Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2013 жыл



жүктеу 2.77 Mb.
бет15/17
Дата22.02.2016
өлшемі2.77 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

3. Ведомствоаралық өзара қарым-қатынастықты талдау


Атауы

Өзара қарым-қатынастықты талдау

Бағыт 1: Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы

Мақсат 4.1.2: Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру

Нәтиже көрсеткіштері




Міндет 4.1.2.1: Өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту

Облыс өнеркәсібіндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі

Көрсеткіштің орындалмауы химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі 1,8%-ға (ортофосфор қышқылы, натрий үшполифосфаты), жеңіл өнеркәсіп – 25,4%-ға (тоқыма және былғары бұйымдары), металлургия – 41,2%-ға (қара металлургия, бағалы және түрлі түсті металлдар), дайын металл бұйымдары – 16,2%-ға (құрама құрылыс металл конструкциялары), қағаз өнімдері – 28,0%-ға төмендеуінің есебінен, сұраныстың төмендеуіне, тапсырыстардың азаюына, кәсіпорындарда жоспарлы жөндеу жұмыстарынның жүргізілуіне байланысты.

Өзге де металл емес минералды өнімдердің нақты көлем индексі

Көрсеткіштің орындалмауы шыныдан жасалған ыдыстар өндірісі 46,3%-ға («Южный-3 филиалы «СК «САФ» ЖШС ұзақ мерзімге тоқатап тұруынан), гипс – 7,6%-ға, өңделген тас – 3,4%-ға (өткеру нарығының азаюынан) төмендеуіне байланысты.

Міндет 4.1.2.2. Электр қуатының альтернативтік көздерін дамыту

Электр қуатын пайдаланудың жалпы көлеміндегі қуаттың альтернативтік көздерінің үлесін ұлғайту

ЖЭК нысандарымен өндірілетін көлемінің төмендеуі 2013 жылдың басында іске асырылуы жоспарланған ҮИИДМБ аясындағы инвестжобалардың (Қарақыстақ және Тасөткел ГЭС-і), нақты – сәуір және маусым айларында іске қосылуымен, сондай-ақ жаз маусымында қажетті судың жеткіліксіздігінен (ауыл шаруашылығы жерлерін суару) Тасөткел ГЭС-ның төрт құбырының бірдей іске қосылмауына байланысты. Нәтижесінде станцияның өндіру көлемі 9,2 МВт орнына, бар болғаны 3-3,2 МВт құрады.

Орындаушы орган

Жамбыл облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық дамыту басқармасы, энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы, аудандар мен Тараз қаласының әкімдері, «Казфосфат» ЖШС,«ТаразКожОбувь» ЖШС, «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС, «Алтыналмас» АК» АҚ, «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС, «Завод строительных конструкций» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ, «Гипсовый комбинат» ЖШС, «Южный-3 филиалы «СК «САФ» ЖШС, «Компания А&Т-энерго» ЖШС, «ЭнергоСтройПроект» ЖШС, шағын кәсіпорындар.

Мақсат 4.1.5.: Инвестицияны тарту жолы арқылы инновацияны дамыту және технологиялық жетілдіруге ықпал ету.

Міндет 4.1.5.1. Инновациялық өнімді өндіруге инвестиция тарту.

Қайта өндіру өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестиция көлемінің нақты индексі

Өндеу өнеркәсібінің инвестиция көлемі жоспарға тиісінше 24,4% төмендеді, бұл өндеу өнеркәсібіне жеке инвестициялардың 2012 жылмен салыстырғанда 20,4% азаюына байланысты

Орындаушы орган

Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасы

БАҒЫТ 2 «Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету»

Мақсат 4.2.2.: Облыстың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс халқының денсаулығын нығайту

Міндет 4.2.2.1. Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру

Дәрігер кадрларына тапшылықты төмендету

Дәрігерлер тапшылығы 197 адам жоспарында 216 адамды құрады. 2013 жылы облысқа 128 жас мамандар келді.

Орындаушы орган

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, аудан әкімдері

Мақсат 4.2.3. Өнімді жұмыспен қамту

Өнеркәсіптік жарақат деңгейін азайту.

Орындалмаған. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қажетті деңгейде ұйымдастырылмаған құрылыс нысандары санының кобеюне байланысты өндірісітік жарақаттану өсті. 2013 жылы облыстың ұйымдарында өндірісте 76 қайғылы оқиға (өткен жылдың тиісті кезеңіне 51) жіберілді, азап шеккені 86 (83) адам, оның ішінде 17 әйел. Қайғылы оқиғалардың 1000 жұмыскерге шаққанда (Кч) жиілік коэффицентінің төмендеді, 2012 жылғы 0,31 қарағанда 2013 жылы 0,27 құрады.

Орындаушы орган:

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары.

Мақсат 4.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіппен қамтамасыз ету.

Төтенше жағдайлардан адамдардың және материалдық шығындардың азайюы

Орындалмаған. Жедел ақпараттар бойынша облыста табиғи және техногендік сипатта 881 төтенше жағдайлар мен оқиғалар орын алды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 22,7% жоғары. Зардап шеккен мен қаза болған адамдардың саны тиісінше 25,3% және 55,2%-ға артты. Материалдық шығын 27 есеге өсті. Жыл басында болған, дауылды жел облысқа 4,5 млрд. теңгеге үлкен материалдық шығын келтірді.

Ірі көлік апаттарының өсімі есебінен ТЖ саны 4 жағдайға артқан, онда зардап шеккендер саны 76 адамға, қайтыс болғандар саны 30 адамға өскен. Тұрмыстық өрт өсімі 59,5% құрады, онда зардап шеккендер - 44,8%. Өндірістік апаттар 7 жағдайға өскен, онда зардап шеккендер саны - 200%-ға. Жыл басынан бері облыс су айдындарында 25 адам қайтыс болған (14 адам), бұл өткен жылдың көрсеткішінен 71,4% артық.



Міндет 4.2.8.2. Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету

Өртке, жер сілкінісіне, көшкінге, селге, су басу және тасқынға қарсы тұру инфрақұрылымын қамтамасыздандыру деңгейі


Индикатор орындалмаған. Жұмыстар жүргізуге жобалық сметалық құжаттама 2014 жылы әзірленуде. Қаржы бөлу 2015-2016 жж. жоспарлануда.

Орындаушы орган

Жамбыл облысы төтенше жағдай департаменті

Бағыт 3. Инфрақұрылымдық кешенді жетілдіру және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және тасмалдау (транспорттық) қызметімен қамтамасыз ету

Мақсат 4.3.2. Құрылысты дамыту

Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемі, жалпы алаңынан шаршы метр

Орындалмады. 2012 жылмен салыстырғанда 13,6%-ға артық тұрғын үй пайдалануға берілді. Ипотекалық тұрғын үйге сұраныстың төмендеуіне байланысты жоспар орындалмаған.

Орындаушы орган

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, аудандар мен Тараз қ. әкімдіктері

Мақсат 4.3.4.: Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы

Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум объектілерінің үлесі

Орындалмады. Көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеуге 2013 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлінген жоқ.

Орындаушы орган

Облыс әкімдігінің энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы, аудандар мен Тараз қаласының әкімдері

Бағыт 4.4 Ауылды елді мекендерді дамытуға жағдай жасау (агроқалалар)

Мақсат 4.4.1. Даму әлеуеті жоғары және орта ауылдық елді мекендерді дамыту

Міндет 4.4.1.1. Ауылдарда білім беру және денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсарту

Ауылға денсаулық сақтау мамандарын тарту

Барлығы ауылға 74 денсаулық сақтау мамандары тартылды, оның ішінде 62 адам «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының шеңберінде тартылды

Орындаушы орган

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, аудан әкімдері


4. Сыртқы әсерді талдау


Сыртқы әсер ету факторлары және олардың көрсеткішке қол жеткізуге әсер етуі

Қабылданған іс-шаралар


Бәсекелестік орта

2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында химия өнімінің нақты көлем индексі 2012 жылмен салыстырғанда 98,2% құрады. Бұл «Казфосфат» ЖШС-де натрий үшполифосфаты өндірісінің көлемі 12,8%-ға (Польшадағы өткеру нарығының жоғалуымен, Индияға темір жол тарифі бағасының өсуімен, ұсынылған баға Ресей нарғында бәсекелесе алмауына байланысты), ортофосфор қышқылы – 13,3%-ға (Ресей нарығын демпингтеуде және игеруде 2009 жылдан бастап фосфор қышқылының Шымкент қаласындағы «Реактивные фосфорные соединение» АҚ-да өндірілуі және төмен бағасы есебінен осы кәсіпорынның өткізу нарығын жоғалтқанына байланысты) төмендеген.

Облыста құрамында алтыны бар кендерді өндіру «Алтыналмас» АК АҚ-мен жүзеге асырылады. Негізгі үлесі «Карьерное» кен орнында өндіріледі, онда кеннің құрамында алтынның төмендегені байқалады. Осыған байланысты, 2013 жылы кен орнында өндіру бойынша жұмыс жиі тоқтатылып тұрды.

Нарықтағы металлургиялық компаниялардың өнімдерінің бағасының түсіуіне байланысты, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-і шығаратын ферросиликомарганецке деген сұраныс төмендеуі.

Бұның барлығы «Облыс өнеркәсібіндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі» жоспарлы көрсеткішінің орындалмауына әсер етті



Табиғи факторлардың әсері


Нарықтағы бағаның түсуі

Табиғатты-климаттық жағдайлардың мұрағаттық объектілерге кері әсері


Басымды статусы бар құжат түрлерін цифрлық пішімге ауыстыру бойынша мұрағаттық құжаттар тізімі құрылды. 2013 жылы көлемі 904904 беттік 12940 мұрағаттық құжаттар аударымы қамтылды.

Жұмыс күшіне сұраныстың азаюы және экономикалық рецессия салдарынан жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі

Кадрларға деген болжамды қажеттілік мониторингі жүргізілді. Мониторинг нәтижелері кәсіптік оқыту ұйымдастырылған мамандықтар тізімін анықтау барысында қолданылды. Сонымен бірге «Жұмыспен қамту Жол Картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде көбінесе кәсіпорынның жұмыстағы жалданған қызметкерлері, жұмыс орыны Бағдарлама қатысушысы ретінде сақталу шартымен жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіпкерлік субъектілері үшін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылған.

Жұмыс орындарын құру басты сызбасының (балансының) орындалмауы мен даму және өндірістік күшті орналастыру есебімен оларды кадрлық қамтамасыздандыру.


Барлық аудандар мен Тараз қаласында 2011 жылдың 1 шілдесінен жұмыспен қамту орталықтары жұмыс істеуде. Олардың қызметіне: кәсіби оқуға, жұмыспен қамтуға, мекенжай бойынша өз ісін ашуға және кеңейтуге ықпал етуге, жұмысқа орналасуға қол жетімділікті кеңейту мақсатында халықтың төмен экономикалық әлеуеті бар елді мекендерден жоғары экономикалық әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсімі бар орталықтарға өз еркімен көшіп қонуына ықпал етуге бағытталған «Жұмыспен қамту Жол Картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру кіреді.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет