Тақырыбы: Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкес жәндiктер
және аурулардан қорғау
Мақсаты: Өсiмдiк қорғаудың негiзгi объектiлерінің қағидаттарымен құрылымдарына тікелей мән беру.
Жоспары:
Жос
1. Өсiмдiк қорғау курсы мiндетi мен мақсаты.
2. Басқа пәндермен байланысы.
3. Курстың жалпы теориялық және қосымша сипаты
1.Өсiмдiк қорғау курсы мiндетi мен мақсаты.
Өсiмдiк қорғаудың негiзгi объектiсiне зиянкес жәндiктер, кемiргiштер, кенелер нематодтар жалаңаш шырыштылар, вирустар, микроплазмалар, бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар, гүлдi паразиттер және арамшөптер жатады.
Зиянкес жәндiктер, аурулар және арам шөптер арқылы егiн өнiмiнiң төмендеуi өсiмдiк қорғаудың негiзгi өндiрiстiк мiндетi болып табылады. Әлем мәлiметтерiне қарағанда жыл сайын зиянкес жәндiктер мен аурулардан және арам шөптерден 35 процентке дейiн төмендейдi екен.
Зиянды организмдермен күресу алдын-ала зерттелген жүйелi шаралар бойынша iске асады немесе комплекстi шаралар бiрiнен соң бiрiн қолдану жоспарлы түрде егiндi сепкенге дейiнгiден жыйнап алған соң кейiнгi кезеңдерде өсiмдiк қорғауда арнайы шаралармен қоса табиғи факторларды зиянды организмдер санын тежейтiн түрлерiн пайдалануды интеграциялық өсiмдiк қорғау деп атайды.
Энтомология – жәндiктер туралы ғылым (грек тiлiнде: энтомос - насеком, логос - ғылым). Ауылшаруашылық дақылдарына жәндiктермен қатар жануарлар дүниесiнiң басқа топтарының (нематодтар, кенелер, жалаңаш шырыштылар, кемiрушiлер) өкiлдерi де зиян келтiредi. Солардың iшiнде түрлерiнiң саны жағынан өте көбi-жәндiктер класы.
Практикалық маңызына байланысты жәндiктер пайдалы және зиянды болып екi топқа бөлiнедi.
Пайдалы жәндiктерге зиянды организмдердi құртатын жыртқыш және паразиттiк тiршiлiк ететiн (энтомофагтар топырақ пен орман төсенiшiн мекендеп, түзуге қатынасатындар, өсiмдiктердердiң айқас тозаңдануын қамтамасыз ететiндер. Сонымен қатар аса бағалы азық-түлiк (бал) және өндiрiс шикiзатын (балауыз, бояу, жiбек т.б) беретiндер жатады. Ал зиянды жәндiктерге ауыл шаруашылық дақылдарын. Басқа да пайдалы өсiмдiктердi және орман ағаштарын зақымдайтын өсiмдiкқоректiлер (фитофагтар), адамға және үй жануарларына қауiптi аурулар жұқтыратын әр түрлi қансорғыш жәндiктер жатады.
Энтомология өзiнiң негiзгi зерттеу объектiсi-жәндiктердiң практикалық маңызының алуан түрлiлiгiне сәйкес өз алдына дербес бiрнеше жеке-жеке ғылыми пәндерге бөлiнедi. Олардың iшiнде “Жалпы энтомология“ жәндiктердің iшкi, сыртқы құрлысын, тiршiлiк әрекеттерiн, олардың түр байлығы және тiршiлiк ортасымен өзара қарым -қатынасын зерттейдi.“Ауыл шаруашылық энтомологиясы“ мен “Орман шаруашылық энтомологиясы“ ауыл шаруашылық дақылдары мен жайылым өсiмдiктерiнiң және орман ағаштарының зиянкестерiн зерттейдi. Ал адам мен үй жануарларына ауру жұқтыратын қан сорғыш жәндiктердi зерттеу “Медицина энтомологиясы “ мен “Ветеринария энтомологиясы“ үлгiсiне тиедi.
Энтомологияның негiзгi мiндетi –зиянды жәндiктер мен басқа организмдердiң зақымдау салдарынан ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi өнiмiнiң шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейлiнше азайту.
Фитопатология- ғылыми негiздегi пән. Ол өсiмдiкте кездесетiн ауруды зерттеп, оның не себептi және оны қоздыратын микробты анықтап оған қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыруы жүзеге асырады. Фитопатология - өзiнiң атын гректiң сөзiнен phyton –растение - өсiмдiк patohos – стардание, болезнь – ауру, logos – учение, наука (өсiмдiк ауруын зерттеу) оқу деген мағына бередi.
Фитопатологияның алдында тұрған негiзгi мiндетi –ауруды емдеу немесе болдырмау қоршаған ортамен өсiмдiк –ауру қоздырғыш микроб арасындағы байланысты анықтау. Негiзгi мақсаты практикалық қортындымен шектелiп қана қоймай теориялық ғылымға айналу. Ауру қоздырғыш микробтар (саңырауқұлақ, бактерия, вирус) зерттеу кезiнде фитопатология ботаникамен, энтомологиямен, микробиологиямен, өсiмдiк шаруашылығымен, селекциямен, топырақтану және егiншiлiк ғылымымен, фитопатологиямен байланысты.Өсiмдiк ауруының нәтежесiнде өсiмдiктiң жойылуының басты себебiнiң бiрi саңырауқұлақ ауру қоздырғышы болып табылады. Сондықтан оны жеке ғылым ретiнде бөлiп - микрология деп, бактерияны зерттейтiн - бактериология, вирустарды зерттейтiн - вирусология деп бөлiп атайды.
Фитопатологияның өсiмiмдiк шаруашылығымен де өте тығыз байланыста себебi ауру мен күресу кезiнде қолданылатын кейбiр әдiстер әр түрлi дақылдарда бiрдей емес. Мысалы егiн егу үшiн жаңа жер ашу (жүгерi, қант қызылшасы) кезiнде сол жерде осы дақылдарға әсер ететiн зиянды вирус, бактерия және саңырауқұлақ әсерiн ескеру керек. әсiресе ауру егiлетiн немесе себiлетiн тұқымды бiр жерден екiншi бiр жерге апарғанда да таралуы мүмкiн.
Фитопалогия селекциямен тығыз байланысты. Селекционер жаңа сорт шығару үшiн ол сорттың ауруға төзiмдiлiгiне көңiл бөлмесе онда сорттың келешегi дұрыс деп айтуға болмайды.
Топырақтану және егiншiлiк ғылымы да фитопатологиямен байланысты. Ауылшаруашылық дақылдарын агротекникалық күту (себу, тыңайтқыш беру, топырақ өңдеу, арам шөптермен күресу кезiнде) өсiмдiктiң ауырмауын көздейдi. Практикалық экономикалық көзқараста фитопатология энтомологиямен байланысының маңызы зор. Өсiмдiк қорғау жұмыстарын бiрге өткiзуге болады. Сонымен қатар фитопатология биологиялық, агромиялық жалпы ғылыми пән болумен қатар қоршаған орта, ауа-райы, климат, химиялық, инженерлi текникалық ғылымдар мен де байланысты.
Кейбiр бактериялар мен сәулелi саңырауқұлақтарды ауырған өсiмдiкке биологиялық күрес ретiнде пайдалану фитопатологияны микробиологиямен жақындастыра түседi. Өсiмдiктiң физиологиялық және биохимиялық жағдайын бiлу арқылы ауру өсiмдiктiң ауру ғоздырғыш микробқа қарсы реакциясын өсiмдiк пен микроб арасындағы өзара байланысын анықтайды.
Фитопатологияның негiзгi объектiсiне: ауру өсiмдiк-қоршаған орта, ауру қоздырғыш-бактерия, вирус, саңырауқұлақ немесе басқа микроорганизм - сонымен қатар сыртқы орта факторлары және ауырмаған өсiмдiк.
Фитопатология өзiнiң ғылыми -зерттеу жұмыстарын бiрнеше жолдармен жүзеге асырады. Ол ботаника, өсiмдiк физологиясы, биохимиялық және тағы да басқа өзiне жақын көптеген пәндердiң зерттеу әдiстерiн қолданады.
Фитопатология төмендегi бөлiмдерден тұрады:
1-диагностика-қандай ауру екенiн дұрыс таба бiлу.
2-этилогия–аурудың болу себебiн зертеу.
3-фитоиммунология-өсiмдiктiң кез келген ауруға қарсы тұратын күшi.
4-ауруға қарсы күресу жолдары – емдеу (терапевтикалық), аурудың алдын -алу (профилактикалық) жолдары.Өсiмдiк ауруларының экономикалық маңызына келетiн болсақ ауылшаруашылық дақылдары өнiмi зиянкес жәндiктер мен аурулармен төмендеп қоймайды (санының азаюы) сонымен қатар сапасы да төмендейдi. Зақымданған өнiм өзiнiң текникалық, тағамдық, тауарлық тағы басқа сапасына әсер етедi (сапа көрсеткiшi).
Дәндi дақылдардың қара күйе және тат аурулары әсерiнен көп өнiм жоғалтады. Картоп дақылы ауа-райы жылы және ылғалды жылдары фитофтора ауруынан 30-50 процент өнiм ала алмайды. Ағаш дiңiнiң шiруi де кейбiр орман шаруашылығында 50-70 процент, көктерек ағашының 70-80 жасында 80-90 процентке дейiн шiрiк ауруына ұшырайды.
Демек өсiмдiктiң осындай ауруларымен күресу шараларының ғылыми негiзделген жүйелерiн жетiлдiрiп, оларды ауыл шаруашылық өндiрiсiне кеңiнен ендiру уақыт талаптарының бiрi. Бұл iстi жүйелi жүргiзу арқылы ауыл шаруашылық дақылдарын өсiмдiк ауруларының зиянды әсерiнен қорғап, оның өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |