Бағдарламасын бекіту туралы Жалпы ереже


Параграф. Ұшу жетекшілерін (ұшу жетекшілерінің міндеттерін атқаратын аға диспетчерлер) және



бет7/35
Дата30.06.2016
өлшемі3.84 Mb.
#167611
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35

2 Параграф. Ұшу жетекшілерін (ұшу жетекшілерінің міндеттерін атқаратын аға диспетчерлер) және

ӘҚҚК диспетчер-нұсқаушыларды дайындау
279. ӘҚҚК диспетчер-нұсқаушыларын дайындау бағдарламасы келесі салалардағы қажетті білімді игеруін қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 26-қосымшасында берілген.

280. Диспетчер-нұсқаушыларды дайындау бағдарламасы бойынша жалпы теориялық көлем 60 сағаттан кем болауы керек.

281. Ұшу жетекшілерін (ұшу жетекшілерінің міндеттерін атқаратын аға диспетчерлер) даярлау бағдарламасы келесі салалардағы қажетті білімді игеруін қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 27-қосымшасында берілген.

282. Ұшу жетекшілерін (ұшу жетекшілерінің міндеттерін атқаратын аға диспетчерлер) дайындау бағдарламасы бойынша жалпы теориялық көлем 60 сағаттан кем болмауы керек.

283. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациалық саласындағы нормативтік-құқықтық актілерімен айқындалынатын қызметкерлерді кәсіби даярлау барысында жаңа және қосымша талаптардың енгізілуінің жүзеге асуы кәсіби даярлауда міндетті түрде болып табылады, ал жалпы сағат саны үйлемімді(пропорционалды) өзгереді;

284. Теориялық дайындықтардың аяқталуна қарай ұшу жетекшісінің қызметіне (ұшу жетекшісінің міндетін атқаратын аға дисптечер) үміткер тиісті сынақ мерзімінен өтуі қажет. Диспетчер-нұсқаушы және аға диспетчер (ұшу жетекшісінің міндетін атқармайтын аға дисптечер) қызметіне тағайындағанда сынақ мерзімі қажет етілмейді.



3 Параграф. Жұмысқа рұқсатнама алу үшін сынақтық мерзімнің ұйымдастырылуы
285. Жұмысқа рұқсатнама алу үшін сынақтық мерзімге тек қана кәсіби дайындықтан өткен, оқуды бітіргені туралы қағаздары, жұмысқа жарамды деген медициналық қорытындысы бар (жоспарлаушы, әуе қозғалысын үйлестіруші және бақылаушы диспетчерлерінен, Брифинг диспетчерінен, БО ӘҚЖ ауысымның басшысынан басқа, ӘҚҚК диспетчерлеріне, жоспарлаушы, әуе қозғалысын үйлестіруші және бақылаушы диспетчерлеріне, Брифинг диспетчеріне рұқсат етіледі.

286. Сынақтық мерзім басшылардың қарамағында және нұсқаушының, емтихан қабылдаушының үнемі бақылауында болып жұмысқа тиісті рұқсатнама алу мақсатында жүргізіледі.

287.Нұсқаушы сынақтан өтуші туралы объективті деректердің және жеке әңгімесінің негізінде сынақтан өтуге қажетті құжаттарды оқу мерзімі, Жаттығу құрылғысымен дайындықтың мерзімі мен мазмұны, тәжірбиелік ӘҚҚК басталу уақыты анықталатын жеке жоспарын құрастырады. Қажеттілік туындалған жағдайда нұсқаушы сынақтан өту жоспарына өзгерістер енгізеді.

288.Сынақтан өтуге жеке жоспарды құру барысында қосымша сынақтан өтушіні қосымша тесттілеу рұқсат етіледі.

289. Сынақтан өту мерзімі төменде көрсетілген білім мен дағдылардың игеруін қамтамасыз етуі керек:

1) аэдродромның бас жоспары және оның физикалық мінездемесін оқу;

2) ӘҚҚК қызметінің жеделдетілген құрылымын оқу;

3) әуе кеңістігінің құрылымын оқу;

4) диспетчерлік пункттерде ӘҚҚК жалпы техникалық үрдісін оқу;

5) ұшу өндірісінің нұсқауларын оқу (аэродромның аэронавигациялық паспорты);

6) нақты диспетчерлік пунктерде пайдаланылатын анықтамалық материалдармен танысу;

7) диспетчерлік пункттермен іргелес бақылау органдарының ұшу үйлесімдерінің тәртіптері мен маңызды қарым-қатынастарын оқу;

8) диспетчерлік пункттерді метрологиямен қаматамасыз етуімен таныстыру;

9) әуе қозғалысына қызмет атқару барысында ұшуды радиотехникалық жүйелермен қаматамасыз етуімен танысу;

10) жер бетіндегі байланыс жабдықтарымен танысу;

11) ӘҚҚК ерекшіліктерін және диспетчерлік пункетрді зерделеу (жабдықтар және оларды пайдалану);

12) нақты диспетчерлік пункттерде және фразеологиялық радио алмасу ережелерін қолданудағы ӘҚҚК диспетчерінің жұмыс технологиясымен танысып үйрену;

13) тәжірбиелік қызмет (дайындық).

290. Негізгі жұмыс орнынан басқа сынақтық мерзімінің өтуі барысында іргелес диспетчерлік пункттердегі жұмыстармен таныстыру 20 сағат көлемінде

кем болмайды.

291. Осыдан кейін нұсқаушы (емтихан қабылдаушы) сынақтан өтушінің білімін тексеріп, тәжірбиелік дайындыққа бастамалық даярлығы туралы шешім қабылдайды.

292. Тәжірбиелік дайындық диспетчерлік жаттығу құрылғысымен немесе бекітілген жеке жоспарға сәйкес жұмыс орнында өткізіледі.

293. Нұсқаушының қадағалауымен тәжірбиелік дайындық нұсқаушысының әуе қозғалысына қызмет атқарудың нұсқаушылық және сынақтан өтушінің ӘҚҚК (жоспарлаушы, бақылаушы, және әуе қозғалысын үйлестіруші диспетчер, Брифинг диспетчері, ГЦ ӘҚЖаусымының басшысы) диспетчері ретінде жұмысына көрсетілімін қамтиды.

294. ӘҚҚК диспетчеріне нұсқаушылық көрсетілімі ӘҚҚК нұсқаушысының сынақтан өтушінің қатысуымен тәжірбиелікті қамтамасыз етіп, төмендегі аталғандармен қоса жүреді:

1) әуе жағдайының мінездемелік мысалдарының түсініктемелерімен;

2) әуе жағдайының рәсімдерінің бақылауы мен амалдарының

түсініктемелерімен;

3) диспетчерлік шешімдерінің қабылдануы мен берілуінің

түсініктемелерімен;

4) ӘҚҚК барысында зейіннің үйлесуі туралы ұсыныстарымен;

5) РТС ӘҚҚК пайдалану туралы ұсыныстар;

6) іргелес диспетчерлік пунктермен қарым-қатынастарының тәртіптерінің ұсыныстарымен.

295. Нұсқаушының қадағалауымен сынақтан өтушінің ӘҚҚК диспетчері жұмысы (жоспарлаушы, бақылаушы, және әуе қозғалысын үйлестіруші диспетчер, Брифинг диспетчері, ГЦ ӘҚЖ аусымының басшысы) жартылай немесе толығымен диспетчердің міндеттерін атқаруы қарастырылады және төменде көрсетілгендермен қоса жүреді:


  1. нұсқаушының сынақтан өтушінің іс-әрекеттері мен жағдайдың дамуын үзіліссіз қадағалауымен;

  2. сынақтан өтушінің нұсқаудың болдырмауына немесе жаңа нұсқауларды орныдау туралы әрекеттеріне уақытылы араласуна нұсқаушының үнемі дайындығы;

  3. сынақтан өтушіге қиыншылықтар туындалған жағдайда нұсқаушының түсініктемелер, ұсыныстар және жәрдем беруі.

296. Емтихан қабылдаушы сынақтан өту мерзімі аяқталғаннан соң

алынған білімдерін, дағдыларын және ептіліктерін тиесілі түрде тексеріс

жүргізіп, диспетчерлік пунктте (жұмыс орнында) жұмысқа кірісуіне даярлығы

туралы шешім қабылдайды.

297 ӘҚҚК кезекті рұқсатнама алу үшін сынақтық мерзім ӘҚҚК алғашқы рұқсатнама алғаннан кейін 6 айдан кем болмайды.

298. Егер де ӘҚҚК диспетчерінде басқа немесе басқа бөлімшелер бойынша біліктілік белгісі болатын болса, сынқтан өту мерзімі 70% төмен емес көлемге төмендетіледі.

299. Іргелес ӘҚҚК пункттеріне жұмысқа рұқсатнама әр диспетчерлік пункттерден ӘҚҚК рұқсатнамасын алғаннан соң ғана рәсімделінеді.

300. Жоспарлаушы, бақылаушы, және әуе қозғалысын үйлестіруші диспетчерінің, Брифинг диспетчерінің, ГЦ ӘҚЖ аусымының басшысының сынақтық мерзімдері осы бағдарламаның пункттеріне сәйкес, тиесілі рұқсатнама алуымен жүзеге асырылады.



4 Параграф. ӘҚҚК қызметкерлерінің және ұшу жоспарлаушыларының кәсіби деңгейін қолдау
301. Бағдарламаның мазмұны ғұзырлы бағалау элементтерін қоса радиотелефондық байланыста қолданылатын тілді оқытуды қоспағанда, 72 сағаттан кем емес көлеміндегі алғашқы және жаңадан дайындықта алынған білімдері мен дағдыларын қолдауын қаматамасыз етуі қажет

302. Кәсіби деңгейді қолдау курстар, тренингтер және семинарлар түрінде, сонымен қатар осы типтік бағдарламада көрсетілген бастапқы дайындық тақырыбының мерзімділігіне байланысты қашықтық түрде де ұйымдастырылады және талап етілетін мерзім бойынша бірге жүргізілетін бір ғана курстық түрінде де, жеке модульдік түрінде де жүзеге асырылады.

303. ӘҚҚК диспетчерлерінің (аға диспетчерлері, ұшу жетекшілері, ұшу жетекшісінің міндеттерін атқаратын аға диспетчерлер) диспетчерлік пункттердің жоспарлаушы, бақылаушы, және әуе қозғалысын үйлестіруші диспетчерінің, Брифинг диспетчерінің, ГЦ ӘҚЖ аусымының басшысының, қызмет жетекшілерінің кәсіби деңгейін қолдау мерзімділігі әр үш жылда өткізіліп отырылады.

304. Кәсіби деңгейді қолдау келесі мақсаттарда өткізіледі:

1) мамандандыру бойынша мерзімді кәсібилікті қолдау;

2) ИКАО шкаласы бойынша радиотелефондық байланыста пайдаланылатын тілдің меңгерілуін жұмыс деңгейінде қолдау;

3) ӘҚҚК рәсімдері және ұшуды жоспарлау, әуе қозғалсының және ұшудың жоспарлауының техникалық жабдықтау жүйесінің ұйымдастырылуы бойынша білімді жаңарту;

4) штаттық емес, қауіпті және апаттық жағдайлардағы іс-әрекеттерге үйрету;

5) қатерлер мен қателіктердің факторларын қадағалау ұстанымдары,

сонымен қатар (TRM) тобының жұмысын оңтайландыруға дайындығын қоса алғанда адамның мүмкіндіктерінің және шектеулерін қарастыру

6) 6 айдан жоғары жұмыста үзіліс болған жағдайда мамандардың кәсіби дағдыларын қалпына келтіру;

305. Бағдарламадағы кәсіби деңгейді қолдауды міндетті түрде жүзеге асыру алдындағы көрсетілген 1, 4 және 5 пункттердегі мақсаттар болып табылады.

306. ИКАО шкаласы бойынша ағылшын тілін меңгеру өз еркімен жүзеге асырылады, жеке және жүйелендірілген курстар, тренингтер, курстың бір бөлігі кәсіби деңгейді қолдау бойынша болғандықтан радиотелефондық байланыстарда тілді меңгеру талаптарын орындалуы аэронавигациялық ұйымдардың саясатымен ұйымдастырылады.

307. Рәсімдер, аэронавигациялық ұйымдардың техникалық жабдықтары

бойынша білімді жаңарту аэронавигациялық ұйымдарда (қажеттілік болған кезде) техникалық оқыту, тәжірбиелік және жаттығу құрылғысымен дайындық түрінде де, сонымен қатар жеке курстар, тренингтер түрінде авиациалық оқу орталығында да жүзеге асырылады. Бағдарламаның (жоспар) өкілетті органдарда бекітілуі талап етілмейді.

308. Кезекті мерзімнен кеш болмай, жеке және жеделді түрде қажеттілік жағдайларда аталынған түр жоспардан тыс өткізілуі мүмкін.

309. ӘҚҚК мамандарының кәсіби дағдыларын қайта қалпына келтіру жүзеге асырылады:

1) алты және он екі айға дейін жұмыстан үзіліс болғанда- рұқстанама бар кезде жұмыс орнында жаттығу құрылғысымен дайындықтың өткізілуі және тәжірбиелік дағдыларын тексерілуі;

2) бір жылдан жоғары жұмыстан үзіліс болғанда-кәсіби деңгейді қолдау, сынақтық мерзім, жаттығу құрылғысымен дайындық, теориялық және тәжірбиелік дағдылардың бағдарламасы бойынша оқытылады. Маманның дайындық деңгейіне байланысты диспетчерлік пунктке белгіленген бастапқы рұқстанамадан 70% төмен емес көлемнің төменденуі рұқсат етіледі.

310. ПВД мамандарының кәсіби дағдыларын қайта қалпына келтіру келесі аталған түрде жүзеге асады:

1) 6 айдан 12 айға дейін жұмыстан үзіліс болғанда-жұмыс орнында тәжірбиелік дағдыларды тексеру;

2) жұмыстан бір жылдан астам үзіліс кезінде- кәсіби дәрежені қолдау бағдарламасы бойынша бойынша оқытып, сынақтық мерзімді өте, теориялық және тәжірбиелік дағдыларын тексеру.Бастапқы диспетчерлік пунктегі рұқсатнамасына белгіленген маманның дайындық деңгейіне байланысты 70 % төмен емес сынақтық көлем қысқаруы мүмкін



5 Параграф. Теориялық білімді, тәжірбиелік дағдылар мен ептілікті тексеру
311. ӘҚҚК қызметкерлерінің теориялық білімдерін тексеру және әуе қозғалысының жоспарлануы рейтингтік шкала бойынша бағалаумен немесе өкілетті емтихан қабылдаушылармен компьютерлік техниканы қолдана тест түрінде жазбаша немес ауызша түрде алынады.

312. Теориялық білімді тексеру жүзеге асады:



  1. ӘҚҚК диспетчерлерінің куәлік, жұмысқа бастапқы рұқсатнама алуы;

  2. кейінгі біліктілік белгіні иелену (растау);

  3. куәліктің жарамдылық мерзімін ұзарту;

  4. Жеке, дара жұмысқа рұқсатнама болғанда;

  5. бұзушылықтар болып авиациялық келіспеушіліктер немесе авиациялық оқиғаларға әкеліп соққанда;

  6. бір жылдан жоғары жұмыстан үзіліс болғанда;

313. Теориялық білімділік келесі салалар бойынша тексеріледі:

  1. Әуе кеңістігі, әуе кемелерінің ұшуына аэронавигациялық қызмет атқару саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының негізінде;

  2. әуе қозғалысына қызмет көрсету;

  3. жұмыс технологиясы, радио типтік фразеология және байланыс ережелері;

  4. ұшуды метрологиялық қамтамасыз ету;

  5. аэродинамика және әуе кемелерінің ұшу-техникалық мінездемелерінің негіздері;

  6. ұшуды навигациалық қамтамасыз ету (штурманды);

  7. ұшуды радио техникалық қамтамасыз ету.

