаттан тыс немесе авариялық рәсімдерді орындау кезінде әуе кемесі экипажының басқа да мүшелерінің функцияларымен қалай байланысты екендігін білетіндей есеппен жүргізуді қамтамасыз етеді;

6) жұмысқа жаңадан қабылданған ұшу экипажы мүшесінің міндеттерімен және функцияларымен, ұшуды орындау жөніндегі пайдаланушының талаптарымен танысуын көздейді;

7) әуе кемесінің жаңадан игерілген түріндегі көрсетілген шарттарда ұшуды орындау басталғанға дейін емтихан тапсыруды қоса алғанда RVSM және RNP шарттарында ұшуға теориялық даярлықты көздейді.

189. Бағдарламалар тәжірибелік бағыттылыққа ие болуға, ӘК нақты түрінде ұшуды орындау ерекшеліктерін, жаңа борттық жабдықты пайдалану қағидаларын, ерекше жағдайлардағы іс-әрекеттермен, авиациялық техниканың істен шығуы және адам факторы бойынша ұшу оқиғаларын талдаумен байланысты теорялық сұрақтарды қайталауға, жаңадан қабылданған отандық және халықаралық стандарттарды және қағидаларды зерделеуді көрсетуге тиіс.

190. Әуе кемесінің ұшуын орындау жөніндегі персоналдың біліктілік деңгейін қолдау бойынша оқу бағдарламалары осы Үлгілік бағдарламаларының тиісті бөлімдері негізінде әзірленген мынадай оқу курстары осы Үлгілік бағдарламаның 16 қосымшасында берілген.

191. Кәсіби деңгейді қолдау бойынша талаптар қашықтықтан оқытудан өту немесе жазбаша емтихандарды тапсыру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.

192. Әуе кемесінің нақты түрінде ұшу даярлығына қатысты талаптар орындалған болып есептеледі, егер:

1) осы мақсат немесе кабинадағы тренаж үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган рұқсат берген ұшу шарттарын еліктеу тренажерлық қондырғылары пайдаланылса;

2) белгілі бір уақыттан кейін әуе кемесінің осы түріндегі даярлау деңгейін тексеру (әуедегі тәжірибелік жұмысты және авариялық жағдайда іс-әрекет ете білуді тексеру) жүргізілсе. Бұл тексерулер кемінде 120 күн аралықпен кез келген кейінгі 12 ай ішінде жүзеге асырылады (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен кешенді тренажердегі (FFS) бір тексеру рұқсат етіледі). FFS тексеру көлемі кемінде 2 сағат.

193. Әуе кемесінің ұшуын орындау жөніндегі персоналдың біліктілігін тексеру бағдарламасы көлемі бойынша көрсетілгеннен төмен болмайды:

1) тексеру алдында ӘК-те FFS тренажердегі жаттығу орындалуға тиіс, FFS жаттығудан өту мерзімі ұшу тексеруін өткізгенге дейін (әуе компаниясының РПП сәйкес) 6 айдан немесе 3 айдан аспауға тиіс.

2) әуеде тәжірибелік жұмысын (ұшуды басқару және навигация техникасы) тексеру пилоттар және штурмандар, пилот-емтиханшы (әуе кәсіпорнында штурман-емтиханшы болған кезде рұқсат етіледі жүргізу тексеру штурман-емтиханшы) үшін бір тексеру жүргізіледі

3) жүргізіледі одной тексеру үшін пилоттар және штурмандар, пилот-емтиханшы (әуе кәсіпорнында штурман-емтиханшы болған кезде штурман-емтиханшының тексеруді жүргізуіне рұқсат етіледі), бортрадисті ӘК командирі тексеруі мүмкін, ұшу және кабиналық экипажының басқа да мүшелері үшін тексеру мамандық бойынша тиісті нұсқаушылар жүргізеді;

4) аспаптар бойынша ұшуға және түнгі ұшуға жіберілген ӘК-де тексеру күндізгі және түнгі ұшуда орындалады. Тексеруді орындауға рейстік шарттарда 2 ұшу (1 күндіз және 1 түнде), әуеайлақтық шарттарда 2 ұшу (күндіз және түнде немесе тек қана түнде 4 кіру) жүргізуге рұқсат етіледі. Тексерудің жалпы уақыты тексеруші минимумынан төмен емес метеошарттарда кемінде 1сағ.30 минут;

5) аспаптар бойынша ұшуға және түнгі ұшуға жіберілмеген ӘК-де тексеру жоғарыда айтылған әдістемеге сәйкес тексеруші минимумынан төмен емес метеошарттарда күндіз (қажеттілігіне қарай көріну шектеулеріне еліктей отырып) жүргізіледі;

6) басқарудың барлық түрлері бар, бір орынды моторлы және моторсыз өте жеңіл ӘК-де тексеруді ұшуды басқарушы пилоттың және нұсқаушының екі жақты көру алаңында жерде болып, пилот-нұсқаушы жүргізеді (тексерудің жалпы уақыты кемінде 1 сағат, тексеруді орындауды қаматасыз ететін метеошарттар кезінде ұшу санын нұсқаушы анықтайды), екі орындық ӘК-де тексеру ӘК кабинасында жүргізіледі;

7) тексеру түрлеріне байланысты ұшу кітапшасына жазба ресімделеді, тексерудің біліктілік актісі немесе жаттығуға арналған (қажеттілігіне қарай) ғимаратта жазба ресімделеді.

194. Даярлаудың нормативтік мерзімділігі ішінде бекітілген оқу жоспарын міндетті орындай отырып, модульдік принцип бойынша біліктілік деңгейін қолдау бағдарламаларын жасақтауға рұқсат етіледі.

195. Біліктілік деңгейін қолдау курстарында жыл сайынғы теориялық даярлаудан өту кезінде алынған бағалар 12 ай + 1 ай ішінде әуе кемесінің ұшуын орындау жөніндегі персонал куәлігінің қолданыс мерзімін ұзарту үшін жарамды.

196. Біліктілік деңгейін қолдау бойынша курс пәнін қамтитын ӘК басқа (жаңа) түріне қайта даярлау куәлікті ұзарту кезінде есептеледі. Сынақтарды мерзімінен бұрын тасыруға және біліктілік деңгейін қолдау бойынша курстан өту туралы куәлікті беру үшін жетіспейтін үлгілерден өтуге рұқсат етіледі.

197. Ұшу-нұсқаушылар құрамын бастапқы даярлау және біліктілік деңгейін қолдау бағдарламаларды әзірлеу кезінде мазмұнына оқу пәндерінің мынадай міндетті тізбесін қосу керек:

1) әуе заңнамасы;



  1. ұшуға оқыту әдісі;

3) ұшу жұмысын ұйымдастыру;

4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

5) авиациялық психология және экипаж ресурстарын басқару әдістері;

6) ұшу қызметінде CFIT проблемасы;

7) АА кәсіпорны ұшу бөлімшесіндегі ұшу ақпаратын жинау құралдарының деректерін талдаудың қазіргі заманғы әдістері.

198. Экипаж мүшелерінің әуе кемесінің басқа (жаңа) түріне оқу-ұшу даярлығы (қайта даярлау) курстары бойынша ұшуды орындауға рұқсат алу үшін азаматтық авиация нұсқаушылар құрамын кәсіби даярлаудың оқу бағдарламалары теориялық (жер үсті) даярлау, тренажерлық даярлау және ұшу даярлығы кезеңдерінен және оқу пәндерінің мынадай міндетті тізбесін қамтуға тиіс:

1) авиациялық педагогика негіздері;

2) авиациялық психология негіздері;

3) ұшуға оқыту әдісі.

199. Нұсқаушылар құрамын бастапқы даярлау кезінде теориялық оқыту мерзімі кемінде 100 оқу сағаты, біліктілік деңгейін қолдау кезінде – кемінде 72 оқу сағатын, экипаж мүшелерінің әуе кемесінің басқа (жаңа) түріне оқу-ұшу даярлығы (қайта даярлау) курстары бойынша ұшуды орындауға даярлау кезінде – кемінде 48 оқу сағаты болуға тиіс.


17 Бөлімше. Кабиналық экипаж мүшелерін (бортсеріктерді)

кәсіби даярлаудың үлгілік бағдарламалары
200. Осы Кабиналық экипаж мүшелерін кәсіби даярлаудың үлгілік бағдарламалары кабиналық экипаждың мүшелерінің, ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің рәсімдері және қосымша бағдарламалар есебінен, мысалы жолаушыларға сервистік қызмет көрсету және т.б. бойынша ұлғайтылуы мүмкін штаттан тыс және авариялық жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша ең төменгі кәсіби даярлау көлемін регламенттейді.

201. Кабиналық экипаждың мүшелерін кәсіби даярлау белгіленген Біліктілік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етеді және мынадай кезеңдерден тұрады:

1) бастапқы даярлау;

2) қайта даярлау;

3) кәсіби деңгейді қолдау.

202. Бастапқы даярлау кабиналық экипаж мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келу үшін бастапқы, біліктілік білімдерін және машықтарын алуды, сондай-ақ, дамытуды қамтамасыз етеді. Бастапқы даярлаудан бұрын кабиналық экипаж мүшесі ретінде жұмыс істемеген барлық тұлғалар өтеді.

203. Қайта даярлау пайдаланылатын жабдықтың бейіні, жұмыс сипаттамасы немесе шарттары (жаңа рәсімдерді енгізу), мамандық, мамандану, жұмыс бейіні өзгерген кезде, сондай-ақ, жүйелерді, жабдықты пайдалануға рұқсат алу және біліктілік белгілерін алу үшін жүргізіледі.

204. Кәсіби деңгейді қолдау жаттығулар жолымен білімдер мен машықтарды қолдауды, тәжірибелік жаттығуларды, бақылау тексерулерін орындауды, ұжымдық жұмыс машықтарын қоса алғанда, қолданыстағы білімдер мен машықтарды кеңейтуді, жүйелердің немесе жабдықтың өзгерістерімен танысуды, жаңа ресімдер мен тәжірибелерді зерделеуді, сондай-ақ, жұмыстағы үзілістерден кейін 6 айдан астам кәсіби машықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

205. Кабиналық экипаждың мүшелері (бортсеріктер) үшін осы Үлгілік бағдарламалардың талаптарына сәйкес пайдаланушының кабиналық экипаждың мүшелерін кәсіби даярлауды ұйымдастыруы олардың әрқайсысының төмендегілерді:

1) ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен және авариялық және штаттан тыс жағдайлардағы іс-әрекеттермен байланысты оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындай алуын;

2) бортта құтқару желеткелері, құтқару салдары, авариялық басқыштар (астаушалар), авариялық шығулар және люктері, тасымалды өрт сөндіргіштер, оттегі жабдығы және медициналық дәрі қобдишалары сияқты авариялық-құтқару жабдықтарын пайдалана білуін;

3) 3000 м (10 000 фут) астам биіктікте ұшуды орындайтын ұшақтарды жұмыс кезінде оттегі жетіспеушілігінің салдарлары туралы, бітемеленген ұшақтарда жұмыс кезінде бітеменің ашылуынан туындайтын физиологиялық құбылыстар туралы білуін;

4) бұл бортсеріктің өз міндеттерін орындау үшін қаншалықты қажетті авариялық жағдайда экипаждың басқа да мүшелерінің міндеттер мен функцияларын білуін; және

5) жолаушылар кабинасында жүргізлуі мүмкін және жүргізілмейтін қауіпті жүктердің түрлерін білуін және қауіпті жүктер бойынша даярлау бағдарламасынан өтуін қамтамасыз етеді.

206. Бортсеріктерді кәсіби даярлау кезеңдері мыналардан тұрады:


  1. теориялық даярлау;

2) тренажерлық даярлау;

3) тәжірибелік даярлау.

207. Теориялық негізінен даярлау оларға қосымша авариялық жағдайларда іс-әрекеттерді пысықтау мақсатында тәжірибелік жаттығулар және жаттығулар орындалатын сыныптағы лекциялық сабақтар түрінде жүргізіледі, бұл оқушыларға олардың өздерінің кәсіби міндеттерін табысты орындау үшін қажетті машықтарды жақсы меңгеруіне мүмкіндік береді. Теориялық даярлау оқытудың мынадай негізгі нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін:

1) құрамдастырылған.

2) стационарлық күндізгі (кешенді, үлгілік);

3) модульдік;

4) сырттай;

5) қашықтықтық.

208. Тренажерлық даярлау бастапқы даярлаудың міндетті бөлігі болып табылады және жұмыстың тәжірибелік машықтарын пысықтауға және жетілдіруге мүмкіндік беретін нақты штаттан тыс және авариялық оқиғаларға еліктеуге мүмкіндік беретін өндірушінің пайдалану шарттарына сәйкес келетін арнайы тренажерлық кешендерде, жеке тренажерларда немесе әуе кемелерінде жүргізіледі. Тренажерлық даярлау оқытудың мынадай негізгі нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін:

1) стационарлық күндізгі (кешенді, үлгілік);

2) құрамдастырылған;

3) модульдік.

209. Тәжірибелік даярлау тағайындалған уәкілетті тұлғаның басшылығымен жүзеге асырылады және жұмыс орнындағы функционалдық міндеттерді тікелей орындаумен байланысты (өз бетінше ұшуға рұқсат алу, біліктілік алу).

210. Әрбір оқушы міндетті түрде ұшу алдындағы даярлығы барысында, ұшуда, қону алдында және қонудан кейін өзінің функционалдық міндеттерін білуін және машығын тексеру үшін жеткілікті уақыттың осындай кезеңі ішінде білімдерін бақылау тексеруінен өтеді. Бұдан өзге, жаттығулар және тексерулер мұндай тренажерлардың техникалық мүмкіндіктеріне байланысты көлемде тренажерларда орындалуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет