Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
мемлекеттің экологиялық даму саласы бойынша саясатына, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;
экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне;
«адам-қоғам-табиғат» жүйесіне;
табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке; кәсіби білім мен өнімді еңбекке;
нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру; экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға;
еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге;
мамандық таңдауына;
үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.
Достарыңызбен бөлісу: |