Алтыншы бағыт – Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты:
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
өмір бойы білім алуына;
өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне;
сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне; зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне; пікірталас жүргізу дағдыларына;
жасампаз қызметке;
топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға;
ақпарат көздерін сыни іріктеуге;
Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне;
Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру;
Интернет-сауаттылық қалыптастыруға;
ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға;
жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |