Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу



бет1/30
Дата19.03.2024
өлшемі275.02 Kb.
#496051
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Зертханалық жұмыс ТХК


Зертханалық жұмыс 1.


Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу.
Жұмыстың мақсаты: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу.
Қауіпсіздік техникасы ережелері.
1.Жұмыстың қауіпсіздік ережелерімен танысу. Жұмыс алдындалабораториялық жабдықтармен және жұмыс принциптерімен танысып, қорғау қондырғыларымен танысу қажет.
2.Оқытушының рұқсатынсыз приборларды және жабдықтардықосуға болмайды. Машинаны қосу алдында қасындағы студенттерді ескерту керек.
3.Лабораториялықжұмысты орындау кезінде лабораториядақажетсіз жүруге болмайды, өйткені қасындағы студенттерге кедергі жасауыңыз мүмкін және приборларды қараусыз қалдырасыз.
3.Химиялық реактивтердің дәмін көруге болмайды.
Ыстық, қыздырылған заттарды тек асбесті сеткаға қою керек.
4.Күшті қышқыл немесе сілті бар ыдыстарды жабық футлярда немесе корзиналарда тасымалдау керек; қышқылды немесе сілтіні басқа ыдысқа құю, өлшеу, араластыру кезінде қорғау көзілдірік, резина қолғап киген дұрыс; қышқылды пипеткаға ауызбен тартуға болмайды, тек арнайы құралмен алу керек; жиромерді қақпағымен жауып, араластыру кезінде оны салфеткамен немесе сүлгімен орау керек; қолданған қышқылды және хромды қоспаны воронка арқылы арнайы футлярға құйған дұрыс болады.
5.Егер қышқыл немесе сілті қолға тисе, онда зақымдалған орынды тез таза сумен жуып, әлсіз сода ерітіндісімен өндеп, қайтадан таза сумен жуу керек. Егер киімге тисе, онда құрғақ содамен өндеу керек. Еденге немесе столға тиген жағдайда, оны құрғақ содамен өңдеп, сумен жуып, құрғақ матамен сүрту қажет.
6.Центрифугалау кезінде центрифугаға жиромерлерді бір біріне қарама-қарсы жұп санын қою керек.
7.Аммиак, қышқылдар және т.б улы ұшқыш заттарды жұмыс орнында ашуға болмайды. Барлық жұмысты тарту (вытяжной) шкафта орындау қажет.
8.Пробиркадағы ерітінділерді қайнату кезінде оның аузын өзіне немесе қасындағы студентке қаратпай ұстау керек.
9.Егер жанатын сұйықтық жана бастаса, онда тез электроприборларды ажыратып, өртті сөндіру керек. Лабораторияда өрт сөндіргіш құралдар болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет