Мақтаның гоммоз ауруы –қоздырғышы Xanthomanas malvacearum. Гоммозбен мақтаның ауруы өскін пайда болған кезден басталады және барлық вегетация кезеңі ішінде дами алады. Зақымданған ұлпа қоңырланады, қараяды, қурайды және түсіп қалады. Жапырақтағы дақ бұрышты майлы қара –жасыл дақтан сұйық тамшы түрінде шырыш шығады. Кейін ол кеуіп қабықтанады. Сабақтағы гоммоз қоңыр дақ болып көрінеді кейде дақ сабақты орап тұрады. Осы жерден сабақ үзіліп өсімдік қурап қалуы мүмкін және сабақ беті жарылып тұрады.
Қауашақтардағы майлы жасыл дөңгелек дақтар ойық жара түрінде пайда болады. Қауашақ жас кезінде зақымдалса оның өсуі тоқталады және олар қурайды. Зақымданған қауашақтағы тұқым шығымы төмендейді,кейде өспей қалады.
Инфекцияның негізгі қоры -өсімдік қалдықтары мен тұқымдары.
Достарыңызбен бөлісу: |