314. Жұмысқа рұқсатнамалары бар ұшу жетекшілері мен ӘҚҚК мамандары авиациялық оқиғаның немесе авиациялық келіспеушіліктің туындалған кездегі іс-әрекеттері бойынша литерлік рейстерді қамтамасыз ету және қызмет атқару, объективті бақылау жабдықтарын пайдалану ретінде қосымша тексерістерден өткізіледі.

315. ӘҚҚК мен қызметкерлерінің тәжірибелік дағдылары мен білімдерін тексеру өкілетті емтихан қабылдаушылармен жүргізіледі.

316. ӘҚҚК қызметкерлерінің тәжірбиелік дағдыларын тексерілуі келесі түрде жүзеге асырырлады:


  1. ӘҚҚК диспетчерінің жұмысқа бастапқы рұқсатнаманың, куәлік алуы;

  2. кейінгі біліктілік белгіні иелену (растау);

  3. жеке, дара жұмысқа рұқсатнама болғанда;

  4. куәліктің жарамдылық мерзімін ұзарту;

5) бұзушылықтар болып авиациялық келіспеушіліктер немесе авиациялық оқиғаларға әкеліп соққанда;

  1. алты айдан жоғары жұмыстан үзіліс болғанда;

317. ӘҚҚК және әуе қозғалысын жоспарлау мамандарының тәжірбиелік дағдылары мен іскерліктерін тексеру біліктілік белгісін (белгілер) ескере жұмысқа рұқсатнамалары болып, әр диспетчерлік пунктерде (секторда, жұмыс орнында) келесі элементтер бойынша жүеге асырылады .

1) кезекшілікті қабылдау және тапсыру;

2) әуе қозғалысының қызметінің және әуе қозғалысының ережелерін ұстану;

3) жетекші құжаттардың талаптарын ұстану;

4) радио байланыс және радио алмасу (радио алмасуды жүзеге асыратын қызметкерге) фразеологиясының ережелерін ұстану;

5) ӘҚҚК РТС пайдалану;

6) іргелес қызметтермен ара-қатынас;

7) белгіленген құжаттарды ұстану;

318. ӘҚҚК диспетчерінің тәжірбиелік дағдылары мен іскерліктерін

тексеру әуе қозғалысының екі сағаттан кем емес орташа қарқындылығында (күрделілік) диспетчерлік пункттерде жүзеге асырылады. Көп секторлы РДЦ тәжірбиелік дағдылықтарын тексеру емтихан қабылдаушының қалауынша екі сағаттан кем болмай кез келген бір секторда өткізіледі.

319. ӘҚҚК диспетчерлерінің тәжірбиелік дағдылары мен іскерліктерінің тексерілуі алты ай бойы жарамды болып саналады.

320. Ағылшын тілінде әуе қозғалысына қызмет атқаруына жіберілген ӘҚҚК диспетчерлерінің тәжірбиелі дағдылары мен іскерлігінің тексерілуі, орыс және ағылшын тілдерінде аралас өткізіледі.

321. Ұшу жетекшілері мен аға диспетчерлерінің жұмысын тексеру келесі элементтер бойынша жүргізіледі:

1) жұмыс ауысымының нұсқауының өткізілуі;

2) кезекшілікті қабылдау және тапсыру;

3) диспетчерлік ауысымның ӘҚҚК қызметкерлерінің кезекшілікті қабылдау және тапсыруын және ӘҚҚК диспетчерлерінің жұмыс барысында ауысуын қадағалау;

4) ұшуды қамтамасыз ететін қызметтермен ара-қатынас;

5) кезекшілік кезінде диспетчерлік ауысымның жұмысын қадағалау;

6) диспетчерлік ауысым жұмысының талқылауын жүргізу.

322. Ұшу жетекшілерінің және ұшу жетекшілерінің міндеттерін атқарушы аға диспетчерлерінің жұмысын тексеру, бірнеше жұмыс ауысым аралығында кезеңдер бойынша өткізілуіне рұқсат беріледі.

323. Жаттығу құрылғысымен дайындық ӘҚҚК мамандарының тәжірбиелік дағдылары мен іскерлігі құрамдас бөлігі болып сананалады және диспетчерлік пунктте өзіндік жұмысқа рұқсатнаманың алдында жүргізіледі.

324. Жаттығу құрылғысымен дайындықтар келесі жағдайларда өткізіледі:

1) төменде көрсетілген көлемде өзіндік жұмысқа рұқсатнама болғанда:

рульдеу диспетчерлік пункт (РДП) – 10 сағаттан кем емес;

бастамалық диспетчерлік пункт (БДП) – 10 сағаттан кем емес;

тұрғылылқ диспетчерлік пункт (ТПП) – 40 сағаттан кем емес;

шеңбердің диспетчерлік пункты (ШДП) – 40 сағаттан кем емес;

мұнаралық диспетчерлік пункт (МДП) – 40 сағаттан кем емес;

аудандық диспетчерлік орталық (АДО или РӘҚҚК) – 40 сағаттан кем емес;

жергілікті диспетчерлік пункт (ЖДП) – 20 сағаттан кем емес;

2) кейінгі білілктілік белгісін немесе өзіндік жұмысқа рұқсатнаманы иеленуінде жаттығу құрылғысымен дайындық уақыты 70%-дан аспай қысқартылуы мүмкін;

3) ағылшын тілінде әуе қоғалысына қызмет атқаруға рұқсатнама болған жағдайда 6 сағаттан кем емес көлемде;

4) куәліктің жарамдылығының мерзімін ұзартқанда 6 сағаттан кем емес көлемде;

5) әуе қоғалысына қызмет атқару жұмысындағы үзілілс алты айдан асқанда 6 сағаттан кем емес көлемде;

6) авиациялық оқиғалалр және авиациялық келіспеушіліктерге әкеліп соқтырған бұзушылықтар кезінде 6 сағаттан кем емес көлемде;

7) ӘҚҚК жаңа рәсімдері енгізілгенде, әуе кеңестігіндегі құрылымдар өзергенде рәсімдердің күрделілігіне қарай, 3 сағаттан кем болмай ӘҚҚК жетекшісінің анықтауымен көлем енгізіледі

325. Объективті бақылау жабдықтарын тексеру нәтижесінде ұшулардың жетекшісі ӘҚҚК диспетчерін қосымша жаттығу құрылғысымен дайындыққа жөнелтуі мүмкін.

326. Ағылышын тілінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуге рұқсатнамалары бар ӘҚҚК диспетчерлері жаттығу құрылғысымен дайындықты бір уақытта ағылшын және орыс тілдерінде өтеді.



20 Бөлімше. Ұшуды қамтамасыз ететін қызметкердің/пилот диспетчерінің кәсіби дайындалуының типтік бағдарламасы
327. Төменде көрсетілген мамандарға бастапқы дайындықта (қайта даярлауда) теориялық дайындықтың көлемі 150 сағаттан кем болмайды;

1) коммерциялық тасымалдауға қатысты пилот экипажының мүшелері;

2) ӘК ұшуын қамтамасыз ететін метеорологиялар;

3) ӘҚҚК диспетчерлері.

328. Қалғандарына теориялық дайындық (бастапқы дайындық) көлемі 500 сағаттан кем болмайды.

329. Бастапқы дайындық және қайта даярлау келесі салалардағы білімді игеріп, көрсетілімді қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 28-қосымшасында берілген.

330. Құзыретті бағалау элементтерін қоса, кәсіби деңгейді қолдау бағдарламасының мазмұны бастапқы дайындықта (қайта даярлауда) және 42 сағаттан кем емес көлемде жаңадан игерілген білім мен дағдыларды растауын қаматамасыз етеді.

331. Кәсіби дәрежені қолдау бес жылда бір реттен кем емес мерзімділікте өткізіледі.

332. Кәсіби дайындыққа Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативті-құқықты актілері айқындайтын жаңа немесе қосымша талаптарды енгізгенде олардың кәсіби дайындық бағдарламасында жүзеге асырылуы міндетті түрде болады, ал жалпы сағат көлемі үйлесімді түрде өзгеріске ұшырайды.

21 Бөлімше. Авиациялық станциялар операторларын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары.

333. Осы Авиациялық станциялар операторларын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары келесілерді кәсіптік даярлаудың қағидаларын, ұйымдастырылуын, тәртібі мен минималды көлемін, сондай-ақ өз бетімен жұмысқа қатынауды анықтайды:

1) авиация станциясының операторы;

2) авиация станциясының оператор-нұсқаушысы.

334. Авиациялық станциялар операторларын кәсіптік даярлау кәсіпті игеру, жаңа технологияларды зерделеу, қызметтің саласын өзгерту немесе кеңейту, апаттық, штаттан тыс жағдайларда және жүйелердің жұмысқа жарамдылығы нашарлаған кезде орындалатын қызметтік міндеттерге сәйкес келу үшін жүргізіледі.

335. Авиациялық станциялар операторларын кәсіптік даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау келесі кезеңдерден тұрады:

1) теориялық даярлау;

2) тәжірибелік даярлау.

336. Бастапқы даярлау және қайта даярлау көрсетілген мамандар үшін біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар қатарынан жүргізіледі және кемінде 88 сағат құрайтын даярлаудың жалпы көлемімен жүргізіледі.

337. Кәсіптік деңгейді ұстау 12 айда бір рет мерзімділікпен және кемінде 40 сағат құрайтын жалпы көлеммен жүргізіледі.

338. Құзыреттіліктерді бағалау элементтерін қоса алғанда, кәсіптік деңгейді ұстау бойынша бағдарламалар мазмұны кемінде 40 сағат құрайтын көлеммен бастапқы даярлау, қайта даярлау кезінде алынған және енді игерілген білім мен дағдының расталуын қамтамасыз етеді.

339. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейді ұстау көлемі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен бекітілетін, АА АОО тиісті бағдарламаларымен реттеледі.

340. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында нормативтік-құқықтық акттермен анықталатын кәсіптік даярлауға қойылатын жаға және қосымша талаптарды енгізу кезінде, оларды кәсіптік даярлау бағдарламаларында іске асыру міндетті болып табылады, ал сағаттардың жалпы саны барабар өзгереді.

341. Авиациялық станциялар операторларын бастапқы даярлау, қайта даярлау және кәсіптік деңгейін ұстау кем дегенде келесі салаларда, қажетті білімді зерделеу мен көрсету осы Үлгілік бағдарламаның 29-қосымшасында берілген.

342. Тәжірибелік даярлау білікті нұсқаушылардың басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша жаттығу құралын немесе арнайы жабдықты пайдаланумен жүргізіледі.

343. Тыңдаушылардың сабақ үлгерімін бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бола алады, және техникалық құралдарды пайдаланумен, соның ішінде компьютерлік техниканы, сауалнама жүргізу, сынақ жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, жазбаша бақылау жұмыстары әдістерін пайдаланумен жүзеге асырыла алады.

344. Теориялық және тәжірибелік даярлау сәтті аяқталған соң авиациялық станцияларының білікті операторлары-нұсқаушыларының басшылығымен өз бетімен жұмыс істеуге қатынау үшін тиісті өндірістік тағылымдама жүргізіледі.

345. Авиациялық станцияның білікті операторы-нұсқаушысының басшылығымен теңіз қондырғысында тағылымдаманың минималды көлемі біліктілік белгісін алуға өтініш берер алдында тікелей 6 ай бойы кемінде 60 жұмыс күні құрайды;

346. Тағылымдама келесілер сияқты, білімді, дағды мен іскерлікті алуды қамтамасыз ету тиіс:

1) вертодромның бас жоспарын және оның физикалық сипаттамаларын зерделеу;

2) нысанда ұйымдық құрылымды зерделеу;

3) әуе кеңістігінің құрылымын зерделеу;

4) жұмыс орнында ӘҚҰ жалпы технологиялық үдерісін зерделеу;

5) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты зерделеу (вертодромның аэронавигациялық төлқұжаты;

6) нақты жұмыс орнында пайдаланылатын анықтамалық материалмен және рәсімдермен танысу;

7) аралас жұмыс тармақтарымен, ұшуды бақылау және үйтлестіру огандарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен ерекшеліктерін зерделеу;

8) жұмыс орнының метеорологиялық қамтамасыз етуімен танысу;

9) әуе қозғалысына қызмет көрсеткен кезде ұшуды қамтамасыз етудің радиотехникалық жүйелерімен танысу;

10) жерүсті байланыс құралдарымен танысу;

11) жұмыс тармағын (жабдық пен оны пайдалану) және ӘҚҰ ерекшеліктерін зерделеу;

12) нақты жұмыс орнында авиациялық станция операторының жұмы істеу технологиясын және ережелер мен радиоалмасу фразеологиясын тәжірибелік қолдану;

13) тәжірибелік қызмет практическая деятельность (подготовка).

347. Осыдан кейін авиациялық станция операторы-нұсқаушымен тағылымдамадан өтушінің білімін тексеру және тәжірибелік даярлаудың басталуына тағылымдамадан өтушінің дайындығы туралы шешім қабылдау жүргізіледі.

348. Тәжірибелік даярлау авиациялық станция операторының жұмыс орнында жүргізіледі.

349. Тәжірибелік даярлау нұсқаушының әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (жұмыс орнында рәсімдер) нұсқаушылық көрсетуден және оператор-нұсқаушының бақылауымен авиациялық станция операторы ретінде тағылымдамадан өтушінің жұмысынан тұрады.

350. Авиациялық станция операторы үшін нұсқаушылық көрсету келесілермен сүйемелденетін, тағылымдамадан өтуші болған кезде авиациялық станцияның операторы-нұсқаушысының тәжірибелік ӘҚҰ қарастырады:

1) әуе ахуалының сипаттамалыұ мысалдарын түсіндіру;

2) әуе ахуалын бақылаудың тәсілдері мен рәсімдерін түсіндіру;

3) тиісті ақпарат пен шешімдерді қабылдау мен алу себептерін түсіндіру;

4) ӘҚҰ кезінде назарды бөлу бойынша ұсынымдар;

5) ӘҚҰ РТҚ пайдалану бойынша ұсынымдар;

6) аралас жұмыс тармақтарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі бойынша ұсынымдар.

351. Авиациялық станция операторы ретінде тағылымдамадан өтушінің жұмысы оператор-нұсқаушының бақылауымен авиациялық станция операторының функцияларын жартылай немесе толық орындауды қарастырады және сүйемелденеді:

1) ахуалдың дамуын және тағылымдамадан өтушінің әрекеттерін оператор-нұсқаушының үздіксіз бақылауы;

2) тағылымдамадан өтушінің әрекеттеріне дер кезінде кедергі жасауға оператор-нұсқаушының тұрақты даярлығы;

3) тағылымдамадан өтушінің қиындықтары туындаған кезде оператор-нұсқаушының түсіндірмелерді, ұсынымдар беру мен жәрдем көрсету.

352. Тағылымдамадан өткен соң авиациялық станцияның операторы-нұсқаушы алынған білімді, дағды мен іскерлікті тиісті тексеруді жүргізіп, тағылымдамадан өтушінің жұмыс орнында өз бетімен қызмет жасауға даярлығы туралы шешім шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет