Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



жүктеу 0.58 Mb.
бет2/7
Дата22.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үш тілді оқыту 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.

Үш тілді оқу сөйлеу әрекетінің (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) түрлерін дамыту арқылы қазақша еркін және сауатты сөйлеу, жазу, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Мектептердің үш тілді оқыту бағыты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.

Үш тілді оқыту бағытының жүзеге асырылуы «Дүниетану» пәні бағдарламасының келесі тармақтарында көрсетілген:



  • «Дүниетану» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ) пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тісілдері ұсынылған.

  • «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8-тармақ), мұғалімдердің, пән арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалай дамытатыны көрсетілген.

  • «Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында (9- тармақ) бағалау тілі, моделі және түрлері белгіленген.


4 «Дүниетану» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:


Сынып

Апталық жүктеме

Жылдық сағат саны

1

1 сағат

33 сағат

2

1 сағат

34 сағат

3

1 сағат

34 сағат

4

1 сағат

34 сағат

Сабақ барысында әртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет.

«Дүниетану» пәнін оқыту үшін қажетті арнайы жабдықтар, ресурстар мен материалдар:


  • демонстрациялыққұрал-жабдықтар (мысалы, стендтер);

  • интернет желісінің қосылуы: компьютерлер/планшеттер;

  • проектор, проекциялық экран және аудиоколонкалар;

  • бейне және аудиоресурстар: тақырыптар бойынша бейнематериалдар жиынтығы;

  • баспа материалдары (кітаптар, энциклопедиялар мен анықтамалықтар);

  • оқу көрнекі құралдар: қағаз және интерактивті карталар, тарихи тұлғалардың портреттері, коллаждар, тақырыптық графиктер мен кестелер, слайдты альбомдар, тарихи жәдігерлер мен заттар немесе олардың көшірмелері;

Пәнді оқуға және зерттеуге көмек болатын сыныптан тыс орналасқан ресурстар:

  • кітапхана ресурстары (кітаптар мен анықтамалық материалдар);

  • электрондық және мультимедиаресурстар;

  • желілік файлдар, интернет (тарих, география, әлеуметтік ғылымдар бойынша негізгі анықтамалық сайттар каталогі).


5 «Дүниетану» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
Жалпы білім беретін мектептер оқу үдерісінде білім алуды қалай үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, талдау жасай алатын оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстанады.

Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі педагогикалық ұстанымдар арқылы қалыптастырады және дамытады деп күтілуде. Олардың ішіне мыналар кіреді:



  • оқушылар және оқушы мен мұғалім арасында сенім қалыптастыру;

  • оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен түсініктерін қолданудың маңыздылығын түсіну;

  • оқушыларды мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлерінің көмегімен ынталандыру және дамыта оқыту;

  • модельдеу және таныстыру стратегияларының проблемаларын оқушыларға түсінікті жолмен шешу;

  • оқытуды оқушылардың білімдерін бағалау арқылы қолдау;

  • оқушылардың зерттеу әдіс-тәсілдеріне негізделген белсенді оқуын марапаттау;

  • оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту;

  • бүкіл сынып қызметін, жеке және бірлескен жұмыс істеуді үйлестіріп қолдану;

  • жеке және топтық іс-әрекет арқылы барлық сынып оқушыларының жұмысын ұйымдастыру.

«Дүниетану» пәнін оқыту үдерісінде төмендегідей стратегияларды қолдану ұсынылады:

  • оқушылардың қызығушылығын тудыратын, өзара қарым-қатынас дағдыларының қалыптасуына негізделетін, дәлелдеу, өзіндік пікір, оқу және зерттеу нәтижесінде шешілетін проблемалық сұрақтар арқылы мотивациясын дамыту;

  • оқушының жеке қабілеті және қызығушылығын есепке ала отырып сараланған тапсырмаларды пайдалану;

  • нақты тақырып бойынша миға шабуыл ұйымдастыру (проблеманы анықтайды, жеке пікірін ұсынады, пікірді сыныпта талдап, талқылап, шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдайды); сахналық қойылымдар, рольдік ойындар арқылы белсенді оқыту;

  • оқушылардың білімін, түсінігін дамыту және пайдалану үшін ақпараттық құралдарды (бейне және т.б. көру) қолдану; сабақ үстінде барлық оқушылардың белсенді қатысуы талап етілетін проблемалық сұрақтар мен мәселелерді талқылау және пікірталастыру;

  • берілген критерийлерге сәйкес оқушылардың оқу процесіне қатысуын, өзара және өзін-өзі бағалауын қолдану;

  • пәндік-тақырыптық сұрақтарды, тарихи оқиғаларды немесе тұлғаларды зерттеу үшін жеке және топтық жұмыстар ұйымдастыру.


Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуда үш тілді оқытуды қолдау

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуына көмектесе отырып, үштілділік саясатының енгізілуін қолдауы қажет. Пәнді меңгерту мақсатында мұғалімдер белгіленген пәнге сай оқушылардың «ғылыми тілін» дамытады. Бұл өз кезегінде әр сабаққа арналған тілдік мақсаттарды қамтиды. Мысалы, оқушылар Қазақстанның ауа райының ерекшеліктерін сипаттай алады. Пән мұғалімдері оқушылардың ғылыми тілді қолдануына назар аударуы және олардың тілді меңгерудегі жетістіктерін бағалауына көмек көрсетуі тиіс.

Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми тілін қалыптастыру мақсатында мұғалім жүйелі түрде тілдік қолдау көрсетіп отыру керек, диалогте және жазба тілде қолдануға болатын тиімді тіркестерді беру арқылы.

1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет